Би-шешендер



Кіріспе
1. Би.шешендердің ерекшелігі
2. Би.шешендердің зерттулеуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Ұлт болып ұйығаннан бері берік қалыптасқан дәстүрлі қазақ қоғамының саяси - әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесін би деп атаған. Зерттеушілердің, олардың ішінде В.В.Бартольдтың пайымдауынша, Би сөзі шамамен ХІV-ХV ғасырларда ежелгі түрік тіліндегі Бек атауының бір нұсқасы ретінде пайда болған. Сөйтіп, ол басқарушы, ел билеуші мағынасын білдіреді. Уақыт өте келе би сөзі бастапқы сематикалық - тілдік реңкінен ажырады, негізінен, даужанжалды шешетін, кесімді төрелік айтатын, әділ үкім шығаратын адамды бейнелеу, атау үшін қолданыла бастады.
ХVІІ ғасырда тірлік кешкен Махмұд ибн Уәли өзінің Бахр әл-асрар фи манақиб әл-ахйар атты еңбегінде Жоғарғы мәртебелі әмірлер мен елге сыйлы, пендәуи тірліктен азат адамдардың барлығы би деп аталғанын жазып кетті. Ал қазақтардың дәстүрлі түсінігінде би мынандай төрт түрлі мағынаға ие атау: 1. Ел билеушісі, иелік етуші; 2. Сот, төреші; 3. Батагөй, шешен; 4. Бітістіруші, дипломат, елші.
Қазақтың Майқы биі, Аяз биі, Мөңке биі, Бейсенбі биі, Әнет биі, Бұхар биі, Төле биі, Қаз дайысты Қазыбек биі, Әйтеке биі, Нияз биі (Тілеуліұлы), Шоң биі, Шеген биі (Мұсаұлы), Мамашәріп биі, Беген биі (Азынабайұлы) және тағы да басқа билері осындай данагөй, қара қылды қақ жаратын әділ, ел мен елді, ағайынды бір-бірімен жарастырушы бітімгер, халық қатты құрметтеген тарихи тұлғалар. Тарихи, энциклопедиялық әдебиеттерде оншақты би-шешендер хақында айтылып жүргенімен, әлі де ескерусіз, елеусіз қалып келе жатқан қазақтың белгілі билері қанша ма!
Қазақтың алғашқы заңгерлерінің бірі Д.Сұлтанғазин өзінің Бұрынғы замандағы қазақтардың билік қылуы атты зерттеуінде былай деп жазады: ...бағзы билер болыпты, бек білімді, атақты һәм ақылды әділетті, көпті көрген және іс бітіргенде әдет рәсімдерін тегіс біліп, әр жұмысты қара қылды қақ жарып орнына келтіреді екен..., һәм солардың бітірген жұмыстарын ұлы хандары да әрқашан бұзбайды екен... Сондай билер турасында қазақтың мақалы да бар. Батыр мен биді салыстырғанда, биді қатты артық көретінін білдіретін сол мақалы мынау: Батыр деген бір барақ ит, екі қатынның бірі табатын, би деген бір ақсарағат, бүтін елден біреуі ғана табатын.

1. Би-шешендер өнерінің дамуы.

XVIII ғасырдығы қазақ сөз өнерінің өсіп өркендеуіне үлес қосқан көрнекті би-шешендер мен жырауларға және олар жасаған тарихи кезеңге қысқаша сипаттама беру орынды. Ең алдымен аталмыш кезең қазақ тарихында өте күрделілігімен ерекше. Қазақтың елдігінің тағдыры ауыр сынға түскен кезең. Ұзаққа созылған жоңғарлар шабуылы толық бір ғасыр бойы тыным таптырған жоқ. Алғашқы кездері кезек түскен ұрыс-керістер бара-бара ушығып, қазақ жұртының қайғы-қасіреттерін зорайта берді. Ілкі кезде бірінің-бірі елін тұтқиялдан шауып, мал-мүлік тонап, барымта-қарымта жасап, тынымсыз ұрыстар жүргізіп, кектене берсе, кейін үлкен айқас басталып кетті.
Тарихшылар жоңғарлар мен қазақтар арасындағы алғашқы үлкен соғыс 1643 жылғы жоңғар Қоңтайшы Эрдене батур бастаған ұлы жорықтан бастау алғанын айтады. Олар толық даярлық жасап алып, Қазақстан, Орта Азия жерін, Еділ, Жайыққа дейінгі аралықты түгел басып алуды мақсат тұтып, елу мыңдай қарулы, жасақты қолмен келіп тиіскен. Ойраттарды бастаған қол қырғыздарды шауып алып, қазақ жеріне тұс-тұстан шабуылдайды. Оңтүстік шығыс, Алтай, Тарбағатай, Алатау мен Қаратау, Бетпақ, Алакөл, одан өзге қолдары Алтайдан Орал тауына қарай бет алмақ болған. Олар Еділ бойындағы қара қалмақтарға қосылып, одан әрі кіші жүз өлкесін алуды ойлаған. Қырғыздар мен қазақтар қол қусырып отырмаса да, даярлықтары ұзаққа созылып, алауыздықтар да орын алып, көп жерден айырылып қалған. Кейінірек ес жинаған ел басылары жауға қарсы тұру қамын ойлап, жер-жерге хабар салып, аттанға шақырған. Қазақтың жоңғарларға қарсы қолы Түркістанға жиналып, ұлы жорықты бастап та кеткен. Есім хан, одан кеін Тәуке хандар кезінде талай ұрыстарды өткізген қазақ жасақтары бірте-бірте күш алса да, жеңіске жете алмай, шегіну азаптарын бастап кешкен. Соғыстың алғашқы кездеріндегі Алакөл, Шу, Талас, Аякөз, Сусамыр, бағытында болған айқастарды Жәңгір сұлтан, Жалаңтөс батырлар, Жиенбет пен Марқасқалар қолдары қарсы алып жау шабуылына бөгет болған. Кейбір жерде жақсы ұйымдасқан қазақ жасақтары жеңіске де қолдарын жеткізген. Бұдан ілкі жеңістер қазақ жігіттерін жігерлендіріп, жауға қарсы күрестің нығаюына септігін тигізгенді.
Сырым Датұлы бастаған XVIII ғасыр аяғындағы қозғалыс, одан кейінгі XIX ғасыр оқиғалары-Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының патшаға және оның жергілікті жендеттеріне қарсы қажырлы айқасы болғаны мәлім. Бұларға жалғас Кенесарының ұлт-азаттық соғысы патша отаршылығына ашық қарсы күрес еді. Жанқожа батыр, одан кейінгі Есет батыр т.б. қозғалыстар қазақ жерінде азаттық үшін күрестің тоқтаусыз жүріп жатқандығын көрсетті. [1,213 б.].
XVIII ғасырдағы қазақ хандығының саяси өмірінде ерекше орын алған көрнекті би-шешендер, олар көркем сөзінің дамуына да елеулі үлес қосты. Бұрыннан халықтың дәстүрлі өнерінен саналып, ерекше өріс алған би-шешендер, билердің астарлы асыл тұспалдары мен терме-толғаулары кейінгі қоғам өмірінің ең керек тәлім-тәрбие құралы, келешек ұрпақтың көркем де ойлы сөз сабақтар талаптарына таптырмас өнер мектебі саналады. Ел-жұртты өз уысында ұстаған хан-сұлтандардан бастап, қаһарлы қалың қол бастаған батырлар тауып айтқан бірауыз шешендер сөзінен асып кетпеген. Асыл сөз қадірін еш аяқ асты етпеген. Ол сөзді ақсақал абыз айтсын, мейлі кемелге толмаған жас өспірім бала би айтсын, құлақ сала тыңдап, сөз жүйесіне жүгінген. Ел мен елдер арасындағы келісімін таппаған даула, өзара жіктер мен топтардың шытырман шатақтары, қүн алу, жер, жесір бітімдерін тек қана шешен билер шешкен. Қазақтың ұлы билері ел басқаруда зор рөл атқарған. Әсіресе, жоңғарлар шапқыншылығы тұсында қазақтың аты шулы зерделі зерек адамдары хан мен батырлар кеңестерін басқарып, өте ақылды шешімдер қабылдап отырған. Би-шешендер өз беттерімен ел тағдырын шешетін дәрежелерге де жеткен. Өздері елшілікке барып, келіссөз жүргізіп, апаттан ел-жұртын сақтап қалған тұстары көп болған. Би-шешендер өнерінің ең дәуірлеген кезеңі, біздіңше осы кезеңге жатады.
Қазақ халқының басына өте қатерлі зобалаң туған шақта, жоңғар шапқыншылығы тұсында еліне пана болған, босқын азабын шегіп, естерінен танған аяулы адамдардың ортасында жүріп, тығырықтан құтылар жол сілтеп, жарғақ құлақтары жастық көрмеген қажырлы көсемдерден саналған да осы ақыл дариялары, алғыр, ойшыл, шешен, билер. Олар сыртқы жауларын ғана бөгеп, олармен тіл табысып қоймай, өз елі ішіндегі алауыздықтарда бір жеңнен қол шығаруға жетеледі. Халық арасындағы бас бұзар бұзақы, ұры-қары, барымташы, қыңыр-қисықтарды да өз алдарына жүгіндіріп, оларға тиым салып, ел берекесін сақтауға бар күштерін жұмсаған жайсаң жандар болды. XVIII- XIX ғасыр қазақ халқы елім, жерім деп еңіреген ерлерге де, шерменде шешен билерге де сорлы болған жоқ. Шпақыншы шет жаулардан, отаршылар ойранынан туған өлкесін сақтап қалу мақсатында жан аямай күрес жүргізген адал азамат, ел тағдырын уыстарынан шығармай жанталасқан от ауызды, орақ тісті шешен билер ұрпағын халық ұмытар емес. Олар қалдырған көркем туындылар қазір ұқыпты жинаушылары мен зерттеушілерінің назарында. Би-шешендерден жеткен ойлы, сырлы дүниелер қазақ көркем сөз өнерінің қорына қосылды. Олар халқымыздың ұлттық әдебиетінің өзіндік бетін танытатын, өзге елдер өнерінен өзгешелейтін таза, төл туындылар. Бұл тұста біз қазақ билерін жіпке тізіп, аттарын атап, түстерін түстеп жатпай-ақ қоялық. Сол үлкен де мол топтың ішінен XVIII ғасыр оқиғасын бастарынан кешіп, сол дәуір сөз өнеріне үлес қосқан, әркімге мәлім, кемеңгер тобын ғана қысқаша сөз етсек деген ойдамыз. Асылы, кеін, зерттеу жұмыстары жолға қойылған кезде, біз қазақ шешендері мен билері өнерінің тарихын өзінше бөлек жасап, оны дербес ғылым дәрежесіне көтеруге тиіспіз.
Қазіргі шолу жасап, XVIII ғасыр әдебиетінің бір мәселесі ретінде қазақ жыраулары қатарлы сөз етпегіміз: Төле би, Қазыбек би, Айтеке сияқты қазақ елінің үш арысы. Сырым, Ақтайлақ т.б. батыр билері.[1,290б.].

Төле би
Қазіргі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би де, бай де болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен.
Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.
Ол кезде қазақ пен жоңғар хандықтары үнемі жауласып жүретін. Тәуке хан өлімінен кейін Қазақ хандығы ыдырай бастады. Ұлы жүзді басқарып отырған Төле би жоңғар басқыншыларына біраз уақыт кіріптар болады. Оларға салық төлегеніне қарамастан, Төле би саяси басқаруды өз қолына алды. Қазақтардың басын біріктіріп, оларды жоңғар бұғауынан құтқаруда Төле би маңызды рөл атқарды. Кейбір мәліметтер бойынша, Төле би Абылай сұлтанның өрлеуіне де ықпал еткен. Төле би, Орта жүздің бас биі Қазыбек Келдібекұлы және Кіші жүздің бас биі Әйтеке Байбекұлы үшеуі әз Тәукенің бас кеңесшісі болған. Төле би Тәуке ханның Түркістанды Қазақ хандығының астанасы қылу, үш жүзді бір орталыққа бағындыру, бір ғана Қазақ хандығын күшейту, туыс қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жоңғар-ойрат басқыншыларына қарсы әскери одағын құру туралы шараларды жүзеге асыруға белсене атсалысты.
Сонымен бірге Төле би Ұлы жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып, дамытуға көп еңбек сіңірді. 1749 жылы немере інісі Айтбай бастаған елшілікті Орынбор губернаторы И. И. Неплюевке жібере отырып, ол Ресейдің қол астына өтуге дайын екендігін мәлімдеген. Неплюев 1749 жылғы 26 қыркүйектегі жауап хатында Ресейге қосылуға деген ниетін құптай отырып, екі ел арасындағы сауда байланыстарын дамытуды қолға алуды ұсынған.
Қазақ хандығының ыдырау және жоңғарлардың басқыншылық соғыстары кезеңінде Төле би басшыға тән қасиетін таныта білді. Жоңғарлар жағдайды пайдаланып, қазақ халқын жойып жібергісі, ал тірі қалғандарын қуғын-сүргінге ұшыратқысы келді. Төле би Қабанбай, Бөгенбай және Жәнібек батырлармен бірге біртұтас халық майданын құрып, азаттық жолында күрес жүргізді.
Халық ауыз әдебиетінде Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталып қалған. Халық арасында Төле би айтты деген мақал-мәтелдер, нақыл сөздер кең таралды. Шымкентте, Түркістанда және Ташкентте билік басында болған Төле би сәулетті ғимараттар салуға да белсене атсалысты. Төле би есімі күллі қазақ тарихына қатысты ірі оқиғалармен тығыз байланысты.
Төле би өзі 12 жыл билік жүргізген Ташкентте, атасы Жүніс ханның қасына жерленген.
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім,
Көре алмаған көз жетім.
Атың жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Қызың жақсы болса,
Жайқалып өскен құрағың.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші - иманың,
Екінші - жиғаның,
Үшінші - ырысынның тұрағы.[2,165б.].

Қазыбек би
Қазақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды. Халық ауыз әдебиетінде сақталып қалған аңыздар мен кейбір архивтік мәліметтер бойынша, Қазыбек би Келдібекұлы "Тәуке хан заңдарының жинағын" өңдеуге қатысқан. Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет және Абылай хандар тұсында мемлекет басқару ісіне белсене араласып жүрген Қазыбек би ішкі және сыртқы саясат мәселелерінде ықпал ете алатын. Ол - жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. XVIII ғасырдың 40-жылдары Абылай хан жоңғарлар қолына түсіп қалған шақта, оны тұтқыннан босатып алуға белсене атсалысты.
XVIII ғасырдың 60-жылдары Цинь империясы Қазыбек биді өз жағына шығару мақсатымен елшілерімен бірге көптеген бағалы сыйлықтар жіберген. Бірақ Қазыбек би Қытай жағына мүлде қарсы болған. Ол Абылайды Цинь империясымен қарым-қатынас жасамауға шақырған.
Ел ішінде Қазыбек биді Қаз дауысты Қазыбек деп атап кеткен.
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат,
Туып өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.[3,257б.].

Әйтеке би
Әйтеке Байбекұлы - қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа" (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.
Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі "Тіллә-кари" (Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде білім алады. Нәтижесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан.
Ақша бабасынан елшілік, ел басқару жолдарын үйренеді. Ал Жалаңтөс әскери қолбасшылық дағдыларына үйреткен.
Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды. 21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал жиырма бес жасында Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. 1680 жылы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені хан етіп сайлауға айрықша ат салысады. Кейін Тәуке хан құқықты "Хан кеңесін" сайлап, Әйтеке Кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болып сайланған. Осы тұста елге жаңа заң үлгілерін жасау керек болды. Тәуке хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Төле, Қазыбек т. б. билердің қатысуымен 1684 жылы "Жеті жарғы" қабылданды. Бұл заңдар жинағы қазақ қоғамындағы феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарды.
Әйтеке ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене атсалысты. Төле және Қазыбек билермен бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттігінің эстафетасын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі және халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді.
Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі ретінде алғашында Ордабасыда, сонан кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бос қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрады. Тәуке ханнан бастап дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, жүздер мен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын даулар шешілетін болған. Қызу айтыстартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен.
"Жеті жарғыда" Әйтеке ұсынған баптардың ішінде - "Сүйек құны", "Өнер құны" белгілі. 1685 жылы Әлі сұлтан мен қарапайым халық арасындағы үлкен жанжал дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның тентек ұлы бір кедейдің сұлу, ақын, әнші-домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп өшігіп, бір күні қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін шүйітіп, қастандық жасайды. Бүркіт қыздың басын мылжалап өлтіреді. Ашынған ағайындары төреден құн сұрайды.
Әлі сұлтан оларды маңына жолатпай, барған билерді ит қосып қуып жібереді. Ақыры ел арасы екіге жарыла бастайды. Ең соңында құн сұраушылар жағы Әйтеке биге келіп өтініш жасайды. Ол қасына сіргелі батыры Қазыбекұлы Жабайды, байбақты батыры Шоланды ілестіріп Әлі сұлтанға барады. Әйтекенің айбарынан ығысатын Әлі сұлтан амалсыз құн төлеуге келіседі. Әйтеке қыз құнына қосымша оның өнерлі екенін айтып, "өнер құнын" және қыздың жоқтаушыларын келеке қылып, сүйек сындырғаны үшін "сүйек құнын" төлеуді талап етеді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі құнның жартысына тең екен. Сөйтіп, Әйтекенің қаһарынан қаймыққан Әлі сұлтан толық екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шешендік сөздер түрлері
Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы
Бөлтірік шешен сөздерінің тәрбиелік мәні
Қазіргі шешендік сөздер
Шешендік сөздер
Бастауыш сыныптарда шешендік өнерді оқыту маңызы
Қазақ билерінің тәлім-тәрбиелік көзқарастары
Шешендік сөздерді жанрлық тұрғыдан бөлу
Шешендік сөздердің көркемдік сипаты
Билер жөнінде бірер сөз
Пәндер