Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша жауаптар
Қазақстан қазіргі заман тарихы-әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклындағы дербес пән. Пәнді оқыту барысында қоғамның негізгі даму процестері мен заңдылықтарын ежелгі заманнан күні бүгінгі дейінгі аралықты қамтиды.Тарихи оқиғаларды оқып зерттеуде тарихи ақиқатын танып, ақтаңдақтардан ажырата білуге студенттердің мән беруіне үйрету. Сонымен қатар студенттердің тарихи ұлттық санасын қалыптастырып және тарихи ұлттық құндылықтарды танып білуге патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Курстың мақсаты:
1.Қазақ халқының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін және шаруашылығы мен тұрмысын элеуметтік-саяси кұрылым жүйесінің тарихи даму заңдылықтарын оқып игеру.
2.Көшпенділер өркениетіндегі қазақ халқының өзіндік ұлттық ерекшелік өркениетіндегі
еркшелігімен маңыздылығын ашу және әлемдік өркениет жүйесіндегі орнын көрсету.
3.Тарихи жеке түлғалардың тарихтағы орнын көрсету. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың және қоғамымыздағы реформалардың маңызын ашу.
4.Негізгі тарихи мэселелердің шешімін қарастыру: этногенез мемлекеттілік тарихи ұлт-азаттық қозғалыстар және саяси ағымдар, көшпенділер мәселесі және т.б.
5.Қазіргі жағдайдағы табиғатқа адамның қатынасын жэне экологиялық мәселелердің негізгі ерекшеліктерін ашу.
6.Алдымен қойылатын талап: ойлау қабілеті, сараптап ой елегінен өткізіп қабылдау.
Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері. Бұл курста сонымен катар бұрынғы оқулықтарда айтылмаған немесе бұрмаланған мәселелерді камтуғада талпыныс жасалды. Атап айтқанда қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы мен қызметі, Қазақстанның біртұтас атырабын қалыптастыру, ҚАССР-нің тұңғыш Конституциясының жасалуы және оның негізгі кағидалары. Индустриаландыру бағытын қарастырған кезде жетістіктермен қатар жіберген кемшіліктерге де тоқталынады. Атап айтқанда өнеркәсіпті дамытудың шикізаттық бағыты, жұмысшы табының арасындағы казақ өкілдерінің үлес салмағы мен кәсіби деңгейіне жан жақты талдау жасалынды. Курсты оқыту барысында Ұлы Отан соғысы көзіндегі белгісіз фактілермен бұрмалангаи мәселелерге көңіл аударылады. Неміс-фашист басқыншыларына азат етілген аудандарға Қазақстаннын бергсн көмегі туралыда мәліметтер айтылады. Тағыда ір көңіл аударылған мәселе - Ұлы Отан соғысынан кейінгі саяси қуғын-сүргіннің екінші кезеңнен басталуы және оның кұрбандары. Токырау көзіндегі өнеркәсіп пен ауылшаруашылығынын жағдайы, артта қалу себептері, Ұлт аралық қатынастағы көленке мәселелер мен онын себептері қарстырылады. Тәуелсіз Қазақстан Республикасынын құрылуы шет мемлекетіермен дипломатикалық қарым қатынасы, сыртқы эконмикалық саясаты, шаруашылык-әкімшілік реформалардың іске асырылуы мен оның қортындыларына көңіл аударылды. Егемендік кезеңінде еліміздін саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер туралыда айтылады. Мәселен саяси партиялар мен коғамдық қозғалыстардың өмірге келуі, олардың бағдарламалык принциптері, ұлт аралық татулықты сақтау т.б. мәселелер қамтылады. 2.Қазақ мемлекеттілігінің тарихи эволюциясы :бастауы мен кезендері. Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корнилов бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола көтерді. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған "Барлық билік Кеңестерге берілсін" деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды. 1917 ж. 24 қазанда 82 Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті.Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік - экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті. Кеңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмаған Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей Ордасында бейбіт жолмен орнады. Ал, Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды. Облыстық орталықтар мен уездік қалаларда кеңес өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың және жергілікті горнизондар солдаттарының қарулы көтерілісі арқылы орнады. Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 ж. 30 қазанда өз қолына алды. Ташкентте Кеңес үкіметі 1917 жылы 1 қарашада кескілескен ұрыс нәтижесінде орнады. Ал 1917 жылдың қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша-желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиетада, Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкісінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде бейбіт жолмен орнады. Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Өскемен уездерінде казак-орыс әскерлерінің басым болуынан Кеңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті. Кеңес өкіметі 1918 ж. наурыз айында Жаркентте, Сергиопольде (Аягөзде), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. Азамат соғысы үкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен азамат соғысы арасында ешбір дәл шекара болған емес. Кеңес үкіметінің белсенді әрекеттеріне қарамастан, Қазақстанда азамат соғысының ошақтары өте тез пайда болды: 1917 ж. қарашаның аяғында Орынборда атаман Дутовтың басшылығымен ақ гвардия әскерлері Орынбордағы Кеңес күштерін шегіндіріп, билікті басып алды. Сол айда Жетісуда казак әскерлері кеңесінің "әскери үкіметі" және революцияға қарсы ошақ Оралда да құрылды. Құрылған облыстық әскери үкімет көп ұзамай жергілікті кеңесті таратып, өкіметті басып алды. Сөйтіп, Верныйда және Орал қалаларында ақгвардия диктатурасы орнатылды. Бұл үш "әскери үкімет" Қазақстанда кеңес өкіметіне қарсы қозғалыстың басты күші болып табылды. Олар ақгвардиялық офицерлерге, ауыл-село шаруаларына сүйенді және меньшевиктер мен "Алаш" партиясының жетекшілерінен қолдау тапты.
3. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.
Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың Тарих-и-Рашиди атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор. Қазақ хандығы -- шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ -- қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434 -- 1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати Тарих-и-Рашиди атты еңбегінде былай дейді: Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - қазақтар деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465 -- 1466) билей бастады.... Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты мекендеген тайпалар Дешті- Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ қөшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ хандығына қеліп жатты. Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі әлсіз еді және бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай Ордасының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал Әбілхайыр хан болса өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына және оған көптеген тайпалардың ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын қайрап отырды. Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық - Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттык қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасау маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастьң оңалуына тек көшпелі ел ғана емес отырықшы аймақтардағы халықтар да мүдделі болды. Осы жоғарыдағы жағдайлардың талабына сай, Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды. 1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілхайыр хандығындағы аласапыран кезінде бұзылған еді). 2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолы үстіне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) т. б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік бірлестіктердің -- Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының саяси-әкімшілік және сауда-экономикалық орталықтары еді. Сырдария бойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыру Дешті-Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан бұл қалалардың саяси-экономикалық және соғыс-стратегиялық маңызы зор еді. 3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру. Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте Қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілхайыр хан болды. Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік, одақтық байланыс орнатты. Бұл одақ жоңғар тайшысы Амасанжының Моғолстанға және Әбілхайыр ханның Қазақ хандығына қарсы шабуылдарынан біріге отырып қорғануға мүмкіндік берді. 1468-жылы қыста Әбілхайыр хан Қазақ хандығын киратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, осы жорық кезінде қаза тапты. Әбілхайыр хан өлгеннен соң өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ішкі шиеленістер күшейді. Әбілхайырдың қаза болуы Қазақ хандығының нығаюына және оның көлемінің кеңеюіне үлкен жағдай тудырды. Өзбек ұлысының үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күресте олардың ішкі-сыртқы қайшылықтарын толық пайдаланды. Әбілхайыр ханмен билікке таласып келген Жошы ұрпақтары - Ахмет хан мен Махмұд хан, батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан және Ноғай мырзалармен одақтаса отырып күрес жүргізді. Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар осы күресте қаза тапты. Әбілхайыр ханның мұрагерлерімен күресте Қазақ хандары Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті - Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XY-ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған тұс-тұсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты. Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Сонымен қатар бұл қалаларды Түркістан аймағын билеген Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Мәзит Тархан мен Моғолстан ханы Жүніс хан да қолдарына түсіруге дәмелі болды. Сыр бойы калалары үшін Қазақ хандары өте қажырлы қайрат жұмсады. Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани Түркістан аймағына келіп, Мұхаммед Мәзит Тарханды паналады. Мұхаммед Мәзит Тархан Мұхаммед Шайбаниды қолдап, Қазақ хандығына қарсы аттандырмақ болды. Бірақ Мұхаммед Шайбани оның бұл үмітін ақтамады, керісінше оның қолынан Түркістан аймағын тартып алды. 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ ханы Әз Жәнібектің үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп, Сырдария жағасындағы -- Созақ және Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді.
4. Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістер және қазақ халқының қалыптасу кезеңдері. Қазақ этнонимінің мағынасы.
Қазақ халқының қалыптасуы 15 ғ. Екінші жартысы мен 16 ғ. Бас кезінде, тәуелсіз Қазақ хандығы қалыптасқан кезде аяқталды. Сөйтіп, халықтың қалыптасуының тағы бір жағдайы өз мемлекетінің аты қалыптасты. Қазақ хандығында біртіндеп ру- тайпалық сана әлсіреп, жалпы қазақтарға тән этникалық сана күшейді. Қазақ жері, Қазақ мемлекеті, қазақ елі деген түсініктер кең өріс алды. Этникалық тарихи-хронологиялық қалыптасудың үш түрі бар: ру тайпа, халық, ұлт. Бұл әр бірлестікте өзіндік этникалық сана болады. Этникалық сана бұл адамның өзін белгілі этникалық бірлестіктің мүшесі деп санауы. Халық болып қалыптасуының алғашқы кезңінде қазақтарда халықтық зтникалық сананың орнына ру тайпалық сана басымболды. Мысалы: Сен қай рудансың деген сұраққа жауап беруші ең алдымен өзінің руын, сосын тайпасын, сосын жүзін айтатын болған. Олар өзін қазақпыз деп елден тыс шыққанда ғана айтады. Қазақ деген атаудың шығуы туруалы көп пікір бар. Ғылыми тұрғыдан жазба әдебиетте қазақ атауының пайда болуы туралы толық тұжырым жоқ. Енесейде табылған ҮІІІ ғасырдағытүрік ескеркішінде қазғақ ұғылым деген сөз тіркесі кездеседі. ІХ Х ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды мекендеген үш қарлық тайпаларының жалпы хасактар деген аты болған. Қарлықтардың қазақ этногенезіне тікелей қатысы болғаны белгілі\Х -ХІ ғасырларға қатысты араб құжаттарында, сонымен бірге орыс жылнамаларында Қара теңіздің солтүстік шығыс жағалауындағы Қасаг қаласы туралы, касагтар елі туралы деректер бар. Кейбір ғалымдардың пікірінше бұл жерде қазақтардың үлкен қонысы болған, олар бірігіп, ХІ ғасырда Дон мен Днепр жағалауында орныққан. Х ғасырда билік құрған Византия императоры Константин Багнянородныйдың айтуы бойынша Кавказдың солтүстік батысында қазақ елі бар. Әзербайжанның батысында бүгінгі күнге дейін Қазақ аудандары бар. Ең алғаш Қазақ сөзі мұсылман деректеріндегі авторы белгісіз түркі араб сөздігінде кездеседіҚазақстан жерінде халық болып қалыптасу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейінгі қола дәуірі (б.з.б. II м.ж. ) мен темір дәуірі (б.з.б. VII-III ғғ.) кезеңдерімен немесе осы кезде өмір сүрген ру-тайпалардың өсіп-өркендеуінен басталады. Яғни, Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен бастау алады. Кейін автохтонды тұрғындарға Орталық Азиядан батысқа қоныс аударушы тайпалар келіп қосылды. Қазақстанның автохтонды тұрғындары мен келімсек тайпалар (мигранттар) арасында өзара араласып-сіңісу (ассимиляция) процесі орын алды.Зерттеушілер қазақ халқының шығу тегі, қалыптасу аспектілерінің немесе, қалыптасу ұғымының ішінен өзектісі ретінде лингвистикалық және антропологиялық тұстарын ерекше бөліп қарастырады.Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі кезеңге: үндіеуропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіеуропалық топтың ежелгі парсы тобына кіреді, яғни, бұл кезең б.з.б. II-I мың жылдықтарды қамтиды.Екінші кезеңде Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың соның ішінде көне түркі тілдес ғұндардың қоныс аударуына байланысты, сақ және сармат тайпаларының мұрагерлері - үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып ассимиляцияға түскен. Сондай-ақ, ғалымдардың көрсетуінше, бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері болар-болмас-10%, еуропеоидтік нәсіл өкілдері болды.Қазақ халқының қайнар көзі - сақ тайпаларының мұрагерлері, бүгінгі қазақ даласында б.з.б. ІІ ғасырдан өмір сүрген үйсін, қаңлы тайпалары мен олар құрған мемлекеттік құрылымдар болғандығы анық.Б.з.б. I ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалардың бір бөлігі Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, үйсін, қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Ғұндардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. I ғасырдында орын алды. Бұл кезде Солтүстік ғұндардың толып жатқан тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударды. Бұл үйсіндер мен қаңлыларда монголоидтық нәсілдің элементтерін күшейте түсті. Антропологтар осы кездегі жергілікті халықтағы монголоидтық нәсіл белгілері 30% құрады деп есептейді.VI ғасырда Қазақстан жері біртұтас мемлекет - Батыс Түркі қағанаты - Он оқ елінің құрамына кірді. Қағанаттар ондаған түркі тілдес ру-тайпаларды біріктірді. Үйсіндер мен қаңлылар осы тайпалармен араласып-сіңісіп кетті. Тоныкөк жазуында бұрынғы үйсіндердің жерін жайладық деген сөздерге қарағанда, олар расында да түріктерге тәуелділікке түскен.Қазақ халқының қалыптасуында ежелгі (үйсін, қаңлы қоғамдары) және ерте ортағасырлардағы мемлекеттік құрылымдар (түрік тайпаларының мемлекеттері) мен олардың арасындағы өзара сабақтастық байланыстың маңызы зор. Мәселен, Батыс Түрік қағанаты тарағаннан кейін оның орнында Түргеш қағанаты (704-766 жж.), Қарлұқ қағанаты (766-942 жж.), Оғыз мемлекеті (IX ғ. соңы - XI ғ.ортасы), Қимақ қағанаты (893 - XI ғ. басы), Қыпшақ хандығы (XIғ. - 1219 ж.), Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.) өмір сүрді.Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы XIV-XV ғасырларда өмір сүрген этносаяси қауымдастықтар Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасының тарихымен тікелей байланысты. Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылықтар болғанымен, халық болып қалыптасудың негізгі шарты - тіл бірлігі жойылмады. Керісінше, уақыт өткен сайын монғол тайпаларының өздері жергілікті халықтың түркі тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп, түркіленіп кетті. Оларды ғылыми әдебиеттерде түріктенген монғолдар деп атайды. Осы кезге тән бір ерекшелік- халық әр түрлі мемлекеттердің құрамына кіре тұра, бір тілді пайдаланды. Дәл осы мезгілде қазаққа тән антропологиялық кескін-келбет қалыптасты.Жалпы халықтың этнос болып қалыптасуы ұзақ процесс, оның түпкілікті құралу мерзімін белгілі бір нақты уақыт кезеңімен дәл байланыстыру қиын. Дегенмен, тарихи, археологиялық, этнографиялық, антропологиялық және лингвистикалық деректер жиынтығы қазақ халқының қалыптасу процесі XIV-XV ғасырларда негізінен аяқталды деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Ол 2,5-3 мың жылды қамтитын күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Қазақ халқының халық болып қалыптасуының басты кезеңдерін шамамен төмендегіше көрсетуге болады: Бірінші кезең - қола дәуірі (б.з.б. II м.ж. ), екінші кезең- сақ - сармат дәуірі (б.з.б. VII-III ғғ), үшінші кезең - үйсін, қаңлы және ғұн дәуірі (б.з.б. II ғ.- б.з. V ғ.), төртінші кезең - түрік - қыпшақ дәуірі (VI- ХIII ғғ. басы), бесінші кезең - монғол дәуірі (ХIII - ХIV ғғ.), алтыншы - Алтын Орда ыдырағаннан кейінгі (ХIV ғ. соңы - ХV ғ.) - қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңі.2. Қазақ халқы мен оның этникалық аумағының қалыптасу дәуіріндегі белгілі бір шаруашылық-мәдени үлгі, этносаяси процестер негізінде қалыптасқан ірі этноаумақтық тайпалар бірлестіктері - жүздер болды. Олар Ұлы, Орта және Кіші жүздер.Жүздердің ұйымдасқан мерзімі, қалыптасу механизмі, яғни қалыптасу барысы мен жолдары аз зерттелген жоқ, дегенмен, күні бүгінге дейін нүктесі қойылмаған мәселенің бірі болып отыр. Жүздер тарихымен көптеген зерттеушілер айналысты және айналысып келеді. Мәселе төңірегіндегі пікірлер сан - алуан (Қараңыз: Қазақстан тарихы. 2 том. Алматы, 1998, 308-313 беттер).Ұлы жүз аумағына Сырдариядан бастап, Жетісу жері түгел кірді. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқылы, қатаған т.б. ру - тайпалар кіреді. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік - Шығыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Оған қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ тайпа - рулары енді. Кіші жүздің мекені - Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оны келесі тайпалар одағы - Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, кете, төртқара, шөмекей, шекті); Байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш, ысық, таз, масқар); Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит, телеу, рамадан) құрад ыXIV-XV ғасырларда қалыптасқан халық тарих сахнасына қазақ деген атпен белгілі болды.Қазақ этнонимінің тарихы толық шешімін таппай, әлі күнге дейін зерттеушілердің зерттеу нысанасынан түспей отыр.Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған қашақ деген атаудан шықты деп есептейді. Немесе қазақ атауы Жәнібек пен Керей бөлініп көшіп кеткен рулық одақтарды білдіру үшін бастапқы кезде өзбек-казак, кейін қазақдеп аталған дейді. Қазақ термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда қазақ деген сөз басы бос, еркін, кезбе деген мағына береді (Қараңыз: Қазақстан тарихы. 2 том. Алматы, 1998, 308-313 беттер).Дегенмен, соңғы кезеңде қазақ сөзіне байланысты үстем, жетекші пікірге айналып отырған тұжырымдар мыналар: 1) қазақ түрік сөзі, тек қана Дешті Қыпшақ аумағында пайда болған, мағынасы өз руынан, тайпасынан, елінен бөлектеніп, өзін еркін, дербес, азат санайтын, өз күнін қару арқылы көретін батыл, батыр адамды немесе адамдарды білдірген; 2) әлеуметтік мәндегі қазақ сөзі X - XIғғ. Дешті Қыпшақта пайда болып, кейіннен басқа халықтарға тараған; 3) Әр түрлі жағдайға байланысты адамдар қазаққа айналған, сол себепті әлеуметтік, этникалық құрамы да әртүрлі болып отырған. Ресейдегі орыс - казактарының пайда болуы осыны дәлелдейді. Осы кезде, яғни XIII-XΥғғ. қазақсөзі әлеуметтік - этникалық мәнде қолданылған; 4) Қазақ сөзі Қазақ хандығы құрылғаннан кейін барып, этникалық мәнге ие болған.
5. Шығыстың ортағасырлық ойшыл-ғалымдарының еңбектері және маңызы (Әл-Фараби, М. Қашқари, Ж. Баласағұн, А. Иассауи).
Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиетті парыздары болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады. Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары - Қорқыт Ата, Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Иссауи, Ахмет Иүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.Әбу Насыр әл - Фараби (IX ғасыр) ертедегі Қазақстан жерінен шыққан, қазақ топырағында дүниеге келген, ғұлама ғалым, Шығыстың ұлы ойшылы, әрі ағартушысы, математик, философ, музыка зерттеушісі, тарихшы болған. Туған жері - Отырат (Фараб) қаласы. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, ұлы ғұлама ғалым.Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінде алған. Өмірін араб елдерінде өткізген. Ол Аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, оған түсініктеме берген. Әл-Фараби логика, саз, астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазды. Кемеңгерлік меруеті, Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы, Бақытқа жету сияқты көптеген еңбектер қалдырған. Фараби өзінің Қайрымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактатында қала адамдарының жеке2 топтарына сипаттама берді. Ғұлама қайырымды, қайырымсыз қала тұрғындарына талдау жасап, тұрмыс салтын, өмір сүру ерекшеліктерін, оларға тиісті құндылықтарды көрсетпекші болды. Адамдар2 бақытты болуы үшін бір-біріне көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала ізгі қала болды; -- дейді Фараби ізгілік бақыт туралы надан қала тұрғындарының білетіні байлыққа рахаттану, құмарлыққа ерік беру, мансап, сый-құрметке еліру болып табылады дейді. Ал Азаматтық саясатта ұжым туралы қайырымды қаламен қатар бұзылған қайырымсыз қала болатындығын ескертеді. Мұндай болмас үшін бірлесіп әрекет ету қажет дейді.Жүсіп Баласағұн (11ғ.) - аса көрнекті ақын,философ, адам жанын терең түсіне білген данышпан. Ол - Қараханид мемлекетінің саяси және мәдени орталығы - Баласағұн қаласында дүниеге келген. Жан жақты мұсылманша білім алған. Араб, парсы поэзияларының және түрік фольклорының ыры мен сырын жетік білген.Жүсіп 11 ғасырда өсіп келе жатқан түріктік өзіндік сананың және мұсылман иделогиясының негізінде тамаша тарихи - көркем шығарма - Құтадғу білік (құтты білік) атты классикалық позмасын жазады. Бұл дастанды көне дәуір ақыны адамгершілікті, адалдықты тебірене жырлайды. Оқу - білімге, инабаттылыққа шақырады. Хан мен уәзір ден бастап, атшы мен елшіге дейін қоғам аузындағы міндеттерін адал орындауға меңзейді. Парасатты өмір сүру мен дұрыс заңдылықты үйлестіре білу - бақытты мемлекеттің негізгі принциптері болған. Жүсіп - ғасырларға ұласатын поэтикалық және эпикалық дәстүрде қалыптасқан түрік сөздігінің шебері. Құтадғу білік барлық түрік халықтарының тарихи әрі мәдени мұрасы, рухани өзегі болып табылады. Махмұт Қашқари - аса көрнекті ғалым, фиолог, қараханид мемлекетінің билеушілері әулетінен шыққан. Қашқыр қаласында алған білімін Бұхар мен Нишапурда жалғастырған. Махмұт жас кезінен ақ түрік тайпаларының тіліне халық әдебиетіне және этнографиясына үлккен көңіл бөліп, қызыға зерттейді. Орта Азия жерін қоныстанған түрік елдерін түгелдей аралап, олардың өмірі туралы баға жетпес деректер жинайды. Осы лингвистикалық тарихи мәдени және фольклорлық деректердің негізінде ортағасырлық түрікмен өмірінің энциклопедиясы болып саналатын ү томдық Диуан луғат ат түрік атты еңбегін жазады. Бұл шығармада Қазақстан аймағы және түрік тайпалары туралы баға жетпес құнды деректер бар.
Қожа Ахмет Ясауи - 1093жылы тулыған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі - Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы - Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар - медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. асының авторы. Дөңгелек әлем картасы - мұсылман картогрофиясы жүйесінде елеулі орын алады. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы -- Диуани хикмет Диуани Хикмат (Хикмат - жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.Диуани Хикметтен түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
6. Елбасы Н.Ә. Назарбаветың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақаласының мазмұны мен маңызы.
Көшбасшымыздың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі - саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз - ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі - үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл - тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.Н.Ә.Назарбаев бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. Сананы жаңғыртудың мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың алты бағытын белгілейді:1. Бәсекеге қабілеттілік;2. Прагматизм;3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;4. Білімнің салтанат құруы;5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;6. Сананың ашықтығы.Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. Мәңгілік ел болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады... Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, Цифрлы Қазақстан, Үш тілде білім беру, Мәдени және конфессияаралық келісім сияқты бағдарламалар - ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы, - деп ашып көрсетеді. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Латын әліпбиіне көшу - Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, Туған жербағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.Сондай-ақ,Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасы жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға, әрі елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет жобасын іске асыру Қазақстанды өз шығармашылығы арқылы дүние жүзіне танытатын көптеген таланттарға жол ашады.Қазақстандағы 100 жаңа есім жобасы бүгінгі замандастарымыздың түрлі салалардағы жетістіктерін дәріптеуді қамтамасыз етеді және жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі болады. Бұл тапсырмалар мемлекеттің және азаматтық қоғамның барлық идеологиялық жұмысының орта мерзімді перспективадағы негізі болады. Назарбаев айтқандай: Болашақтың негізі, білім ордаларының аудиторияларында қаланады. Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасын жүзеге асырып, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды оқытудың жаңа деңгейіне шығу мына мақсаттарға қол жеткізуді көздейді: - еліміздің барлық жоғарғы оқу орында- рында гуманитарлық ғылым кафедраларын қайта құру; - гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік 100 кітапты қазақ тіліне аудару; - мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру. Оқулықтарды қазақ тіліне аудару жобасының жиынтық әсері 2018-2019 жылдардан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттері қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша әлемде үздік оқу үлгілері болып та-былатын кітаптармен оқуды бастайдыСондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет - осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз. Ең бастысы - бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.
7.Кіші жүз және Орта жүздің Ресей империясының бодандығын қабылдауы, қазақ даласын әскери-казактардың отарлауы және оның салдары.
Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресейдің қол астына өтуінің, негізінен алғанда, ұзаққа созылған келеңсіз салдарлары болды. Қазақ халқы бірте-бірте өз тәуелсіздігінен айырыла бастады. Патша үкіметі хандар мен сұлтандарды уақыт өткен сайын өзінің бір айтқанды екі етпейтін тәртіпті шенеуніктерге айналдырып алды.Патша үкіметі жалпықазақтық хандықтың болуын танудан саналы түрде қасақана бас тарту арқылы Қазақ мемлекетінің аумақтық тұтастығын бұзып, бірлігін ыдырата бастады. Іс жүзінде қазақтардың билеушілерімен ешқандай келісіп алмай-ақ, қазақ-орыс шекарасының бүкіл өн бойына әскери бекіністер, қамалдар, далалық шағын бекіністер салуды үсті-үстіне үдете берді.Жайылымдық жерлердің тарыла түсуі мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі қазақтардың шаруашылық негізін елеулі түрде шайқалтты. Жұт болған жылдары қазақтардың мал басын аман сақтап қалуы үшін шекара шебіндегі аймақтарға көшіп баруына рұқсат етілмеді.Қазақстанның Ресейдің ықпалына енуі кейінгі жылдары қазақтардың Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасының едәуір нашарлап кетуіне әкеп соқтырды. Хиуа мен Бұхардың әскерлері Оңтүстік Қазақстанның қазақтарына оқтын-оқтын жорық жасап тұрды, алым-салық төлетті. Сонымен қатар Ресей мен Қазақстанның екі арасындағы сауда қатынастарының күшейе түсуі едәуір оңды сипат алды.Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептеріЖоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды.Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды.Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербургке келді.Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі косылған болатын.1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар қойылатыны ескерілді.Біріншіден, Кіші жүз қазақтары Ресейге адал қызмет етуге және башқұрттардың үлгісі бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға міндетті болды.Екішіден, Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл жасауға тыйым салынуы тиіс болды.Үшіншіден, қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей қазақтарды қорғауға міндеттенді.Төртіншіден, Әбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған тұтқындардықайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрттармен тату-тәтті бейбіт жағдайда өмір сүруі тиіс болды.Алайда содан көп кейінгі оқиғалар ол шарттардың бірде-біреуін екі жақтың да орындамағанын көрсетті. Екі жақ та өздерінің пайдаларын көздеумен болды. Империяның қол астына қараудың жалған сипаттары ғана орын алды.А. Тевкелев бастаған елшіліктің Кіші жүзде болуыҚазақтардан ант алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға 1731 жылғы 30 сәуірде Санкт-Петербургтен А.И. Тевкелев бастаған елшілікті жіберді. Оған Кіші жүздің билеушілерін Ресейдің кол астына қалай өткізуі керектігі жөнінде жан-жақты нұсқау берілді. Кіші жүздің ат төбеліндей билеуші тобын қалағанынша дүние-мүлік беріп, тікелей сатып алу жағын да қарастырып көруді тапсырды.Ол үшін 1 миллион орыс рубліне дейін жұмсауға рұқсат етілді. Әбілқайырға императрица Анна Иоанновнамың атынан қымбат бағалы сыйлықтар -- болат қылыш, бұлғын ішік, екі түлкі тымақ, шұға маталар мен басқа да сыйлықтар беру көзделді.Бірақ оларды Құран ұстап ант берілгеннен және құжатқа кол қойылғаннан кейін ғана тапсыру қарастырылды. Дипломатиялық тапсырмамен келгендердің құрамында башқұрттың ықпалды старшины әрі батыры Таймас Шайымов тa болды.Бұл дипломатиялық тапсырмамен келген елшілік, сонымен қатар барлау мәліметтерін де жинауға -- жер бедерін суреттеуге, қазақтардың тілі, әдет-ғұрпы және салт-дәстүрлері туралы мәліметтер жинақтауға тиіс болды. Елшілік сондай-ақ қазақтардың империя кол астына өтуі қабыл алынған кездегі көңіл күйінің қандай болғанын да білуі тиіс еді. Тевклевке казақтардың ең жақын көрші халықтары туралы да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz