. Қазіргі ғылыми әдебиеттегі педагогикалық технология түсінігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып 1. Қазіргі ғылыми әдебиеттегі педагогикалық технология түсінігі

Тапсырмалар тапсырмалар:

1. Қазіргі ғылыми әдебиеттегі педагогикалық технология түсінігі

2. Оқыту технологиясының сипаттамалары

3. Қазіргі оқыту технологияларына қойылатын әдістемелік талаптар
Көптеген уақыттар желісінде технология түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мәні (шеберлік жөніндегі ілім) педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, жобалауға сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылады.
Педагогикалық әдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тәрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру және дәстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған және проблемді оқу технологиялары, авторлық технология және т.б.
Алғашқы педагогтар педагогикалық технология, оқу-оқыту технологиясы және тәрбиелеу технологиясы ұғымдарының өзіндік мән-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу және тәрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-әрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан педагогикалық технология мәні оқу технологиясы, тәрбие технологиясы ұғымдары мәндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау. Педагогикалық технология педагогикалық үрдіске қатысушылардың барлық көрінісінде белсенді іс-әрекетін көздейтін, белгіленген қасиеттері бар өнімді алуға мүмкіндік жасайтын үрдістер мен әдістердің бірізділігі мен жиынтығы ретінде қарастырылады.
Педагогикалық технология - бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Әрі сол жобаның дәл жаңғырып
Педагогикалық технология кешенді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов,В.К.Дьяченко және т.б.) екіншісі - тәжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов және т.б.).
Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған?
Мұндай ғылымдық мәні бар ой жаңа емес. Кезінде оны Я.А.Коменский де дәріптеген. Ұлы педагог 16 ғасырда-ақ оқудың техникалық (яғни технологиялық) болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нәтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: Дидактикалық машина үшін қажет нәрсе
1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды;
2) сол мақсаттарға жетуге дәл икемделген жабдықтарды;
3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек
Я.А.Коменский заманынан бастап, оқудың мүлтіксіз әрекеттегі механизмге сәйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Әсіресе, техникалық прогрестің әрқилы теориялық және практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизациялау идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К. Бабанский және т.б.).
Оқыту технологиясы - оқыту үрдісінде алдын ала жоспаланған, оқытудың диагностикалы қойылған мақсатына практикада жүйелілік және бірізділікпен жету құралдары.
Оқу технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде басым болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының қолданылуына, дәл кезеңде қажет болған әдістерге және басқа да негіздемелерге тәуелді келеді.
Оқу технологиясын оқу әдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы - оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына және педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал әдістеменің соңғы тиімді нәтижеге жете алуы жиі кездеседі. Сонымен бірге, әдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды түсіндірудің белгілі әдістемесі бар. Егер ол әдістеме шынайылық, сенім, сәйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.
Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу технологиясын жете білудің өзі - шеберлік. Бір технологияны әрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.
Педагогикалық іс-әрекет саласында "технология" деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік үкіметтің аймағындағы ғалымдар (В.П.Беспалько, П.И.Пидкасистый және т.б.) қолдаған. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.
Әдіс кең мағынада, субъект әрекетінің кез-келген формадағы тәсілі, бір жолға жетудің жолы. Оқыту әдістері педагогикада педагогикалық үрдіске қатысушылардың бірлескен әрекетін ұйымдастырудың тәсілі ретінде анықталады.
Әдістеме ұғымы адамның әрекетіне қаттыссыз тәрбиелеу мен оқытудың әдістері мен тәсілдерінің кешенін пайдалану тәртібін білдіреді.
Оқыту әдістемесі - пәнді оқытудың ғылыми дәлелденген әдістер, ережелер, тәсілдер жүйесі және оқыту теориясын қолдану болып табылады.
Теориялар, әдістер мен әдістемелер, оқыту технологиясының айырмашылығы оқыту үрдісінің барлық байланыстарын ұйымдастырушылықпен реттеуді, оның кезеңдерін құрастыруды, білім алушының мүмкіндіктеріне сәйкес жүзеге асыру жағдайларын бөліп көрсетуді талап етеді.
Шындығында педагогикалық технологияны жасаушылардың назары педагогикалық еңбектің жеке құбылыстар саласына бағытталған. Білім беру технологияларының басым көпшілігі негізінен оқушылардың белгілі бір жиынтығын меңгеруге бағытталған. Концепция жасаушылардың ұстаздар - оқушылар жүйесінің ерекшеліктерімен ұстаз еңбегінің технолгиясының өзгешеліктері арасындағы өзара байланыстардың түрленген түрлерін көрсетудің басылмауы олардың ең осал жері. Технология деген термин гректің түп тамыры - өнер, шеберлік, кәсіп және ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол өндірістік тәсілдерді жүргізудің тәсілдері мен құралдар туралы білімдер жиынтығы, мысалы металдың технологиясы, химиялық технология, құрылыс жұмыстарының технологиясы және т.б. Технологияны жасау үшін нақтылы еңбек затының қасиеттерін байланыстары мен қатынастарының жолын сипатттайтын заңдылықтарын білу керек: еңбек затын өндеу тәсілдерін білу; еңбек затының жағдайын анықтай білу; еңбек затының жағдайын өзгерту тәртібін жасау. Педагогикалық технология ұғымының әр түрлі тұрғыдан анықтамалар берілген.
В.П.Беспалько педагогикалық технологияны қойылған білім беру мақсаттарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқытудың теориялық негізделген процестерін жаңадан өндірудің, еске түсірудің құралдар мен әдістер жиынтығы ретінде анықтайды.
В.М.Монахов педагогикалық технология - мұғалім мен оқушы үшін жағымды жағдайды қамтамасыз ететін оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізуде барлық бөлшегіне дейін ойластырылған бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің үлгісі. Технологияның міндеттерін түсіндіре отырып: педагогикалық технологиялық жобалаудағы жетекші қағидасы-оқушының жеке белсенділігі, мұнда ең бастысы - білімді меңгеруге іштей қалыптасқан қызығушылығы мен ынтасы, білім алу іскерлігі - деп жазады.
Г.М.Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа - ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру үрдісі емес, ол кәсібі ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұнымен оқу жоспарымен бағдарламаларында ескерілген іс-әркеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір салаларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.
В.А.Сластенин бойынша педагогикалық технология деген ол қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету.
Технология - бұл іс-әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыруда құралдарды таңдау ережесі. В.В.Гузеев қазіргі кезеңдегі технологияның бұрынғыдан айырмашылығын көрсете отырып, былай деп жазады: Бұрын бір құралды құрастырып, оны ұқсас жағдайларда бірнеше жылдар бойы қолдануға болатын. Қазір ұқсас жағдайлардың бар екенінің өзі қарама-қайшы келеді.
Сонымен, педагогикалық технология - педагогикалық процесті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі) (Г.Т.Хайрулиин). Педагогикалық технологиялар - теориялық білімдерді тұтас педагогикалық үрдістің қызметін практика жүзінде іске асыруға бағытталған және сол үрдіс нәтижелерін кезеңдер бойынша өлшеп, тұлғаның да, ұжымның да даму динамикасын көруге болатын, педагогтар мен оқушылардың өздерін-өздері дамытуларына мүмкіндік тудыратын жүйелі іс-әрекеттер кешені.
Қазіргі кезеңдегі ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беруде жаңа міндеттер қойып отыр. Ол техникалық трізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын тұлға қалыптастыру. Ол үшін білім беру саласында қазіргі дидактикалық мүмкіндіктерді, жаңа идеяларды және білім беру технологияларын сарқа пайдалану.
Әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психикалық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершіліктік, рухани, азаматтық, және тағы да басқа адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі - деп көрсетеді С.В.Селевко.
Инновациялық педагогикалық іс-әрекет жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалімді қалыптастыруға бағытталады.
Мектеп тәжірибесіне жаңашылдықтарды енгізу көбіне оларды қолдануға деген көзқарастардың кешеніні өзгертуге тікелей байланысты. Қазірде әлі де көптеген мұғалімдер педагогиканың жетістіктері мен жаңалықтарын меңгеруге ұмтылыстарының нашар екендігін байқатады.
Оқыту технологиясын қолдану мүмкіншілігіне төмендегілердің әсері бар:
1. Жаңалықты ендіруге даярлық - бұл ең алдымен, стратегиялық және технологиялық өңделген білімдік құжаттардың болуы. Оқыту технологиясына байланысты кітаптар, мақалалар болумен, оқыту сапасын тез арттыратын тұтас білім, ғылыми-техникалық жағынана қамтамасыз етілмей, бұрынғы дәстүрлі оқыту әдістемесінен артықшылығын көрсете алмай отыр. Осыдан келіп, мұғалімдердің белгілі бір тобы оқыту технологияларын жаңалық деп есептемейді, оны меңгеруде, қолдануда енжарлық көрсетеді.
2. Мұғалімдердің оқыту технологияларын меңгеруге, қолдануға деген себептендіруді тудырып, үгіттеушілік бағыттан конструктивтік-технологиялық жұмысқа бағыттау - білім сапасын арттырудың маңызды құралы. Бұған мұғалімдерді психологиялық, теориялық және әдістемелік астарларды қамтып, арнайы даярлап қана қоймай, сонымен бірге технологияларды қолдануға қатысатын оқушыларды, олардың ата-аналарын да даярлау қажет.
3. Оқытудың қазіргі технологияларын оқыту үрдісінде қолдану, оқыту технологиясына қызығушылық таныту, ынта қою. Оның мақсат, мазмұнын, болашағын түсініп, іс жүзіне асыра білу белгілі бір мақсатты, жүйелі дайындықтың нәтижесі болып табылады. Демек, педагогикалық үрдісті жаңа технологияларды пайдалана отырып жүзеге асыру мынадай базаға негізделеді:
- оқыту технологияларының тұжырымдамаларының ақпараттық базасы, оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі;
- технологияны таңдаудың өлшемдері;
- мектептің оқу үрдісіне технологияны енгізу механизмдері.
Педагогикалық технологияларды іске асыру жолдары.
Мұғалімдердің оқыту технологияларын меңгеруде педагогикалық кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, олардың зерттеушілік жұмыстары, жас мұғалімдердің тобы мен шығармашылық топтың жұмыстары пайдаланылады.
Кез-келген қазіргі педагогикалық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктері дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеуметтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы болады. Педагогикалық технология дерекнамасы педагогика, психология, әлеуметтік ғылымдар, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе, халықтық педагогика, Отандық және шетел педагогикасындағы озық идеялар болып табылады.
Жалпы алғанда педагогикалық технология түрлерін таңдау білім беру саясатында, білім беру реформасына, дидактикалық тұжырымдамаға немесе оқыту теориясы мақсатымен тәрбиелеу және оқыту міндеттеріне, педагогтың кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттеріне, әдіснамалық бағытына байланысты жүзеге асырылады.
Сондықтан қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Бүгінгі өзекті мәселе оқушылардың дара ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Ал мұнда инновациялық технологиялардың тиімділігі жоғары.
Сонымен, қазіргі республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасақталып, оқыту технологиясының жоғарыда қарастырғандай бірнеше түрлері дамып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған кезде білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа-көзқарас, өзгеше менталитет пайда болуда. Осы бағытта жаңа педагогикалық технологияны тиімді меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, азаматтық қабілетінің қалыптасуына ізгі әсерін тигізіп, өзін-өзі дамытып, оқулықтарын, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Бүгінгі қоғамның дамуы оның мүшелерінің білімімен өлшенетін кезі келді. Өйткені қазіргі өркениетке жеткізетін құрал - тек қана білім. Білімді ұрпақ қана қоғамның болашақ иесі бола алады.
Осы заманғы дидактикада әрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі, әр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты. Солардың бірнешеуіне тоқталайық.
Оқытудың дәстүрлі технологиясы. Оқытудың дәстүрлі технологиясы деп ең алдымен ХVII ғасырдың дидактика прнициптерінде қалыптасқан, Я.А.Коменский негіздеген және қазірге дейін дүние жүзі мектептерінде басым көпшілігі қолданатын оқытудың сынып-сабақтықтық ұйымдастыру формасы деп түсінеді.
Дәстүрлі сынып-сабақ технологияларының аса көрнекті белгілері: бірдей жастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері; сыныптың біріңғай жылдық оқу жоспары мен бағдарламасымен жұмыс істеуі; сабақ оқудың негізгі бірлігі; әр бір сабақ бір оқу пәніне, тақырыпқа арналған, себебі сынып оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді; сабақтардың үнемі тұрақты алмасуы кесте мұғалімнің мұғалімнің басқарушылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту технологиясының сипаттамасы
Педагогикалық тәжірибе
Тарихи роман поэтикасы
Бейіндік оқытудың инновациялық әдістері
5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру
Қазіргі замануый технологияны, соның ішінде бастауыш мектепте оқу-тәрбие үрдісінде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолдану
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Кәсіби педагогика және технология
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Oқытy тexнoлoгиялapын қoлдaнy әдіcтeмecі
Пәндер