Арғы түркі - Түркі - Қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымы


2 тақырып. «Арғы түркі - Түркі - Қазақ» қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымы.
Негізгі сұрақтар:
1. Ежелгі дәуірдегі Қазақ жеріндегі алғашқы мемлекеттер Сақ, ғұн, үйсін, т. б.
2. «Түрік елі» идеясының пайда болуы мен қоғамды топтастырушы факторы.
3. XIV-XV ғғ. Қазақстан аумағындағы хандықтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік тарихы
4. Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының құрылуына жаңа көзқарас.
1. Сақтар тайпалық одағының тарихы. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде басталған көшпелі малшаруашылығына ауысу ежелгі Қазақстан тайпаларының тарихи дамуының жаңа кезеңімен байланыстырылды. Осылайшашаруашылықтың үрдісі дамуы нәтижесінде б. з. бұрынғы бірінші мыңжылдықтың басында Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның кең байтақ аумағын сақ тайпалары мекендеген. Сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Днепр бойын мекендеген скифтердің және төменгі Еділ бойы мен Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтардың, Кир мен І Дарий парсыларының және Александр Македонский дәуіріндегі гректердің замандастары болған. Б. з. б. І мыңжылдықтан жаңа дәуірге дейін Орта Азия, Таяу және Орта Шығыс аумағында Ассирия мен Мидия мемлекеттері қалыптасады. Б. з. б. VІ ғасырда Мидия державасын Ахеменидтер мемлекеті алмастырады. Оның негізін бір топ парсы тайпаларының көсемі болған ІІ-Кир қалады, ол б. з. б. 550 жылы Мидияны талқандап өзіне бағындырып, орасан зор империя құрады, оған тіпті Орта Азияның оңтүстік аудандары да кірген болатын. Кейінірек ахеменидтер Орта Азияның солтүстік аудандарын да өздеріне бағындырып алды. І Дарийдің бұйрығымен қашалып түсірілген Бехустин жазуында Ахеменидтер мемлекеті құрамына (б. з. б. 530-522жж. Аралығында) Орта Азия мен Қазақстан аумағында болған Парфия менХорезм, Бактрия мен Соғдиана, Сақа енгендігі, олардың халықтарын Ахеменидтер жаулап алғандығы немесе бағындырғандығы айтылады. Сақа немесе сақтар деген кімдер еді.
Сақтар ежелгі парсылармен тығыз қарым-қатынас жасаған, тіпті б. з. б. VI -V ғасырларда Ахеменидтер империясының құрамына да кірген.
Ахеменидтік сына жазба деректемелерінде сақтардың төмендегі
үш тобы көрсетілген, олар:
1. Хаумаварға-сақтар (хаом сусынын қайнататын сақтар),
2. Тиграхауда-сақтар (шошақ бөрік киетін сақтар),
3. Тиай-парадрайа-сақтар (теңіздің арғы бетіндегі сақтар)
Сақ тайпаларының атауы әр елде әртүрлі аталған:
• гректер- азиялық скифтер;
• парсылар- құдіретті еркектер;
• ирандықтар- жүйрік атты турлар.
Сарматтар тайпалық одағы. Савромат-сарматтар Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырушы тайпа. Олар Босфор мемлекетімен саяси-экономикалық байланыс орнатты. Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказ, Парфияға жаулаушылық жорықтар жасады. Сарматтардың тайпалық одағына: роксаландар, аландар, аорстар, сирактар кірді. Аорстардың аты кейініректе, б. з. б. II ғасырда грек-рим жазушыларына белгілі болған. Олар Оңтүстік Жайық өңірінен және Қазақстан жерінің шектес солтүстік-батыс аймақтарынан шыққан болуы керек. Мұндай қорытынды Жайық-Елек өзендері аралығы мен Еділ-Дон арасындағы ескерткіштер тобының тығыз этникалық-мәдени байланыстарын көрсететін археологиялық деректермен сәйкес келеді. Сөйтіп жазбаша деректемелер б. з. б. VII - IV ғасырлардағы Қазақстан аумағында бірқатар тайпалар мен тайпалық топтарды орналастыруға мүмкіндік береді: батыста-савроматтар (ежелгі аорстар), орталық аудандарда - исседондар, солтүстік-шығыста - аримаспылар. Роксаландар б. з. б. I ғағырда Мидия шекараларына дейіп жетсе, кейін олардың осы ізін Арал теңізінің солтүстігін мекендеген аландар басып өткен. Сарматтар жаулап алған елдердің саяси өміріне араласып отырған. Роксаландар Понтий патшасы Митридтен соғыста скифтерді жақтаған, ал кейінірек Митридатпен одақтасып, Риммен соғысқаи. Аорстар римдіктерге көмектесіп, сирактарды жаулауға қатысқан, себебі сирактар Босфор патшалығының одақтасы болды. Аландар ғұндарға қосылып Испанияға дейін барған. Сармат қоғамының сипаты ˗ әскери демократиялық болып ондағы ішкі және сыртқы мәселелерді әскербасылар шешті. Ішкі және сыртқы мәселелерді әскербасылар шешуде бүкіл қауым мүшелерімен ақылдаспай, тек әскери жасақ қатарындағылармен ғана санасты. Ерлер мен әйелдердің қоғамдағы орны бірдей болып, әйелдерде жасақ құрамына кірген. Сарматтарда әйелдердің қоғамдағы ролі басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары болды.
Қазақстан аумағындағы Ғұндар. Б. з. б. I мыңжылдықта Орталық Азияның байтақ жерін этникалық құрамы әртүрлі тайпалар мекендеген. Шаруашылықтың дамуы, тұрмыстың ортақтығы, саяси бірлік оларды өзара жақындатып, ірі тайпалық бірлестіктер құрыла бастайды.
Ғұндар Орталық Азиядағы тұңғыш көшпелі империя (б. з. б. ІІІ-б. з. І ғ. ) тайпалары батысқа миграция жасаған. Ғұндар Қазақстанға Орталық Азиядан (б. з. б. I ғасырдың соңы мен б. з. I ғасыры аралығында) келді. Бұл "халықтардың ұлы қоныс аударуы" атанған тарихи оқиғамен тұспа-тұс кезең.
Ғұндар Шығыс және Орталық Қазақстанда Юсбань мемлекетін құрған (б. з. ІІ-Ү ғғ) . Ғұндардың мемлекеті шығыста Ұлы мұхиттан басталып, батысқа Тарбағатай тауларына дейінгі кең құлаш жайып жатты. Кейбір зерттеушілер бұл мемлекеттің батыс шекарасы Арал теңізіне, тіпті Каспий теңізіне де барып тіреді деген болжам айтады Ғұндар қытаймен бірнеше жүз жылдарға созылған соғыс жүргізу арқылы олар Қытай тарихында үлкен орын алды. Ал қытайлықтар болса, ғұндармен соғысу барысында төмендегілерге қол жеткізді.
1. Ғұндардың үздіксіз шапқыншылығы көне қытай тарихына күні өткен ескі мемлекеттік жүйені әлсіретіп, елдегі ілгерілетуші жаңа күштердің билікке келуіне жағдай жасады.
2. Ғұн тайпаларының жорықтары қытайдағы бірігу үдерісін жылдамдатты.
3. Ғұндармен соғыс барысында Қытай әскері күшейді, ал
осы әскер кейін Қытайдың жаулаушылық саясатына қызмет етті.
4. Ғұндарға қарсы одақтастар іздеу мақсатында қытайдан аттандырылған елшілердің сапары қытайлықтарға алғаш рет көптеген батыс мемлекеттері жайлы хабар берді және осы оқиғадан соң атақты Ұлы Жібек жолы дүниеге келді. . Б. з. V ғасырдың ортасы - Аттила әскері Шығыс Рим империясын жеңді. Оның білімін, көрегендігін мойындаған Франк, Бургундия билеушілері балаларын оқуға, тәрбиелеуге жіберіп отырған. Еділ патша тұсында Ғұн империясы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті: Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті. Құл иеленушіліктің жойылуына ықпал жасады. Ғұндарда әскери - демократиялық құрылыс нығайды.
Үйсін қоғамының тарихы. Үйсін мемлекеті Қазақстан аумағында б. з. д. II-б. з. ІV ғасырларда өмір сүрген байырғы мемлекеттердің бірі. Үйсін мемлекеті Орталық Азия тарихында, әсіресе Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарады. Өйткені, ол-Қазақстан территориясында құрылған ең алғашқы мемлекеттік құрылым. Сондай-ақ өзінен кейінгі Қазақстан аумағында құрылған көшпенді немесе жартылай көшпенді елдерге мемлекеттік үлгі-өнеге көрсетті. Басқаша айтқанда, Қазақстандағы мемлекеттіктің алғашқы үрдісін қалыптастырды.
Үйсін тайпасы жөніндегі ежелгі қытай жазбаларында мәліметтер мен деректер олардың бір кезде Іле өңіріне келіп қоныстанғаннан кейінгі уақытта аса күшті тайпалық мемлекет ретінде тарих сахнасына шығып, өз тұсында едәуір ықпалды болғанын баян етеді. Енді біз сол жөнінде жазылған кейбір тарихи деректерге тоқталайық. Осы орайда ежелгі Қытай деректеріне үңілер болсақ, үйсін тайпасы қытай жазбаларының ескідәуірлердегі кітаптарында өте жиі кездеседі. Соның ең бастылары, мәселен, ертедегі қытай хандары кезінде /б. з. б. 475-221 жылдары/, Чин хандығы билік құрған тұста /б. з. б. 221- 206 жылдары/, Хань хандығы билік құрып тұрған уақытта /б. з. б. 206 жылдан бері қарай/ жазылған Қытайдың терістігі мен Батыс өңірлерінен мағлұмат беретін тарихи жазба деректерден табуға болады. Онда үйсіндер ұлы жүз тайпаларын талқандап, олардың елін бостырып, жерін тартып алғаннан кейін, Іле және Ыстықкөл өңіріне келіп мекендейді. Осыдан кейін олар аса күшті бір мемлекет құруды бастаған. Қытай жазба деректерінің анықтауына қарағанда, сол тұстағы үйсін тайпасының қоныстанған және өздеріне бағынышты етіп алған аумақтың көлемі батысты Шу, Талас өзендерінен бастап, шығысы Ерен қабырғаның сілемі болған Богда тауына дейін созылып жатқан. Ал
солтүстігі Балқаш көліне жетіп, Ыстық көлге дейінгі аралықты қамтыған.
Қаңлы мемлекеті. Қаңлы тайпасының атауы-«қаңлы» сөзінің өз басы қаңлы этносының шығу тегін (этногенезін, ұлттық төркінін т. б. ) білдіре алмайды. Өйткені ру-тайпа атауы (этнонимі) -этнолингвистикалық құбылыс та, ал оның тектілік қасиеті (этногенезі) -этногнеалогиялық құбылыс. Ендігі кезекте осы «қаңлы» немесе «кангюй» этнониміне азды-кемді тоқталып кетелік. Негізінен алғанда, «қаңлы» этнонимінің төркіні, шығу тегі мен сан түрлі нұсқалары академик Ә. Қайдар тарапынан кеңінен қарастырылып, зерттеушінің «Қаңлы» атты монографиясында көрініс тапты, оны қаңлытанудың темірқазығы іспеттес еңбек деуге болады. Онда автор түрік халықтарының этногенезінде маңызды рөл атқарған қаңлы тайпасының 40-тан астам атауы бар екендігін есептеп шыққан. Монографияда кеңестік, шетелдік және қазақстандық көптеген ғалымдардың (Ш. Ш. Уалиханов, Ш. Құдайбердиев, Ә. Х. Марғұлан, Ә. Құрышжанов, т. б. ) аталмыш атауға қатысты ой-пікірлерін жүйелеген автор «қаңлы» атауына байланысты өзен-су идеясы мен арба идеясына негізделген екі көзқарас кеңінен таралғандығын айтады.
Қаңлы мемлекетінің б. д. д. ІІ ғ. қалыптасқан басқару жүйесі туралы қытай жазбалары мен деректерін қорыта келе, қытайтанушы Н. Мұхаметқанұлы ол жүйенің төмендегідей 5 деңгейін атап көрсетеді:
1. Билеу жүйесінің ең жоғары бірінші деңгейі -Ваң - патша ,
яғни қаңлы патшасы. Ол мемлекеттің ең жоғарғы билік иесі,
барлық істерді басқарушы ең биік лауазымды адам.
2. Екінші деңгейдегі мемлекет билеушісі - Фу Ваң , бұл
патшаның орынбасары. Ол патшаның бірінші көмекшісі әрі
әскери істерін басқарушысы бас сардар саналады.
3. Үшінші деңгейдегі мемлекет билеушісі -Гүйрын , яғни
ақсүйектер немесе төрелер. Олар негізінен халықтық-әлеуметтік
істерді, еларалық қатынастарды, бітімгершілік миссияларын
басқаратын лауазымды адамдар. Олар ең жоғарғы ақсүйектер
кеңесінің мүшелері болып табылады.
4. Төртінші деңгейдегі мемлекет билеушісі - Ябвуылар (басқа деректерде :ябғу, ябу деп те аталады) . Бұлар ірі ру басшылары немесе ұлыстардың басшылары. Олар өз руларының
әскерлері мен әкімшілік істерін басқарады. Олар ақсүйек төрелер
кеңестеріне қатысып, мемлекеттік келелі істерді атқаруға,
шешім қабылдауға өз ықпалын жасайтын беделді адамдар болып саналады.
5. Бесінші деңгейдегі мемлекет билеушісі-түменбасылары.
Қаңлы мемлекетінде әкімшілік пен әскери жүйе біртұтас болған, әр отбасының бір мүшесі міндетті түрде әскер қызметін атқаруға міндетті болған. Қаңлы мемлекетінде әскери бірліктің ең үлкен ұйымдық орны түмендік (оң мыңдық) ұжым болғандығын байқауға болады. Қаңлы мемлекетінің болғаны реальды шындық қана емес, өз дәуірінің талабына сай өркениет принциптеріне негізделген билік жүйесін қалыптастырған, көне үлгідегі феодалдық -патриархалдық, әскери- ақсүйектік күрделі құрылым болғандығын дәлелдеп отыр.
2. Тарих тереніне бойлай түссен, біздін халкымыздың ежелгі дәуірден-ак тәуелсіздік үшін күрес рухына әбден суарылып, содан рухани бастау алғанын айкын аңғара түсесіз. Ғылымда прототүріктер делінетін, арғы түріктер, яғни біздердің байырғы бабаларымыз бұл мәселеде де біздерге үлгі бола алар еді. Әсіресе бүкіл Орталык Азиядағы түркі тілдес халыктарды бірнеше ғасыр бойы біріктіріп келген Ғұндардын супер этностык бірлестігінін біздін заманымыздың 11- 111 ғасырларда күйреуі көктеп өсіп, калыптасып келе жаткан түркілердін этно-саяси кауымдастығы үшін үлкен соккы болды. Ұзак уакыт оңтүстіктегі кытай тілдес және шығыстағы тұңғыс-манчжур тілдес тайпалык бірлестіктермен тәуелсіздік жолындажан алысып-жан берісіп, аянбай шайкаскан Хұндарды жаулары, дәлірек айтар болсак, кытайлык әулеттер әртүрлі айла-амалдармен алғаш екіге бөліп бөлшектеп, акырында оңтүстік Хұндарын өздеріне каратып алып, оларды бауырларына, солтүстік Хұндарына карсы айдап салды. Бұл аз болғандай, кытайлыктардың мұндай арандатуларына әсіресе Сәнби бірлестігіне кіретін түңғыс-манчжур тілдес тайпалар катты ілесті. Кысымнын жойкындығы сондай, б. з. алғашкы ғасырларында-ак, бүгінгі Моңғолия аймағын жайлаған Солтүстік Хұндары батыска, казіргі Қазакстан аймағына карай көптеп ойыса бастады.
«Түрік» этнонимі тарих санасына VI ғасыр ортасында шыкса да, түркітілдес халыктың калыптасуы біздін заманымызға дейінгі мынжылдыктардан бастау алатын, ұзак та аса күрделі үрдіс. Орхон жазуларындағы жылнаманы окыған жұрт «түрік» атауы «мыкты», «күшті» деген мағынаны білдіреді деп түсінеді. Шындығында бұл Тиграхауда сактарынын атымен байланысты «шошак бөріктілер» немесе дулығалылар дегенді аңғартады. Кезінде Іле өзенінен терістік шығыска карайғы аймакта сактардың хұндармен койындасып жаткан өлкесінде осы түріктердін алғашкы мемлекетін ұйыстырушы Нағыт Түріктің 10 әйелінен тараған Ашына (Ашина) әулеті елге танымал бола бастады. Кытайдын ежелгі жылнамасы бұл туралы былай дейді: «осы әулет 9 баскарған кауым өсіп-өрбіп бірнеше жүз отбасы болды. Бірнеше ұрпактан кейін олар бірінен соң бірі үңгірден шығып нөнелерге (жужандарға. - Т. О. ) бағынды. Алтынтаудың (Алтайдың. - Т. О. ) күнгейін мекен етіп, нөнелерге темірші болды. Алтынтаудың пішіні дулығаға келіңкірейді. Олар дулығаны өз тілдерінде «түрік» дейді. Осылайша бұл сөз олардың халык аты болып калды».
Қытай ежелгі жылнамасы түріктер қайдан шыкты деген сауалға да жауап беруге тырысады. «Түріктердін арғы аталары ғұндардың солтүстігіндегі сак елінен шыкты, - дегенді оқимыз одан, - олардың ұлыс абасы Абам бек деп аталады». Иә, азаттық сүйгіш арғы бабалардан бізге белгілісі де осы Абам бек. Одан жоғарыда аталған Нағыд Түрік шад, одан Ашына, одан Ақын шад. Міне байырғы шежіре бастауы осылай. Сондай-ак, кытай деректері түріктердің алғашқы көсемдері катарында Апанбо, Еженшидо, Нар тілек шад, Ежен шад, Тай ябғу деген тарихи тұлғаларды атап кетеді. Олардың түркілердің басын қосып, оларды азат елге айналдыруға сіңірген еңбегі әрине айтарлыктай. Алайда тарихи мәліметтердің жұтаңдығы бұл мәселені баяндауымызға қолбайлау болып отыр. Күлтегін жазуында түріктерді билеушілер Ашына әулетінен шыққан Бұмын (Тұмын), Істемі кағандардан басталады. Өйткені бұлар алғашкы Түрік кағанатының негізін калаушылар. Дегенмен де айтпауға болмайтын, елдің бәріне белгілі тағы бір мәселе - аныз бойынша түріктердін арғы тегі көк бөрі, яғни қаскыр болып есептеледі. Тарихи дерекке сүйенсек, түріктерге «түрік» атауын олардын жаулары жужандар (нөнелер) берген. Олар Үйсіндер аймағынан кашып келгендерді ту-кю, яғни түріктер деп атады. Қалай десек те мұның өзі қашкындардың о баста пішіні дулығаға ұксайтын Алтай тауын паналауына байланысты болса керек.
3. XIII ғасырдың басында Солтүстік және Орталық Қазақстан далаларында, Ертістен батысқа қарай қыпшақтардың мемлекеттік одағы болды. 1210 жылы Жетісудағы Қарақат территориясының бір бөлігін найман көсемі Кушлик басып алды, ал Жетісудың солтүстік бөлігі қарлұқ ханы Арсиланға бағынды. Сырдария бассейні, Мауереннахр және оның аудандары Хорезм шахы Мұхаммедтің қол астында болды. Алтын Орданың мемлекеттік және саяси құрылымын еске түсіре отырып, Шыңғысхан әскері 1219-1224 жылдары Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды. Моңғол шапқыншылығы аймақтың саяси картасын толығымен өзгертті.
ХІІІ ғасырдың ортасынан бастап Ақ Орда мемлекеті Алтын Орданың Шығыс Дашта-Қыпшақ аумағында өмір сүрді. Бұрынғы Қыпшақ хандығының территориясы Ақ Орданың негізгі территориясы болды. Ақ Орда - жергілікті этнос негізінде құрылған моңғолдардан кейінгі Қазақстандағы алғашқы ірі мемлекеттік формация. Мұнда қыпшақ қауымына жататын халықтардан басқа наймандар, арғындар, үйсіндер, қарлұқтар және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz