Педагогикалық іс-əрекеттің инновациялық бағытылығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

МАРДАН САПАРБАЕВ ИНСТИТУТЫ

СӨЖ

Тақырыбы: Педагогикалық іс-əрекеттің инновациялық бағытылығы.

Жоспар:

Кіріспе

Педагогикалық іс-əрекеттің инновациялық бағытылығы.

Педагог инновация субъектісі

Оқушы инновация субъектісі ретінде.

Қорытынды

ХХІ ғасырда білім мазмұнының жаһандануы, инновациялық және ақпараттық технологиялардың тез даму тенденциясы білім мазмұны мен оқытудың әдіс-тәсілдеріне жаңаша көзқарасты талап етеді.

Еліміздің білім беру жүйесін дамыту стратегиясы «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқындалып, оның мазмұны қоғамның даму талаптарына сай жастардың бойында білімділік пен бәсекеге қабілеттілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталып отыр. Жаңа экономикалық қатынастардың үдемелі инновациялық сипаты адам капиталын дамытуды алға қою туралы көзқарастарды тудыруда[1] .

Бүгінгі білім беру кеңістігі педагогикалық үдерістің екі типінен тұрады - инновациялық және дәстүрлі. Педагогикалық инновация - бұл теориялық негізделген, мақсатты бағытталған және тәжірибеге бағытталған жаңалық, ол үш деңгейде жүзеге асады: макродеңгейде, мезодеңгейде және микродеңгейде.

Макродеңгейдегі инновация барлық білім беру жүйесіндегі өзгерісті және оның басымдықтарының өзгеруін қамтиды. Мезодеңгейдегі инновация аймақтың, нақты оқу орнының өзгерісіне бағытталған. Мезодеңгейде негізінен жаңа тұжырымдамалық тұрғы базасында жаңа оқу орнын құру туралы айтылады. Бүгінде оқу орнын төрт типке бөлуге болады: элиталық, конъюнктрлік, эксперименталды және дәстүрлі[2, 7б. ] . Микродеңгейдегі инновация белгілі бір курстың және курс блогын жаңа мазмұнын жасақтауға (мысалы, экологиялық немесе гуманитарлық) ; немесе білім беру үдерісінің құрылымдаудың жаңа тәсілдерін, не оқытудың жаңа технологияларын, жаңа формалары және әдістерін жасақтау бағытталған.

Инновациялық іс-әрекет-қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс-әрекетін саналы түрде өзгертеді.

Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық үрдісті күшейтін бес фактор:

Мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым-қатынасы, әлеуметтік-экономикалық жағдай, инновациялық үрдіске қатысушылар:бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар[3, 55 б. ] .

Тізбектелген сипаттамалар инновациялық үдерістің ұсынушылары мен жүзеге асырушыларына да қажет, ал бұл рөлде ұйым басшысы болуы шарт. Р. Л. Кричевскийдің пікірінше инновациялық саясатты сәтті өткізу үшін инновациялық үдерісті орындаушыларға қатысты жәйттер:

  • Қызметкерлердің білім деңгейі және мамандарды арнайы әзірлеу мен қайта даярлау жүйесінің болуы;
  • Адамдардың ақпараттың байланыстары мен хабардарлығы, яғни олардың жаңалық енгізуге байланысты адекватты ақпаратты алулары;
  • Жаңалықты ұйымдастырушыларға байланысты қызметкерлердің жаңалықты енгізуге мотивациялары, бағыттылығы.

Білім беру инновацияларын орта мектептерге енгізудің басты кедергісі мұғалімдердің сапалық құрамы мен кәсіби құзыреттілік деңгейлері. Мысалы, оқытудың жаңа технологиялары мектеп мұғалімінен (өз пәнінен кәсіби құзыреттілігінен басқа) педагогикалық шеберлікті талап етеді. Мұғалімнен дамыта оқыту технологиялары талап ететін педагогикалық білімдер:

  • Оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарын диагностикалау іскерлігі;
  • Оқу пәнін терең, жүйелі және оның ғылыми негіздерін білу;
  • Оқу материалын қайта құрылымдау, бір ғана сабақ емес, тұтас тақырыпты индуктивті мазмұндаудан логикалық индуктивті-дедуктивті проблемалық мазмұндай білу;
  • Оқушыны өмірге даярлау, бағыт беруде оқу үдерісін моделдеу (оның мақсатын, мазмұнын, оқыту формасын, әдістері мен тәсілдерін) ;
  • Оқушының өзбеттілік жұмысын ұйымдастыра білу;
  • Оқытудың белсенді әдістерін еркін меңгеру;
  • Оқушы мен мұғалім ынтымақтастығы, қолайлы психологиялық ахуалды қамтамасыз ету.

Педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік әдебиеттерді талдау барысында мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті деген ұғымның бірнеше жолын анықтауға мүмкіндік береді:

- инновациялық іс-әрекет мұғалімнің жеке тұлғасының даму тұрғысынан қарағанда іс-әрекетке деген қарым-қатынастың, іс-әрекет түрлерінің ауысуын ұсынатын өзіндік сана нәтижесі ретінде қарастырылады.

- тұлғаның танымдылық белсенділік тұрғысынан алғанда инновациялық іс-әрекет «инновациялық, шығармашылық әлеуеттің» қайнар көзі ретінде көрінеді.

- педагогикалық іс-әрекеті тұрғысынан идеалды әдістемелер мен бағдарламаларды іздеу, оларды оқыту тәжірибесіне енгізу, жаңалықтарды игеру үдерісі, шығармашылық іс-әрекеттің өнімі, озат тәжірибелер[4, 21 б. ] .

Педагог инновация субъектісі ретінде. Инновация тағдыры тікелей субъектінің оған қатынасына тәуелді болғандықтан инновация субъектілері туралы мәселе маңыздылыққа ие. Субъект - бұл қоршаған ортаны танушы және қайта жасаушы, сана мен ерікке ие адам ғана емес, сонымен бірге өз белсенділігін ұйымдастыра алуға қабілетті тұлға. «Тұлғаның өз белсенділігін ұйымдастыруы мобилділігіне, іс-әрекет талаптарына сәйкестігіне, басқа адамдар белсенділігімен үйлесуіне тоғысады. Бұл жәйттер тұлғаның іс-әрекет субъектісі ретінде маңызды мінездемесін құрайды. Олар жүзеге асыруға қажетті іс-әрекетті, психологиялық сапаларды реттеудің жеке тұлғалық тәсілін анықтайды» [5, 189 б. ] .

А. И. Пригожин инновация субъектісінің маңызды сипаттамасы - бұл оның әрекеттік өздік санасы, яғни жеке инициативасы субъективті мүмкіндігі мен жеке тіршілік етуінің қоғамдық қабылдауының негізі екендігін түсінуі екендігін атап өтті. Автор субъективтілікті мақсат пен оны жүзеге асырудың бірлігін бір тұлғада тоғысуын ұсынады. Субъект іс-әрекет типін, басқа субъектілер арасынан өзіне нақты рөлді таңдауға, жеке мақсаттары мен оған жету тәсілдерін жасақтауға қабілетті оған әрекетшіл тұлға. Оны өз тағдырын, өмір сүру дағдысы айқындауға тілегі мен нақты тәуелсіздік және құзыреттілігін кеңейтуге талпынысы арқылы ажыратады. Бір уақытта субъект қандай ма бір біріккен іс-әрекеттің авторы мен орындаушысы, субъектаралық қатынастарда серіктес болады»[6, 77 б. ] . Субъектінің мұндай түсініге А. И. Пригожин тәуелді орындаушыны қарсы қояды, ол өз құзыреттілігін басқалардан алушы және оны берілген көлем мен режимде жүзеге асырушы.

Инновациялық іс-әрекет әрдайым әлеуметтік ортаны өзгерту қажеттілігімен байланысты. Адамдар өмірге деген талап, тілектерін қайта бағалау, көптеген жәйттерге және өзіне көзқарасын өзгерту, жаңа тұлғааралық және әлеуметтік қатынастарды өзгерту қажеттілігі алдында болады. Жаңа әлеуметтік байланыстарды орнықтыру, педагогикалық қоғамдастықта жаңаны енгізуде мәртебеге ие болу ортаның агрессивтілігін, материалдық-техникалық және психологиялық қиыншылықтарды жеңумен қатарлас жүреді.

Педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерінің өсуінің ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары :

  • Оқыту технологиясының психологиялық-педагогикалық негіздерін тұжырымдамалық ұғынуы;
  • Технологиялық типтегі оқу үдерісінің жүйесін құраушы компененттерін түсінуі;
  • Өз іс-әрекетіндегі тиімсіз тәсілдерді ұғыну, талдау және жою;
  • Практикалық тәжірибесінде инновациялық технологиялардың формалары, әдістері мен тәсілдерін қолдану;
  • Оқыту сапасын өздік талдауы, сынып бөлмесіндегі оқытудың дәстүрлі тәсілдерін жоюға бағыттылығы;
  • Құндылық бағдары өзгерту, кәсіби іс-әрекетіндегі таптаурындарды анықтау және жою.

Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің өлшемдерінің сипаттары: мотивациялық шығармашылық бағыт, жаңалықтар енгізуге технологиялық дайындығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі. Осының ішіне басқарудың жаңа құндылықтары мен мақсаттары, басқарудағы жаңа енгізулер, дамыту бағдарламасын, түрлі типтегі оқу жоспарлары мен оқыту бағдарламаларды әзірлеудегі технологиясы мен әдіснамасы, білім беру субъектілерін әлеуметтік-құқықтық қорғауы, педагогикалық кадрлардың аттестациялануы да жатады.

Оқушы инновация субъектісі ретінде. Әдебиеттерді талдай отырып, технологияларды енгізу арқылы тек оқыту сапасын ғана арттыру емес, сонымен бірге оқушылардың ақыл ой еңбегі мәдениеті мен өзбеттілігін, белсенділігін көтеруге болады, оқушы мен мұғалімнің құндылық бағдары мен мотивациялық тұғырларын өзгертуге болады.

Тұлғалық-бағдарлы технологиялардың барлығы адам санасын өздік ұйымдастырылуы синергетикалық постулатына негізделген. Осы технологиялар сананы ояту, өздік ұйыдастырудың тұлғалық әлеуетіне бағдар көрсетуге жағдай туғызады. Мысалы, модулдік технология авторлары жұмыстарында (П. Юцявичене, М. А. Чошанов, Т. И. Шамова, П. И. Третьяков, К. Жанпейісова және т. б. ) оқу курсының модулдік құрылымы берілген ғылымды өз бетімен игеруге түрткі болады, әлем туралы жеке түсінік, сезім мен эмоцияларды ой елегінен өткізуге мүмкіндік беретінін ашық айтады[7, 52 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық процесс
Педагогикалық менеджменттің құрылымдары
Педагогикалық менеджмент жүйе ретінде
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауды дамытудың жолдары
Жанұя тәрбиесі туралы
Тұлғаның кəсіби дамуының психологиялық ерекшеліктері
Ұжым
Студенттердің шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыру
Қазақ тілін оқытудағы цифрлық технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz