Тіл - мәдени мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырушы құрал


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі тіл біліміндегі зерттеулерде қарастырылып жүрген жаңа бағыттың бірі тіл мен мәдениет байланысына арналған. Көптеген зерттеу еңбектерінде тілдегі ұлттық танымды, ұлттық рухты, ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған жұмыстар сөз болып келеді.
Бірқатар зерттеушілер тіл - мәдениетті танытушы құрал ғана емес, тілдің бойын­да оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш. Ұлттық мәдениеттің тірегі тілде. Қазақ халқының этностық, ұлттық мәдениеті, негізінен тілде көрініс тапқан. Осы орайда тіл - ұлттық болмысымен қалыптасқан төл мәдениетіміз сақталған негізгі көздердің бірі екенін айтады.

Біздіңше, сонымен қатар тіл - мәдени мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырушы құрал. Тілші-ғалым Ә.Қайдар: Кез келген тілдің қоғамда өзара байланысты үш түрлі қызметі бар. Оның басты қызметі - коммуникативтік, яғни қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірін түсінуі, пікір алысуы үшін қажетті қызметі. Оның екінші қызметі - көркем шығарма тіліне тән, адам баласына образ арқылы ерекше әсер ететін, ләззат сыйлайтын эстетикалық қызметі. Тілдің бұл қызметі, әрине қаламгердің шеберлігіне, сөз саптау мәдениетіне тікелей байланыс­ты. Ал тілдің үшінші бір қызметі, ғылыми терминмен айтқанда аккумулятивті қызметі деп аталады. Ол - тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп, қалыптасқан барлық сөз байлығын өз бойына жиып, сөйтіп оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп отыратын қасиеті...тіл фактілері мен деректері - тұла бойы тұнып тұрған тарих. Сондықтан этностың өткендегі тарихы мен этнографиялық байлығын біз ең алдымен содан іздеуіміз керек дейді.
Олай болса, мәдениет пен тілдің бір-бірімен байланысы күрделі, өте тығыз. Мәдениет адам қолымен жасалатын материалдық құндылық болғандықтан, ол таза табиғи үдеріс ретінде таныла алмайды. Себебі тіл адам баласына берілген рухани құндылық. Бір қырынан алғанда, мәдениет пен тілдің байланысы мазмұн мен пішіннің байланысы секілді. Тіл - мәдениеттің өмір сүру формасы болса, мәдениет - оның ішкі мазмұны. Сондықтан да, тіл мен мәдениетті бір-бірімен бөліп қарауға болмайтын құбылыс деуімізге болады.
Тіл қоғамдық үдеріс болғандықтан, антропонимия саласындағы сөздер де қоғамның өсу, дамуымен байланысты өзгеріп, мағыналық тұрғыдан жаңарып отырады. Антропонимдердің құрамында көне дәуірден келе жатқан ескі атаулармен бірге жаңа кезеңде пайда болғандары да басым болып келеді. Антропонимдер бойында жеке сөздер тарихы ғана емес, халық тарихы, халық этнографиясының қат-қабат іздері, ұлттық мәдениет жатыр.
Ономаст-ғалым А.Жартыбаев: Бүгінгі таңда тіл білімінің дамуы түрлі бағыттармен ерекшеленуде, яғни лингвистика бірнеше бағыттағы лингвистикалық зерттеулер ағымдарын біріктіретін антропоцентристік ұстаным арқылы өрісін кең жайып, даму үстінде. Тіл бірліктерінің сан салалы қызметін, лингвомәдени табиғатын, тілдің санамен, таным үрдістерімен байланысын, көрінісін адаммен, яғни белгілі бір этникалық қауым өкілімен қатысты қарастыру қазіргі тілтанымның басты, үстем бағыты, ұстанымы екендігі анық деп жазады.
Тілді ішкі жүйелік талдаудан антропо­центрис­тік талдауға көшу ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы тіл білімінің есте қаларлықтай ерекшеліктерінің бірі болып табылады, өйткені тілдік құбылыстарды зерттеуде лингвистика тек қана тілдік, атап айтқанда адамдардың бір-бірімен пікір алысып өзара түсінісуі, дыбыстық, сөз құрамы және грамматикалық тәсіл жүйесімен шектеліп қала алмайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл - тіршіліктің бастауы
Тіл мен мәдениет байланысы – қоғамдық құбылыс
Орта ғасырдағы исламның педагогикалық ойлары
Абайдың ұлттық идея туралы ұғымы
Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде
Билер кеңесінің соттық функциясы
Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту
Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тіл дамытуы
Музыка сабағы - өнер сабағы
Жас ұрпақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz