Мәдениет семиотикасы туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып: Мәдениет семиотикасы

Дайындаған: Асылбекқызы Айдана

Топ: 135

Семиотика - хабаршы таңбалар туралы жалпы теориялық ғылым. Ол таңбалардың табиғатын, жүйесін, түрлерін, қолдану процесіндегі құбылыстарын, таңбалардың бір-бірімен және өздері білдіретін мағынамен қарым-қатысын зерттейді. Вербалды, немесе табиғи тілдік белгілер - адамзат мәдениетінің іргетасы. Ол мәдениеттің семиотикалық негізін құрайды. Сонымен, тілді орталық семиотикалық (белгілік) жүйе деп жалпылама анықтама береміз. Осы жерде семиотика, сол сияқты, онымен бірдеңгейлес семиозис, семиология деген терминдерге тоқталып кету абзал. Семиотика мен семиологияны синоним деуге де болады, өйткені олардың зерттеу пәні біреу ғана, ол - белгі.

Ұлттық кодтың өзегі - ұлттық тіл деп ойлаймын. Өз елімізде өзге тілде білім алып, өз тарихынан, мәдениетінен, салт-дәстүрден мақұрым адамдардан қорқуымыз керек. Олар туған тілін білуге де ұмтылмайдындығы да шындық. Және олардың ұрпақтары да солай жалғасып келеді. Сондықтан қатал талап қоятын уақыт жетті. Егер ұлт болып ұйып, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпымызды сақтаймыз десек, жас ұрпақ санасына алдымен туған тілде тәрбие берілуі тиіс. Әбден сана-сезімі жетіліп, туған елге деген сезімі оянғанда ғана әлемді таныту артық болмайды. Ұлттық кодтың бұзылуы ел іргесінің ыдырауына да әсер етері сөзсіз. Сондықтан туған тілге деген құрмет, мәдениетімізге, жалпы таным көкжиегіне тигізер әсері зор.

Этос - бұл күштеу механизмдері мен қозғау салатын шешімдерді жүзеге асыру негізінде қауымдық өмірді реттеу мен нықтауға қаратылған іс-әрекеттерде басшылыққа алынатын бастаулар, нұсқаулар, ережелер, үлгілер мен эталондар. Бұл жайт белгілі бір мүдделерді қорғаудан туындайды.

Мәдени жаһандануға әлемнің әртүрлі елдерінің іскери және тұтынушылық мәдениетін жақындастыру мен халықаралық қарым-қатынасты өрістету тән. Бір жағынан бұл әлемдегі кейбір жеке ұлттық мәдениет түрлерін танымал етеді. Екінші жағынан әйгілі халықаралық мәдени құбылыстар ұлттықты ығыстырып немесе оларды ұлтаралыққа айналдыруы мүмкін. Көпшілік мұны ұлттық мәдени құндылықтарды жоғалту деп түсініп, ұлттық мәдениеттің жандануы үшін күреседі. Қазіргі заманғы кинофильмдер экранға әлемнің көптеген елдерінде бір мезгілде шығады, кітаптар аударылып, әртүрлі елдер оқырмандары арасында бір уақытта танымалдыққа ие болады. Мәдени жаһандануда ортақ ғаламтордың таралуы үлкен рөл атқарады. Егер де мәдениетті, ең әуелі, адамдар символикалық қайта қарау тәжірибесі негізінде мағынасын құрастыратын өмірлік салт және тәртіп ретінде қарастыратын болсақ, онда мәдени жаһандану деп мағына құрастыру аясын өзгерту, бірегейлікті, нақты бір жерге тән болуды, жалпы түсініктерді, құндылық, ұмтылыстарды, мифтер мен сенім, қауіпті өзгертуді түсіну керек. Жергілікті дәстүр мен өмір салты қазіргі заманғы кезеңде жаһандық нәтижеге ие, сонымен қоса жаһандық үрдісте жергілікті интервенция жүзеге асады. Алайда жаһандану аясында идеяға консюмеризм бақылауы жан-жақты екендігін ескеру де маңызды. Жаһандық капитализм өз билігіне бағындыруға, телевидение, жарнама, газет, кітап, фильм және т. б. жинақталған барлық идеялар мен материалды өнімді коммерциялау мен коммодифициялауға тырысады. Осыған сай, мәдени тәжірибені жалғастық үрдісі мен одан кейінгі басты фактор-катализаторы сауда экономикасы жағдайында пайда әкелетіннің барлығы коммерциализацияға тәуелді болатын коммерциялық потенциал болып табылады. Бүгінгі әлемде, сондай-ақ Казақстанда, жаһандық мәдениет тәжірибесіне сұраныс пен сән бар деп айтуға болады.

Конвенционалды белгілер, аты айтып тұрғандай, адамдардың өзара келісімге келуі нәтижесінде қалыптасқан белгілер. Ол белгілерді басқашалай, шартты белгілер деп те атай аламыз.

Сақ мәдениеті - ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан. Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Сақ заманында Қазақстан аумағындағы мал өсіретін тайпалардың мәдениеті мен өнері өзінің алдындағы уақытпен салыстырғанда дамудың біршама жоғары сатысына жетті. Темір металлургиясы, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы материалдық және рухани мәдениет түрлерін түбірімен өзгертті.

Ғұн мәдениетіне тән айрықша үлгілер, негізінен, үлкен обалардан алынды. Ғұн дәуірінің ескерткіштерінің келесі топтарына Қазақстан, Орталық Азия, Батыс Сібір, Оралмен Еділдің оңтүстік өлкелеріндегі түрлі жәдігерлер және 4-5 ғ-ларда Еуропаға барған ғұндардан қалған қабірлер мен көмбелер жатады. Шығыстағы тарихи ғұн мәдениетінің таза сипаттағы ескерткіштері бұл өлкелерге тән емес. Жергілікті қаңлы, үйсін, сармат, т. б. мәдениеттердің ескерткіштері тараған. Бұларға шығыстық ғұн элементтері қосылып, кей өлкелерде «кеңқол» тәрізді аралас сипаттағы ескерткіштер тобы пайда болған. Жалпы, шығыстық элементтерден, әсіресе, қару-жарақтағы, қыш ыдыстағы, жекелеген бұйым түрлеріндегі ықпалдарды айтуға болады. Жерлеу ғұрпында да өзгерістер байқалады.

Қазақ мәдениеті - көне Түркі өркениетінің жалғасы.

Қазақ мәдениетінің Түркі өркениетінің тұнық халін сақтауының бір себебі көшпенді өмір салты еді. Қазақтар көшіп қону дәстүрін тастаса да, негізінен қалада емес, ауылдық жерлерде өмір сүріп жатты. Қазақстанның қалаларында орыс мәдениеті үстемдік құрса, ауылдарда қазақ мәдениеті бекем орнықты. Басқаша айтқанда ауыл қазақ мәдениетінің қамалына айналды. Бұл үрдіс Түркия Республикасының қалыптасуында да осылай болған еді. Қазақ мәдениетінің Түркі өркениетінің тұнық халін сақтауының екінші бір себебі география жағынан қазақ елінің Түркі әлемінің нақ

ортасында орналасуы болып табылады.

Қорыта айтқанда, қазақ мәдениеті - Түркі өркениетінің жалғасы, ең тұнық халі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретінде халықаралық аренада өз орнын алуы - бұл мәдениеттің мәңгіге сақталатындығының кепілдігі. Бір мемлекеттің әлемдегі өзіндік орнын белгілейтін тек саяси құрылым ғана емес, мәдени болмыс екендігін қабылдасақ, онда кезінде Ататүріктің Еуропа мен Араб-Парсы әлемінің ортасында өзіндік болмыс дамыту мақсатында Түркия Республикасының негізіне Түрік мәдениетін салғанындай, бүгін Ресей мен Қытай арасында өз елдігін сақтап қалу үшін Қазақстан да Түркі мәдениетін жандандыруы керек. Елбасы Назарбаевтың Түркі өркениетіне көрсетіп отырған қолдауы қазақ елінің мәдениет саясаты дұрыс бағытта ілгерлеп бара жатқандығының айқын көрсеткіші

Мифті кез - келген мәдениеттің бастапқы өмірлік шарты ретінде қарастыруға болады. Өйткені ол арқылы белгілі бір құндылықтық бағдарлар қалыптасыды. Мифтік сана адамға әлемді игеруге, көмектесумен қатар өмір мен тіршілікке тұрақтылық бере отыра оны қорғайды. Мифтік сана беймәлімділік сырына қарамастан белсенді арна. Ол ұлттық өзіндік сананың қалыптасуына қатысады, халық үшін көзқарастың, тіршілік түрлерінің ежелгі принциптерін белгілейді.

Дін адамның рухани шығармашылығының және қоғамның бір саласы болып табылады. Ол адамдар тіршілігінің бір қыры ретінде ол дүниеге, табиғатқа, қоғамға ерекше қатынасын білдіреді және адамның өз-өзінен оқшаулануын жеңуіне көмектеседі. Дін сөз жоқ мәдениеттің маңызды құбылысы. Адамгершілік мәселесі қойылып шешілген жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі нәр алған әлемдік әдебиеттің шығармалары оның ескерткіштеріне айналады. Әлемдік әдебиет, бейнелеу өнері, саз бүгінгі күнге дейін Діни сюжеттер мен тақырыптарды қамтып келеді. Алғашқы мәдениеттанушы -теоретик және мәдениет тарихшысы болып неміс ағартушысы Иоган Герде (1744-1803ж) саналады. Оның «Адамзат тарихының философиясына апаратын идеялар» жұмысын мәдениеттану білімінің бастауы деп атайды. Дін, Гердердің көзқарасы бойынша, мәдениеттің ең көне элементі. Дін барлық халықтарға мәдени және ғылыми білімнің шымылдығын ашты.

Тәңіршілдік наным-сенімі тек түркі халықтардың, соның ішінде қазақ халқының төл діні емес. Бұл - ежелгі барлық қауымдардың ортақ нанымы. Мұндай сенімдер барлық құрлықтарда, әсіресе, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка, Солтүстік Азия және Аустралиядағы бейсауат қауымдарда көне замандардан белгілі болған.

Буддизм- дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б. з. б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет семиотикасы. Мәдениет анатомиясы туралы
Мәдениет семиотикасы. Мәдениет анатомиясы
Семиотика - таңбалар мен таңбалық жүйелер туралы ғылым
Мәдениет таңбалар ретінде
ҚАЗАҚ БОЛМЫСЫНДАҒЫ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОРНЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Мәдениет семиотикасы және анатомиясы туралы деректер
Мәдениет - тарихи құбылыс туралы
Мәдениет семиотикасы
Мәдениет морфологиясы туралы
Педиатриядағы симуляция негізінде оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz