Рухани болмыс туралы


Философия
Артық М. ИС-19-3
Уксукбаева М. Т
Сұрақтарға жауап
1. Философия адамзат ақыл-ойының қорытылуы және ғылыми зерттеулердің жүйелі жиынтығы ретінде жан туралы көптеген дана ойлар қалдырды. Ежелгі Грек ойшылдары Пифагор, Гераклит, Сократ, Платон, Аристотель, Плотин секілділердің жан туралы ойлары философия тарихында аса маңызды орында тұрады. Аристотель "жан тәннің формасы" деп есептеген. Ал, тағы бір грек философы Плотин "жан тәннің формасы емес, ол - ақыл иесі" дейді. Оның айтуынша "ақыл тәнде емес, жанда". Орта ғасыр парсы философы ибн Сина өсімдіктер жаны, хайуанаттар жаны және адамдар жаны деп жіктеген. ибн Сина дүниетанымында ақылсыз жан деген - түйсік, яғни хайуандар жаны, ал ақылды жан иесі - адам.
Қоғамның рухани саласы - ең күрделі, сонымен қатар, бір қарағанда, байқалмайтын құбылыс. Біз желдің бар екенін білеміз. Бірақ ол көзге көрінбейді. Сол сияқты жалпы рухты ешкім ешқашанда көрген жоқ. Бірақ оның бар екеніне ешкім күмәнданбайды. Егер «рух» деген ұғымның шыққан тегін қарасақ, онда грек тілінде ол «пневма» яғни ауа, тыныс, үрлеу деген сөздерге жақын, латын тіліндегі «спиритус» - көрінбейтін, жеңіл, тыныс деген сөздерге жақын мағына береді,
Түйсік - материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім ағзаларына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық үрдіс. Ш. Құдайбердіұлы : “Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын - иіс, тіл - дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы-жаман әр істі сол тексермек. ” деп түйсік процесін сипаттайды
Сана ұғымы философияда негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнінде, сана арқылы қоғамдағы байланыста жеке адам белсенді болады.
2. Рухани болмыс сана мен санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет - тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады. Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы) . Екінші жағдайға жататындар - кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т. б.
Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері - түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері - адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.
Сана - болған жағдайдың бейнеленуінің жоғарғы формасы. Адам санасы сыртқы ортамен мақсатты бағытталған қарым - қатынас формасы ретінде көрінеді. Оларда белгілі бір субьективті шынайылық ретінде, сана болған жағдайдың субьективті ренжу, айналасындағылардың барлығына сананың қатынасы бар.
3. Бейсаналық адам мен жануарлар арасындағы ұксастықты, туыстықты аңғартады. Бейсана - санасыз акт адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарлатын әрекет. Бейсана әрекетке адам мән бере қоймайды. Бейсана субъект өзіне әсер бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Бейсананың санадан айырмашылығы бейнесаны ырықты бақылау және ондай әрекеттерде бағалау мүмкін емес. Бейсаналықта өткен қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актінде іске асады (мысалы түс көруде) . Бейнесалық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде) ойлауында интуициясында аффектісінде үрейленгенде түстерінде гипноздық жағдайда көрініс береді. Бейсаналы құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп З. Фрейд "бейсаналықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол бейсаналықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойылық пен құштарлықтар болады деп түсінген. Психологияда бейсаналықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.
Тапсырмалар
1. Сана - дегеніміз адам сезінген және аңғарған ішкі-сыртқы болмыс күйі. Ол таным, қиял, түйсік, ой, тілдік ұғым және жадыны қамтиды. Ол адам миында болатын ерекше құбылыс. Сананы адамның ең басты артықшылығы деуге болады, өйткені адамзаттың бүкіл прогрессінің басында оның санасының прогрессі тұр. Ал өзіндік сана- адамның өзін және жеке қасиеттерін түсіну. Адамның өзі кім екендігіне ой жүгіртіп, бойындағы күш- қуатын, ақыл- ойын, қабілеттілігін, әр бір іс- әрекеттерін атқарудағы ниеті мен мақсат- міндетін, өзін қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайға, өзге адамдарға, өз басына деген көзқарасын білдіретін қасиеттерін анықтауы, аңғаруы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz