Ресейлік кәсіпорындардың негізгі міндеттерінің бірі - шығындарды азайту


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Муратова Жибек Думановна

Қаржы мамандығы

Ресейлік кәсіпорындардың негізгі міндеттерінің бірі ретінде шығындарды азайту

Кәсіпорындағы шығындарды азайту, оларды шешу жолдарын іздеу проблемалары қазіргі заманғы кәсіпорын экономикасының күрделі және қызықты мәселелері болып табылады. Шығындарды азайту мәселесі қазіргі экономикалық жағдайда өте өзекті, өйткені оны шешу әрбір нақты кәсіпорынға қатаң нарықтық бәсекелестік жағдайында өмір сүруге, жақсы экономикалық әлеуетке ие күшті және мықты кәсіпорын құруға мүмкіндік береді. Кез-келген кәсіпорынның мақсаты - экономикалық нәтижеге қол жеткізу, жасалған еңбек арқылы пайда көру.

Көптеген кәсіпорындар кірісті барынша көбейтуге тырысады, бірақ бұл өнімнің өзіндік құнын, өнімді өндіру мен сатуға кететін шығындарынды талдаусыз және кәсіпорында шығындарды азайту бойынша ұсыныстарды енгізусіз мүмкін емес.

Шығындарды азайтуға тырысу - шығындарды болдырмау үшін негізгі идеядан бастартып, тек үнемделген шығынмен айналысу деген емес. Бұл мәселені кірістер мен шығыстардың кәсіпорын бюджетіне қолайлы арақатынасын іздеу арқылы шешу керек. Осы мәселе Лев Михайлович Макаревич, экономика ғылымдарының докторы, Стратегиялық жоспарлау және бизнесті жоспарлау жөніндегі маманның айтуынша шешім былай көрсетілуі керек:

1. Ішкі ресурстарды іздеу есебінен өндіріс шығындарын тікелей төмендету (мысалы, Басқару шығыстары мен штаттарды қысқарту, материалдық шығындарды төмендету, еңбек өнімділігін арттыру және т. б. ) .

2. Тұрақты клиенттердің көлемін арттыру және жаңа сатып алушыларды тарту мақсатында бәсекеге қабілетті ұсыныстарды қалыптастыру үшін сауатты маркетингтік зерттеулер жүргізу.

3. Шығындар туралы шешім компания басшысының бұйрығымен нақты көрсетілген бір адамды немесе бірнеше жауапты тұлғаларды қабылдауға құқылы болған кезде ұйымда қатаң қаржылық тәртіпті орнатып, әрдайым шығындар мен кірістер есептеу.

Қазіргі кезде кәсіпорындардағы жұмысты тиімді етуге және шығындарды азайтумен айналысатын қосымша қызметтер де бар. Оны аутсорсинг деп атайды. Батыс елдеріндегі кәсіпорындар бұл қызметпен көп жылдар бойы айналысып келеді. Қарапайым сөзбен айтқанда, аутсорсинг - бұл компанияның міндеттерінің бір бөлігін келісімшарт негізінде қызмет көрсетуге мамандандырылған басқа фирмаға беру. Аутсорсингті компаниялырдың кәсіпорындарға көрсететін қызметтері көп. Мысалы, экономикалық тұрғыдан алғанда, аутсорсинг қызметтерін қолдану кәсіпорынға шығындарды едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Зерттеулерге сүйене отырып, қызметкерлерді аутсорсинг компанияларының көмегімен маманды жалдау арқылы, жұмыс беруші қарапайым штат режиміндегі жұмысшының жалақысына екі есе көп қызметкерлерді жалдай алады. Бұл ретте ол қызметкерлердің сыйақысы, демалыс уақытында төленетін өтемақы туралы ойламайды.

Нарықтық экономика кезінде шығындарды басқару үлкен маңызды

мәселе болып саналады. Кез-келген кәсіпорын өз шығындарын беделге, түпкілікті өнімнің сапасына және қызметкерлердің еңбек жағдайларына нұқсан келтірместен азайта алады. Алайда, барлық бюджетті, шығындарды дұрыс бағалау үшін байыпты зерттеу жүргізу керек, ол шығындардың қандай баптарын қысқартуға болатындығын және өндірісті толыққанды дамыту үшін сол деңгейде қалдыру керектігін көрсетеді. Шығындарды үнемдеудің мұқият ойластырылған жоспары ғана қажетті нәтиже бере алады.

Қолданылған әдебиеттер

  1. https://massaget. kz/men_kasipkermin/53976/м
  2. https://www. lobanov-logist. ru/library/all_articles/55822/
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтық интернет маркетинг құрылымы
Өнім өндіру шығындары
Қолма - қол ақшаны инкассациялау
Кәсіпорындардың инновациялық қызметін салықтық ынталандыру шаралары
Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі орны
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны
Ұйымдасқан кәсіпорындарды басқару және ұйымдастырудың теориялық негіздері
Бірлескен кәсіпорындарды басқару және ұйымдастырудың теориялық негіздері
Шағын бизнес кәсіпорынының дамуын басқару ( МИРАС МБ ЖШС-і мысалында)
«Бобровка + » ЖШС-ның қызметі барысында қалыптасатын жағдайды және шығындарын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz