Қатынас білім беру саласы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

"Қатынас" білім беру саласы.

"Қатынас" білім беру саласының мақсаты ауызекі сөйлеуді қалыптастыру, өмірдегі түрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын игеру, оқу мен жазудың алғышарттарын қалыптастыру болып табылады.

"Қатынас" білім беру саласы тәрбиеленушілердің әр түрлі балалық іс-әрекетінде Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы ауызекі және байланыстырып сөйлеуді, мәнерлеп оқу мен мазмұндауды дамытуды, тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді, белсенді сөздік қорын байытуды, тілдік нормаларды игеруді, мемлекеттік және орыс тілдеріне үйретуді қамтиды.

"Қатынас" білім беру саласының мазмұны коммуникативтік біліктер мен дағдыларды дамытуға, балалардың түрлі іс-әрекетінде ауызекі сөйлеуді дамытуға, сөздік қорды байытуға, балалар әдебиетіне қызығушылықты дамытуға бағытталған.

Ақыл-ой кемістігі бар балаларды (ақыл-есі кемістігінің жеңіл және баяу дәрежесі) тәрбиелеу мен оқыту қатысымның вербалді және вербалді емес дағдыларын қалыптастыруды, тілдік ортаны құруды, сөйлеу белсенділігін, қоршаған ортаға қызығушылықты, коммуникативті әрекеттің түрлі формаларына қатысуға қабілеттілікті оятуды қамтиды.

"Қатынас" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

1) сөйлеуді дамытуды;

2) көркем әдебиетті;

3) сауат ашу негіздерін;

4) қазақ тілін (орыс тілінде оқытатын топтарда), орыс тілін (қазақ тілінде оқытатын топтарда) қамтиды.

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін балалар үшін апталық оқу жүктемесінің көлемі мынадай:

1) ерте жас тобы (1 жастан бастап) - ұзақтығы 7-10 минуттан 7 сағат;

2) кіші топ (2 жастан бастап) - ұзақтығы 10-15 минуттан 9 сағат;

3) ортаңғы топ (3 жастан бастап) - ұзақтығы 15-20 минуттан 11 сағат;

4) ересек топ (4 жастан бастап) - ұзақтығы 20-25 минуттан 12 сағат;

5) мектепалды тобы, мектепалды сыныбы (5 жастан бастап) - ұзақтығы 25-30 минуттан - 17 сағат. ";

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін балалар үшін апталық оқу жүктемесінің көлемі мынадай:

1) ерте жас тобы (1 жастан бастап) - ұзақтығы 7-10 минуттан 7 сағат;

2) кіші топ (2 жастан бастап) - ұзақтығы 10-15 минуттан 9 сағат;

3) ортаңғы топ (3 жастан бастап) - ұзақтығы 15-20 минуттан 11, 5 сағат;

4) ересек топ (4 жастан бастап) - ұзақтығы 20-25 минуттан 12, 5 сағат;

5) мектепалды тобы, мектепалды сыныбы (5 жастан бастап) - ұзақтығы 25-30 минуттан 18 сағат.

Қатынас білім беру саласы

Дағдылар тізбесі
Бөбек жасы(0-3жас)
Мектепке дейінгі жас (3-6 жас)
Нәрестелік жас (туғаннан бастап)
Ерте жас (1жастан бастап)
Кіші жас
(2 жастан бастап)
Орта жас
(3 жастан бастап)
Ересек жас
(4 жастан бастап)
Мектепалды жасы
(5 жастан бастап)
№: 1
Дағдылар тізбесі: Қарым-қатынас мәдениеті
Бөбек жасы(0-3жас): Дыбысқа және оның дереккөздеріне назар аударады.
Былдырлайды және дыбыстарға еліктейді.
Мектепке дейінгі жас (3-6 жас): Жаңа сөздерге еліктейді; таныс заттардың және қимыл- дардың жеңілдетілген атауларын, алғашқы толық сөздерді қолданады
Өзінің құрбыларымен және жақындарымен қарым-қатынасқа түсе алады.
Ересектердің сөзін түсінеді. Сұрақтарды тыңдайды, оларға жауап береді.
Ересек -термен, балалармен қарым-қатынасқа түсе алады және олардың өтініште рін орындайды.
Қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін біледі және оларды сақтайды.
№: 2
Дағдылар тізбесі: Тілдің грамматикалық құрылымы
Бөбек жасы(0-3жас): -
Мектепке дейінгі жас (3-6 жас): Қарапайым сөздерді қолданады және заттар мен қимылдарды қарапайым сөздермен атауды біледі.
Түсінікті болу үшін өз ойын дұрыс жеткізе алады.
Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады.
Ересектердің сұрақ қоюы арқылы салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді үйлесімді құрастыра алады.
Сөйлеуге сыни қарым-қатынас таныта алады, грамматикалық дұрыс сөйлеуге тырысады.
№: 3
Дағдылар тізбесі: Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
Бөбек жасы(0-3жас): Оның есімін атағанда ыммен немесе дауысымен жауап береді.
Мектепке дейінгі жас (3-6 жас): Дауысты дыбыстарды және артикуляциялық қатынаста дауыссыз дыбыстарды жеткілікті түрде анық айта алады.
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады.
Сөздердің қалай айтылатынын тыңдап, оларды анық айтады.
Ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтады.
Дұрыс, мәнерлі сөйлей алады. Инто нациялық мәнерлеудің түрлі тәсілдерін қолданады.
№: 4
Дағдылар тізбесі: Сөздік қор
Бөбек жасы(0-3жас): Қимылдарға, басқа ымдар мен дыбыстарға еліктейді.
Мектепке дейінгі жас (3-6 жас): Ересектердің айтқан сөздері мен сөз тіркестерін қайталайды.
Жануарлардың дыбыстарына еліктейді
Өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары туралы сұрақтарға жауап береді.
Барлық қимылдарды, заттар мен құбылыстарды, олардың белгілері мен сапасын атайды.
Жағдайды көрмей-ақ сөздерді қолданып, сөйлеуде етістіктерді белсенді қолдана алады.
Сөйлеуде антоним, синоним сөздерді қолдана отырып, тілдегі сөздің көп мағыналығын түсінеді.
№: 5
Дағдылар тізбесі: Байланыстырып сөйлеу
Бөбек жасы(0-3жас): -
Мектепке дейінгі жас (3-6 жас): Қысқа сөз тіркестері мен сөздерді қолданып, өтініш жасай алады, тапсырманы мұқият тыңдайды және оны дұрыс орындайды.
Тілектерін, ойларын, сезімдерін айту үшін сөздерді қолдана алады.
Табиғаттың тірі және өлі нысандарын бақылау, суреттерді, заттарды қарастыру кезінде сұрақтарға дұрыс жауап береді.
Диалогтік сөйлеудің, тілдесудің негізгі формасын меңгерген.
2-3 сөйлеммен өз ойын жеткізе алады.
Әртүрлі сөз таптарын, эпитеттер мен салыстыруларды қолдана отырып, монолог құра алады.
№: 6
Дағдылар тізбесі: Шығармашылық- пен тілдік қызмет
Бөбек жасы(0-3жас): Шаршаған немесе ренжіген кезде өзін құшақтаудың, еркелетудің қажет екенін ыммен білдіреді.
Мектепке дейінгі
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте жастағы (1 жастан 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы
Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың мемлекеттік стандартына сай балаларды шағын орталық топтарында тәрбиелеу мен оқыту
Міндетті бастауыш білім беру стандарты
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
ҚР кітапханашылары жаңа жағдайда мәселелері, даму жолдары
Балаларды толық күн болатын шағын орталықтарда тәрбиелеу мен оқыту
Мектепке дейінгі ұйымда балаларды оқытудың психологиялық негіздері
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «алғашқы қадам» бағдарламасы
Ертегілер арқылы бастауыш сынып оқушыларының негізгі құзыреттіліктерін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz