Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары жайында


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып №4. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары.

1. Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері

2. Бай қожалықтарын тәркілеу және оның әлеуметтік- экономикалық салдарлары.

3. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу. Ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны.

4. Білім беру жүйесінің қалыптасуы. Сауатсыздықпен күрес.

5. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары.

1. 1925 жылғы желтоқсанда социалистік индустрияландыру бағыты БК(б) П-ның XIV сьезінде жарияланды. Жалпы технихамен жабдықтау арқылы халық шаруашылығының барлық салаларын индустрияландыру деп атайды. 1928-1932 жылдары 1 ші бесжылдық енгізіліп, халық шаруашылығын дамытумен бірге елше индустрияланландыру қиыншылықтармен қоса жүргізілді:

  • Қазақстан байлыққа толы кең байтақ өлкесі туралы жиналған ғылыми білім әлі де аз, шешілмеген мәселе болатын
  • Темір жол тасымалы нашар дамуы.
  • Халық шаруаларының 90 % қамтылғандықтан жұмысшы табының сан
  • Елде жергілікті мамандардың жетіспеуі
  • ЖЭС тоқтатылып әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы.
  • Әкімшіл әміршілік басқару жүйесі әдісі енгізілумен байланысты
  • Елдің 84, 4% ауыл шаруашылығымен айналысуы және т. б қиыншылықтар болды.

Ерекшеліктеріне тоқталсақ индустрияландыру әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің әдістерімен директивикалық жоспарлаумен орталықтың әмірімен іске асырылды. Тікенек сыммен қоршалған лагерь санын көбейту, көшпелілердің ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс-салтын күшпен күйрету халықтық дәстүрлеріне тыйым салу, қарапайым бұқараны қайыршыландыру мен аштыққа ұшырату, халықты барынша титықтату индустрияландырудың тұрпатты сипатына айналды. Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өңдейтін орталық Орскіде салынды. Балқаштың мысы Шымкенттің қорғасыны Алтайдың сирек кездесетін металдар Қазақстаннан тыс жерге тасып әкетілді. Яғни темір жол тасымалының жүк айналымы негізінен өлкенің табиғи байлықтарын Қазақстаннан тыс жерге тасу есебінен 1913 жылғы деңгейден 21, 3% есе артты. Білікті жұмысшы мамандар сырттан әсіресе Ресей мен Украинадан, Әзірбайжаннан әкелінді. Қалаландыру үрдісі күшейіп қалалар мен қала үлгісіндегі мекендер, қала халқы көбейді. Дегенмен жергілікті қала тұрғындарының өсуі баяу дамыды. 1930 жыл аяғында қала халқы-29, 8 %, 1939 жылы қалада тұратын қазақтар-375 мыңға артты.

2. Қазақстан Орталық атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі 1928 жылы «Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару» туралы декрет шығарды. Бұл декрет бойынша билік басындағыларға қысымды күшейтуге бай шаруашылықтарын тәркілеп шаруашылық иелері мен оның отбасы мүшелерін жер аударуға рұқсат берді. Жартылай феодал байларды тәркілеу заңсыз жүзеге асырылды. Мыңдаған адамдардың тағдыры тәлекке түсті. Астық дайындай, егістік және шабындық жерді қайта бөлу бай қожалықтардың малын тәркілеу жөніндегі науқанның барысында әміршілдік рухта әрекет жасайтын, конституциялық нормалар шеңберін сезінбейтін жалған белсенді кадрлар қалыптасты. Нәтижесінде:

  • 657 ірі бай феодалдар жер аударылды.
  • 145 мың мал тартып алынды.
  • Бай кулактардың ауыл шаруашылық құралдары 877 ұжымшарға 24491 жеке шаруашылыққа бөлініп берді.

Тәркілеу айтып өткендей заң бұзушылықпен жүзеге асырылды. Яғни орташалар байлар қатарына жатқызылды. Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді. Уәкілдер кедейлерді қорқыту арқылы байларды көрсетуге күштер көндірді. Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді. Бай-кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты көзделіп бай кулактарлы тап ретінде жою міндеті қойылды. Ұжымдастыру бай кулактарды тәркілеуден басталды.

3. 1927 жылы желтоқсанда Компартияның XY съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. 1932ж көктеміне дейін өлкеде ұжымдастыруды аяқтау белгіленді; -1933ж дейін Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді аяқтау көзделді. Қазақстанның астықты аудандарындағы колхоздық құрылыстың негізгі формасы - ауыл шаруашылығы артелі, ал мал шаруашылығы аудандарында - жерді бірлесіп өңдеу жəне шөп шабу серіктестігі болуға тиіс еді. Жарғы бойынша мал қоғамдастырылмай, жеке мал мен құрал-саймандарды пайдалануға ақы төленуі керек болатын. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада ұжымшар құрылысы жедел дамыды. Алғашқы МТC (машина-трактор станциялары) құрылды. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін қосымша 8 мың жұмысшы “ұжымдастырушылар” тартылды. Мəскеу, Ленинград, Харьков, Иваново-Вознесенскіден 1204 адам жіберілді.

Ұжымдастыру идеясы қатаң жүргізіліп, жаппай қуғындау мен лаңкестікке негізделді. Ұжымдастыру дайындықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен әкімшілдік-күштеу əдістерімен жеделдете жүргізілді. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мəдени тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады. Белсенділер отырықшыландыруды жоспарланған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап “жалған ұжымшар” құрған болатын. 1932 жылдың ақпанында Шу ауданында жүздеген шаруашылықтар жиналып, 400 киіз үй “қала үлгісіндегі поселок” болып тігілді. Осындай жағдайлар әр жерде кездесті. Абыралы ауданында барлық шаруашылықтың 70%-ы, Жымпиты ауданында 60%-ы, Жəнібек ауданында 95%-ы ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. 1928 жылы барлық шаруашылықтың 2%-ы, 1931 жылғы қазанда 65%-ы ұжымдастырылды. Азықпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «əскери коммунизм» саясаты кезіндегі төтенше əрекет жүргізілді. 1931-1932 жылдары Шұбартау ауданында малдың 80%-ы мемлекетке етке өткізілді. 173 мың малы болған Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғай ауданында 1млн-ға жуық малдың 98 мыңы қалды. Торғайлықтар “асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!” ұранын көтерді. Еріктілік ұстанымы өрескел бұзылды. Сайлау құқықтарынан айыру, басқа аудандарға жер аудару, ұзақ уақыт қамауда ұстау тәсілдері қолданылды. Ұжымшарға кіргісі келмеген кедейлер мен орташаларды “бай-кулактар” қатарына жатқызды. 1929 жылы 56 498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңнан астамы сотталды. Кулактар қатарына жатқызу үшін темір шатырлы үйі немесе екі аты болуы жеткілікті болды. Ақмола округінде сотталғандарды үй ішімен 24 сағатта жер аударып жіберген. Алматы, Петропавл округтерінде қара бойкот (шет қақпайлау) жариялап, терезелерге тақтай қағып, от жағуға рұқсат етпеген. Ақтөбе, Павлодар округтерінде кедейлерді ұрып-соғу, суық су құйып азаптау, суық қоймаларға қамау, кулак үйінде жаназа рəсімін өткізуге жол берілген. 1929-1933 жылдары БМСБ (Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма) үштігі 9 805 іс қараған. Aту жазасына 3 386 адамға, 3-10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға 13 151 адамға үкім шығарды. 1933 жылы БМСБ үштігі 21 мыңнан астам адамды қамауға алды. Тұтас əулеттер мен рулар да жазаға тартылды. Үштіктің хаттамаларына Ф. Голощекин, І. Құрамысов (1930 ж. 9 наурыздан) Г. Рошаль қол қойып отырды. Ұжымдастыру қарсаңындағы мал саны - 40, 5 млн болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4, 5 млн ғана мал қалды. 1932 жылғы шілдеде аштық апаты мен себептері туралы Ф. Голощекинге “Бесеудің хаты” жазылды. Бұл хатты жазған қайраткерлер - Ғ. Мүсірепов, М. Ғатауллин, М. Дəулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев. 1933 жылғы наурызда Т. Рысқұлов аштық апаты туралы И. В. Сталинге хат жолдады. 1929-1931 жылдары өлкеде қарулы қарсылықтар болды. 1929 жылы қыркүйекте Қарақалпақстандағы Тақтакөпірде, Сырдария округіндегі Бостандықта, қарашада Қостанай округіндегі Батпаққарада қозғалыстар болған. 1930 жылы ақпанда Сырдария округіндегі Созақта, Ақтөбе округіндегі Ырғызда. Қозғалыстардың негізгі себебі - күштеп ұжымдастыруға, ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс укладының қиратылуына, орташалар мен кедейлерді кулактар ретінде жоюға қарсылық. Торғай шаруаларының Батпаққара көтерілісі бүкіл республикаға күшті әсер етті. Қарақұм көтерілісін Орынборда орналастырылған 8-дивизия басып тастады. Көтерілісшілер Созақ ауданының орталығын басып алып, аудан басшыларын өлтірді. 1931 жылғы көктемде Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау аудандарының көтерілісшілері түгел қырылды. Республика аумағынан шетке қашу жиіледі. Түрікменстан, Қарақалпақ, Иран, Ауғанстанға - Маңғыстау, Жылқосын, Ойыл, Табын аудандарының халқы көшіп кетті. Қытай жеріне - Алматы округінің Балқаш, Шоқпар, Іле, Еңбекшіқазақ, Биен-Ақсу, Сарқант, Жаркент, Бөрібаев аудандарының халқы көшіп кетуге мәжбүр болды. Республика аумағында 372 толқулар мен көтерілістер болған. 1932 жылғы қыркүйекте Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы қаулы қабылданды. Мал шаруашылығы аудандарында шаруашылық артеліне көшу сатысы ретінде бірлесіп жер өңдеу мен шөп шабу жөнінде серіктестіктер құруды ұсынды. Саяси жағынан сəтсіздікке ұшыраған басшылық (Голощекин, Исаев, Құрамысов, Ерназаров, Голюдов) халық алдында жауапқа тартылмады. “Жасанды ұжымшарлар” таратылды. Астықты аудандарда коммуналар орнына артельдер ұйымдастырылды. Күштеп қоғамдастырылған мал-мүліктер халыққа қайтарылды. Отырықшы аудандарға техникалық және қаржылай көмек көрсетілді. Ұжымдастыру бағытының 2 жағы болды:

1. Шаруалар бай-феодалдарға кіріптарлық пен күйзелістен құтылды.

2. Көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей күштеу әдісімен жүзеге асырылды.

4 . XX ғасырдыің алғашқы онжылдықтарында Қазақстан мәдениетіндегі демократиялық дәстүрлер әрі қарай қанат жая бастады. Ескі мектептер бастауыш білім мекемелері, орыс қазақ училищелері көбейе түсті. Қазақ тұрғындары үшін мектеп ашу және ауыл мен деревня мектептерін мұғаліммен қамтамасыз кту ерекше назар туғызды. Мектеп құрылысында біржылдық және он екі жылдық мектептердің үлс салмағын кеміту мен үш жылдық жіәне төрт жылдық мектептердің үлес салмағын көбейту бағыты ұсталды. Мектепке қазақ және басқа да шығыс ұлттарының қыздарын тартуға көңіл бөлініп олар үшін Шымкентте, Алматыда, Түркістанда Ордада арнаулы мектептер ашылды. 1931 жыллың желтоқсанында Республика еңбекшілерінің арасында 15тен 50жасқа дейінгілер үшін жалпы міндетті білім беру енгізілді. Бұрынғы артта қалған халықтардың ілгері кеткен Орталық Ресейді қуып жету үшін халықтардың ана тілінде мектеп, баспасөз, театр, клуб ісін дамыту, халық шаруашылығының барлық салалары мен үшін білікті кадрлар даярлау, ол шараларды іске асыруға арналған мектептер мен курстар желісін кең өрістету міндеті алға қойылды. Азамат соғысы жылдарында ересектер арасында сауатсыздықты жо ісі кең жолға қойылды. 1921 ж 26 маусымда ҚазОАҚ жеткілікті білімі бар адамдарды сауатсыздықты жою ісіне жұмылдыру туралы қаулы қабылдады. Елде мыңдаған Сауатсыздықты жою пункттері ашылды. 1924 жылы Сауатсыздықты жою қоғамы құрылды. Сауатсыздықты жою мектептері әскери бөлімдерде де жұмыс істей бастады. Сауатсыздықты жоюға фабрика зауыт жіне басқа кәсіпорындар комитеттер, кәсіподақ комсомол ұйымдары да атсалысты. Сауатсыздықты жою бағытында Түрксіб құрылысында қазақ жұмысшылары маңыз аларлық кәсіпорындардың бәрінде қарқынды жұмыс жүргізілді. Оқыту жаз кезінде де тоқтатылмады. Сауатсыздарға шала сауаттыларға және оларды оқытушыларға арнайы «төте оқу» газеті шығарылды. Республика ғалымдары оқулыктар, оқу құралдары әліппелерді, тек 1934 жылдың озінде 468 мың таралыммен бастырып шығарды, 1935 жылы тағы 15 атаумен 1, 5 млн таралыммен жарық көрді. Және де 1928 жылы араб әрпі латын әрпімен, кейін 1940 жылы кириллицамен ауыстырылды. 1921-1927 жылдары 200 мың адам оқып сауатын ашты. 1928 жылдың аяғында сауатты адамдар 25 % оның ішінде қазақтар 10% болды. Ұлы Отан соғысы алдында еңбекке жарамды халық арасында сауатсыздықты жою негізінен аяқталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары туралы
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуы
Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері
Жаһандық қауіптер.Атмосфералық ауа бассейнінің ластану мәселелері
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары
Ежелгі түркілердің наным-сенім түсініктері
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Ажырасудың негізгі себептері
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Ұжымдастыру қарсаңындағы қазақ ауылы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz