Ашықтұқымдылар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ашықтұқымдылар

• Ашықтұқымдылар- өсімдіктердің ең ежелгі тобы.

• Ашықтұқымдылардың дәрілік қасиеті.

Ашық тұқымдылар - өсімдіктердің ең ежелгі тобы. Бұлардың тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасатындықтан, ашық тұқымды өсімдіктер деп аталады.

Дәрісте сұрақ қойылмаған. Дәріс кезінде студенттерге сұрақ қою арқылы «кері байланыс» жүзеге асырылады.

Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктер құрылысының ерекшеліктері туралы анықтама беріңіз

Ашық тұқымдылар бөліміне (голосеменные) жататын өсімдіктер құрылысының ерекшеліктері. Ашық тұқымды өсімдіктер тұқымнан көбейеді. Бұл ашық тұқымдылардың споралы өсімдіктерден негізгі ерекшелігі болып табылады. Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің барлығы - сүректі өсімдіктер , яғни ағаштар, бұталар. « Сүрек » деген - ағаш діңінің (сабағының) су өткізгіш бөлігі. Ашық тұқымдылардың бөлімінде шөптектес өсімдіктер болмайды. Ашық тұқымдылардың басым бөлігі мәңгі жасыл түсті болады. Кейбір түрлері (мысалы, балқарағай) жылда күзде сарғайып, қылқандарын түсіреді. Сөйтіп ағаш қыста қылқан жапырақтарынан айырылып, сидиып тұрады. Ашық тұқымды өсімдіктердің гүлі жоқ, сондықтан жеміс түзбейді. Бұл бөлімдегі ең көп таралған қылқан жапырақты өсімдіктер: қарағай, шырша, самырсын, арша . Бұлар қылқан жапырақтылар класына жатады. « Қылқан жапырақты» дейтін себебі жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түрінде ұшы үшкір болады. Жер ғаламшарында 600-ге тарта қылқан жапырақты өсімдіктер бар. Солардың 100-ге жуығы қарағай түрлерінің үлесіне тиеді екен. Енді біз кәдімгі қарағай деген түріне тоқталайық.

Кәдімгі қарағай - бірүйлі өсімдік. Кәдімгі қарағай - жарық сүйгіш өсімдік, тамыры тереңге кетеді. Орманда өскен қарағай түзу де сымбатты болады. Ашық, далалы жерде өсетіндерінің діңі жуандап, сәл аласа болып келеді. Жарық жеткілікті болғандықтан, бұтақтары жан-жаққа жайыла-таралып өседі. Қылқан жапырақтылар - кіндік тамырлы өсімдіктер. Одан жанама тамырлар тарайды. Ұзын жанама тамырлар өте ұсақ тамыршаларға тармақталады. Сөйтіп ұсақ тамыршаларда микориза (грекше «микос» - саңырауқұлақ және «риза» - тамыр, қазақша баламасы: селбестамыр) түзіледі. Қарағай тамырымен селбесу арқылы саңырауқұлақтар топырақтағы кейбір өсімдік сіңіре алмайтын ағзалық заттарды сіңіруге ыңғайлы етеді. .

Өсіп тұрған қарағай бұтағынан әр түрлі бүрлерді көре аламыз. Жас өркеннің ұшында бүрлер орналасады. Олар көктемде пайда болатын, үлкендігі 5 миллиметрден аспайтын екі қызғылт түсті аналық бүрлер. Аналық бүр негізгі өзекше мен оған тығыз жанасқан қабыршақтан тұрады. Сыртқы қабыршағы - жабын , ішкісі тұқымдық деп аталады. Екі түрлі қабыршақтар бірімен-бірі тұтасып кетеді. Тұқымдыққабыршақта 2

тұқымбастамасы (тұқымбүршік) түзіледі. , . Бұлар - аталық бүрлер . Аталық бүрлердің қабыршақтарының төменгі жағын тозаң түзілетін 2 тозаңқапшықтары бар. Ауаға толы тозаңдар өтежеңілболғандықтан, . . Аталық бүрлері мен , қарағай бірүйліөсімдік депаталады.

https://www.itest.kz/upload/images/1350282205.67.jpeg.png

Самырсынжәнебүрі.

Суретке ссылка қойылмаған.

https://www. google. com/url?sa=i&url=https%3A%2F%2Fwww. itest. kz%2Fkz%2Fent%2Fbiologiya-2814%2F7-synyp%2Flecture%2Fiv-tarau-ashyq-tuqymdy-osimdikter&psig=&ust=1600322389344000&source=images&cd=vfe&ved=

https://www.itest.kz/upload/images/1350282224.89.jpeg.png

Кәдімгі қарағай, бұтағы және бүрі

https://www. google. com/url?sa=i&url=https%3A%2F%2Fwww. itest. kz%2Fkz%2Fent%2Fbiologiya-2814%2F7-synyp%2Flecture%2Fiv-tarau-ashyq-tuqymdy-osimdikter&psig=AOvVaw1DPJK2TUmG-e1YRloCRmuS&ust=160032301147&source=images&cd=vfe&ved=0CAIQjRxqFwoTCNCpzJ-C7esCFQdBAD

https://www.itest.kz/upload/images/1350282247.93.jpeg.png

Балқарағай, бұтағы және бүрі

https://www. google. com/url?sa=i&url=https%3A%2F%2Fwww. itest. kz%2Fkz%2Fent%2Fbiologiya-2814%2F7-synyp%2Flecture%2Fiv-tarau-ashyq-tuqymdy-osimdikter&psig=AOvVaw1DPJK2TUmG-e1YRloCRmuS&ust=160032301147&source=images&cd=vfe&ved=0CAIQjRxqFwoTCNCpzJ-C7esCFQdBAJ

Аналық бүрдің тұқымбүршіктері ашық тұрады. Желмен ұшып келген аталық тозаңдар аналық бүрдің тұқымбүршігіне түскен кезде оның қабыршақтары жабылады. Жабылған қабыршақтар шайырмен желімделеді. Бұл сәтте тұқымбүршіктерде жұмыртқажасушалар болмайды. Сондықтан тұқымбүршік бірден ұрықтана алмайды. «Жұмыртқажасуша» дегеніміздің аналық жыныс мүшесінде дамитын аналық жыныс жасушасы екенін білетін боларсыңдар? Жұмыртқажасуша ұрықтануға әзір болу үшін уақыт қажет. Аналық бүрдің көлемі ұлғайып, жасыл түске ауысады. Тұқымбүршікте эндосперм (грекше «ендон» - ішкі + «сперма» - тұқым) - қоректендіруші ұлпа пайда болады. Сөйтіп жұмыртқажасуша түзіледі. Бұған кемінде бір жыл қажет. Демек, тұқымбүршік бір жылдан соң, келесі жазда ғана ұрықтанады. Аталық және аналық жасушалардың қосылып, ұрықтануынан зигота түзіледі. Зиготадан ұрық дами бастайды. Ұрық эндосперм есебінен қоректенеді. Сөйтіп тұқымбүршік ұрықтан тұқымға ауысады. Тұқым аналық өсімдіктің ішінде түзіледі. Тұқымұрықтан, (өңінен) құралады.

Түзілген тұқымның сыртқа шашылуы үшін тағы жарты жыл қажет. Ағаш басындағы пісіп жетілген аналық бүр енді қоңыр түске ауысады. Бүрдің ұзындығы 4-6 сантиметрге жеткен кезде ол пісіп жетіліп, қабыршақтарын ашады. Ашылған қабыршақтан тұқым анық көрінеді. Қылқан жапырақты өсімдіктер сондықтан да ашық тұқымды өсімдіктер тобына жатқызылады. Қарағайдан, басқа да қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқымында жұқа қанатша болады. .

Қылқан жапырақтылардың екіүйлі түрлері де бар. Кәдімгі арша - екіүйлі қылқан жапырақты бұта. « Екі үйлі» деген - аналықтың бір өсімдікте, аталықтың екінші өсімдікте өсуі. Демек бұл даражынысты өсімдік болып саналады. Кәдімгі аршаның бүрі - бірінші, кейде - екінші, тіпті үшінші жылда пісіп жетіледі. Оның бүрі - жұмсақ, шар тәрізді, жидекке ұқсас болып келеді. Сондықтан халық оны «бүржидек» деп те атайды. Ондай бүр - қошқыл көк немесе күрең қызыл түсті болып келеді. , сондықтан мармелад .

Қылқан жапырақтылардың өздеріне тән жапырақтары (ине тәрізді) бар. Жапырағын түсіретін кейбір түрлерінде (балқарағай) жапырағы жұмсақ, ені кең, топтанып орналасады. Секвоя жапырағының ені кең, сызықты-қандауырша тәрізді болып келеді. Туйяның (бозарша) өскінінде қабыршақтар қаптаған енділеу келген жапырақтар орналасады. Самырсын шыршаға ұқсас, бірақ қылқан жапырақтары жұмсақ болғандықтан, денеге қадалмайды. Тек кәдімгі қарағайдың жіңішке (қылқаны) ұзынша, үш қырлы жапырақтары қысқарған өркенге қос-қостан (екі-екіден) орналасады. Ұзарған өркендеріндегі жапырақтары түрін өзгерткен қысқарған өркені қабыршақ қаптаған жапырақтың қолтығына орналасады. Қылқан жапырақтары өркендерінде 3-6 жылға дейін сақталады. Қарағай туысына жататын кейбір түрлерінде (сібірлік қарағай) жапырақтары қысқарған өркенде бес-бестен топтанып орналасады.

Жатаған шырша (Шренк шыршасы) да екіүйлі өсімдікке жатады. Бұл - Теріскей, Күнгей және Іле Алатауында сирек те болса кездесетін ашық тұқымды бұта. Жатаған шырша (Шренк шыршасы) Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Өте баяу өсетін тау өсімдігі. Бұтақтары көлбей, жертағандап өсетіндіктен, жатаған шырша деп аталады. Негізгі діңнің жуандығы 15 сантиметрге дейін, кейде биіктігі 10 метрге дейін жетеді. Қылқаны 4 қырлы. Тұқымы пісіп жетіле алмайды. Сондықтан қалемше арқылы өсімді жолмен көбейтіледі. Табиғатта 300 жылға дейін тіршілік етеді.

Зеравшан аршасы - биіктігі 5-10 м, едәуір жуан діңді, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш. Қазақстанда Қаратаудың оңтүстік бөлігі, Талас Алатауында кездеседі. Өте сирек кездесетін болғандықтан, Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген. Жапырақтары сырт жағы қырлы қабыршақты болып келеді. Шар пішінді ірі жидек тәрізді етті бүрі болады. Тұқым арқылы көбейеді. Өте баяу өседі, мың жылға дейін тіршілігін сақтайды. Тек 50 .

Қос масақшалы қылша да (эфедра) - ашық тұқымды екіүйлі өсімдік. Оның аталық бүрі бір өсімдікте, аналық бүрі екінші өсімдікте орналасады. Сырт көрінісі қырықбуынға ұқсайтын бұл қылшаның биіктігі (ұзындығы) 15-40 см болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Палеозой заманында тіршіліктің дамуы
Қарағай ағашы
Өсімдіктердің тіршілік формалары
Жерде тіршіліктің пайда болуы және биогенді элементтердің айналымы
Ландшафтану ілімінің даму тарихы
Жерде тіршіліктің дамуы
Ландшафтының дамуы туралы
Орта палеозойдағы тіршілік жағдайы
Өсімдіктер клеткасының жалпы құрылымдық ерекшеліктері
Қарағайлар тұқымдасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz