Этнопсихология туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
1-тапсырма.

1) Қазіргі жаңа этнопсихологияда өз бетінше дамып жатқан бақтардың бірі - психофизиологияның, когнетивті процестердің, естің эмоцияның, сөздің этникалық ерекшеліктерін салыстырмалы - мәдени зерттеулері жатады. Этнопсихологияның методологиясы өте күрделі. Этносты құрайтын индивидтің қасиеті мен тұтастықты құрайтын ұлттық мәдениет қасиеттері бірдей емес, культуралогияның және психологияның зерттеулері арасында этнопсихологияға байланысты ылғида белгілі бір ажырау болады. Этнопсихология элементтерінің халықтар өмірінде және олардың басқа ұлттармен қарым-қатынасында маңызы зор. Оны бүгінгі тарихтан,ұлттар мен халықтардың мәдени даму кезеңдерінен,олардың өзара қатынасынан байқауға болады. Шын мәнінде, халық идеалдары, қызығуы, құндылықтары, тусініктері, сезімдері этностық қауымды біріктіреді.Олардың тарихи үрдістің суьбектілері деп қарауға болады.Мәдени дамуға және этномәдени қауыммен қарым-қатынасқа өз ықпалын тигізетінін де осы реттен еске аламыз.
Қазіргі таңдағы еліміздегі түбегейлі өзгерістер, яғни нарықтық қатынастардың туындауына байланысты республикамыздың экономикалық, материалдық күйзелістерге ұшырауы - бала тәрбиесінің қалыптасуына ғана емес, сонымен бірге оның психикасының өзгеруіне де әсерін тигізуде. Сондықтан болашақ жастардың талабы мен сұранысына қарай шынайы ұлттық тұлға болып қалыптасу процесінде қазақ тәлім - тәрбиесі мен ұлттық әдет - ғұрыптарының асыл мұрасын пайдалана білу бүгінгі тәрбие мәселесінде маңызды орын алады.
Ертеде рухани психологиялық аймақтағы этностық айырмашылық мәселесі және оның күнделікті тұрмысқа, халықтар мәдениетіне, жалпы оның іс-әрекетіне әсері көптеген ғалымдарды қызықтырған. Мәселен Гиппократ өзінің "О воздухах, водах, местностях" ("Ауа ,су тұрғылықты жер туралы") атты еңбегінде (б.э.д. шамамен 424 жылдары) халықтар арасында этностық айырмашылықтың себебін елдің мекен - жайын, климатын мен басқа табиғи факторларына байланыстылығын атап көрсеткен.
Этнопсихологияға түбегейлі қызығудың жаңа кезеңі ХХ ғасырдың ортасынан басталады. Этнопсихологиялық қызықты зерттеулердің бастамасын Ш.Монтескье, И.Фихте,И.Кант т.б. еңбектерінен кездестіруге болады..

2) Этнопсихология - адам психикасының ұлттық ерекшеліктерін қарастыратын, әлеуметтік психология, социология және этнография ғылымдарының сабақтасуымен пайда болған жеке дара ғылым. Кез - келген басқа ғылымдар сияқты этнопсихология ғылымының да зерттеу обьектісі бар. Этнопсихология ғылымының зерттеу обьектісі: "ұлт", "ұлттық қауымдар". Ұлттық психологияның ерекшеліктерін түсіндірудің әдістемелік негіздерінің бірі- оның табиғатын және жалпы адамгершілік, таптық-әлеуметтік, ұлттық арақатынасын ажырата білу. Ұлттардың рухани бейнесінің екі жағы бар: идеологиялық және психологиялық. Оның идеологиялық жағына әдебиет, өнер, ғылым, философия, дін т.б., психологиялық жағына - психология, ұлттық сезім, таным, әдет-ғұрыптар, ұлттық сана т.б. жатады. Бұл екі жағы ди-алектикалық бір-бірімен тығыз байланысты. Әлеуметтік психологияда зерттеу жүргізген Г. Делигинский, А.И. Горячева., В.Ю. Бромлей этносихология құрылымын, қоғамдық психология құрылымынан ажыратуға тырысты. Олар:біріншісі, оныњ өзгермелі (динамикалыќ) элементтері. Оған ұлттық сезім және ұлтттық талғам жатады. Екіншісі, тұрақты құрылымдар. Оған ұлттың психикалық құрылымы (ұлттық мінез, ұлттық дәстүр,) және ұлттық сана жатады. Ұлттың ерекше жағы өз тобын басқа топқа қарсы қоятын ұлттық сана болып табылады. Ұлттық сана - бұл қоғамдық сананың (теориялық, тұрмыстық, идеология, қоғамдық психология, саяси, құқықтық, моральдық, философиялық сананың және т.б.) бөлігі, ол өзінде ұлттық ерекшелікті тасымалдайды.Оның құрамына ұлттық өзіндік сана (адам немесе адамдар тобы өзін белгілі бір этностық қауымдастыққа қатыстылығын түсінуі ) және басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопсихологиядағы эксперименталды және кроссмәдени зерттеулер: тарих және қазіргі заман тарихы
Этнопсихология туралы жалпы түсінік
Этнопсихология туралы жалпы түсінік туралы
Этнопсихология туралы түсінік
Этнопсихологияның даму тарихы
Этнопсихологияның негізгі теориялық мәселелері
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Антикалық кезеңдегі этнопсихологиялық ойлардың дамуы
ХХ ғасырда этнопсихологияның Ресейде дамуы
Ресейде және Қазақстанда этнопсихологиялық ойлдардың қалыптасып дамуы
Пәндер