Әл-Фарабидың еңбектеріндегі бақыт ұғымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті

Филология және әлем тілдері факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы

ЭССЕ
Тақырыбы: Әл-Фарабидың еңбектеріндегі "бақыт" ұғымы

Орындаған: Келдос Ляззат
Қабылдаған: Өмірбекова Жұлдыз

Алматы, 2020 жыл
Ғұлама ғалым, ойшыл, философ әл-Фарабидің айтуы бойынша Адам - бақытты парасаттық теориялық күш арқылы таниды және танып біледі. Бұл адам алғашқыны және бірінші білімді пайдаланып және танығанда болады. Талпынғыш күш арқылы бақытқа жету жолдарын іздейді, ал парасатты практикалық күш көмегімен оған жету үшін үшін қандай әрекет жасау керектігін толғанады. Талпынғыш күштердің құрал әдістер арқылы, толғаныс арқылы білген әрекеттерді жасайды. Қиялдау және сезімтал күштер парасатты күшке көмек береді және дайындайды, адамды бақытқа жету жолына әсер ететін әрекеттерге итермелейді, тек содан кейін ғана адам толық игілікке жетеді.
Жалпы, Фарабидің ұстанымдарын қарай келе, тұжырымдасақ, оның ойынша бақыт адам өмірінің маңызды мақсаты ретінде бір жағынан осы адамдар тұратын нақтылы дүниеде қол жетерлік болуы керек. Ал екінші жағынан жан бақытқа жетуі және толық жетілуі үшін тәннен ажырауы керек. Мұндай ажырату, тәннің өліп, ал жанның ары қарай өмір сүруін емес, жанның ендігі жерде өз тіршілігі үшін тән сияқты материалды негізді қажет етпейтінін көрсетеді. Адамға ғана жан қатысты, яғни теориялық парасат қана ажырай алады. Тәнге тәуелді танымдық күштерден тәуелсіз жан басқа өмірге өтеді. Осыдан жанның бөлінуі немесе ажырауы дегеніміз, адамға тән теориялық парасат абстракциялы ойлай алады және біздің сезімталдығымыздан тәуелсіз екендігі шығады. Мұндай ажырау және жан тазалығы оны мәңгілікке жеткізеді және ақиқат танымға кепілдік береді. Тән әрекеті парасатқа қосылып, жан ай астындағы әлемнің заттарын танып қана қоймай, Алғашқы болмысты, өзін тануды ұсынады. Осы мәңгілік және өзгеріс білімді игеру адамды жетілудің шегіне, бұл адам өмір сүруінің жоғары мәні, яғни бақыт немесе абсолютты игілікке алып келеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ал Бақыт термині ойшылдың әлеуметтік философиясы және этикасындағы орталық түсінік болып табылады. Бақытқа жол сілтеу трактатында әл-Фараби бақытқа жеткесін біз басқа мақсатқа жетуге, ұмтылуға қажет етпейтінімізді көреміз, яғни бұдан шығатын қорытынды, бақыт біз үшін және ешқашан біреу үшін болмайды. Бақыт ең тартымды, ең үлкен және ең жетілген игіліктердің бірі, деп жазды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сондықтан да Бақыт, әл-Фараби пікірінше, көп мәнді және барлық түсініктер секілді көпмағыналы және көп деңгейлі болып келеді. Ол белгілі бір анықтама немесе өлшемге келмейді, бірақ әл-Фараби адам немесе топтың бақытты өзінше түсінетінін жоққа шығармайды. Бақытқа жол сілтеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл-Фарабидың Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе дайындау
Данышпан, философ, энциколопедист, әдебиетші, ақын Әл-Фараби
Әл Фараби тарихи мұралары
Қазақ даласының жұлдыздары
Әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері
Әл-Фарабидің рухани мұрасы
Әбу Насыр Әл-Фараби өмірбаяны
Ғалымдар энциколопедиясы
Әл-Фарабидың «философиялық трактаттары»
. Әл-Фараби жайлы
Пәндер