Антик философиясының өкілдері туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Өскемен жоғарғы Политехникалық колледжі

Реферат
Тақырыбы: Антик философиясының өкілдері

Орындыған: Кабимулданов Дастан.А
Тексерген:Баданкулова.Жанерке
Группа: 19ЭП-2к
Өскемен 2020ж

Жоспар:
1)Кіріспе
2)Тұлға,өмір баяны,деректері
3)Қорытынды
4)пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе:
Антик философиясы деген мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. Антик сөзінің латын тілінен аударғанда көне деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстық көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық щеңберіне келетін болсақ, антик философиясын өзнің бастауын б.з.д. VІІ - VІ ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик фиософиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика; классикалық грек филсофиясы; эллиндік грек философиясы.
Тұлға:
Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) - Милет қаласынан шыққан грек философы және саяси қайраткері. Аңыз бойынша ерте грек жеріндегі жеті данышпанның бірі. Мысыр және Вавилонда математика және астрономия ғылымдарымен танысады. Б.д.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың биіктігін анықтайды.
Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбенің (календарь) жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялы-материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал.
Ол заттардың алуандылығынан бірегей бастапқы негіз іздеп, оны материалды, нақты зат деп есептеді. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы - су деген пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді.
Өмірбаяны:
Милеттік Фалес (грек: Θαλῆς ὁ Μιλήσιος, Thales, б.з.д. 624 ж. - б.з.д. 546 ж.), Ежелгі грекияның әйгілі абызы, ғалымы, философы, Сократқа дейінгі жаратылыстану философтарының бастаушысы, Кіші Азиядаы (Қазіргі Түркиядағы) Ионияның Милет қаласында милет ағымының бастаушысы болған. Грек жеті әулиесінің бірі деп құрметтелген. Батыс мәдениеті тарихында тұңғыш аты сақталған ойшыл ретінде бағаланады. "Ғылым мен философияның атасы" делінеді. Фалестің әлемге мәшүр Анаксимандр Анаксимен делінетін екі шәкірті болған. Олардың атағы да Грек даналығы тарихында айырықша аталады. Фалес б.з.д. 585 ж. күн тұтылатынын күні бұрын дәл болжаған. Ол гректерге бір жылдың 365 күн болатынын түсіндірген ғалым. Жылдың 365 күн болатынын ежелгі Бабилондықтар 5000 жыл бұрын ойлап тапқан екен, олар жылды 360 күнге бөліп, қалған 5 күнді тойлаған. Жеті күндік апта да сол Бабилондықтардікі. Және шеңбердің 360 градусы да солардікі.
Фалес күн мен айдың мөлшері туралы да айтқан. Ол жұлдыздарға сүйеніп, теңіздегі кеменің жағалаудан қаншалық қашықтықта екенін дәл есептеген.
Фалес және Пирамиданың тік биіктігін көлеңкесі арқылы есептеу жолын ашқан.
Ол табиғаттың бойында бұлқынған жанды тірі күш бар деп сенген, "магниттің темірді тартуын сол жанның құдіреті" - деп түсіндірген. Мұны әдетте "Гилозоизм" - табиғатта жан бар - деп атайды.
"Фалес" теоремасы күні бүгінге дейін атақты.
Деректер:
Бірде, жазда Фалес саудагер ретінде Египетке барыпты. Оның қабілетін сынап көргісі келген Египет ғұламалары одан пирамида биіктігін өлшеп беруін сұрапты. Фалес: "егер ертең Мысыр Перғауыны өзі келер болса, өлшеп берейін" депті. Перғауын мұны естіп, ертесі пирамиданың қасына келіпті. Жұрт жиналған соң, Фалес алдымен пирамиданың ең ұзын көлеңкесін өлшепті. Сосын, сонда тұрған бір адамның бойының биіктігі мен оның да көлеңкесінің ұзындығын өлшепті. Сосын ол адам бойының биіктігі мен көлеңкесінің ұзындығының салыстырмасын және белгілі болған пирамида көлеңкесінің ұзындық шамасын пайдаланып пирамида биіктігін оп-оңай есептеп беріпті. Бұған таң ғалған Мысыр ғалымдары оған Оракл (ғұлама) атағын беріпті. Кейін пифагордың пифагор теориясын тапқырлауына да Фалестің осы әдісі көмектескені анық.
Бірде, Фалес қас қарайған кезде жұлдыздарға қарап ойланып келе жатып аяғының астындағы көлшікке шалынып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі
Антик философиясының кезеңдері
Антик философиясы туралы ақпарат
Антик философиясы туралы
Антикалық дәуірдің философиялық ізденістеріндегі ғылыми білімнің жүйеленуі
Ежелгі Грекия дүниетанымының жаңа формасы
Антик философиясының дамуы
Сократ философиясы
Ғылымның қазіргі кезеңінің ерекшеліктері
Философиялық ой дамуының бастапқы кезеңі
Пәндер