Тарихи грамматика мен салыстырмалы тарихи тіл білімінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері. Салыстырмалы тарихи тіл білімінің қалыптасу тарихы


Тақырыбы: Тарихи грамматика мен салыстырмалы тарихи тіл білімінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері. Салыстырмалы тарихи тіл білімінің қалыптасу тарихы
Тарихи грамматиканың негізгі объектісі, қарайтыны - қазақтың халық болу процесі кезіндегі тіл құрылымы. Тарихи грамматика бүгінгі тілдің фонетикалық, грамматикалық құрылымның осы күйге жету жолын, эволюциясын тарихи салыстырма әдіс негізінде түсіндіруді міндет етеді.
Тарихи грамматика тілдің барлық салаларының, яғни дыбыс, фонемалар жүйесі, морфологиялық құрылымын, синтаксисі мен лексикасының қалыптасуы мен даму, өзгеру жолдары мен бағыттарын зерттеп түсіндіреді. Негізгі мақсаты - тілдің барлық салаларының даму заңдылықтары мен өзгеру бағдарларын айқындау.
Тарихи грамматиканы оқытудың міндеттері:
- Қазақ халқының құрылу процесіндегі басты кезеңдер және ол процеске тікелей қатысы бар тайпалар, тайпалық одақтар бұрын-соңды зерттеулер, пікірлер қорытылып, ұзын-ырғасы анықталған материалдар қарастырылады.
- Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымның даму жолын тарихи тұрғыдан түсіндіруде материал беретін басты көздер - түркі халықтарының ежелгі дәуірлерден бізге жеткен мұралар тілі, қазіргі түркі тілдері және бүгінгі қазақ тілі материалдарымен таныстыру.
Жалпы тіл тарихы тарихи грамматика мен әдеби тіл тарихына ажырайды, екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Әдеби тіл тарихынан тарихи грамматиканың басты айырмасы - оның зерттеу объектісінде. Тарихи грамматиканың зерттеу объектісі - күнделікті тұрмыстық қатынаста жасалатын сөйлеу тіліндегі ғана емес, тіл жүйесіндегі барлық өзгерістер. Яғни, жүйеленген әдеби тіл ескерткіштерінің де, халықтық сөйлеу тілінің де өзгерістері мен даму заңдылықтарының негізін анықтайды. Тарихи грамматикалық зерттеу, сондай-ақ басқа тілдерге ауысқан сөздерге және басқа тілдерден қазақ тіліне ауысқан сөздерге де негізделеді.
Қазақ тілінің тарихи грамматика пәнінің «Түркі тілдерінің салыстырмалы граматикасы», сондай-ақ «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» деп аталатын пәндермен байланысы мен айырмашылығы қандай? - дейтін орныды сұрақтар туады. Сондай сұрақтың тууы, ең алдымен, филологиялық жоғарғы оқу орындарында сол пәндерді оқытудың практикасымен ұштасып жатады.
«Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» деп аталатын пән түркі тілдерін салыстыра зертеудің нәтижесінде, отандық туркологияның жинақталған алғашқы зерттеулер жүйесі ретінде қалыптасты. Бұл пәннің құрамынан екі түрлі саланы ажыратуға болады: біріншіден, барлық түркі тілдерінің түп негізін жобалау, әрбір тарихи дәуірде оларға ортақ даму заңдылықтарынашу сипатындағы зерттеулер.
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы түркі тілдерінің салытырмалы грамматикасымен сөз жоқ, байланысты. Ең алдымен жалпы түркологиялық зерттеулер болады да, кейін сол зертеулердің бір саласы ретінде қазақ тілінің тарихи грамматикасы пән ретінде қалыптаса бастады. Жеке түркі тілдерінің әрқайсысының тарихы да ең әуелі осы жолмен пайда болды. Қысқасы, қазақ тілінің тарихы жайлы ғылымның өзі бастауын әуелі тарихи-салыстырмалы түркологиядан алды.
Дегенмен, «тарихи грамматика» «түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасынан» бөлек, дербес пән, дербес ғылым саласы. Тарихи салыстырмалы туркология жалпы түркілік күйді, тарихтың көне, есік дәуіріндегі оларға ортақ заңдылықтарды түсіндіріп жеке тілдердің қалыптасу дәуіріне келген жерден қазақ тілінің тарихы басталады. Жалпы түркілік сипат аяқталып, жеке тайпалар мен рулардың халық болып бірігуі дәуірінде - ақ қазақ тілінің тарихи мәселелелеріөз ерекшелігімен бой көрсете бастайды. Бұл түркі тілдері салыстырмалы грамматикасының алғашқы саласынан барып туатын айырмашылық. Ал түркі тілдерін синхрондық күй тұрғысынан салыстыру, сол арқылы олардың өзара айырым белгілерін айқындау - бұл тарихи грамматикамен тікелей байланыспайтын сала. Мұндай зерттеу - тілдердің бүгінгі дербестігі, олардың әрқайсысына тән заңдылықтар жүйесі орныққандығы тұрғысынан, жеке, дербес тіл болғандықтан ғана мүмкін болады.
Салыстырмалы - тарихи тіл білімі. Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді біртіндеп дамып, өзгеріп, отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеу ісіне салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан, яғни ХІХ ғасырдың басынан басталады.
1816 ж. Неміс ғалымы Франц Бопп санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парыс, герман тілдіріндегі етсітіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі арқылы аталған тілдердің туыстығын дәлелдеді. Кейінірек те ол бұл тілдерден жинаған материалдарын иран славян, балтық, армян тілдері мәнбілерімен толықтыра келіп, 1833-49 жылдары «Үндіеуропа тілдерінің салыстырмалы грамматикасын» жазды. Тіл білімі тарихында Франц Бопп салыстырмалы- тарихи тіл білімінің негізін салушы деп саналады.
Салыстырмалы - тарихи әдісті қалыптастырушылардың бірі - дат ғалымы Расмус Раск (1787-1832ж. ) . Ол өзінің 1817 ж. басылып шыққан «Көне исланд тілінің шығу тегін зерттеу» деген еңбегінде « Тілдердің сөздік жағын бір- біріне ұқсастығы тіл туыстығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді. Тіл туыстығының белгісі - олардың грамматикалық жағынан ұқсас болуында. Өйткені грамматикалық формалар бір тілден екінші тілге ауыспайды», - деп өте дұрыс қорытынды шығарады. Өзінің осы тұжырымына сүйене отырып, Раск көптеген Европа тілдерін бір - бірімен салыстыра зерттейді.
Салыстырмалы - тарихи тіл білімін қалыптастырушылардың тағы бірі - неміс ғалымы Якоб Гримм (1785-1863ж. ) . Оның төрт томнан тұратын «Неміс тілі грамматикасы» атты еңбегенің бірінші кітабы 1819 жылы басылды. Гримм өзінің еңбегенде тілдің, тілдік элементтердің даму тарихын салыстыра зерттеуге баса көңіл бөлді. Бұрын тіл мәнбілері қалай болса солай салыстыратын еді. Гримм тілдік мәнбілерді тек хронологиялық жолмен салыстыруды қалыптастырды. Сөйтіп, ол тілдегі өзгерістердің қай- қайсысы да оның бірте- бірте дамуының нәтижесі екенін дәлелдеді. Гримм тіл тарихының қоғам тарихымен тығыз байланысты екендігін баса айтты. Тіл дамуындағы заңдылық дегенді ол «сөйлеудегі дыбыстардың өзгеру заңдылығы» деп түсіндірді. Бұл жаңалық ХІХ ғасыр лингвистерінің елеулі табысы еді.
Салыстырмалы - тарихи тіл білімін қалыптастырушылардың аса көрнекті өкілі - неміс ғалымы Вильгельм Гумбольдт ( 1767- 1835 ж. ) . Ол санскрит, қытай, малай, америка индеецтері, т. б. көптеген тілдерді білген. Және соларды салыстыра зерттеген. Оның лингвистикалық ой- өрісі мейлінше аумақты еді. Тілдің құрылымы, тіл мен мәдениет, тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл тарихы, тіл ғылымының салалары дегендер Гумбольдт зерттегн мәселелер.
В. Гумбольдт ілімінің өзінен кейінгілерге еткен әсері туралы профессор В. А. Звегинцев: «лингвистердің кейінгі замандардағы дамуына тигізген әсерінің тереңдігі, күші жағынан онымен пара - пар келетін басқа бір ғалымды атау қиын», - деп жазды.
Зерттеулерінде идеалистік философияны басшылыққа алғандықтан Гумбольдттың теориялық тұжырымдарында кейбір қайшылықтар да болды. Бірақ соған қарамастан ХІХ ғасырдағы тіл білімі траихында ол өзгелерден оқшау тұрады, ерекше жоғары бағаланады.
Салыстырмалы әдісті тіл білімінің зерттеу әдісіне айналдыруда славян тілдерінің маманы А. Х. Востаковтың да еңбегі бар. Ол1820 жылы жарияланған «Славян тілдері жөніндегі пікірлер» дейтін кітабында славян тілдері фактілерін, әсіресе олардың дыбыстық жақтарын бір-біріне салыстыра зерттеу арқылы олардың арасындағыұқсастық өзгешеліктерді көрсетті.
Александр Христофорович Востаков (1781-1864) Петербург көркемөнер академиясын бітірген. Жас кезінен фольклорлық шығармалар бастырумен шұғылданған. Лингвистикалық еңбектері ішіндегі ең көрнектілері: «Славян тілдері жөніндегі пікірлер», «Орыс тілі грамматикасы», «Шіркеулік славян тілі сөздігі» дейтін еңбектері. Айтылғандардың біріншісінде Востаков славян тілдерінің өзара жақындық дәрежесін ашуға тырысады.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушылардың жолын ұстанған басқа да ғалымдар болды. Олар салыстырмалы тарихи әдіспен үнді-европа семьясына жататын тілдерді жекелеп, топтап зерттей отырып, олардың арасындағы бірлік пен өзгешеліктерді, бір-біріне жақындық дәрежелерін айқындады. 1836-1845 жылдар ішінде Ф. Дицтің «Роман тілдері грамматикасы», 1852 жылы Ф. Миклошичаның «Славян тілдерінің салыстырмалы грамматикасы», 1853 жылы И. Цейстің «Кельт грамматикасы», 1858 жылы Ф. И. Буслаевтің «Литва тілін зерттеуге жетекші» атты еңбектері жарияланды. Бұл еңбектер салыстырмалы тарихи тіл білімінің өрісін кеңейте түсті. Осылардың нәтижесінде «Үнді-европалық тіл білімі» немесе «Үндіевропейстика» деп аталатын ғылым қалыптасты.
Салыстырмалы тарихи тіл білімінің жетістіктері марксизм классиктерінің назарына ілікті. Олар тілдің әлеуметтік, философиялық жақтарымен қатар, тіл зерттеу ғылымында салыстыру әдісінің өте тиімді екенін жақсы білді.
Тіл мәселелерімен, солардың ішінде салыстырмалы тарихи әдіспен де Ф. Энгельс көбірек айналысқан. К. Маркс Энгельсті салыстырмалы тіл білімінің маманы деп санап, бұл салада одан консультация алып отырған Ф. Энгельс салыстырмалы-тарихи әдістің тіл туралы ғылымның күшті қарқынмен дамуына қолайлы болғандығын айта отырып, бұл саладағы Ф. Бопп, Я. Гримм, Ф. Диц еңбектеріне жақсы баға берген. Ол Я. Гриммді герман тілдері салыстырмалы грамматикасының негізін салушы данышпан ғалым деп бағалайды.
Сонымен, айтылғандарды жинақтай, нақтылай, толықтыра түссек салыстырмалы-тарихи әдіс бойыншатуыстас тілдер фактілері бір-біріне салыстырыла зерттеледі. Мұндай салыстыруда екі түрлі мақсат көзделеді. Олар: салыстырылып отырған тілдер фактілері дамуының жалпы заңдылығын, олардың арасындағы туыстастықты ашу, тіл я тілдер тарихын айқындауға қажетті мәліметтер табу.
Зерттеу тәсілі - фактілерді салыстыру, көздейтін мақсаты - олардың тарихын ашу болғандықтан әдіс - «Салыстырмалы-тарихи тіл білімі» немесе латын тілінен алынған термин бойынша компаративистика делінеді.
Дыбыс тілі жалпы адамзаттық құбылыс болғандықтан, онда бір-біріне ұқсастық болмай қоймайды. Оның себептері көп. ұқсастық бір тілдің екінші біреуіне тигізген әсерінен, тілдік тұлғалардың, әсіресе сөздердің бір тілден екіншісіне ауысуынан болуы мүмкін. Мысалы, орыс тілінен қолданылатын колпак, алтын, баба, бак, бар, оба деген сөздер бірлі жарым дыбыстық өзгешеліктермен көптеген түркі, олардың ішінде қазақ тілінде де кездеседі. Бірақ соңғыларда басқа мағынада жұмсалады.
Жоғарыда айтылған кездейсоқ ұқсастық дейтіндеріміз - осылар. Мұндай тіларалық омонимдер олардың туыстастығының көрсеткіші бола алмайды. Сондай-ақ, қазақ тіліне де орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден ауысқан: база, телефон, радио, демократия, студент, кафедра тәрізді сөздер бар. Бұлар - қазақ бір-бірімен ешқандай туыстық жақындықтары жоқ көптеген тілдерде кездесетін ортақ сөздер. Жоғарыда айтылған, тіл қарым-қатынасы арқылы пайда болатын ұқсастық, бірлік дейтіндер, міне осылар. Бұлар да тілдер туыстастығына кепіл бола алмайды. Тілдер туыстастығының төркіндестігінің негізгі кепілі - сөз тудырушы, сөз өзгертуші формалардың бірлігі, ұқсастығы және негізгі сөздік қор мен дыбыс заңдарындағы жақындық.
Сондықтан тілдер туыстастығын айқындау үшін кездейсоқ ұқсастықты алмай, тілдердің фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйелеріндегі ұқсастықтысалыстырған жөн.
Тілдер туыстастығын тек осылардағы бірлік пен төркіндестік қана аша алады. Бірақ, туыстас тілдер фактілерін салыстырғанда, олардың бір-бірімен ешқандай жақындығы, бірлігі жоқ фактілерін немесе бір-бірінен ешқандай өзгешелігі жоқ фактілерін салыстыруға болмайды. Мысалы, қазақ тіліндегі сөйлем, үтір, нүкте деген сөздердің мағынасы ұйғыр тілінде жүмлә, пәш, чекит деген сөздермен беріледі. Ал, енді қазақ тіліндегі пай, ат, зиян, қызыл, қызғылт, қымыз, ақ деген сөздер башқұрт тілінде де дәл осы қазақ тіліндегідей дыбыстық құрылымда айтылады.
Салыстыру үшін алынатын материалдар, жактілер тарихи жағынан салыстырып отырған тілдерге ортақ, о баста бір негізден тарағанмен, кейін өзгерістерге ұшыраған, дифференциацияланған болуы керек. Мысалы, қазақ тілінде тас, тұз, баға, болат, балта, мүйіз, табан, жақсы, жат деген сөздердің ойрот тілінде таш, тұс, баа, болот, малта, мұұс, таман, дьат болып айтылуын, немесе қазақ тілінде қосымша д, т. дыбыстарынан басталып қосылатын: біздер, тілектестік, мендік, атты дегендердің қарақалпақ тілінде: бізлер, тілеклестік, менлік, атлы болып л дыбысымен ауысатындығын алуға болады. Салыстыру арқылы бұл фактілердің бастапқы түрін де, қай тілде қалай және неліктен өзгеріске ұшырағандығында табуға болады.
Салыстырмалы-тарихи методтың тіл туралы ғылымды қалыптастыруда, дамытуда ерекше мәні болатындығын, оның лингвистикалық ой-пікір дамуындағы жаңа дәуірдің басы болғандығын ешкім де бекер дей алмайды. Бірақ соған қарамастан ғылымның кейінгі замандардағы дамуы бұл әдістің бірсыпыра осал жақтарының да барлығын айқындап берді.
Сондықтан да сөз болып отырған әдістің де, оны қолданушылардың да әлсіз жақтарын батыл сынға алып, зерттейдің жаңа амал-тәсілдерін іздеген ағымдар, лингвистикалық мектептер өткен ғасырдың өзінде-ақ құрылды. Олардың салыстырмалы-тарихи әдіс адресіне айтқан сындары алуан түрлі. Солардың ішінде жоққа шығара алмайтын бірнеше қағида бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz