Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
"Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау"
Саясат деген ұғыммен қазір барлық адам таныс, себебі қай заманда болмасын саясат қоғамда айтарлықтай ерекше орын алған. Ол қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар мен таптар, ұлттар мен ұлыстардың мемлекет арасындағы, қарым - қатынас барысындағы өз мүдделерін қорғауға, іске асыруға, саяси билікті жеңіп алуға, сақтап қалуға бағытталған және оны қолдау тәсілдері жайлы әрекеттер жүйесі.Саясат сөзі (Халықаралық атауы - политика - гректің полис - қала-мемлекет деген сөзінен шыққан) көне түркінің яса, жаса - әрекет ет деген сөзінен туындайды.
Саясаттың қоғамдағы рөлі мен маңызы, оның атқаратын қызметінен келіп шығады:
қоғамның жалпы мақсатын анықтау
қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау
қоғамдығы қатынастарды реттеу мен бөлу
шешімдер қабылдау.
Саясат саласында қолданылатын негізгі түсініктемелер саясаттың құрамдас бөліктері болып табылады. Оларға: билік, саясат субъектілері, саяси ұйым, саяси қатынастар, саяси сана, саяси мәдениет жатады. Кейде олар саясаттану ғылымының басты категориялары деп те аталады. Бұл құраушы бөліктер немесе саясаттың элементтері, саясатқа бағдар, сипат, мақсат береді.Мәселен билік саясатты жүзеге асыру бағыты мен тәсілін ұсынады.Биліктің көмегімен мемлекеттің белгілі бір таптардың, топтардың саясаты жүзеге асырылады.Саясаттың сипаты мен бағыты биліктің оның ресурстарының, құралдары мен қайнар көздерінің, қоғамда орнаған режим мен жүйелердің ерекшеліктерінің көмегімен өзгеруі мүмкін. Көптеген жағдайларда саясат жекеленген субъектілердің: саяси көшбасшы, саяси топтар, таптарға, партиялардың әрекеттеріне де байланысты болады.Олар қоғамның саяси саласындағы өзгерістерге үлкен ықпал етеді.Саяси ұйымдар мен мекемелер болса халықты саяси топтастыруға мүмкіндік беріп, олардың әрекеттеріне бағыт бағдар ұсынып, идеологияны қалыптастырады. Бұндай ұйымдарға саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, қозғалыстар жатады. Саясаттың негізгі түсініктемелерінің бірі ол саясат субъекктілері болып табылады. Саясат субъектілеріне жататындар, саяси іс-әрекеттерін басты мақсат көрмейтін, бірақ саяси тіршілікке қатысып, өз ықпалын тигізіп тұратын тұлғалар немесе мекемелер. Саясаттың субъектілері - басты субъектісі - тұлға одан кейін, мемлекеттік билік органдары мен басқармалары, көшбасшылар мен саяси партиялар, қозғалыстар, әлеуметтік топтар жатады. Бұлар саясат тіршілігіне араласып, өз мүдделерін іске асыруды мақсат етеді және әрқайсысының арқауында белгілі бір әлеуметтік топтар тұрады. Сонымен қатар, саясаттың субъектісі ретінде тұлғалар мен әлеуметтік ұжымдарда, көздеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, өздері жоспарлаған бағдарламаларын іске асыру барысында таныла алады. Саясат субъектілерінде өз мүдделерін қорғау барысындағы саяси кеңістікте жүріп жатқан саясат тіршілігіне зор ықпалын тигізіп жататын саяси көшбасшылары да табылып жатады. Саяси ұйым - белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін кұрылған және ережелердің ресми құрылымымен, биліктік қатынастармен, шектеулі қабылдаумен сипатталатын ұжым түрі. Қазіргі таңда Қазақстанда саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар көп. Олардың бағдарламалары, алдарына қойған мақсаттары анық көрсетілген. Партиялар мен ұйымдардың демократиялық қоғамды орнатуда маңызы өте зор. Қазақстандық ұйымдар мен партиялар әлі де даму үстінде деп айтуға болады. Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт - бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау жайында
Саясаттың түсініктемелеріне салыстырмалы талдау
Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау
Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау жасау
САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ЖАСАУ
Экологияның қысқаша тарихы
Инвестицияларды қаржыландыру көздері экономикалық мәні мен мазмұны
Экологияның даму тарихы
Экология ғылымының қалыптасу тарихы
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚҰҚЫҒЫ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА – СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Пәндер