Нан турауға арналған машиналар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

НАН ТУРАУҒА АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР

Нан турауға арналған машиналар нанды белгілі бір қалыңдықта тілімдеп турауға арналған. Қазіргі кезде қоғамдық тамақтану ұйымдарында МРХ-200 және ХРМ-300М нан турау машиналары қолданылады.

МРХ-200 нан турау машинасы (Сур. 7. 1) келесі бөліктер мен механизмдерден тұрады: таған, қаңқа 4, жетек, қабылдау 5 және шығару 1 науасы, турау механизмі 6, беру механизмі, кесу қалыңдығын реттеу және қайрау 2 құрылғысы, батырмалы тетік 3 . Машинаның дөңгелек қаңқасында қарсы салмақпен жабдықталған дискілі пышақ орналасқан. Қаңқаның төменгі бөлігінің екі жағында бірдей терезе орнатылған: нанды пышаққа беріп отыратын және кесілген нан тілімдерін шығаратын.

Машинаның жетегі электрқозғалтқыштан, сүйір белдікті және жынжырлы берілістен тұрады. Ол пышақтың планетарлы қозғалысын және нанды оның айналыс аймағына беріп отыруды қамтамасыз етеді. Машинаны қолмен басқару үшін, қаңқаның сол жағында арнайы тұтқа орналасқан.

Нанды беру механизмі, жүріс білігі мен нанды қармап алатын инелі күймеден тұрады. Машинаның жұмысы кезінде жүріс білігі наны бар күймені солға, пышақтың айналу аймағына беруді қамтамасыз ете отырып, бұлғақ пен жалғастырғыштың көмегімен тек бір бағытта ғана айналады.

Кесу қалыңдығы механизмі қалыңдық бөліністері бар дискі мен үгілемелі сомыннан тұрады. Кесу механизмі-өз осінде айналатын, планетарлы қозғалысты, пышақты диск.

2

Сур. 7. 1. МРХ-200 нан турау машинасы:

1 - қабылдау науасы; 2 - қайрау құрылғысы; 3 - батырмалы тетік; 4 - қаңқа; 5 - тиеу науасы; 6 - кесу механизмі

Машинада қайрау құрылғысы орнатылған, ол пышақты дискіні қайрауға арналған және ол екі карборундты қайрау дискісінен тұрады.

Қайрау құрылғысы нан турау машинасының жоғарғы бөлігінде орналасқан. Сол жерде машина қаңқасының ішкі жағында орналасқан екі қырғышпен біріктірілген, екі батырма орналасқан. Батырмаларды басқан кезде қырғыштар екі жағынан пышақты дискіге жанасып, жабысып қалған нандардан тазартады.

Машина тоқтаған кезде, тежеу құрылғысы автоматты түрде іске қосылады да, дискінің инерциясын басады.

Электр бқғаттағыш машинаны келесі жағдайларда тоқтатады: нан турау аяқталған соң, қорғаныс торы ашық болса, егер қабылдау науасы оң жақ шетіне орналаспаса. Машинаны іске қосу үшін және тоқтату үшін, «Іске қосу» және «Тоқтату» батырмалары орналасқан.

МРХ-200 н а н т у р а у м а ш и н а с ын ың ж ұ м ыс і с т е у қ ағ и да сы. Машинаны іске қосқан кезде электр қозғалтқыштың айналысы сүйір белдікті және шынжырлы беріліс арқылы басты білікке беріледі, одан-басты білікке, басты біліктен жүріс білігіне және дискілі пышаққа беріледі. Нан турау барысында пышақты дискі планетарлы қозғалыс жасайды.

Жүріс білігі күймеге үзілмелі-ілгерілемелі қозғалыс береді, ол жерде инелі қапсыру көмегімен нан пышаққа беріледі. Осылайша, нан пышаққа ол жоғары көтерілгенде беріледі. Кесу барысында нан қозғалыссыз болады. Кесілген тілімдер қабылдау науасына жиналып, одан кейін дайындалған ыдысқа түседі.

МРХ-200 нан турау машинасының техникалық сипаттамасы

Өнімділігі, кесу/мин 200

Нан тілімдерінің қалыңдығы, мм . . . 5 . . . 20

Габариттік өлшемі, мм: ұзындығы 1 200

ені 600

биіктігі 730

Салмағы, кг 65

ХРМ-300М нан турау машинасы МРХ-200 нан турау машинасынан ерекшелігі, оның тиеу және шығару науаларында қорғаныс торы мен сақтандыру құралының жоқтығы.

МРХ-200 н а н т у р а у м а ш и н а с ын қ о л да н у е ре ж е л е рі . Нан турайтын машинаны жұмыс үстеліне орнатады және электр желісіне ашалы штепсель арқылы қосады. Жұмыс бастамас бұрын машинаға қарау жүргізеді және қозғалтқыштың білігін тежегіш тұтқасын сағат тілі бағытына қарсы тірелгенше бұрап тежейді. Одан кейін машинаны бос жүргізіп сынап көреді, нанды кесу қалыңдығын реттеп қояды, ол үшін үлгілем сомынды босатып, бөлгіштері бар дискіні нан тілімінің қажетті қалыңдығына сай бұрады. Осыдан кейін үлгілеме сомынды қатайтады. Әдетте, нанды турау қалыңдығын 15 . . . 16 мм мөлшерінде таңдайды. Осыдан кейін қорғаныс торын ашып, күймені оң жаққа жылытып, оған нанды бекітіп, қорғаныс торын түсіріп, «Іске қосу» батырмасын басады. Машинаны іске қосқаннан кейін нанды турау басталады, тек наны бар күйме сол жаққа ауысқан кезде, күйменің жүріс тежегіші «Тоқтату» батырмасын басады, машина қозғалтқышы өшіп, онымен бірге электр тежегіші қосылады. Машина тоқтағаннан кейін қорғаныш торын көтеріп, күймені оң жаққа жылжытып, нанды салып, торды жауып, нан турауды жалғастырады. Машинада жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын сақтау керек, терезеге нанды қолмен итеруге, нан шығаруды тездетуге, болмайды. Керсінше жағдайда қызмет көрсетуші тұлға жарақат алып қалуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
200 орынды көпшілікке ортақ асхананың көкөніс цехының жобасы туралы
Балабақша тарихы
200 орынды көпшілікке ортақ асхананың көкөніс цехының жобасы
Салқын цехтың жұмысын ұйымдастыру
Кәсіпорын өндірістік дана
Көкөністерден әзірленген тағамдар
Ыстық цех
Көкөніс цехтары
Мейрамханалар түрлері мен ерекшеліктері
Машиналар мен жабдықтарды бағалаудың әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz