Қазақстан Республикасының құқық жүйесі: адам құқықтары мен азаматтық міндеттер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Абылай хан атындағы Қазақ Халқыаралық Қатынастар және Әлем Тілдер Университеті

Семинар№ 3

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының құқық жүйесі.

Пәні: «Көшбасшылық және жеке тұлға дамуы»

Орындаған: Кеңес Айнұр Ғабитқызы

Менеджмент және халқыаралық коммуникация факультеті, 204-топ, Туризм.

Типтік тапсырмалар:

1. ҚР адамның және адамзаттың негізгі құқықтары мен бостандықтары

2. ҚР азаматы ретінде өз міндеттеріңізді атап көрсетіңіз

1. Адам құқықтары мен бостандықтары (АҚБ) - жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары. Адамның қандай да бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз еркімен іс- әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының негізгі принциптері АҚБ-на жатады. Адамзат қоғамында бұл мәселеге ежелден баса назар аударылған. Мысалы, Аристотель адам құқықтарын "табиғи" және "шартты" деп екіге бөледі. Адамның табиғи құқықтарын мемлекет орнатқан шартты құқықтардан жоғары қояды. Орта ғасырда АҚБ жасаған қайырымдылықтар, рақымшылықтар ретінде түсіндірілді. Өндірістік қарым-қатынастардың қарқынды даму сатысында өмір сүрген ли¬берализм өкілдері - Т. Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Ж. Руссо, И. Кант, Т. Джефферсон, Т. Пейн және т. б. ойшылдар АҚБ-на баса назар аударды. Қағидалардың ең маңыздылары ретінде олар адамдардың еркін, қауіпсіз өмір сүруге, жеке меншік иеленуге тең құқықтарының болуын, халық биліктің негізгі иесі екендігін, биліктің тармақталуын, би¬ліктің халық мүддесіне қызмет етуі керектігін атап көрсетті. Жүзеге асырылу ортасына қарай АҚБ азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени болып жіктеледі. Саяси және азаматтық құқықтардың қазіргі тұжырымдары БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында (1948 ж., 10 желтоқсан) баяндалған. Қазақстан Республикасының Ата Заңы бойынша: "1. Қазақстан Республикасында Конституңияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі; 2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олар дан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады"

Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады.

2. Конституцияның 12-ші бабына бабына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Өркениетті мемлекеттердегі адам мен азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары толық көлемде Республика Конституциясынында бекітілген. Конституция бойынша оларды жеке, саяси, экономикалық және әлуметтік топтарға бөлуге болады.

Өмір сүру құқығы . Өмір сүру құқығы - ол ешкімнің қандай жағдайда болсын айыруына болмайтын адамның басқа барлық құқығының ең негізгісі.

Өмір сүру құқығы адам қайтыс болғанға дейін өз мәнін сақтайды. «Қазақстан Респуликасында халықтың денсаулығын сақтау туралы» Заңның 52 бабы өмірді қолдаушы аппаратура тек өлім расталған жағдайда ғана қызметін тоқтатуға мүмкін екендігі айтылған.

Әркімнің өзінің жеке басының құқығы бар және адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Адамның жеке басының бостандығы - өзінің болмасынан туындайтын оның бөлінбейтін және абсолютті құқығы. Мысалы, заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі. Прокурордың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мен құқылымын: Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен азаматтық міндеттер
Азаматтық құқық негіздері: тұжырымдама, азаматтық талаптар, адам құқықтары және өкілдік институты
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: пәні, жүйесі және құқық объектілері
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы: әдістері мен жүйесі, қоғамдық құрылымы, адам құқықтары және сайлау жүйесі
Қазақстан Республикасының конституциялық жүйесі: билікті бөлу, мемлекеттік институттар және адам құқықтары
Қазақстан Республикасының адам құқықтары жөніндегі ұлттық баяндамасы
Адам құқықтары: тарихи қалыптасуы, дәстүрлі құқық жүйелері және Қазақстан Республикасының Конституциясындағы кепілдіктер
Қазақстан Республикасының Конституциясы: құқықтық мемлекеттің қалыптасуы және азаматтық құқықтар мен міндеттер
Қазақстан Республикасындағы азаматтық құқық: пәні, әдістемесі, қағидалары мен жүйесі
Адам құқықтары мен азаматтық: Қазақстандағы құқықтық мемлекеттің қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz