Экономикалық ілімнің пәні және зерттеу әдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМНІҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Экономикалық теория курсының қисыны және құрылымы
Экономикалық теорияның пәні
Экономикалық теорияның қызметтері және зерттеу әдістері
Экономикалық санаттар және заңдар

Экономикалық теория курсының қисыны (логикасы) және құрылымы.
Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туындайды. Ежелгі дүниеде экономикалық ой-пікірлер Египет, Қытай, Үндістан, Гректін ойшылдары Ксенофонт, Платон, Аристотель тәрізді ғұламалардың еңбектерінде пайда болған. Экономия терминін бірінші рет Аристотель ғылыми айналымға енгізген. Ол екі грек сөзінен құралған: ойкос- үй, шаруашылық, номос- ілім, заң деген мағынаны білдіреді. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырда экономикалық ойлар ғылым ретінде қалыптаспады. Оның себебі, ол заманда тауар- ақша қатынастары, нарық дамымады. Экономикалық білім алғашында жалпы ғылымның бөлек элементтері ретінде қалыптасты. Экономикалық теорияның өз бетімен дамуы ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда капиталистік қатынастардың туындау дәуірінде басталды. Алғашқы өз алдына қаланған мектеп- меркантилизм. Оның негізгі өкілдері: Т. Мен, У. Стаффорд, А. Монкретьен, Кольбер. Олар қоғамдық байлықтың негізгі ақша, алтын деп білді. Байлық - ол біріншіден барлық затты, қызметті сатып алуға мүмкіндік беретін алтын. Оның негізінен сыртқы сауда әкеледі. Ендеше алтынды елге енгізу қажет, ал елден шығаруға еш болмайды, сондықтан айналым саласын ғана зерттеу қажет. Бірақ сауда қоғам байлығын, адамдардың әл- ауқатын көтеретін күш емес. Оның себебі айналыс сферасында тек қана құн формасы ауысып тұрады, жаңадан құн жасалмайды. Меркантилистердің осы осалдығын экономикалық теорияның ғылым ретінде дамуындағы екінші бағыт - физиократтар мектебінің өкілдері байқады да қоғамдық байлық өндірісте пайда болатындығын дәлелдеді. Бірақ олар өндірістін ішінде өнімдісі ауылшаруашылығы деп түсінді. Физиократтардың өндіріске көңіл бөлуі үлкен жаңалық болды.
Олардың негізгі өкілдері - француз экономисі Франсуа Кенэ (1694-1774ж.) және Анн Роберт Жак Тюрго (1727-1781ж.).
Экономикалық теорияның келесі бағыты - классикалық саяси экономия. Оның өкілдері қоғам байлығы жалпы өндірісте пайда болатындығын өздерінің еңбектерінде айқын көрсетті. Бұл бағыттың негізгі өкілдері: У.Петти, П. Буагильбер, А.Смит, Д.Рикардо. Классикалық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады. Осы ой пікірдің қалыптасуы өндірістін қоғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан- жақты дамытты.
Экономикалық теорияның барлық тарихи жолында оны идеологияландыру мәселелері тұрды. Меркантилистер көпестердің мүдделерін көрсетсе, классиктер - жаңа туындап келе жатқан капиталистердің мүдделерін қорғады.
Экономикалық теорияны ең ашық идеологияландырған марксистер болды. Олар өздерінің теориялық көзқарастарында жұмысшылар табының мүдделерін ашық қорғады. Сондықтан, олардың экономикалық ғылымын жұмысшы табының саяси экономикасы деп атайды. Олардың теориясының басты жорамалы - өндіріс құралдарына қоғамдық меншік пен жұмысшылар мүддесі негізінде барлық экономикаға орталықтандырылған жоспарлау басшылығын орнату болатын. Бұл бағыт XIXғ. алғашқы жартысында қалыптасып, XXғ. алғашқы ширегінде Лениннің еңбектерінде дамыды.
Маркстік теорияға қарама- қарсы бағыт XIX ғ. 70жылдарында дүниеге келген маржинализм болды. Өкілдері: У.Джевонс, К.Менгер, Л.Вальрас, Дж. Кларк. Олар экономика ғылымының мақсаты шектеулі ресурстарды бөлудің тиімді әдістері мен шаруашылықты ұтымды жүргізудің әдістерін іздестіруде деп таныды. Маржинализм өкілдері саяси экономия ұғымының орнына экономикс ұғымын енгізді. Сонымен қатар шекті өнім, шекті пайдалылық, шекті шығын, шекті табыстар ұғымдарын пайдаланып экономикалық құбылыстарды түсіндірді.
Қазіргі заманғы экономикалық ғылым негізгі екі бағытта жүреді: неоклассикалық және кейнсиандық.
Бірінші бағыт ХІХғасырдың 70-жылдарында пайда болды. Оның ең көрнекті негізін қалаушылардың бірі Альфред Маршалл (1842-1924) болды. Неоклассикалық доктрина ХХғасырдың 30-жылдарына дейін кең тарады, бірақ оны ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнстің (1883-1946) атымен аталған экономикалық ағым (кейнсиандық) ығыстырып шығарды. 1929-1933 жылдардағы Ұлы депрессиядан кейін, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге нарық қабілетті емес екенін, әлеуметтік мәселелердің дұрыс шешілуін мемлекеттік реттеу қажет екенін көрсетті. Неоклассиктер мен кейнсиандықтардың арасындағы айтыстағы түйінді мәселе- мемлекеттің экономикадағы рөлі болды. Неоклассикалық бағытты қолдаушылар экономиканы тиімді дамыту үшін, экономикаға мемлекеттің араласуы шектелуі тиісті деп есептеді. Кейнсиандықтар керісінше, нарық экономикасынын мемлекеттің бақылауымен және макрореттеудің белсенді көмегімен дамытуға болады деп есептеді. Сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді шешуде институционалды- әлеуметтік бағыт қалыптасты. Оның өкілдері: Т.Веблен, У.Митчелл, Д.Гэлбрейт, М.Вебер. Бұл теорияға сәйкес экономикалық даму сипаты тек нарықтың өзі ғана емес, тұтас экономикалық институттардың жүйесі.
Қазіргі кезеңде экономика термині үш негізгі мағына мен анықталады:
Біріншіден, экономика - бұл адамдардың шаруашылық іс-әрекетімен және өндіріспен байланысты қоғамдық қатынастар жиынтығы. Қатынастардың сипаттамасы, меншік формалары және шаруашылықты жүргізу мен өнімнің бөліну принциптері бойынша экономика бөлінеді: құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және социалистік, нарықтық және әкімшілік-әміршілік типтеріне.
Екіншіден, экономика - бұл жеке шаруашылық немесе өндірістік жүйе (жеке қаланың, облыстың, аймақтың, мемлекеттің немесе мемлекет топтарының экономикасы). Мысалы, басқаша айтқанда, Көкшетау қаласының экономикасы, Солтүстік-Қазақстан аймағының халық шаруашылығы, Қазақстан экономикасы және т.б.
Үшіншіден, экономика - бұл қоғамның шаруашылық өмірінің белгілі бір саласын зерттейтін ғылыми және оқыту пәні. Мысалы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, еңбек экономикасы және т.б.
Келтірілген үш мағынаның негізі бойынша осы терминнің нақты анықтамасын беруге болады. Экономика - бұл адамдардың өз өмірлерін материалдық жағдаймен қамтамасыз етуінің іс-әрекеті.
Экономикалық теория барлық экономикалық ғылымдардың жалпы теориялық және методологиялық негізі болып табылады, себебі экономикалық теорияда экономиканы зерттеу әдістері, олардың жалпы бағыттары, негізгі терминдер мен түсініктер анықталады.
Нақты экономикалық ғылымдар қоғам өмірінде жеке салалардың шаруашылық іс-әрекетін зерттейді (ұлттық шаруашылықтың белгілі бір сала экономикасын, мемлекет экономикасы тарихын, экономикалық ілімдер тарихын және т.б.).
Сонымен, егер, экономикалық теория қоғамның шаруашылық негізін және экономиканың жалпы қағидаларын зерттесе, ал басқада экономикалық ғылымдарда жеке салалардың нақты шаруашылық іс-әрекетінде осы теориялық негіздер мен қағидалар көрініс табады (өнеркәсіпте немесе ауыл шаруашылығында және т.б. салаларда).
Экономика ғылымына саяси экономия ұғымын алғаш рет еңгізген меркантелист мектебінің өкілі А.Монкретьен. Ол 1615ж. Саяси экономия трактаты деген еңбегінде экономикалық мәселелерді қарастырған. Саяси экономия қоғамдық шаруашылықтың даму заңдары туралы ғылым деп жариялады. Саяси экономия- бұл таптық ғылым. Ол белгілі бір таптың мүддесін қорғайтын экономикалық қатынастарды зерттейді. Экономикс түсінігі экономикалық ғылымда экономикалық теория түсінігімен жақын, бірақ, нарық шаруашылығын зерттейтін бұл ғылым, яғни, мұнда зерттеу объектісі тек нарық жүйесіне тіреледі.

Экономикалық теория пәні, қызметтері және зерттеу әдістері
Қандай да болсын ғылымның өз пәні болады, яғни зерттеудің өзіндік маңызды тақырыбы болуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық ілім пәні мен әдістері
Аудиттің мақсаты, пәні және міндеті
Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері туралы
Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері
Экономикалық теория дамуының негізгі кезеңдері
Психология саласы
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы туралы
Экономикалық теорияның даму кезеңдері
Экономикалық теорияның турлері
Пәндер