Азаматтық құқықтарды қорғау, азаматтық құқықтағы мерзімдер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Тақырыбы:Азаматтық құқықтарды қорғау,азаматтық құқықтағы мерзімдер
Факультеті:Заң
Топ: 204
Орындаған: Андрей Жандос
Тексерген: Мұқалдиева Гулия Бөкешқызы

Алматы 2020жыл
Мазмұны
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
3.Қортынды
4.Қолданылған әдебиеттер

Азаматтық құқықтарды қорғау - бұл азаматтық және азаматтық ic жүргізу құқығы теориясындағы маңызды категориялардың бipi болып табылады. Бұл категорияның мәнін ұғынбау азаматтық, құқықтық санкциялардың сипаты мен ерекшеліктерін, оларды жүзеге асыру механизмі мен азаматтық, құқықтық бұзылуымен байланысты туындайтын өзге де мәселелерді түсінуге қиындық туғызады.
Азаматтық айналым субъектілердің нақты азаматтық құқықтарын ғана танып қоймайды, сонымен қатар олардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді. Заттық құқықтар мен меншік құқығы ішінара шектеу болып табылмайды. Меншік құқығын қорғау институтына римдік жеке құқық кезеңінен бастап маңызды мағына берілген. Ал римдік жеке құқық аппараттық түсініктің негізін қалыптастырды.
Бұл зерттеудің маңыздылығы мынада көрініс табады, яғни меншіктің экономикалық қатынастары әрбір қоғамның негізін құрады, ал құқықтық реттеу осы қатынастырды бекітетін, реттейтін және қорғайтын нормалардың жүйесі ретінде пайда болады және сақталады. Қазіргі Қазақстан жағдайында меншік айрықша мағынаға ие, себебі, ол саяси және экономикалық өзгерістің түбегейлі базисі, демократияның қайнар көзі, сонымен қатар құқықтық мемлекетті құрудың негізгі шарты болып табылады. Сол себепті меншік қатынастарын қорғау барлық құқықтық жүйенің маңызды мақсаты болып табылады. Қазақстан Республикасында жекеменшік құқығының әрекет етуінің фундаментальді кепілі Конституцияның 6-бабында бекітілген, яғни Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жекеменшік танылады және бірдей қорғалады
Бұл норма жоғарғы адамзат құндылығының құқықтары мен бостандықтарын жариялаумен тығыз байланысты, ал оларды тану, сақтау және қорғау мемлекеттің міндеті және экономикалық жүйеде жекеменшік үшін тиімді жеке қызығушылықты сақтауға тырысады және оған ерекше көңіл бөледі.
Сөздің кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жол берілмейтіндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртібін мемлекеттің қолдауын айтамыз.
Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтары қалпына келтіруді қамтамасыз ету принципі, оларды сот арқылы қорғау азаматтық заңның негізгі бастауы ретінде айтылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 2-бабы)
Қатысушылардың қарауындағы субъективті азаматтық құқықтар тек қана нақты жүзеге асырылуға тиіс емес, сонымен бірге олар субъективтік құқықтың бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтіруді, бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдан проф. В.П. Грибановтың мынадай пікірі көңілге қонады: құқық қорғау сипатының мүмкіндігі оның құқық өкілеттігі ретінде субъективтік материалдық талаптар мазмұнының өзімен белгіленеді
Демек кез келген субъективті азаматтық құқық қорғауға жатады, сонымен бірге осы құқықтың жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегімен оны қорғауға тиісті құқықты еншілейді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 15-тарауының шеңберінде азаматтық құқықтағы қорғануды кең мағынадағы меншік иесінің мүддесін қорғаудан айыра білу керек. Кең мағынада меншік иесінің мүддесін қорғау екі негізгі нысанға бөлінеді: юрисдикциялық және юрисдикциялық емес.
Қорғаудың юрисдикциялық түрі субъективті құқықтар бұзылғанда немесе дауға түскенде өкілетті мемлекеттік органдардың оны қорғауға араласуы болып табылады. Құқығы немесе заңдық мүддесі бұзылған тұста мемлекеттік немесе басқа да құзіретті органдарға (сот, аралық сот, жоғары инстанция және т.б.) шағымданады, әлгі аталған органдар өз кезегінде бұзылған құқықты қалпына келтіру және бұзықшылықты жою үшін өкілеттігіне сай қажетті шараларды қолданады.
Қорғаудың юрисдикциялық нысаны бұзылған құқықтарды қорғаудың жалпы және арнайы тәртібін белгілейді. Жалпы тәртіпке сәйкес заңмен қорғалатын азаматтық құқықтардың мүддесін қорғау сот (төрелік немесе аралық сот) арқылы жүзеге асады.
ҚР Азаматтық кодекстің 9-бабы жалпы тәртіппен қатар әкімшілік тәртібін де қарастырған. Әкімшілік тәртіппен жүзеге асырылатын меншік иесінің құқығын қорғау құралы шағым болып табылады, ол құқық бұзушылық нәтижесінде зардап шеккен құқық иесінің мүддесін қорғауға орай тиісті өкілетті органға беріледі.
Кейбір заңдарда аралас, яғни меншік құқығы мен басқа да заттық құқық қорғаудың әкімшілік сот тәртібін қолданады. Мұндай жағдайда мүліктің меншік иесі мен иеленушісі сотқа шағынбас бұрын мемлекеттік басқару органына шағымданады.
Қорғаудың юрисдикциялық емес нысаны заттың меншік иесі мен оны иеленушісінің мемлекеттік және басқа құзіретті органға бармай-ақ өз бетімен қорғауын білдіреді. ҚР Азаматтық кодекстің тұжырымдарында аталған әрекеттер азаматтық құқықтардың өзін-өзі қорғауы ұғымымен байланысты (АК-тің 9-бабы) және меншік құқығы мен басқа заттық құқықтарды қорғаудың бір әдісі ретінде қаралады.
Азаматтық құқықтың өзін-өзі қорғауы өзінің заңды табиғатында құқық қорғау әдісі болып табылмайтын өзіндік нысанын еншілейді деген пікір де бар. Мәселен, проф. А.П. Сергеев қорғанудың дербес түрі ретінде өзін-өзі қорғау құқығы сот және әкімшілік нысандарымен бірдей қаралуы керек дейді. Біздің де пікірімізше, өзін-өзі қорғау құқығына ешкімнің тиіспейтіндігін қамтамасыз етуге, бұзылған құқықты қалпына келтіріп, оның салдарын жоюға бағытталған өкілетті тұлғаның заң немесе шарт негізінде әрекет етуге жол берілген азаматтық құқықты қорғаудың дербес нысаны болып табылады.
Жоғарыда айтылған құқықтық қорғаудың кең мағынасын меншік құқығын қорғаудың (және басқа да заттық құқықтың) арнайы құрал жүйесінен айыра білуі керек. Мұндай арнайы қорғану құқық бұзушылықтың сипатына байланысты келеді. Меншіктің абсолютті құқығы немесе басқа да заттық құқығы (мысалы, мүлікті алып қою) ретінде тікелей құқық бұзушылық кезінде заттық-құқықтық сипаты бар құралдары оны қорғауға кіріседі. Құқық бұзушы мен өкілетті тұлға арасында міндеттемелік қатынас болған ретте (мысалы, жалға алушы шартта көрсетілген мерзімде затты меншік иесіне қайтаруға тиіс болса) міндеттемелік құқықтың қорғау құралдары қолданылады. Міндеттемелік-құқық құралы талап қоюға тән нәрсе, ол бірден меншік құқығынан көріне бермейді, азаматтық құқықтың басқа институттарына негізделеді, яғни міндеттемелік талап қою меншік құқығын тікелей емес, соңында, яғни ақыр аяғында қорғайды. Ал меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық құралы меншік құқығын қорғауға тікелей бағытталуымен сипатталады және қандай да бір нақты міндеттемемен байланыста болмайды. ҚР-ның заңдары жәбірленушінің құқық бұзушыға қарсы талап қою түрін таңдау мүмкіндігін (айталық, шарттық немесе заттық-құқықтық) бермейді, бұл орайда шетелдердегі талап қою бәсекесі деп аталатын жағдайларды қолдамайды.
Азаматтық құқық институттарының әр түрінен туындайтын не заттық-құқықтық, не міндеттемелікке жатпайтын ерекше қорғау тобы белгіленген. Мысалы, хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе өлді деп жарияланған адамдардың меншікке мүліктік құқықтарын қорғау (ҚР АК-тің 29, 32-баптары), кепіл ұстаушының жауапкершілігі туралы және т.б. болып табылады.
Азаматтық құқықты қорғаудың жаңа құралдары ҚР АК-тің 9-10 баптарында қарастырылған. Бұл баптарда бұрын-соңды заңдарда қаралмаған жолдары көрсетілген. Мысалы, моральдық зиянды өтеу, яғни тұлғалардың өзіндік мүліктік емес иеліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемітілуі немесе олардан айырылуы, соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген жан азабы немесе тән азабы. Моральдық шығын ақшалай нысанда төленеді. Екінші бір жағдай, ол мемлекеттік билік органының заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекетімен (яки әрекетсіздігімен) келтірілген залалды өтеу механизмі енгізілген (ҚР АК 9-баптың 5-тармағы). Азаматтық-құқықтық қорғаудың әдістері дегеніміз: а) зат иесінің ол затты біреудің заңсыз иеленуінен өзіне зат күйінде қайтарылуын талап етуі (виндикация); ә) иемдену еркінен айырмайақ заңды пайдалануға жасалып отырған кедергіні жоюды талап ету (негаторлық талап); б)затты жойып жіберген немесе бүлдірген жағдайда зиянның (шығынның) орнын толтыру (ақшалай құнын өтеу); в) басқа бір адам негізсіз ие болған немесе сақтап қалған, виндикация жолымен немесе зиянның орнын толтыру арқылы қайтарып алуға болмайтын заттың құнын зат иесіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талап қою мерзімінің өтуі
Мерзімді есептеу тәртібі
Азаматтық құқықтағы құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі және түрлері
Мерзімдердің түрлері
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шарттары
Азаматтық құқықтағы мерзім түсінігі, түрлері
Талап мерзімі және мерзімді есептеу
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ
Пәндер