Ақуыздың ренатурациясы туралы түсінік


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

БИОМЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ. ФАРМАЦИЯ МЕКТЕБІ

ЭССЕ

Тақырыбы: Ақуыздың ренатурациясы туралы түсінік. Шаперондардың қатысуымен жасушадағы ақуыздың жаңару механизмі

Орындаған: Нускабаева М. Б(1-009)

Қабылдаған: Омаров Т. С

Қарағанды 2020

Ақуыздардың екінші және үшінші реттік құрылымдарына жауапты байланыстар (сутектік, дисульфид көпіршесі, т. б. ) әлсіз болғандықтан, оңай үзіліп, ақуыздардың кеңістік құрылымдарының қайтымсыз бұзылуы ақуыздың денатурациясы деп аталады. Денатурацияға ұшыраған ақуыз өзінің биологиялық функциясын атқара алмайды (denatuze - табиғи қасиетінен айырылуы) . Қыздыру, радиация, ортаның өзгеруі, кейбір химиялық әсерлерден, шайқап сілкуден ақуыз денатурацияланады. Жұмыртқаны пісіргенде альбумин ақуызының, сүт ашығанда казеиннің ұюынан, олардың кеңістік құрылымдары бұзылады. Шашты химиялық бұйралаудың, теріні илеудің негізінде де ақуыздардың денатурациялануы жатады.

Қыздырғанда денатурацияланатын немесе айырылып кететін болғандықтан, ақуыздардың нақты балқу температуралары болмайды. Кейбір ақуыздар, мысалы, тауық жұмыртқасының ақуызы суда ериді, кейбіреулері суда ерімейді. Ақуыздар ерігенде, басқа да ЖМҚ сияқты коллоидты ерітінділер түзеді. Ақуыздарға спиртті немесе формалинді қосқанда, ақуыздар қайтымсыз ұйиды, сондықтан бұл заттарды биологиялық препараттарды сақтауға қолданады. [1]

Фолдинг факторлары. Фолдинг - фолдаз және шаперондардың қатысуымен жүреді, және де энергетикалы және функциональді жағынан ең оптимальді пептидті тізбекті қалыптастырады. Мысалы, кейбір ауыр жүйке ауруларында фолдинг өз қызметін дұрыс атқармайды. Фолдинг факторларын келесі екі топқа бөлуге болады: 1 топ - катализдік белсенділікті ақуыздар, яғни фолдинг ферменттері - фолдазалар. 2 топ - молекулалық шаперондар, ақуыз әрекеті әртүрлі механизмді, бірақ олар фолдингтің соңғы өнімдері құрамына кірмейді. (олар фолдинг процесіне мүмкіндік береді) және пептидті тізбектегі дұрыс емес әрекеттестікті ескертеді. Шаперондар дегеніміз - қосымша белоктар. Шаперондарда - рефолдингті бақылау жүреді. Рефолдинг - қайта құрылу деген мағынаны білдіреді. Шаперондар барлық органеллаларда және цитоплазмада табылды. Ақуыздар-шаперондар полипептидтердің белсенді бетімен негізінен байланысу жолымен әрекеттеседі, мысалы, гидрофильді бетімен. Шаперондар бұл белсенді беттерді қоршайды және агретациядан сақтайды, полипептиді шынжырдың дұрыс қалануын жеңілдетеді.

Ақуыздарды, жасуша ішілік тасымалдауының кейбір түрлеріне шаперондар қатысады(лизосома, митохондрияда) . Лизосомаларға өзінің мезгілін өтеген және рефолдингке берілмейтін протеиндер түседі. Митохондрияларға жаңадан синтезделген протеиндер алып барылады. Мида конформациясы дұрыс емес прионды протеиндер бар, бірақ кейбір ауруларда оның конформациясы өзгереді және бұл протеин - прион немесе протеинді жұқпалы бөлшеек деп аталады. Приондар, конформациясын өзгертуге мәжбүр етеді және басқа протеиндер, яғни антишаперондар рөлін атқарады және фолдингті керісінше жүргізеді. Нәтижесінде, бірнеше жылдан соң адамды немесе жануарды өлімге әкелетін ауру жетіледі. Көптеген жасушаішілік протеиндерде олардың бір-бірімен бірігіп әсер ететін, «серіктестерінің» саны аз, бір ғана болуы да мүмкін. Мысал ретінде, рецептор және олардың лигандаларын жатқызуға болады, олар бір-бірімен пазлдар секілді сәйкес келеді. Басқа рецептор типтеріне бұл лигандалар сәйкес келмейді және әрбір рецептор өзіне құрылым жағынан жақын лигандаларын немесе заттарын белсендіреді. Бұдан шаперондардың ерекшелігі әртүрлі жұмыстарды орындау үшін, протеиннің кең айналымымен әсерлеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астық массасының жылу - физикалық қасиеттері
ДНҚ денатурациясы
Молекулалық биология
Абберация – мутацияның әсерінен хромосоманың құрылымының зақымдануы
Адам инсулинінің гендік инженериялық синтезі
Белок молекуласының құрылысы
Генетикалық ақпарат және онтогенез
қушыларға сабаққа деген ынтасын, белсенділігін арттыру мақсатында «Ақуыздар мен нуклеин қышқылдары» тақырыбында сабақ өту әдістемесі
Ақуыз және оның биологиялық құндылығы
Ақуыздар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz