Көз алмасы туралы


В-ЖМҚА 10-19 Сейіт Ақмарал
2-тәжірибелік сабақ
- Көз алмасы, bulbus oculi (ophthalmos) дұрыс емес шар тәріздес пішінде болады. Қарап зерттеуге тек алдыңғы, кіші, аса шығыңқы бөлігі - мөлдір қабық, cornea, оны коршап жатқан қалған бөлігі қолданымды, үлкен бөлік көзұяның терең бөлігінде жатады. Көз алмасының екі белдеуін айырады: алдыңғы және артқы. Алдыңғы белдеу, polus anterior, аса шығыңқы орталык бөлікте, мөлдір кабықтың алдыңғы бетінде орналасады, ал артқы белдеу, polus posterior, коз алмасының арткы сегментінің ортасында, кору нерві шығу орнынан сәл сыртына таман орналасады. Алдыңғы жэне артқы белдеулер аракашықтығы шамамен алғанда - 24 мм. Көз алмасының екі белдеуін косып тұратын сызықтыкөз білігі, axis oculi, немесекөздің геометриялык білігі, axis oculi geometrica, немесе көздің сагиталді білігі, axis oculi saggitalisдеп атайды. Осы аталған біліктенкөздін ішкі білігішығады, axis oculi interna, ол 21, 3 мм жетеді де, мөлдір қабыктын өзіне сәйкес келетін ішкі білігінің оның алдыңғы белдеуімен түйісетін нүктесін, торлы қабаттағы көз алмасының арткы белдеуіне сәйкес келетін нүктесімен қосып жалғайды.
- Цилиарлы немесе кірпікті дене, corpus ciliareішкі беткей жағынан шынытәрізді немесе эластикалык табақшамен, lamina elastica, жамылған, ол меншікті тамырлы қабықтың дәл осындай жапырақшасының жалғасы болып табылады. Цилиарлы дененің негізгі массасын цилиарлы бұлшықет пен борпылдақ, пигментті дәнекертінді жасушаларға бай және көп мөлшерде тамырлары бар цилиарлы дене стромасы құрайды. Цилиарлы денеде цилиарлы немесе кірпікті бұлшықетті, т. ciliaris, цилиарлы немесе кірпікті тәжді, corona ciliaris, цилиарлы немесе кірпікті шеңберді, orbiculis ciliaris, айырады.
- Цилиарлы бұлшықет, т. ciliaris, цилиарлы дененің сыртқы болігін алып, бірден склерамен жанасады. Цилиарлық бүлшықет жылтыр бұлшықетті талшықтардан құралады, олардың ішінде меридиалді жэне дөңгелек талшықтарын айырады, fibrae meridionales et circulares. Меридиалді талшықтар жақсы дамып, меншікті тамырлық кабықты тартып тұратын бүлшыкеттерді құрайды, 633 оның талшықтары көздің алдыңғы камерасы бұрышы мен склерадан басталып, артқа бағытталады да, тамырлы қабықта білінбей кетеді. Осы бұлшыкеттің жиырылуы меншікті тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі мен цилиарлы дененің арткы бөлігін тартқылап, көзбұршақты іліп ұстап тұратын байламдар (цинналық байлам) тартылысын азайтады. Дөңгелек талшықтар дөңгелек бұлшықет кұралуына қатысады, оның жиырылуы цилиарлы дене түзетін сакина саңылауын кішірейтеді, осылайынша цинналық байламның көзбұршаққа бекітілетін орнын экваторға жақындатады. Соңғысы аталынған байламның босаңсуын тудырып, көзбұршак қиғашталуын ұлғайта түседі, соның салдарынан цилиарлы бүлшыкеттің дөңгелек бөлігі көзбүршақты қысатын бұлшыкет, т. compressor lentis, атауына ие болады. Цилиарлық шеңбер -orbiculis ciliaris, цилиарлы дененің арткы-ішкі бөлігі, ол доға тәріздес пішінде болады, беті тегіс емес және айкын шекарасыз артына қарай меншікті тамырлық кабыққа жалғасады. Цилиарлық тәж, corona ciliaris, цилиарлы дененің алдыңғы-ішкі бөлігін алып жатады. Онда радиалді бағытталатын кішігірім цилиарлық катпаршалар, plicae ciliares, бар, олар алдына таман цилиарлық осінділерге ауысады, processus ciliares. Осы өсінділер шамамен 70 шақты мөлшерде еркін түрде көздіц артқы камерасы куысына салбырап ілініп тұрады. Цилиарлық шеңбердіц цилиарлы тәжге ауысу орны қайырылған шет жасайды да, көзбұршакты іліп үстайтын цилиарлық байламның бекітілу орны саналады.
- Көздің жарық сындырғыш аппараттары. Диоптрикалық немесе жарықты сындырғыш, көздің бұл аппараттарына: қасаң қабық, көз бұршағы, шыны тәріздес дене, көздің алдыңғы және артқы камераларындағы сұйық жатады.
Қасаң қабық (cornea) - көздің жарықты өткізіп, сындыратын қорғаныш қызмет атқаратын, фиброзды қабықтың 1/16 бөлігін құрайтын, өте жоғары оптикалық гомогенді қасиетке ие қабық. Қалыңдығы ортасында 0, 8-0, 9 мкм, ал шеткі бөлігінде 1, 1 мкм. Жарықты сындырғыш көрсеткіші 1, 37, сындырғыш күші 40 дптр. Микроскопиялық құрылысында бес қабатын ажыратуға болады. Оларға: алдыңғы көп қабатты жалпақ эпителиі, алдыңғы шектеушілік мембранасы немесе Бауменов қабығы, қасаң қабықтың меншікті заты, артқы шектеушілік мембранасы мен (десцемет қабығы) артқы эпителиі жатады. Ең негізгі және қалың - қасаң қабықтың меншікті заты, құрамында көптеген коллаген талшықтары мен өсінділі фибробласттар бар. Талшықтар мен фибробласттар аморфты затта орналасқан, гликозамингликандарға да бай. Гликозамингликандар (кератинсульфат) қасаң қабықты мөлдір түске ие етеді, егер түсі өзгеріп кетсе «бельмо» ауруы байқалады (көзді ақ басады) .
Көз бұршағы (lens), екі бүйірі дөңес, мөлдір дене, пішіні құбылмалы. К өз аккомациялық кезеңінде алысты жақындатып немесе керісінше, көптеген жағдайларда пішіні өзгереді. Көз бұршағының радиусы 6-10 мм-дей, сыртқы қалыңдығы 11-18мкм, сырты мөлдір капсуламен қоршалған. Капсула астында (алдыңғы бөлігінде) бір қабатты көз бұршағының эпителиі орын алады. Көз бұршағының құрамында мөлдір (түссіз) белок-кристаллин болады. Көз бұршағының гистофизиологиясын білу клиникада өте маңызды. Себебі, жасанды көз бұршағын жасап, ауырған көзге жалғау кездері медицинада кеңінен қолданылады (катаракта) .
Шыны тәріздес дене (corpus vitreum) көз бұршағымен торлы қабықтың арасында орналасқан мөлдір, желатин тәрізді зат. Құрылысы тор тәріздес, құрамында витреин белогы мен гиалурон қышқылы болады. Жарықты сындыру көрсеткіші 1, 33 тең.
- Сулы ылғал, humor aquosus- мөлдір, түссіз сұйықтык, ол көз алмасының алдыңғы және арткы камераларын, cameraebulbi oculi, anterior et posterior, толтырып тұрады. Олар - нұрлы кабыктың алды-артында орналасатын саңылау тәріздес куыстар түріндегі туындылар. Артқы камера, camera posterior bulbi, артынан көзбұршақтың алдыңғы бетімен, цилиарлы байламмен жэне цилиарлы денемен, алдынан нұрлы кабыктьщ арткы бетімен шектеліп түрады. Артқы камера қуысына цилиарлық осінділер еркін салбырап түсіп түрады. Арткы камера лимфатикалық белдеулік саңылаулармен байланысады. Алдыңғы камера, camera anterior bulbi, алдынан мөлдір қабықтың артқы, шығыңкы бетінен, артынан нұрлы кабықтың алдыңғы бетінен түзіліп кұралады. Көз алмасыныц алдыңғы жэне арткы камералары бір-бірімен карашық арқылы байланысады. Цилиарлы дене мен нұрлы қабық сулы ылғалды өндіріп шығарады. Сулы ылғалдың кері шығарылуы төмендегі жолдармен жүзеге асырылады: арткы камерадан сулы ылғал алдыңғыға түседі, бүл жерден олspatia anguli iridisарқылы иірімді ағысты веналар, vv. . vorticosaeжүйесіне шығарылады.
- Көз алмасының бұлшыкеттері, тт. bulbi осulі, көз алмасын қозғалтады. Олардың ішінде көз алмасының төрт тік бұлшықетін, mm. recti bulbi осиіі, айырады, оларға жататыны:
1) жоғарғы тік бұлшыкет, т. rectus superior,
2) төменгі тік бұлшықет, m. rectus interior,
3) мециалді тік, т. rectus medialis,
4) латералді тік бұлшықет, т. rectus literalis
5) жоғарғы қиғаш, т. obliquus superior
6) төменгі қиғаш, т. obliquus inferior
Төменгі қиғаштан баска барлық көз алмасы бұлшықеттері көру нерві айналасында көзұяның түбі мен жоғарғы көз саңылауынан басталады. Бұлшықеттердің бастапқы бөліктерін көру нерві қоршап түрады да, осы жерде өз сіңірлерімен жабысып бітісіеді, сөйтіп жалпы сіңір сақинасын, anulus tendineus communis, түзіп, көру нервінің сырткы қабығымен қосылады. Төрт тік бұлшыкеттің әркайсысы көз- ұяның тиісті кабырғасы бойымен өтіп, көз алмасы кынабын, vaginae bulbi oculi, немесе көз алмасы шандырын, fasciae bulbi oculi (BNA), түйрелейді де, көз алмасына жақындап келеді. Осы жерде бұлшыкеттер өздерінің кыска сіңірлерімен коз алмасы экваторының алдына қарайғы сызығы бойымен, молдір қабықтың шетінен 7-8 мм калыңырап орнығып, склераға шырмалып жабысады. Жоғарғы киғаш бүлшыкет, т. obliquus superior, көру тесігі шетінен отін, ішкі тік бүлшықет үстімен козүяның медиалді кабырғасы бойымен алға бағытталады. Шығыршыктәрізді шүнкыр, fovea trochlearis , бойында көзұяның жоғарғы шетіне жақын жерде бүлшықет үзын, цилиндр пішіндес сіңірге ауысады. Сіңір шығыршық, trochlea, арқылы өтіп, кайтадан артына және сыртка бұрылады, жоғарғы тік бүлшықет пен көз алмасы арасынан өтіп, оған экватор артында мөлдір кабықтан 18 мм кашықтықта бекітіледі. Төменгі киғаш бұлшыкет, т. obliquus inferior , жоғарғы бетсүйек пен төменгі көз шетінің жанасатын бетінде көзжас айдаршығынан көзұяның медиалді бөлігінде басталады. Бұлшыкет артына жэне сыртка бағытталып, козұяның томенгі кабырғасы мен томенгі тік бүлшыкет арасында өтіп, экватор артында коз алмасының латералді беткейіне бекітіледі. Латералді (сыртқы) жэне медиалді (ішкі) тік бұлшыкеттер коз алмасын эрқайсы оз жағына айналдырады. Жоғарғы тік бұлшыкет көз алмасын үстіне және аздап сыртына карай айналдырады. Төменгі тік бұлшыкет алдыңғысының антогонисті бола отырып, коз алмасын астына жэне аздап ішіне айналдырады. Жоғарғы киғаш бұлшыкет коз алмасын астына және сыртка, төменгі киғаш бүлшықет сыртқа және үстіне айналдырады.
- Көз алмасының кынабы артында (тенондық капсула) көзұяда көзұяның майлы денесі, corpus adiposum orbitaeболады, ол арқылы нервтер өтеді. Майлы дененің аздаған бөлігі көз алмасы бұлшықеттері жиынтығынан кұрылған конустан тыс орналасады, олар мен сүйекүсті бөлігімен жамылған - периорбита, periorbitaeарасындағы сүйекті қабырғада үлкен болігі осы конус ішіне еніп, көз нервісін қоршай орналасады.
- Қабақ конъюнктивасының көз алмасы конъюнктивасына ауысу орны күмбездерін, fornices conjunctivae, superior et inferior, кұрайды олар конъюнктиваның баска бөліктерімен коса алдына карай көз санылауы бойымен ашық және көзді жұмғанда жабылатын конъюнктива қапшығын, saccus conjunctivae, шектеп тұрады. Жоғарғы жэне төменгі күмбез маңында конъюнктива бірқатар қатпарлар түзеді. Қабақтың тері жамылғысы мен конъюнктива арасында орналасатын бөлігі бірқатар туындылардан тұрады: бірден тері астында көздің дөңгелек бұлшықеті, т. orbicularis осulі, жатады. Аталынған бұлшықет артында жоғарғы қабақта сіңірлік бұлшықеттер, т. levator palpebrae superioris, орналасқан, олар жоғарғы кабақты көтереді; ол көзұяның жоғарғы кабырғасы сүйектысы үстінде басталып, көру нервінің алдында жатады да, алға бағытталып, көзұяның жоғарғы үшы жанында жалпак сіңірге ауысады.
- Көзжасы аппаратына, apparatus lacrimalis, көзжас бездері және көзжас шығатын жолдар, көзжас түтігі, көзжас қабы мен козжас-мұрын өзегі жатады. Көзжас безі, glandula lacrimalis, көзұяның жоғарғы-латералді бұрышында және көзжас безі шұнкырында, fossa glandula lacrimalis, жатады да, жас, lacrimaбөліп шығарады. Көзжас безі денесі арқылы жоғарғы қабақты көтеретін бұлшықет сіңірі өтеді, ол көзжас безі денесін екі тең емес бөлікке бөледі: жоғарғы, үлкен көзжасы безінің көздік бөлігі, pars orbitalis glandulae lacrimalis, немесе жоғарғы көзжас безі, glandula lacrimalis superior, және кабаққа тиесілі көзжас безінің кіші бөлігі, pars palpebralis glandula lacrimalis, немесе төменгі көзжас безі, glandula lacrimalis inferior. безінде екі беткей бар: көзжас безінің сүйек шұңқырына қарасты жоғарғы шығыңқы жэне төменгі көзжас безі жанасатын төменгі ішке кайырылған бөліктер. Жоғарғы көзжас безі кұрылысынын тығыз болуымен ерекшеленеді, бездің көзүяның жоғарғы шеті бойындағы үзындығы 20-25 мм тең, алдыңғы-артқы көлемі - 10-12 мм. Төменгі көзжас безі алдыңғыдан сәл алға жэне төмен орнығады да, конъюнктива қабының дэл үстінде жатады. Без біршама бөлектелінген 15-40 үлесшелерден түрады; жоғарғы шет бойындағы без үзындығы - 9-10 мм, алдыңғы-артқы көлемі - 8 мм, калыңдығы - 2 мм. Төменгікөзжас безі мұнымен коса, 3-тен 9-ға дейін ерекше шығару жолдарына ие, олар жоғарыда баяндалғандар тэрізді жоғарғы күмбез конъюнктивасының латералді бөлігі маңында ашылады. Баяндалған ірі көзжас бездерімен қатар, конъюнктивада бірқатар (1-ден 22-ге дейін) косымша кішігірім көзжасы бездері үшырасады, олар жоғарғы және төменгі қабақтар маңында орын тебе алады. Қосымша көзжас бездері көзжас қабы маңында да ұшырасады, бұл жерде де, сондай май бездері бар. Көзжас көзжасы бездерінен конъюнктива қапшығына түсіп, көз алмасын жуып өтеді де, көзжас көліне, lacus lacrimalis, жиналады. Көзжас көлінен көзжасы көзжас өзектері арқылы көзжасы қабына бағытталады, одан көзжас-мұрын өзекшелері арқылы төменгі мұрын жолына түседі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz