Болмыс және тіршілік


Болмыс және тіршілік
Болмыс- тарихи қалыптасқан, мағынасы терең философиялық ұғым. Ол «бол», «болу» секілді түсініктердің баламасы. Бұл ұғым айнала қоршаған ортаны біртұтас деп танудан туындаған. Болмыс туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс - бұл тірлік, одан басқа ешнәрсе емес деп түсіндірді. Дін үстемдік еткен орта ғасырларда болмыс құдай жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні, шынайылық делінген. Пантеизм аясында табиғатта Құдай бастамасы тоғытылған. Бұл уақытта Дж. Бруно әлемнің көптігі идеясын ұсынды. Философияда, өнерде адамның керемет күштілігі, ұлылығы туралы ойлар кеңінен тарай бастаған. Болмыс теориясына Н. Коперник, И. Ньютон үлкен үлес қосқан. Немістің классикалық философиясы болмыс туралы ілімдердің екі бағытын біріктірді. Мәселен, Гегель нағыз болмыс деп абсолюттік идеяны, ал Л. Фейербах болмысты табиғат деп қарастырған. Келтірілген түсініктерд іжинақтай отырып, болмыс дегеніміз- дүниеде бар барлық құбылыстарды, заттарды, процестерді білдіретін ұғым деп пайымдауымызға болады. Яғни ол шексіз көп материалдық және рухани әлемдегі барлық құбылыстарды білдіреді.
Мән және бар болу.
Мән-дүниедегі заттар мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категория. Аристотель Платонның мәңгілік идеялар дүниенің түпкі мәні деген көзқарасын сараптай отырып, мәні болып тұрған заттан мән бөлек мәңгі өмір сүре алмайды деген тұжырым жасайды. Оның ойы бойынша, мән тек сезімдік заттың игілігінде ғана бола алмайды. Кант бізден тыс дүниедегі мәннің болу мүмкіндігін мойындай отырып, оны танудың белгілі бір шегі бар екенін жазды. Гегель мәнге құбылыс тән, ал құбылыс - мәннің, яғни “абсолюттік идеяның” сезімдік нақтылығын білдіреді дейді және құбылыстың жалаң қатынас емес, тереңде өтіп жататын қатынастардың тұтас бір аясы екенін айтты.
Онтология-болмыс туралы ілім
Онтология (грекше ontos-болмыс) - болмыс ұстаным дарын, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастыратын философияның бір саласы.
Онтология терминін алғаш енгізген неміс философтары Р. Гоклениус пен Х. Вольф. Бұл философтардың пікірінше онтология адамның шынайы дүниемен байланысын түйсік пен емес ақыл-парасат, абстракциялық рух арқылы таниды. Олар Онтология бүкіл дүниенің негізі мен мәнін болмыстағы алуан түрлі құбылыстардың себебін, дамуын түсіндіретін бірден-бір ғылым деп есептеді.
Парменид пен Зенон болмыс, бейболмыс жайында
Парменидтің ойынша, Дуние жөніндегі ақиқатқа бір ғана жол бар - ол: «бар нәрсе бар, ал жоқ нәрсе - жоқ, өмір сүрмейді». Олай болса, бізге жалғыз ғана жол қалады - ол Болмыс.
Болмыс туылған жоқ әрі жоғалмайды да. Өйткені, болмыс бейболмыстан пайда бола алмайды. Оның себебі бейболмыс - жоқ. Болмыстан ешнәрсе пайда болмайды, өйткені, ол өмір сүріп жатыр.
Болмыстың уақыты - мәнгілік, қазір, өйткені өткен шақ - ол жоқ, ал болашақты алатын болсақ - ол да әлі жоқ.
Болмыс турақты және қозғалыссыз, өйткені қозғалысты мойындау бейболмысты мойындауға тең, ал ол - жоқ. “Мұндай тұжырымдарға мен ақыл-ой арқылы келдім, -дейді Парменид.
Зенон Парменидтің тұжырымдарын қолдаған ойшыл болды. Ол дүниенің болмысын мойындаған, алайда кеңістікті жоқ деп санаған. Дүниедегі болмыстың табиғаты жылы мен суықтың, дымқыл мен құрғақтың қосындыларынан тұрады деген.
Болмыстың түрлері
Болмыстың философиядағы мынадай негізгі түрлері бар:
- Заттар, процестер болмысы:
А) бірінші табиғат
Б) екінші табиғат
- Адам болмысы:
А) заттар дүниесіндегі адам болмысы
Б) адамның өзіндік болмысы
- Рухани болмыс:
А) жеке адамның рухани болмысы
Б) қоғамның рухани болмысы
- Әлеуметтік болмыс:
А) қоғамдағы және тарих процесіндегі жеке адам болмысы
Б) қоғам болмысы.
Тарихи негізге қарағанда, өмір тіршілігінің негізі-табиғат заттары мен процестер болып табылады. Бірінші табиғат ол адамнан бұрын жаратылған әрі адамдардың санасынан бөлек өмірсүреді. Мысалы, мұхит, теңіз, ормандар, ауа, т. б. Кейін адам Жер табиғатына өзгеріс енгізе бастады. Содан соң адамдар өндірген заттардың, процестердің тұтас дүниесі құрылды. Оны К. Маркс екінші дүние деп атады. Оған үйлер, материалдық заттар сол секілділер жатады.
Адам болмысы . Адам тікелей жанды, нақты кісі болып өмір сүреді және оның тіршілік етуінің негізгі алғышарты- оның денесінің өмір сүруі. Яғни, ең алдымен адам «сүйек пен еттен жаралған пенде».
Рухани болмыс сана мен бейсаналық процестерін құрайды. Оны шартты түрде екі топқа: дербестенген руханилық, дербестенген емес деп бөледі. Бірінші жағдайда адам сана көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін қалыптастырады. Екінші жағдайға кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, т. б. жатады.
Әлеуметтік болмыс та тарих процесіндегі жеке адам болмысы және қоғам болмысы деп екіге бөлінеді. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи үдерістерге қатысады.
Платон мен Аристотельдің философиясындағы болмыс мәселелері
Аристотель философиясында алғашрет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасады. Ол "Метафизика" деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі - болмысты жан-жақты зерттей отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты.
Айталық, Аристотель өзіне дейінгі философтар сияқты, болмыс мәселесіне ерекше көңіл бөле келіп, оны адамның білімімен бірге қарастырады. Міне, осы болмыс пен білім негізін ашудағы ұғымдардың қандай рөл атқаратыны жөніндегі мәселе де Аристотельді қатты ойландырады. Бұл мәселе, сонау Сократтан бастап, философияның негізгі көкейкесті мәселесіне айналған болатын. Платон сияқты Аристотель де ұғымдардың өзіне тән ерекшеліктерін көрсетіп, олардың болмысты, табиғатты, ғарышты, тағы басқаларының қасиеттері мен негізгі мәнін түсінуде айрықша кұрал екендігін атап көрсетті. Бірақ Аристотель, Платон сияқты, ұғымдар мен идеялар өз алдына дербес өмір сүреді деген ойдан аулақ болды. Аристотельдің ойынша, Платон сияқты "идеяларды" өз алдына бөлек болмыс деп, оларды сезімдік заттар дүниесінен бөліп алудың таным теориясына ешқандай пайдасы жоқ. Негізіңде, сезімдік заттар мен идеялардың болмыс табиғаты бір деп таныды.
Абай дүниетанымындағы Құдай және адам мәселесі
Ұлы Абай қазақ топырағында Алланы тану мәселесімен алғаш шұғылданған ойшыл. Ол Аллаға сену мен оны тану бір ұғым деп қарамайды. Сенім діни қағида, таным гносеологиялық ұғым. Алғашқысы діни идеологияға негіз болса, соңғысы діни философияның категориясы. Бірақ Аллаға сену және оны тану мәселелері діни сана ауқымындағы ұғымдар. Сондықтан осы проблемалармен айналысқан, пікір айтқан адамдарды біз бүгінгі күні діни ойшылдар деп жүрміз. Олай болса, Абай да діни ойшыл. Абай Алланы танушы ойшыл. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз еш уақытта жалған болмас», - деп Абай мәселені діни сана ауқымында қарастырып, бірақ Алланың растығына айрықша көңіл бөлген.
Абай дүниетанымында Алла шындық. Демек, шындық рас болса, Алла да рас. Шындық дегеніміз, қарапайым тілмен айтсақ, өмір, яғни өмірде бар екеніміз, істеген ісіміз, сөйлеген сөзіміз. Ол рас болса, онда Алланың сөзі де рас, өзі де рас. Қысқасы, шындықты мойындау Алланы мойындау. Бұл Абай гуманизмінің көзі.
«Идея» ұғымы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz