Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс



Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ-ұзақ кезендерге бөлінеді. Ол тас дәуірі, мыс (қола) дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезең адамның дерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққасозылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады. Олар көне тас дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит).
Батыс Еуропаның материалдары негізінде құрылған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошелль, шелль, ашель болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады.
Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізіледі. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге – ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен соңғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошелльді қамтитын ежелгі дәуір бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталады. Ол б.ж.б. 2,5 млн. жылдан басталады.
Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі – шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті (соңғы ашель мен мустьені) біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді.
Ағашқы адам тақылеииес тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды
Негізгі әдебиеттер
1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерктер). А., 1994.4-30- бб.
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. А.Т.1., 1996. 1-2-бөлімдер.
3. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А., 1995.
9-25-бб.
4. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. А., 2001. 1 бөлім
5. Маргулан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. А., 1979.
6. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумагамбетов Т. Археология Казахстана. А., 1993.
Қосымша әдебиеттер
1. Кадырбаев А.Ш. История Казахстана: первобытный мир и древность. А., 1998.
2. Самашев З.С. Наскальные изображения верхнего Прииртышья. А., 1992.
3. Шалекенов У. Құм басқан қала. А., 1992.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс

1. Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері және оның басты
кезеңдері мен тарихнамасы.
2. Адам қоғамындағы көне, орта және соңғы тас дәуірі.
3. Қола дәуірі. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.

Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ-ұзақ
кезендерге бөлінеді. Ол тас дәуірі, мыс (қола) дәуірі болып үш кезеңге
бөлінеді. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің
бірі. Бұл кезең адамның дерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне
бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің
күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың
қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққасозылған тас дәуірінің уақытын шартты
түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады. Олар көне тас
дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит).
Батыс Еуропаның материалдары негізінде құрылған классикалық схема
бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошелль, шелль, ашель болып бөлінеді.
Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және
мадлен болып айырылады.
Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізіледі. Бірқатар
авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге – ежелгі дәуір мен
соңғы дәуірге бөліп, мустье мен соңғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе
Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошелльді
қамтитын ежелгі дәуір бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталады. Ол б.ж.б. 2,5
млн. жылдан басталады.
Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі – шелль мен ашель 800 мың
жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта
палеолитті (соңғы ашель мен мустьені) біздің заманымыздан бұрынғы 140-40
мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа
дейінгі уақытқа сәйкес келеді.
Ағашқы адам тақылеииес тіршілік иелері мен оның қарапайым
шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш
күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің
мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп
тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың
етімен қоректенеді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың
теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделеді.
Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда
презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс
Африкадан табылған. Ғылымда Homo habilis (шебер адам) деп аталып кеткен
ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652
см3, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептәуір көлемді де салмақты болған.
Шебер адамның еңбек құралы малта тастың сындырыл- ған түрлерінің қырлары
пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланыл- ған.
Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес
келетін Homo erectus (түрегелген немесе бойын жазған адам) питекантроп
(маймыл-адам) және синантроп (адам) болып екіге бөлінеді. Оның алғашқысы
мен соңғысының араларында дамудың, жетілудің оң өзгерістері болғанын,
сонымен бірге олардың дамуына сабақтастық барын байқатады.
Бірінші питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан
бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол Homo habilis - пен
салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырған. Ми көлемі үлкейіп,
959 см3 бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейген, аяқ пен қолдың
пропорциясы өзгерген.
Homo erectus - тің екінші бір түрі синантроп болды. Синантроп 1927
жылы Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды. Одан синантроптың сүйектерімен бірге
әр түрлі формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгі
антропоген (геологиялық жер қыртысы) тарихындағы ширектік дәуір фаунасы
жануарларының көп сүйектері табылған. Бұдан синантроптар сол кездің өзінде-
ақ от жағуды білген деген қорытынды жасауға болады. Бұл кезде піскен етті,
өсімдікті тамақ ету адамның дамуына, әрине, өзінің игі әсерін тигізбей
қойған жоқ. Б.з.б. 300 мың жыл бұрын Homo erectus қазіргі кезеңдегі адам
түріне, немесе Homo sapienske (ақылды адам) айналды. Ақылды адамның
қалдықтары Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында
табылған. Сондықтан ол тарихта неандерталь адамы деген атпен белгілі.
Қазақстан жерінде ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе
қоймағанына қарамастан олардың мекен еткен аудандарының бірі-Қаратау жотасы
болғаны анықталып отыр. Арыс өзені жағасындағы Кіші Қаратау жлтасының
солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде
ертедегі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-уақты шақпақ
тастардың табылуы осыған айқын дәлел бола алады.
Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген.
Олар аңдарды аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған.
Орталық Қазақстан жеріндегі қазбаларға қарағанда осы маңда орналасқан
ежелгі адамдар еңбекке тас құралдарын кеңінен пайдаланған. Олар тастарды
үшкірлеп, үлкен-үлкен қырғыштар, әр түрлі дөңгелек құралдар жасап,
қажеттеріне жарата білген.
Соңғы палеолит дәуірінде адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары
қалыптаса бастады. Рулық қауымдар көп жерде алдымен отбасының қамқаоршысы,
бала өсіруші ана төңірегінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы
қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық-матриархаттық дәуір деп аталды.
Тас дәуірінің тарихында мезолит пен неолит біздің заманымыздан бұрынғы
XII-V және V-III мың жылдықтардың арасын қамиды (мезолит-орта тас дәуірі,
неолит-соңғы тас дәуірі). Ол кезде табиғат осы заманғы бейнеде болды.
Жануарлар дүниесінің құрамы өзгеріп, енді аңшылардың аулайтыны көбінесе
бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, қоян, үйрек болды. Мезолит
заманындағы адамдардың садақ пен жебені ойлап шығаруы үлкен жетістік еді
және осы тұста микролиттер-үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ
қалақтар пайда болды.
Біздің заманымыздан бұрынғы V мың жылдықта басталған неолит тас
құралдарны барынша пайдаланған дәуір болды. Бұл кезде еңбек құралдары
жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу
сияқты жаңа технологиялық әдістер қолданылған. Қиын өңделетін тастар бірте-
бірте тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпен- дер,
келілер, дән үккіштер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан
жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары дүниеге келген. Сонымен
қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады. Әлеуметтік жағынан алғанда
неолит дәуірі рулық қауым дәуірі еді. Онда бірігіп еңбек ету және өндіріс
құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері
құрылды. Тайпалар туыстық жағына және шаруашылықтың түріне қарай құрылды.
Ежелгі қазақ жеріндегі тайпалар аңшылықпен, балық аулаумен, өсімдіктерді
жинаумен шұғылданған. Кейініректе олар мал өсірумен , егіншілікпен және кен
өнеркәсібімен шұғылдана бастайды.
Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықта мал және егіншілік
шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі Қазақстан
жеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды өзгертуге жол ашты. Мал
өсіруші тайпалар ірі және қуатты бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр
түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар да орын алды.
Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың
соқтығыстарына да жиі қолданылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл
өңдеудің дербес саласына айналды.
Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын
жасауды меңгерген. Қола-әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайынның, кейде
сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорыптасы. Мыспен салыстырғанда қола өте
қатты және балқыту температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып
келеді. Ол еңбек құралдары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қола дәуір мәдениеті
Қазақстан аумағындағы тас және қола дәуірінің ескерткіштері
Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар олардың саяси-құқықтық қатынастары
Қазақстандағы тас дәуірі
Қазақстан территориясындағы тас ғасыры
Палеолит дәуірі
Адамзаттың ежелгі тарихының негізгі кезеңдеріне жалпы сипаттама
Қазақстанның ежелгі тарихы
Андрон мәдениеті
Қола дәуірінің кезеңдері
Пәндер