Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып No4. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары.

Орындаған: Асылбекқызы Айдана

Топ: 135

Тексерген: Карбозов Алибек

Талқыланатын сұрақтар:

1. Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері.

2. Бай қожалықтарын тәркілеу және оның әлеуметтік- экономикалық салдарлары.

3. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу. Ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны.

4. Білім беру жүйесінің қалыптасуы. Сауатсыздықпен күрес.

5. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары.

1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру - 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы.

Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 - 1932 ж. ж. ) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты.

Олқиыншылықтар:
1. Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі.
2. Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы. Территорияның 1000 шаршы шақырымына 1 шаршы шақырым темір жолдан келді.
3. Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы. Халықтың 90 % - і шаруалар еді.
4. Жергілікті мамандардың жетіспеуі.
5. Жаңа экономикалық саясат тоқталып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы.
6. Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы.
7. Әміршілдік - төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі.

Осы жағдайлардан өлке экономикасында ауыл шаруашылығының басымдылығы (84, 4%) сақталды. Индустрияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері:

1. Өлкенің техникалық - экономикалық жағынан артта қалуын жою.

2. Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік - техникалық мамандарды қалыптастыру.

Азамат соғысы аяқталған кезде елдің халық шаруашылығының жағдайы өте ауыр еді. Сол себепті 20-ж. Екінші жартысы мен 30ж. Бірінші жартысында Ресейдің алдында тұрған басты міндет мемлекеттің экономикалық дербестігі мен ауыл шаруашылығын қайта құруға қамтамасаз етіп қана қоймай, сонымен бірге елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға мүмкіндік беретін өнеркәсіп қуатын жасау болды. 1930жылы жазында өткен партияның кезекті қарқыны жеделдету туралы шешім қабылданды. Өнеркәсіп өнімнің жылдық өсімі 30 % көлемінде белгіленді. Шын мәнісінде, бұл белгіленген көрсеткіштерді орындауға нақтылы мүмкіншіліктер жоқ болатын.

Нәтижесінде бірінші бесжылдықтың тапсырмаларының көрсеткіштері орындалмады. Дегенмен осы жылдары 1500 аса өнеркәсіп орындары салынды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Және жаңа қалалар мен поселкелер бой түзеді.

Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша бірнеше бағыттағы көзқарастар арасында қызу пікірталас жүрді. Солардың негізгілеріне тоқталып өтейік. Бірінші бағытты жақтаушылар - Қазақстан экономикасының орталыққа тәуелділігін, шикізат көзі ретінде дамуын жақтады. Олар мемлекеттік саясат негізінде, республиканың ерекшеліктерін ескере отырып, “партияның ауыл шаруашылығы шикізат базасы есебінде оның өнімдерін өңдеумен ғана шектелуін, ұсақ өнеркәсіпті дамыту жолын ұстануы бірден-бір дұрыс бағыт” деп мәлімдеді.

Екінші бағыт бойынша - Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде пайдалану дұрыс емес екендігі, мұндағы индустрияландыруды жоғарғы жақтағылардың талабы бойынша жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере отырып, өнеркәсіптер салу негізінде іске асыру керектігі баса айтылды.

Үшінші бағыттағылар - қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. Олар көшпелі өмір - қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы, ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік ерекшелігі. Ал қарқынды түрде индустрияландыру оның ұлттық болмысын бүлдіреді, “түйеден социализмге” тікелей өту мүмкін емес деді.

Келесі, төртінші бағытты жақтаушылар шовинистік көзқараста болды. Олар қазақ халқының индустрияландырудың қарқынына ілесе алатынына күмән келтірді. Қазақтармен “өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындай алмайсың”, “өндірісті қазақтандыру пайда бермейді”, “қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді”, “қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол қайтсе де далаға қашады” және т. б. деп санады.

Бұл соңғы екі бағыт негізсіз, жеткілікті дәлелсіз пікірлерге негізделген еді. Ал алғашқы екі бағытты жақтаушылар арасында күрделі тартыс жүрді. Бірінші бағытты Голощекин мен оның төңірегіндегілер ұстанды. Олар Сталин мен орталықтағы кейбір үкімет мүшелерінен қолдау тапты. Сондықтан бұлар өктемдеу болды. Соған қарамастан екінші бағытты жақтаушылар ой-тұжырымдарының тереңдігімен ерекшеленді.

Индустрияландыру кезіндегі Қазақстандағы ең күрделі құрылыс - Түрксіб темір жолын салуды аяқтау болды. Патша үкіметі Қазақстанды жаулап алу барысында, әскери-стратегиялық мақсатта Орынбор-Ташкент бағытында темір жол салып, оны қазіргі Алматы арқылы Семеймен жалғастыруды көздеді. Бұл елімізді қоршай отырып, тұқырта ұстауды және Қазақстан мен Орта Азия байлығына қызығып отырған басқа да шет елдіктерді енгізбеуді көздеген саясаттың нәтижесінде дүниеге келген еді. Бірақ еліміздің батыс және оңтүстік-батыс бөлігінде темір жол салғанмен, ол бағытты шығыс бөлігі арқылы Сібірмен қосу ісі аяқталмай қалған еді. Патша үкіметі кезінде көптеген талас-тартыс тудырған бұл істі аяқтауды Кеңес үкіметі қолға алды. Ол патша заманындағы Түркістан-Сібір темір жолы атауына қайта ие болды. Бұл жолды салу 1927 ж. қайта қолға алынып, оған екпінді құрылыс айдары тағылды. Орталық үкімет оған үлкен мән беріп отырды. 1928 ж. желтоқсанда БК(б) П ОК мәжілісінде Түрксіб жұмысшыларының тұрмыс жағдайы туралы мәселе арнайы қаралды. Ал 1929 жылғы қаңтарда өткен жиналыста құрылыстағы бұқаралық және мәдени-ағартушылық жұмыстар туралы мәселе талқыланды. Партиялық басшылықты нығайту мақсатында мұнда Солтүстік және Оңтүстік деп аталған екі аудандық партия комитеттері құрылды. Түрксіб құрылысының бастығы болып В. С. Шатов тағайындалды. РСФСР үкіметі жанынан Түрксіб құрылысына көмектесетін арнайы комитет құрылды. Оны РСФСР Халық комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов басқарды. Құрылыс жұмыстарына бірнеше ұлт өкілдерінен құралған 100 мыңдай адам тартылды. Қысы-жазы, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан еңбек еткен олар, сөз жоқ, ерліктің үлгісін көрсетті. Әсіресе қиын да күрделі қара жұмыстар қазақ еңбекшілерінің еншісінде көбірек болды.

Қазақстанда “Кіші Қазан” науқанын жүргізуге ұмтылған Голощекин мен оның төңірегіндегілер қазақ жерінде ірі өнеркәсіп орындарын салуды жақтамады. “Өнеркәсіп саласында ең негізгісі ірілендіру емес, қайта оны жергілікті ұсақ және орташа (жарма тартатын, жүн жуатын, май шайқайтын орындар, жөндеу шеберханалары және т. б. ) деңгейде, яғни бәрін ауыл шаруашылығына байланысты және оны неғұрлым рентабельді ететін деңгейде ұстау”, - деп мәлімдеді олар. Голощекин бұл бағытты 1927 ж. ұсынып, 1930 ж. мамыр-маусым айларында Алматыда өткен VІІ Бүкілқазақтық партия конференциясында тағы да қайталады. Орталық Комитеттің Саяси бюросының мүшелігіне кандидат А. Андреев VІ Бүкілқазақтық партия конференциясында: “Біз КСРО-дағы индустрияландыру мәселесіне әрбір республиканың өз ауыр индустриясын құру, әрбір республиканы бас-басына индустрияландыру жолымен жүрмейміз”, - деп, Кеңес үкіметінің шет аймақтарды орталыққа бағындыру, тәуелді ету саясатын ашық мәлімдеді. Бұл Қазақстандағы Голощекиндік бағытты айқын қолдап, олардың әрекетін күшейте түсті. Соның барысында К. Сарымолдаев: “Қазақстанның алдында да Одақ аумағында шешілетін мәселелер тұр, сондықтан жалпы мәселелерден асатындай өзгешеліктер бізде жоқ”, - деп бұл бағыттың ыңғайымен кетті.

1928 жылы 27 тамызда Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесі мен Орталық Атқару Комитеті «Ірі бай шаруашылықтарын, жартылай феодалдары конфискелеу және жер аудару» декретін қабылдады. Нәтижесінде 657 бай жер аударылып, олардан 145 мың мал алынды. Малдар, негізінен, колхоздарға берілді. Көптеген орташа шаруалар байлардың қатарына жатқызылды.

Елде аграрлық саясатты іске асыру барысында кеңес өкіметі ірі байлардың, «жартылай феодалдардың» ең әуелі малын, сосын еңбек құралын, одан кейін олардың тұратын үйлерін тартып алып, жер аударып жіберуге бағыт алды. 1927 ж. желтоқсанында Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі-ірі байлар шаруашылғын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін комиссия құрылды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды. Оның құрамына О. Исаев, Н. Нұрмақов, Ғ. Тоқжанов, О. Жандосов т. б. кірді. 1928 ж. 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы қабылданып, жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Ауыл-ауылға тікелей мыңнан астам өкіл жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс істеді.

1930 жылғы 19 ақпандағы «Жаппай-ұжымдастыру аудандарында ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруды нығайту жөніндегі және кулактар мен байларға қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы қаулыларын зерттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төралқасы комиссиясының қорытындылары мен ұсыныстары туралы» қаулысы жарияланған болатын. Қаулыда Қазақстан Орталық атқару комитеті мен ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің адамдарды көп құрбандыққа және жаппай саяси жазалауға ұшыратқан шешімдерінің қабылдануы мен орындалуына байланысты мән-жайларға түпкілікті баға беру жөнінде комиссия жасаған қорытындылар мен ұсыныстар негізінен мақұлданған болатын. Қаулыда: «Қазақстан бұрын-соңды болып көрмеген әлеуметтік тәжірибе жүргізетін алып полигонға айналдырылды». Мұнда «артта қалған халықтардың капитализмге соқпай, социализмге өту мүмкіндігі» туралы қатып қалған маркстік жорамалды іске асыруға қылмысты әрекет жасалып, ол Қазақстан этностары тіршілігінің дәстүрлі жүйесін күйретіп тынды және сайып келгенде, тарихтағы бұрын-соңды болып көрмеген апатқа әкеп соқты.

Колхоздастырудың 1929 жылдың орта шенінен басталғаны белгілі. Оның құлаш жаюы Сталиннің сол жылғы 7 қарашадағы "Правда" газетінде "Ұлы бетбұрыс" деп аталатын мақаласының шығуымен тұспа-тұс келді. Мұның алдында кулактарға шабуыл жөніндегі нұсқаулар негізінде Қазақстанда байлардың шаруашылықтарын тәркілеу аяқ-талған болатын. Енді жана экономикалық саясат негізінде жүргізілген шаруаларды кооперациялау ісі мемлекет бағыттап отырған күшпен ұжымдастыру шарасына орын берді. Ал, бұл шара шаруа қауымының игілігін ойлаудан тумады, тек индустрияландыру процесін қамтамасыз ету мақсатын қана көздеді. Сөйтіп, 20-30 жж. жаңа экономикалык саясатын дамыту бағыты тұйықталып тасталды. Ондаған жылдар бойына экономика мен қоғамдық саяси өмірде тек "күштеу" шарасының рухы үстемдік етті.

Орталықпен (Мәскеу) Қазақстан ұжымдастару науқаны 1932 жылдың көктемінде аяқталуы тиіс аудандар тобына жатқызылды. Ал республикалық партиялық және кеңестік органдарда ұжымдастыруды осы қысқа мерзімнен бұрын аяқтау міндеті алға қойылды. Нәтижесінде жергілікті кеңесті функционерлер пайыздық көрсеткіштер ауруына шалдығып, аудандар, округтер, ұжымшаруашылықтары бір-бірімен жарысқа түсіп, жергілікті газеттер «еңбек майданындағы» кезекті рекордтарды жариялауға үлгере алмай жатты. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық жеке шаруашылықтардың 2% ғана ұжымдастырудан өтсе, 1930 жылдың сәуір айында 50, 5%, ал 1931 жылдың қазан айында шамамен 65% ұжымдастырылды. 1931 жылдың күзіне қарай 122 аудандардың 78 ауданы ұжымдастырудан өтті. Ұжымдастыру барысында бай-кулактарды кәмпескелеудің нақты көлемін анықтау қиынға соғады. Бізге тек 1930-1931 жылдар аралағында Қазақстаннан шеткері аймақтарға жер аударылған адамдардың саны 6765 жеткен белгілі. Сонымен бірге өзге аймақтардан Қазақстанға 180 015 жер аударылды. Кәмпескелеу идеологиясы таптық күресті қолдан жандандырып, саяси қуғын-сүргін нәубітіне ұласты. 1932 жылдың 7 тамызында «Мемлекеттік кәсіпорындар, ұжымшарлар мен кооперациялардың мүлкін қорғау және қоғамдық (социалистік) меншікті нығайту жөнінде» заң шықты. Бұл заң идеологиялық қарсыластарды жазалауға бағытталған нағыз антиконституциялық заң еді. Наразы болған немесе бидай қаптарын тапсыра алмаған адамдар 10 жылға сотталып, барлық мүлкісі тәркіленетін болды. Осы заң қолданысқа енген жылында-ақ Қазақстанда 33 345 адам сотталды. 1929 -1932 жылдар аралығында Қазақстанда ОГПУ үштігімен 9805 қарастырылып, 22933 адам сотталып, олардың 3386 адамы ату жазасына кесілді.

1919 жылы 26 желтоксанда РКФСР ХКК қабылдаған «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декреті бұл мәселе бойынша негізгі міндеттерді белгілеп берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның экономикалық аймақтары және олардың басылым беттерінде жарық көруі
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиетіндегі зар заман өкілдері
«Зар заман» ағымы ақындарының әдеби мұрасы
Қазақстан «Хрущевтік жылымық» жылдарында (1953 – 1964 жж.)
Қазақстанда ашаршылық жылдары
Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан
Ұжымдастыру жылдары
1946-1970 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайы
Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz