Рухани жаңғыру : болашаққа бағдар
ӘОЖ 930.1:(574)
Айдарова Айганим Амангелдиевна
Педагогика ғылымдарының магистрі
Филология факультеті
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Шымкент қаласы,Тауке хан даңғылы,5
aidana-78@bk.ru
Мейрбекова Райхан Таскараевна

raikhan.meirbekova1@gmail.ru
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
Түйін: Бұл мақалада жалпы ұлттық кең көлемді жарияланып жатқан рухани жаңғырудың басты бағдарлары көрсетілген. Бұл бағыттар - рухани және білім беруді дамыту салаларындағы ең маңызды негізгі құжат болып табылады, яғни ұлттық маңызы бар жоба.
Кілт сөздер: рухани жаңғыру, болашақ,бәсеке, прагматизм,білім, эволюциялық.
Аннотация: В этой статье рассматривается публикация основных направлений общенациональной духовной модернизации. Эти направления являются важнейшим основным документом в сфере духовного развития и развитие образования, проект национального значения.
Ключевые слова: модернизация общественного сознания, будущее, конкурентоспособность,прагматизм,зн ание,эволюционное .
Summary: In this article devoted publication of the main directions of national spiritual modernization. These directions are the most important main document in the sphere of spiritual development and the development of education, a project of national significance.
Keywords: modernization of public consciousness, competitiveness, future, pragmatism, knowledge, evolutionary.
Кіріспе. 2017 жыл 12 сәуір Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту мақаласының жариялаған күні. Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту мақаласында бүкіл Қазақстан азаматтарының қоғамдық санасын жаңғыртудың нақты бағыттарын айқындап, айқын нақты көрсетілген сонымен бірге бұл бағыттар - рухани және білім беруді дамыту салаларындағы ең маңызды ұлттық маңызы бар бағдарлама екені анық. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жарыққа шыққан бағдарламасы- ұлттық деңгейдегі маңызды үлкен жоба болып тұрғаны бәрімізге мәлім. Бұл жобамыз қоғам өміріндегі барлық салаларды қамтып отыр,соның ішінде білім беру, денсаулық және тұған жер мәселелері қарастырылған.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында: Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес дейді. Елбасы өз жолдауында сонау 2004 жылы Мәдени мұра бағдарламасы жүзеге асқанын сөз еткен. Мәдени мұра бағдарламасы барысында еліміздің және шет елдердегі тарихи және мәдени ескерткіштерімізді,соның ішінде тарихи нысандарымыздың жаңартылғаны хақ және біз оған куә болып жатырмыз. Қазақ халқының әдеби мұрасының, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениетіміздің, фольклорымыз және салт-дәстүрлеріміздің, ұлттық тарихымыз үшін өте маңызды мәдени және сәулет ескерткіштеріміздің қалпына келтіріліп жөндеуден өткені, қазақ ұлттық әдебиетіміздің аса құнды маңызы зор қымбат жазбаларымызды толықтыру мақсатында қаншама іс-шаралар жүзеге асқанының куәсі болып жатырмыз. Ал 2013 жылы Халық- тарих толқынындабағдарламасының жүзеге асуы арқылы күллі әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттардың жүйелі түрде жинақталып, зерттелді. Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар жобасы - бұл рухани және білім беруді дамыту салаларындағы ең негізгі құжат, стратегиялық ұлттық маңызы бар бағдарлама екені айқын.[1]
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында бүкіл әлем өзгеріп жатқанының күәсі болып жатқанымызды айтты. Әлемде жаңа тарихи кезең басталғанын және күн санап, сағат санап өзгеріп жатқан әлемде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызды өзгертпесек көш басындағы елдермен тең бола алмайтынымызды, бәсекелестікке мүмкін еместігінде айтты. Сана-сезіміміз бен дүниетанымымызды өзгерту үшін өзімізге сенімді болып, қатаң талап қойып, қанжығамызды мықтап ұстап алуымыз, заман ағымына ыңғайланып, сол арқылы жаңа келе жатқан дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміздің қажет екенін және сол жаңғыру барысында ұлттық кодымызды сақтап қалу қажеттілігін сөзге тиек етті. Жылдар бойы дамыған, әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры, ата бабаларымыздың сол ықылым заманнан келе жатқан, тарихтың тереңінен бастау алып келе жатқан рухани коды немесе ақпары болады. Жаңа рухани жаңғырудың ең басты шарты - ұлттық кодымызды басқаша айтқанда ақпарды сақтай білу және сақтап қалу, себебі ұлттық кодымызды немесе ақпарымызды сақтап қалмасақ рухани жаңғыруымыз жәй бос сөзге айналуы оңай екенін барлығымыз түсініп отырмыз. Бірақ, ұлттық кодымызды сақтаймыз деп бойымыздағы жақсы мен жаманды, яғни болашаққа деген сенімді нығайта отырып, алға бастайтын қасиеттерді де, артқа сүйрейтін қасиеттердіде, аяқтан шалатын мақсатқа жету жолында кедергі болатын әдеттерді де ұлттық санамызда сақтап қоюға болмайтыны анық. Ал егер жаңғыру елдің ұлттық- рухани тамырынан нәр ала алмаса,күш жігер жинақтай алмаса, ол адасуға бастайды және күш қуаты азаяды немесе мүлдем жойылуы мүмкін. Елбасы өз жолдауында:Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтер едімделінген және бұл сөзге біз нық сенімдіміз. [1]
Негізгі бөлім. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз жолдауында түгел қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғырту жолында жарық көрген жобасында бірнеше бағыттарын анық көрсетті және сол бағыттарға жекелеп тоқтап өтті. Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар жобасы аясында Сананы жаңғыртудың мазмұнын негізге ала отырып, Елбасымыз жаңғырудың алты басты бағытын белгіледі:
1. Бәсекеге қабілеттілік;
2. Прагматизм;
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
4. Білімнің салтанат құруы;
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
6. Сананың ашықтығы.
Біріншіден, бәсекеге қабілеттілік. Мәңгілік ел болуымыз үшін бізге аса қажетті, маңызы зор қасиеттер мен құндылықтардың қайнары түйіскен, ақылды, парасатты, дүниежүзілік ғылымды игергендер біздің елімізде көп болған сайын, еліміз өркениеті бар, қоғамдық, мәдени дамуы жағынан дамыған, жетілген, білімді, бәсекеге қабілетті болатыны бұл шындық.
Бәсекелік қабілет дегеніміз - ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бәсекелік қабілеттілікке ұсынылатын дүние ол материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, ол білім, қызмет көрсету саласындағы, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары,сапалы қызметтер т.б. салаларды қамтиды және аса маңызды болып табылады. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлықтарымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетілігімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, бәсекелік қабілетілігі арқасында тұтас ұлт болып ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуымыз өте маңызды. Мысалы, компьютерді жетік меңгерген, шет тілдерін білетін, сана сезімімі ашық, жетілген маман болу сияқты қозғалтқыш күштер немесе факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті қасиеттер болып табылады және алғышарттардың қатарында тұр. Сол себепті, Цифрлы Қазақстан, Үш тілде білім беру, Мәдени және конфессияаралық келісім атты бағдарламалар - ұлтымызды, барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың бастапқы қадамдары болып тұр.[1]
Екіншіден, прагматизм. Қанымызға сіңген, көптеген туа біткен дағдыларымызды және әбден сіңіп кеткен қағидаларымызды өзгертпегенімізше, біздің толық нәтижелі жаңғыруымыз мүмкін емес. Прагматизм - өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдыққа, кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі - орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, біз ұстамды, қанағатшыл, қарапайым, үнемшіл және барлық нәрсені орынды пайдалануымыз арқылы көргенділігімізді тектілігімізді көрсетеміз. Алға қойған мақсаттарымызға жету үшін, сапалы білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге үстемдік бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану - мінез-құлықтың прагматизмі деген осы. Енді бізге белгілі, түсінікті және болашаққа нақты қойылған бағдарлар керек. Адамның да, тұтас бүкіл ұлттың да нақты мақсатқа жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың ең жоғары деңгейіне апарады. Ең бастысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама- шарқын мұқият ескеруге тиіс. Яғни, прагматизм мен реализм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды.[1]
Үшіншіден, ұлттық бірегейлікті сақтау. Кез-келген халықтың рухани деңгейі арқылы ұлттық бірегейлігі көрініп, жүзеге асып отырады. Әрине, бұл жүйелеуде ұлттық тәрбиеміз, діни сауаттылық, тарихымыз, интеллектуалдық қызметтер, мәдениетіміз, өнер, білім, еңбекқорлық секілді мәселелердің міндетті түрде бірге жүретіні анық.
Ұлттық бірегейлігіміздің негізгі белгілері: ұлттық дәстүріміз, ұлттық тәрбиеміз, діннің таза күйінде сақталуы, тарихымыз, тарихқа деген құрметіміз, ұлттық өнеріміз, туысқандық дәстүріміз, қоғамда, отбасында ұлттық құндылықтарымызды сақтауымыз, заман талабына сай икемділігіміз, білімділігіміз.
Ата- бабаларымызда:Ел боламын десең, бесігіңді түзе деген нақыл сөздер бар. Бұл сөздер ұлтты біріктіру, ұлттық бірегейлікке, елдік пен ауызбіршілікке үндейді. Себебі, ұлттық бірегейліктің түп-тамыры әрбір отбасындағы ұлттық дәстүрден бастау алады. Әрине, жаһандану дәуірінде ұлттық болмысты жоғалтпай, бабадан балаға мирас болып жалғасқан ата дәстүрді ұмытпаған жөн деп ойлаймыз.[2]
ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде деген сұраққа жауап берер болсақ, басты кемшілігі - олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептеуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды немесе болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу, - дейді Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында.
Ұлттық код дегеніміз не?- Ұлттық код немесе ақпар дегеніміз қазақи қалыпымыз, ұлттық мәдениетіміз, салт-дәстүріміз және ұлттық болмысымыз.Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды , - дейді Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Адаспау үшін қазаққа қажетті табиғи болмысты сақтай білу керек. Өркениет көшінен де қалып қалуға болмайды. Өркениет көшіне ілесе отырып, қанымыздағы бар қасиеттерді қайта түлетуіміз жаңғыртуымыз керек . Ұлттық кодымыз қайда? Ұлттық кодымыз - ең алдымен тілімізде, сосын дәстүріміз бен салтымызда, мінезімізді айқын көрсететін ділімізде, ұлттық мәдениетімізде екенін ұмытпайық және ұлттық кодымызды сақтайық . [1]
Төртіншіден, білімнің салтанат құруы. Білім қазіргі заманғы қоғамда ең басты негізгі құндылықтардың бірі болып табылады, уақыттың талабы жоғары білімді, бәсекеге қабілетті тұлға болып табылады. Мұнда жастардың және мемлекет мүдделерінің сәйкес келуі байқалады, себебі тек білімді ұлт қана болашақта қоғамда туындап жатқан мәселелерді табысты шеше алады.[3]
Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады және бәсекелестікке сай сол қызмет түрін көрсетуге ұмтылады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz