Мәдениет семиотикасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

«Астана Медицина Университеті» КеАҚ

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы

Мәдениеттану пәні

№2 Практикалық жұмыс

Тақырыбы: Мәдениет семиотикасы . Мәдениет анатомиясы

Орындаған : Досманова Дильназ, 135 гр, ЖМ

Тексерген : Жалмурзина Айгуль Жанбараковна

2020-2021 оқу жылы

Нұр-Сұлтан қаласы

Талқыланатын сұрақтар:

1. Мәдениеттің негізгі рәміздері.

2. Сақ және скиф мәдениетінің рәміздері.

3. Мәдениет формалары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, техника.

4. Өнердегі рәміздер.

5. Саясаттағы рәміздер.

6. Миф рәміздері.

7. Діннің негізгі бөлшектері. Діни-наным сенімдердің алғашқы формалары: анимизм, фетишизм, тотемизм, пантеизм және т. б.

8. Саяси мәдениет. Саяси мәдениет қызметтері.

  1. Мәдениет рәміздері дегеніміз- белгілі бір мәденитке, социалды топқа, я қоғам мүшелерін анықтау үшін қолданылатын символ, белгі. Әр мәдениетке тән арнайы сиволдар болады : олардың дәстүрлі өнері(би, музыка, аспаптық музыка, театр, т. б. ), тағамы, ұлттық киімдері, белгілері . Және олар ғасырлар бойы қалыптасып, қазіргі таңда белгілі бір формада сақталып, сол ұлттың, мәдениетті еске алғанда негізгі ассоциациясына айналады. Мәдени рәміздер рухани және материалды бола алады, яғни сол бір дін, салт-дәстүр, менталитет сияқты түсініктер мәдениеттің рухани рәмізі болса; ұлттық аспап, белгі, киім-кешектер және т. б. оның материалды бөлігі болып табылады.
  2. Мысалға, сақ мәдениетінжіктеп айтатын болсақ. Сақ заманынан бастап түркі мәдениетінің қалыптасуы басталды, яғни сол кезеңнен бастап іргетасы қалана бастады. Бүкіл Орта Азия даласына жайылған, әлем сахнасында ерекше орыналатын мәдениет бастауын қайдан шыққанын талқылайық.

Сақ (скиф) - көшпелі мәдниет. Сондықтан олардың тұрмыс-тіршілігі толықтай көшпелі өмір салтына негізділіп құрылған. Олардың негізгі айрықша белгісі - аң стилі. Олар басқа мәдениеттермен салыстырғанда, аң әлеміне ерекше құрметпен қарап, оларды күнделікті өмірде болатын заттардан бастап патшалардың тәжілері мен қылыштарында белгіліген. Және де Сібір мен Орта Азияға жайылған аң стилі сақтардан негіз алады. Сонымен қатар сақ мәдениетін толық көрінісін олардың жерлеу орындарынан анықтай аламыз . Мысалға, Есіктегі «Алтын адам» арқылы олардың мәдениеті мен әлеуметтік өмірі туралы білгілі бір түсінік қалыптасады . Біріншіден, жоғарыда айтып кеткендей аң стилінің олардың өміріндегі ерекше орын алатыны туралы. Екіншіден, оларда әскери патриархат қалыптасқаны, демек әскербасылар халық арасында өте ерекше құрметке ие болды. Үшіншіден, олардың өз діни түсінігі сол уақытқа қарай қалыптаса бастағаны. Оған дәлел, адаммен қоса күнделікті өмірде қолданған заттарды қоса жерлеу дәстүрі. Олардың түсінігі бойынша адам қайтыс болғаннан кейін ол о дүниеге аттанғанда күнделікті тұрмыста пайдаланған заттар керек болады, сондатан олармен қоса жерлеу керек. Тіпті, кедейлерді де бір темір табақ пен ұсақ-түйек нәрселер қоса салған.

Осыған қарап оларда әлем туралы түсінігі қалыптаса бастағанын түсінеміз. Оларда толық тұрақты дін қалыптаспаса да, табиғи құбылыстарды түсіну үшін әлем сырларын ашатын мифтер қалыптасты және арнайы пірлері болды. МЫсалға, «Ұмай ана»- отбасы, береке- молшылық тәңірі немесе соғыс пен жауынгерлердің тәңірі .

  1. Мәдениет формалары- адам дамуы барысында оның өмір түралы түсінігі мен онымен байланысты барлық заттардың түрлі формалардың иеленуі. Олар : миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, техника. Олардың ішіндегі маңыздылары миф, дін, өнер, ғылым. Мәдениет формалары барлығы адам өмірімен байланысты және барлық салаларын қамтиды

Мәдениеттің дамуы адам эволюциясымен қатар жүретін процесс, сондықтан мәдениет адам өмірінің жан-жақты қамтып жатады, өмірдің барлық аспектісімен байланысты. Сондықтан мыңжылдық даму барысында ол өз формаларына ие болды.

  1. Өнердегі рәміздер. Өнер - көркем образдар арқылы адамның дүниетанымын, ішкі дүниесін және сезімін сиптаттап көрсетеді. Және өнердің әр саласының рәміздері (символдары) болады. Өнердің өзі адамның басқаша ойлау, яғни миының техникалық-білім бөлімінен емес, сезім бөлігінен бастау алады. Сондықтан оның символдары да өзгеше болады. Өнердің әрбір бөлімі соған байланысты заттармен байланысты және олар сол саланың рәміздері болып келеді. Бейнелеу өнері - суреттер, бейнелер; би өнері- музыка мен үйлесімді қозғалыстар; мүсін өнері - түрлі мүсіндер, 3d бейнелер; көркем әдебиет - түрлі сезім оятатын шығармалар.
  2. Саясаттағы рәміздер. Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т. б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды. Саяси рәміздерге белгілі бір мемлекетке байланысты болады және оған Туу, Елтаңба, Әнүран, Ата заң, Ұлттық Валюта жатады. Ол мемлекеттерде мәдениет даму барасында өзгеріп, қалыптасып, жаңарып отырды.
  3. Миф рәміздері. Миф - тарихи-мәдени сананың ерекше күйі. Ол адамдардың әлемді түсіну жолындағы алғашқы қадамы болып келеді. Табиғи құбылыстар немесе түсіну қиындық тудыртатын нәрселер туралы көптеген мифтер құрылды. Бірақ қазір мифтер тек ескіден қалған, біреулерге тіпті ертегі тәрізді. Оған себеб, мәдени сананың дамуы барысында дін мифті ығыстырып шыққан болатын. Қазақтың арғы ата-тектерінің дүниені мифтік тұрғыдан түсінуі әлемдік үлгілермен сабақтас. Көк Тәңірі, Жер-Су мен Ұмай ананы айтпағанның өзінде, түркі халықтарының арғы ата-тек туралы түсініктері тарихтың алыс қойнауларында қалыптаса бастаған. Көк бөрі туралы аңыздар, сондай-ақ көркем шығармаларда бейнеленген тотемдер мифтің әсерлі белгілері саналады. Дәстүрлі қазақ мәдениетінде тотемдік ұғымдар сақталғанымен, олардың нақтылы көріністері өзгерді. Мифтік уақытты басқа типтер ауыстырған соң да тотемдік түсініктер халық жадында архетиптік қызметін атқарып, басқа рәміздер мен таңбаларға айналды. Мысалы, жаугершілік және бостандық үшін күрес заманында Көкбөрі қайсарлыққа шақырған рәміздік рөл атқарған.
  4. Діннің негізгі бөлшектері. Діни-наным сенімдердің алғашқы формалары: анимизм, фетишизм, тотемизм, пантеизм және т. б.

Дін- адам баласының мәдени санасының дамуындағы мифтен кейінгі екінші қадам. Дін - адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты - адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Құдайға сенімің әлемдік дінге айналу үшін оның арнайы кітабы, Жаратушы Құдайға сенімі, тәртібі, уағыздаушы мұғалімі болу керек. Адамзаттың тұтас тарихына және ұлттардың жеке тарихына зер салсақ, діннің адамзат тарихында түрлі деңгейде сақталып келгенін көреміз. Ұлттардың өз жеке діни сенімінен тартып, кейінгі бірлікке клеген мәлім халықаралық дінге сенуіне дейін дін мен мәдениет қатар жүреді. Алғашқы діни наным-сенім тас ғасырда пайда болғанын білеміз. Олар қатарына анемизм, тотемизм, фетешизм, пантеизм жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет семиотикасы. Мәдениет анатомиясы туралы
Мәдениет семиотикасы. Мәдениет анатомиясы
Семиотика - таңбалар мен таңбалық жүйелер туралы ғылым
Мәдениет таңбалар ретінде
ҚАЗАҚ БОЛМЫСЫНДАҒЫ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОРНЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Мәдениет семиотикасы және анатомиясы туралы деректер
Мәдениет - тарихи құбылыс туралы
Мәдениет морфологиясы туралы
Мәдениет семиотикасы туралы
Педиатриядағы симуляция негізінде оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz