Сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы талдау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы талдау. Тіл мен ойлаудың арақатынасын бағалау. Латын графикасына көшу және қазақ тілінің дамуы.

Дүниедегі ең ғажап, керемет құбылыс адамның рухани дүниесі, сана, ақыл - ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін әдебиет, философия, ғылым осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Обьективтік дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашанда сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған. Адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік қабілетте болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана іштен туған қасиет емес. Ол атадан балаға көшетін қабылет те емес. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми оның мекені. Сана - адам миы қызметінің нәтижесі. Бірақ ми түрлі жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Оған жету үшін әлем неше ықылым заманды бастан өткізді. Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешқашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жанды ұшып жүретін шыбынға балаған. Халқымыздың шыбын - жан деген ұғымы осы сөзден пайда болған.

Бейсаналық - саясатқа енжарлық, қоғамдық-саяси өмірге қатысудан бас тарту. Адам мінез-құлқындағы сананың қатысуынсыз, ойламай, дағдыға айналған қасиет арқылы әрекет жасау. Бейсаналық адам мен жануарлар арасындағы ұксастықты, туыстықты аңғартады. Бейсана- санасыз акт адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарлатын әрекет. Бейсана әрекетке адам мән бере қоймайды. Бейсана субъект өзіне әсер бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Бейсананың санадан айырмашылығы бейнесаны ырықты бақылау және ондай әрекеттерде бағалау мүмкін емес. Бейсаналықта өткен қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актінде іске асады (мысалы түс көруде) . Бейнесалық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде) ойлауында интуициясында аффектісінде үрейленгенде түстерінде гипноздық жағдайда көрініс береді. Бейсаналы құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп З. Фрейд "бейсаналықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға еңгізді. Ол бейсаналықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойылық пен құштарлықтар болады деп түсінген. Психологияда бейсаналықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.

Тіл мен oйлау - қоғамдық қызметтің өзара тығыз байланысты мәні және арнайы белгілері жағынан ерекшеленетін екі түрі. Ойлау шындық болмысты бейнелеудің жоғарғы формасы, ол заттар мен құбылыстардың арақатынасың, байланыстарын жинақтап танып білуге бағытталған. Адам заттың танымдық және әлеуметтік-тарихи тәжірибесі жинақталып, ойлаудың әр түрлі формаларында (ұғым, категория, теория түрінде) берілген. Ойлау процестері өзара күрделі қатынастағы үш негізгі түрден тұрады: практикалық-әрекеттік, көрнекі-бейнелік және сөйлеу-логикалык. Ойлаудын құралы - тіл, оған баска таңбалар жүйесі де жатады. Таңбалык қызмет аркылы тіл ойдын материалдык күйін білдіреді. Практикалык-әрекеттік қызметтен басқа ойлау түрлерінін психикалык, нағыз табиғи сипаты бар, ал тіл болса ол өзінін бастапкы жаратылысында-ак физикалык-материалдык құбылыс. Тіл мен oйлаудың байланысы қандай дәрежеде екенін және онын нақты сипатын анықтау - теориялық тіл білімі мен философияда ежелден-ақ әр түрлі пікірлер туғызған. Тіл мен oйлауды бірдей құбылыс немесе тілге ерекше мән беріп, оймен өте жакын құбылыс деумен бірге, ол екеуінін арасындағы тікелей байланысты жокка шығарған пікірлер де орын алған. Диалектикалык материализм тіл мен oйлаудын өзара карым- қатынасын диалектикалык бірлікте алып карастырады. Тіл сөйлеу-логикалык кызметі аркылы ойдың тікелей материалдык тірегі болып табылады. Қоғам мүшелерінін қарым-қатынас процесі ретінде тіл практикалық-әрекеттік немесе көрнекі- бейнелік қызметтің нәтижесі ретінде қалыптаскан "ойдың тікелей шындығы" түрінде қызмет етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сана және бейсана. Тіл мен ойлаудың арақатынасын бағалау
Қазақ суретшілері шығармашылығындағы архетиптік образ бен ұжымдық бейсана мәдени-философиялық талдау
Архетип және ұжымдық бейсананың бейнелеу өнерімен байланысы
Психология – ғылым ретінде. Дәрістер
Психологияны зерттеудің негізгі әдістері
Қазақ киносындағы түс көрудің режиссерлік интерпретациясы
Жеткіншектердің девиантты мінез- құлқындағы гендерлік айырмашылықтарды зерттеудің теориялық негіздері
Көзқарас және философия
Фрейд психоанализ туралы
Сана мен бейсана
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz