Еуропадағы мәдени мұра нысандары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

учебники, карандаши, лабораторное оборудование

Еуропадағы мәдени мұра нысандары

Орындаған:Жұмағұлова Нұргүл

БК-2 . 1

Әлемдік мұра

ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандарының тізімдері - ЮНЕСКО тарапынан бекітілетін, адамзат үшін ерекше мәдени, тарихи немесе экологиялық маңызы бар деп танылатын табиғи немесе адам қолымен жасалған нысандардың тізімдері.

Әлемдік мұра нышаны

2012 жылғы жағдайына сәйкес сәйкес Әлемдік мұра тізімінде - 962 нысан.

Соның ішінде 745 мәдени, 188 - табиғи және 29 - аралас нысан бар. 1972 жылы БҰҰ Білім, Ғылым және Мәдениет Ұйымы (ЮНЕСКО) дүниежүзіндегі мәдени және табиғи мұраларын қорғау туралы қарар қабылдады ( 1975 ж. Күшіне енген) . КСРО бұл Қарарды 1988 жылы наурыздың 9 ратификациалады. 2010 жылы сәуірде қарарды 187 БҰҰ-ға мүше елдер ратификациалаған, соның ішінде Қазақстанда бар.

Жыл сайын дерлік Әлемдік мұра комитетісессиясы өтіп, онда «Әлемдік мұра мәртебесін беру» сұрақтары талқыланады (мысалы 2008 жылы Квебекте өткен 32-ші сессиясында 19 мәдени және 8 табиғи нысандар тізімге қосылды. Сол сәтке сәйкес тізімде 145 елдің 878 нысандары болған: 679 - мәдени ескерткіштер, 174 - табиғи және 25 - аралас типті. )

«Әлемдік мұра мәртебесінің» келесі артықшылықтары бар (табиғи ескерткіштер үшін) :

  • Ерекше табиғи кешенге қосымша оның бірегей кешен болып сақталып тұруына кепілдік береді.
  • Ескерткіш орналасқан аймақ пен оның иелерінің абыройын арттырады.
  • Сол тізімге енген нысандарды дәріптеу және соның салдарынан баламалы табиғатты пайдалану үрдістерін қадыптастыруға (әсіресе, экологиялық туризмді) септігін тигізеді.
  • Ескерткіштерді қаржыландыру маңыздылығын орнатып, Әлемдік мұра қорынан қаражат бөлуді қамтамасыз ету.
  • Табиғи ескерткіштерді бірыңғай бақылап, тексеріп отыруды ұйымдастыруға ықпал етеді.

Ескерткіш орналасқан мемлекеттер сол ескерткіштерді сақтау міндеттемесін алады.

Негізгі тізім аясында Әлемдік мұра жоғалу қаупіндегі ескерткіштер ішкі тізімі бар. Бұл тізімге әр түрлі табиғи немесе адамдардың себебінен қауіп төніп тұрған ескерткіштер уақытша кіреді: қарулы қақтығыстар мен соғыстар, жер сілкініс пен табиғи апаттар, ластану, браконьерлік пен тәртіпсіз құрылыс салдары сияқты. Тізімге кірді деген сөз оларға ерекше назар аударып, шұғыл шаралар істеу керектігін айтады.

2007 жылы Омандағы Аравия ориксы қорығы (ақ орикске үзіліссіз аңшылық пен қорық аймағының тарылуынан) және 2009 жылы Германия Дрездендегі Елбі алабы (мәдени ландшафттағы аймақтағы толассыз салынып жатқан жол құрылысынан) ЮНЕСКО тізімінне алынып тасталды.

Әлемдік мұраның негізгі мақсаты - өз санатындағы ерекше болы табылатын ескерткіштерді дәріптеу және қорғау. Осы мақсатта объективті болу үшін бағалак критерийлері енгізілді. Басында (1978 жылдан бері) Мәдени мұра секерткіштері үшін критерий болған - бұл тізімде алты шарт болған. Содан әр құрлық арасында баланс орнату үшін табиғи объектілерді де қосып, оларға төрт шарт енгізілді. Ақыры, 2005 жылы барлық критерийлер біріктірілді, енді Әлемдік мұраның әр объектісі кем дегенде бір шартты қанағаттандырады.

Мәдени өлшемшарттар

  • I. Нысан адамзаттық данышпанның біртума шығармашылығы болып табылады.
  • II. Нысан адамзат құндылықтарының сол замандағы немесе белгілі бір мәдени кеңістікте, сәулетте немесе технологияда, терең монументтік өнерде, қала жобалары немесе ландшафт үлгілеріндегі өзара зор әсерінің куәгері болып табылады.
  • III. Нысан әлі өмір сүретін немесе жойылып кеткен мәдени дәстүр немесе өркениет үшін ерекше маңызға ие.
  • IV. Нысан адамзат тарихының маңызды дәуірінің айрықша құрылымдық, сәулеттік немесе технологиялық ансамблінің немесе ландшафттық үлгісі болып табылады.
  • V. Нысан адамзаттың дәстүрлі құрылысының, жерді немесе теңізді дәстүрлі пайдалану үрдісінің айрықша керемет үлгісі, оның үстіне мәдениеттік үлгі немесе адамзаттың қоршаған ортамен қатынасының үлгісі (әсіресе бұл қоршаған орта кері қайтпайтын процестер себебінен өте әлсіреп тұрса) болып табылады.
  • VI. Нысан тікелей немесе жанама түрде оқиғамен немесе бар дәстүрлермен, идеялармен, сенімдермен, көркем немесе әдеби шығармалар байланысты, әрі айрықша әлемдік маңызға ие. (ЮНЕСКО комитеті ойынша бұл шарттың тағы бір немесе бірнеше шарттармен бірге орындалғаны жөн) .

Табиғи өлшемшарттар

  • VII. Нысан табиғи феномен немесе ерекше табиғи әдемілік пен эстетикалық маңызға ие кеңістік болып табылады.
  • VIII. Нысан жер тарихының негізгі кезеңдерінің айрықша үлгісі, сонымен қатар өткен шақтың ескерткіші, болып жатқан жер бедері дамуындағы геологиялық процестердің немесе геоморфтық немесе физиографиялық ерекшеліктердің нышаны болып табылады.
  • IX. Нысан құрлықтық, тұщы су, жағалық және теңіздік экожүйелер мен жануарлар қоғамдастықтары эволюциясы мен дамуындағы болып жатқан экологиялық немесе биологиялық процестердің айрықша үлгісі болып табылады.
  • X. Нысан биологиялық әр-алуандылық, соның ішінде ғылым мен табиғатты қорғау жағынан алғанда әлемдік маңызы зор, жоғалып бара жатқан түрлердің ең маңызды немесе ең негізгі табиғи өмір сүру ортасын қамтиды.

Еуропадағы Әлемдік мұра нысандары

Солтүстік Еуропадағы Әлемдік мұра нысандары:

  • Швециядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
  • ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде Швецияның 15 нысаны бар (2014 жылғы мәліметі бойынша) . Бұл нысан тізімге 1-і табиғи және 13-і мәдени талаптар бойынша іліккен, 1-і - аралас талаптар бойынша. Бұдан басқа, 2009 жылғы жағдайына сәйкес Швеция аймағындағы Әлемдік мұра тізіміне 1 нысан үміткер ретінде тіркелген.
  • Дроттнингхольм сарайы

  • Бирка және нысандар

  • Энгельсберг теміржол зауыты

  • Танумдағы жар үстіндегі рельефтер

Батыс Еуропадағы Әлемдік мұра нысандары:

Бельгиядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі

ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде Бельгияның 11 нысаны бар (2014 жылғы мәліметі бойынша) . Бұл нысандардың бәрі тізімге мәдени талаптар бойынша іліккен. Бұдан басқа, 2014 жылғы жағдайына сәйкес Бельгия аймағындағы Әлемдік мұра тізіміне 16 нысан үміткер ретінде тіркелген.

Фламанд монахтар қауымы - Бегинажи

Ұлыбританиядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі

ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде Ұлыбританияның28 нысаны бар (2014 жылғы мәліметі бойынша), оның 25 Ұлыбританияның өзінде болса, 3 - Ұлыбританияның тәуелді аймақтарында орналасқан. Бұл нысан тізімге 23 нысан мәдени, 4 табиғи және 1 аралас критерийлар бойынша іліккен. Бұдан басқа, 2014 жылғы жағдайына сәйкес Ұлыбритания аймағындағы Әлемдік мұра тізіміне 14 нысан үміткер ретінде тіркелген.

Стоунхендж, Эйвбери және мағындағы археологиялық ескерткіштер

Солтейр

Ливерпуль

Шығыс Еуропадағы Әлемдік мұра нысандары:

  • Армениядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі

ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде Арменияның 3 нысаны бар (2011 жылғы мәліметі бойынша) :

  • Ахпат және Санаин монастырлері
  • Эчмиадзиндағы собор және шіркеулер (соның ішінде Эчмиадзин кафедралы соборы, Әулие Рипсиме шіркеуі және Әулие Гаяна шіркеуі) және Звартноц археологиялық ескерткіші.
  • Гегард монастырі мен Азат өзенінің жоғарғы жағы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДІНИ ТУРИЗМ ДАМЫУЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Ахмед Йүгінекидің өмір жолы
Қазақстанда әлеуметтік-мәдени туризмді ұйымдастыру
Қазақстан - тәуелсіз, унитарлық мемлекет
Мемлекеттің құрылымдық нысананың ерекшеліктері
Мәдени туризмді дамытудың әлеуметтік ұйымдастырылу әлеуметі
Тақырыптық саябақтардың түрлерін жіктеу
Халықаралық ұйымдар жайлы мәлімет
Ибн Рушд ілімінің батыс әлеміне әcepi
Мемлекетті басқару формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz