Адамның іс-әрекетінің құрылымы. Іс-әрекеттің түрлері және сипаттамасы


Тапсырма №1
Адамның іс-әрекетінің құрылымы. Іс-әрекеттің түрлері және сипаттамасы.
Іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.
Іс-әрекет - адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында адам табиғатты, қоршаған айналаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзін іскер, жасампаз субъект ретінде қалыптастырады, ал өзі игерген табиғи ортаны Іс-әрекет объектісі етеді. Адам іс-әрекет үстінде кез келген затқа жат пиғылмен қарамайды. Керісінше осы заттың табиғаты мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, игереді, сондай-ақ өз іскерлігінің өлшемі мен мәні етеді.
Шексіз де көптүрлі адам іс-әрекеттерін әр-түрлі және бір-біріне ұқсамас көрсеткіштер негізінде жіктеуге болады: пәні, мотиві, іске асырылу тәсілі, физиологиялық механизмі, эмоциональды толықтығы т. б. Адам іс-әрекеттерінің жалпымен қабылданған және өзгелерін жоққа шығаратын жіктелуі жоқ. Сондықтан, кеңінен тараған кейбір градацияларға ғана тоқталамыз.
Жалпылай қарастыратын болсақ, іс-әрекеттің негізгі төрт түрі белгілі: еңбек, оқу, ойын, қарым-қатынас. Олардың әрқайсына көптеген психологиялық зерттеулер арналған. Аталған іс-әрекеттердің қай-қайсының болмасын көптеген түрлері бар, сондықтан әрқайсының ең маңызды ерекшеліктеріне тоқталайық.
Еңбек әрекетінің мәні - өнім (материалды не рухани) өндіруде нәтижеге жету. Бұл еңбек өндірісі әлеуметтік негізделген, саналы аңғарылған, ал нәтижесі - алдын ала болжанған, жоспарланған. Еңбектің психологиялық аспектерін, еңбек әрекеті жағдайындағы психиканы мақсат-бағдарлы түрде психологияның арнаулы саласы - еңбек психологиясы қарастырады. Адамның еңбек әрекетінің аясы зор және көптүрлі болғандықтан еңбек психологиясының көп қырларын қазіргі психологияның басқа да салалары қарастырады (жалпы, педагогикалық, әлеуметтік, спорт, шығармашылық психологиялары) .
Оқу әрекеті - тұлғаның жалпымен қабылданған білім, дағды, іскерлікті арнаулы ұйымдасқан, белсенді түрде игеруі. Бұл мұғалім мен оқушы қатынасындағы оқыту процесінің бір қыры. Бұл өз-өзін өзгертуге бағытталған оқушы әрекеті, яғни оның пәні - оқу әрекетінің субъектісі.
Ойын әрекетінде шынайы өмірді белгілер арқылы бейнелеу, үлгі ету атқарылатыны белгілі. Сонымен қатар, ойынның түрткісі әрекет нәтижесі емес, қолданылуы мен әрекет ету процесі болады.
Әрекет ретіндегі қарым-қатынасқа екі қасиет тән. Біріншіден, қарым-қатынас пәні келесі адам болады, субъект не адамдар тобы. Екіншіден, бұл әрекет үш аспектіні біріктіретін кешен: перцепция (қарым-қатынасқа қатысушылардың бірін-бірі қабылдауы), коммуникация (әңгімесушілер арасындағы ақпарат алмасу) және интеракция (әрекеттесу) . Аталған қарым-қатынас компоненттерінің тұтастай қарым-қатынаста алатын орыны түрліше болады, бұл олардың әр-түрлілігін түсіндіреді.
Аталған іс-әрекет түрлері күнделікті өмірде міндетті түрде қайшыласып, әрекеттесіп, бірлесе не бір уақытта көрініс беретіні белгілі. Мысалы, белгілі қарым-қатынастың қатысуынсыз еңбек, оқу, не ойын әрекеттерінің болары ақылға қонымсыз. Еңбек әрекетінің элементтері әрбір әрекет түрінде бар. К. Д. Ушинскийдің өзі (1824-1870) оқу дегеніміз толық белсенділік пен ойлаудан тұратын еңбек деген. Іс-әрекеттің сипатталған төрт түрі де өмірлік маңызды. Мәселен, кәсіпкер-футолшы үшін футбол ойын емес еңбек. Дәл осыны, шығармашылық пен репродукцияны, қарым-қатынас пен білімді біріктірген, актерлік «ойынға» қатысты да айтуға болады. Кез-келген адами іс-әрекет кешенді, яғни көп пәнді және полимотивті болады.
Ішкі және сыртқы мотивация.
Ішкі мотивация - сыртқы орта қалай болуына қарамастан мотивациялық талпыныс ішкі ниеттен оянады және мақсат атаулы субъективті болады. Онда міндеттің өзі құштарлық және шаттық туғызады. Сыртқы себеп емес, ішкі ұнату негізгі қозғалыс түрткісі болады. Ішкі мотивацияның артықшылығы, міндетке қарата ішкі құштарлық оянған жағдайда адамның өз артықшылықтары түгел іске қосылады және міндетті орындауға қажетті қабілет пен өнерді өздігінен үйренеді. Ішкі мотивация XXғ. 70 жылдары әлеуметтік психология мен педагогикалық психологияның назарын аударған болатын.
Егер әлдекім өз табысы мен нәтижесін күшейтуге өзі белсеніп, өзін өзі мақсат талабы бойынша тізгіндеп, ырықты түрде өз мақсатына белсенсе, және оның өзіне сенімі айтарлықтай жоғары болса, онда оның жетістікке жету мөлшері қашанда жоғары болады. Дегенмен, ішкі мотивация сыртқы мүмкіндіктерге назар аудармаса, тырысуды ғана біліп, сол тырысуының өнімді болуына назар аудармаса, өзге табысты адамдардан шабыт алмаса, үлгі көрмесе, онда ол өз мақсаты үшін тым ұзақ жол басуы мүмкін, немесе күндердің бірі көкейінде теріс мотивация туып, ниетінен ақырындап, не бірден айнып қалуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz