Оқушылардың жазу сауаттылығын жетілдіру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Филология және көптілді білім беру интитуты

Қазақ тілі мен әдебиеті

СӨЖ

( Эссе )

Пәні: Жазу сауаттылығы және сөйлеу техникасы

Тақырыбы: Оқушылардың жазу сауаттылығын жетілдіру

Орындаған: Қожамберді А.

Тексерген: Нуптекеева Г. Б.

Сауатты жазу - білімділіктің басы. Күнделікті өмірде жан-жағымызды барлайтын болсақ, сауатты жазатын адамдар өте аз кездеседі. Сауаттылық - көрсеткіш, сапа. Менің ойымша, пунктуациялық, құрылымдық қателерге кешіріммен қарауға болады. Алайда, орфографиялық қателерге жол беруге болмайды.

Бүгінгі таңда тек ересектер ғана емес, сонымен қатар, оқушылар да әлеуметтік желілер арқылы хат алмасуда белсенді. Соның әсері болар, көпшілік қауым әріп тастап кету, орнын алмастыру, сөз тіркестерінің бірге жазылуы, жалғау мен жұрнақтардың дұрыс қолданылмауы, кейде тіпті буындардың қалып қоюы сынды айтарлықтай қателіктерді жиі жібереді. Орысша немесе ағылшынша әріптерге бейімделген оқушыларымыз күнделікті өмірде шатасып жатады. Нәтижесінде, түсініксіз сөздердің жазылуы тағы да түсініспеушілікке әкеліп соғады.

Орфографияны үйрету сауат ашудан басталатындығы белгілі. Сауат ашу әліппені оқыту арқылы жүзеге асырылады. Шын мәнінде, оқушының жазу сауаттылығының түп қазығы - әліппені жүйелі оқыту. Қазақ мектебі тарихында бұл мәселеге ең басты көңіл бөлініп келеді. Латын жазуы негізінде жасалған әліппелерді оқыту жөнінде жазылған мақалалар мен Ә. Садуақасовтың 1940 жылы шыққан «Сауат ашу методикасы» еңбегін айтпағанның өзінде, оқуды өмірмен байланыстыру жөніндегі әліппені оқытуда елеулі ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізілді. Көрнекті ғалым- педагогтарымыз Ә. Сыдықов, Ә. Ермеков, Ж. Жолаевтар бірлесіп, әліппені оқыту жөнінде әдістемелік еңбек жазды.

Фонетиканы оқыту барысында ой құрау жөнінде дыбыстың роліне, орфоэпиялық және орфографиялық дағды қалыптастыруға, оқушылардың логикалық ойлауы мен сөйлеу тілінің дамуына басты назар аударылуы тиіс фонетикалық материалдар лексика және грамматикамен тығыз байланыста оқытылады. Өйткені дыбыс сөздің мән-мағынасын ажырату мүмкіндігін береді (ән-өн, мен-сен, тек-ток т. б. ) . Дыбыссыз сөз құрылысындағы өзгерістерді байқау да мүмкін емес, сөзге жалғанатын қосымшалар белгілі дыбыстық жүйе арқылы сараланып отырылмақ.

Фонетиканы оқыту барысында орфографияны берік меңгерту оқушылардың ережені пайдалана отырып, дыбыс пен әріп арақатынастарын аша білуіне негізделеді. Тілдегі көптеген сөздер естілу қалпынша жазылады. Мысалы от, ат, мол, мал, келді т. б. Бұл сөздердің дұрыс жазылғандығы айтылуы бойынша анықталып тұр. Егер мұндағы әріптің біреуі басқаша айтылса, сөздің мағынасы мүлде басқаша болып кетер еді (өт, от, т. б. ) Осылайша дыбысты әріпке тура айналдырып жазу үшін, оқушы алфавитті жақсы білуі тиіс. Алайда, тіліміздегі сөздердің бәрі бірдей естілуі бойынша жазыла бермейді. Бұған сөздің соңғы буындарында жазылатын ә, ө, ү, ұ әріптерінің емлесін жатқызуға болады. Сондай-ақ үу, ұу, ыу, іу болып естілгенімен, бір ғана у жазылатын, ый, ій болып естілгенімен, бірнеше түбірден басқа сөздерде бір ғана и жазылатын жағдайлар да сөздердің айтылуынша жазыла бермеуінің айғағы болып табылады. Фонетиканың «Үндестік заңы» деп аталатын тақырыбы бастан-аяқ орфографиялық мақсатты көздейді, мұнда орфоэпиялық та, орфографиялық та ерекшеліктер қамтылады. Буын үндестігі заңы бойынша, түбір сөздің соңғы буынының жуан я жіңішке болып келуіне қарай қосымша да жуан я жіңішке болып үйлесуі шарт. Бұл ережені оқушылар жеңіл меңгере алады. Алайда, тіліміздегі барлық сөздерге қосымша осы тәрізді тәртіппен жалғана бермейді. Міне, осыған байланысты ереже де, жаттығу да мол жүргізіліп, оқушылардың игеруіне тиімді жағдайлар жасалуы керек.

Алайда оқушыларды тек ережелермен және емлелермен ғана шектемей, оларға жазу сауаттылықтарын арттыру үшін мынадай кішігірім кеңестер берген жөн деп ойлаймын:

1. Ұялы телефонға қазақша әріп қызметін орнату. Көп уақыт алып, әуреге салмайтыны анық, алайда пайдасы өте мол.

2. Қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келетінін ұмытпайтындай етіп, оқушылардың жадына тоқу. Соған сай қосымшалар да біркелкі жалғанады. Дегенмен, кейбір сөздерге тән арнайы ереже бар.

3. Көркем әдебиетті көбірек оқу. Сөздердің жазылуы есте сақталады. Оған қоса, оқушыларымыздың білімі молаяды.

4. Қатемен жұмысты жиі жасау. Қайталау жақсы нәтиже береді.

5. Шылау мен жалғауды ажыратып үйрету. Ол үшін сөздің мағынасына көбірек мән беру керек. Осы орайда қазақ тіліндегі септік жалғауларын жаттату.

6. Сөзді қысқартып қолдануға әуес болмау. Барынша толық нұсқасын жазып үйрету. Ауызекі сөйлеу барысында қысқа сөйлесе де, жазғанда сауатты болу шарт.

7. Ой жинақылығы маңызды. Оқушы өзінің не жазатынын сараптап алуы қажет!

8. Аяқсыз сөйлемнен абай болу. Сөйлем қашанда тиянақты болуы керек.

Оқушылар осындай ережелерді есте сақтаса, сауаттылыққа бір табан болса да жақындай түсер еді. Менің ойымша, сауаттылықтың аталған қыр-сырына жүгіне жүрсек, бұл біздің тектілігіміздің, білімділігіміздің айтарлықтай бір нышаны болар еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
Бастауыш мектепте
Функционалдық сауаттылықты дамытудың тәжірибелік негіздері
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негізі
Қосымша білім беру ұйымдары - оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді ортасы
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ТАЛДАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz