Білім берудегі құзыреттілік тәсіл


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

«МИРАС»

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Білім берудегі құзыреттілік тәсіл

Тобы:ПМ-911к-1

Аты-жөні:Тастанбек Ақмарал

Қабылдаған:Утеева. Г

Қазіргі кезде мектепте білім беруді дамыту негізіне құзыреттілік тәсілге сүйену ұсынылып отыр. Құзыреттілік тәсілде басты назар білім нәтижесіне аударылды әрі оқытудан күтілетін нәтиже ретінде оқушы игерген ақпараттар жиынтығы емес, оның түрлі проблемалық жағдаяттарда әрекет ету қабіліттілігі қарастырылады. Мұнда өзекті ұғым ретінде «түйінді құзіреттер» термині енгізілген, яғни құзыреттілік тәсілі тұрғысынан білім беру қызметінің негізгі тікелей нәтижесі түйінді құзыреттерді қалаптастыруға келіп саяды.

Құзыретілік оқу нәтижелерімен қатар оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері және құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді әрі ол оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір тәжірибелік және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін сипаттайды. Бұл, ең әуелі, мектепте оқыту үрдісі кезінде қалыптасады. Оқушылардың құзіреттілігі - оқу үрдісінің негізгі сапа көрсеткіші, оның жетістігі қойылған педагогикалық мақсатқа жету болып табылады. Демек, оқытудың сапасын

күтілетін нәтижелер тұрғысынан жетілдіруді оқытудаға кұзыреттілік тәсіл қамтамасыз ететін болғандықтан, оны жүзеге асыру үшін білім мазмұнынан білім, біліктілік, дағдылығы, шығармашылық іс-әрекет тәсілдері мен эмоционалдық-құндылық қатынастар тәжірибесіне негізделген түйінді құзыреттерді ажыратып алу қажет.

Оқушылардың құзыреттілігі мынадай үш деңгейде ажыратылады:

- Базалық құзыреттілік

- Түйінді құзыреттілік

- Пәндік кұзыреттілік

Мұндағы базалық құзыреттілік білім салалары мен оқу пәндері деңгейінде оқытудың әрбір сатысы үшін нақтыланады. Базалық жэне түйінді құзыреттілік құндылық-бағдарланған

пәндік ақпараттық, іс-әрекетгік коммуникативтік сияқты тұлғалық маңызды іс-әрекетте керініс табады.

Түйінді кұзыреттіліктің интегративті сипаты бар, өйткені олар мәдениет пен іс-әрекеттің кең ауқымына жататын.

Пәндік құзыреттілік оқу пәндері шеңберінде қалыптасады жэне нақты сипатталады.

Бүгінгі таңда мектептегі білім берудің мақсатын кайта қарап, ұғыну, мұғалім мен оқушы жұмысының мазмұны мен формаларының түбегейлі өзгеруі, білім беру процесінің субъектілері арасындағы өзара қарым -қатынастардың сипатының өзгеруі болып отыр. 12 жылдық білім беруге, білімнің жаңа сапасына бейімделген жаңа стандарттар дайындалып, оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасалып жатыр. Білім, іскерлік, дағды, қалыптасқан түйінді құзыреттіліктер жэне әлеуметтенудің нәтижелері ретіндегі білім берудің жаңа нәтижелері барлық білім салаларында, оқу пәндерінің мазмұнында көрініс тапқан. Құзыреттілікке бағытталған білім беру 12-жылдық жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті білім беру стандартының басты идеясы.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғыртумен қоса жүзеге асыру мақсаты айқындалған.

Қазіргі мектептің бастауыш мектеп түлегі кез -келген ақпаратты түсіндіретін, өз ойын рәсімдейтін, үлгіде берілген мэтінді баяндайтын, ақпаратты берілген негізге сүйене отырып жіктейтін, үсынылған ақпаратгы тапсырмаға сәйкес түсіндіретін, баяндаманың жоспарын өз бетімен дайындайтын деңгейге жеткенде ауызша және жазбаша сейлеуді еркін меңгерген, сауатты тұлға болып қалыптасады. Жалпы адамзаттық қүндылықтарды білетін тұлға болып қалыптасу үшін оқушы адам, азамат, елжанды, үжымшыл деген түсініктердің мәнін түсінетін, балалар ұжымындағы мінез - ұлықтың этикалық нормаларын сақтайтын, «қоғамдық субъекті» ретінде жаңа әлеуметтік мәнді рөлін игерген, еңбектің рөлін түсінетін, өзін-өзі бағалайтын дәрежеге жету қажет.

Білім білік, дағдылардың, қалыптасқан негізгі құзыреттіліктердің, әлеуметтік дағдылардың негізінде тұлғаның алдына қойған мақсатгарына жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді пайдалануға дайындығынан көрінетін құзырет-білім берудің негізгі нәтижесі болып табылады. 12 жылдық мерзіммен оқытатын жалпы орта білім беру нәтижелері түріндегі -проблеманың шешімін табу құзыреттілігі; ақпараттық құзыреттілік; коммуникативтік кұзыреттіліктер жиынтығы.

Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мәселенің бірі элемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр.

Білім берудің бұл моделі әлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. Бұл - соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам қоғам өмірінің әртүрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаган жағдай. Сондықтан жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тәрбиелеу үшін оларға жаңа мазмұнның, жоғары деңгейде білім беру қажет.

Осындай өзекті мәселені шешу үшін дүниежүзілік қауымдастық 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде. Ендеше біз де, әлемдік тұтастықгың бірі ретінде, бұл мәселеден шет қала алмаймыз. Керісінше, біз Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне үйлестіруге мейлінше ұмтылуымыз қажет.

Еуропа Кеңесінің Декларациясына (1992) сай дүниежүзінде 136 мемлекетте 12-жылдық

білім жүргізілуде. оның ішінде АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Финляндия. ТМД елдерінен Украина, Өзбекстан, Балтық мемлекетгері көшті.

12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шыгармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. 12 жылдық білім беру ерекшелігі:

• Білім беру парадигмасының өзгеруі:

Білім, білік, дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан -құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысу.

• Оқушылардың денсаулығын сақтау проблемасы

• Оқушы түлғасын әлеуметгендіру

• Білім сапасын арттыру

• Отандық құжаттарымызды шетел мемлекетерінің талаптарына сәйкестендіру:

Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.

12 жылдық мектепте оқытуды ұйымдастыру жалпы дидактикалық ұ с т а н ы м д а р м е н бірге шешуші мәні бар мынадай принциптерге ие болады:

- жеке тұлғаның жас және психофизиологиялық даму ерекшелігінің ескерілуі;

- күтілген нәтижеге жетуге бағдарлығы;

- ашықтығы;

- интерактивтігі.

12 жылдық жалпы орта білім берудің кұрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі

ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады:

- жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі;

- күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағытгылығы;

- оқытудың сабақтастығы;

- әрбір оқыту сатысының даралығы;

Жалпы 12 жылдық орта білімге көшу барысында мына мәселелерге аса көңіл аударылып отыр:

1. Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас

ерекшелігіне сәйкестігі.

2. Мұғалімдердің білім беру барысында қолданатын әдіс-тәсілдерінің оқушылармен

жұмыс тиімділігін артгыруға мүмкіндік туғызу жағдайы.

3. Бірінші сынып оқушыларына білім берудің ойын әрекетіне негізделіп, біртіндеп оқу

рекетіне көшу талабының орындалуы, алты жасар баланың ерекшеліктерін ескеру

мүмкіндігі.

4. Оқушының ойы мен тілін дамытудың, олардың еркін сөйлеуін, пікір сайысына қатысу

деңгейін байқау.

5. Берілетін білімнің өмірмен, ұлттық салт-дәстүрлермен, жергілікгі өлкетану

материалдарымен байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігі.

6. Білім беру барысында мұғалімнің бақылау, тәжірибе әдістерін ұтымды жерінде қолдана

білу шеберлігі.

7. Сабақ мерзімінің 30-35 минутган аспауы.

8. Мұғалімнің оқу-әдістемелік кешендерді пайдалану жэне оған талдау жасау шеберлігі.

9. Мектеп басшылары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан эксперименттік сыныптар

мұғалімдеріне көмек беру деңгейі.

12 жылдық оқытуға көшу жалпы алғанда қазақстандық білім беруді реформалаудың

стратегиялық мақсатын: білім берудің ойлы, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруга

бағдарланған жаңа ұлттық үлгісін дамытуға, «баршаға білім беру» үлгісінен» әрбір адамға өмір

бойында білім беру» үлгісіне өтуге мүмкіндік береді жэне әлемдік білім беру кеңістігіне жедел

енуді қамтамасыз етеді.

Еліміздегі қазіргі білім саласын заман талабына сай дамыту керек екендігі күмэн

туғызбайды. 1997 жылы әлемдік білім кеңістігіне кіру туралы Лиссабон конвенциясына ТМД

елдерінің ішінде Қазақстанда қол қойды. Бұл құжатты қабылдау жоғары білім берудің сапасын

одан әрі жақсарту мақсатында орта жалпы білім берудің мерзімін ұзартуды талап етеді. Білім

мен ғылым - әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы, прогресске апаратын жол десек,

12 жылдық білім беру жүйесі - бүгінгі күн талабынан туындап отырған өзекті мәселе.

Мұндай талпыныстар біздің елімізде де жүріп жатыр. Республикамыздың Білім және

ғылым министрлігі 12 жылдық білім беруге жаппай көшуді 2015 ж. қалдырды. ҚР 12 жылдық

жалпы орта білім беру тұжырымдамасының бірнеше бөлімі - білім беру мазмұнын

жанартудың негізгі бағыттары, білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері,

педагогикалық кадрлардың кұзіреттіліктеріне арналған. Осы бөлімдерде педагог кадрлерге 21

ғасырдың мұғалімі қандай болу керек, келешекте өзіне қандай талап қою керектігі анық

көрстілген. Білім берудің қандай түрі болмасын мұғалім - басты, әрі шешуші тұлға.

Тұжырымдамада нәтижеге бағдарланган білім беру моделінде оқытудағы мұғалімнің

оқыту процесін ұйымдастырудағы негізгі мақсаттары көрсетіледі: оқу процесінің нақты

мақсаттарын ұйымдастыру, білім беру стандартгарының талаптарына сәйкес конструкциялау,

ақпараттық ортаны анықтау, ұсыну, бағыт беру. Оқушыға колдау көрсету және

психологиялық жағымды орта құру, білім алу кеңістігін кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру,

нәтижелерді бағалау, қойылған мақсаттарга жетуге багытталған оқытуды уақытында түзету.

Осы мақсатгарды орындап шығу үшін әрине өз ісіне берілген, кәсіби маман кажет. 12 жылдық мектептің педагоқа өзін жоғары деңгейде қалыптастырудың бірнеше кұзіреттілігін игеруге міндетті.

Арнайы құзіреттілік - өзінің кәсіби қызметпен жогары деңгейде айналысатын және өзінің

кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет.

Мұғалім үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытудың модульдік, рейтингтік жүйе,

дамыта оқыту, сын түрғысынан ойлау технологияларының әдіс-тәсілдерін өз ізденісі арқылы

оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданғаны жөн. Сонымен қатар

психологиялық-педагогикалық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін өз ісінде шебер

пайдалана білетін болуы керек. Оқушының кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуға тиіс.

Әлеуметтік құзіреттілік - бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті (ұжыммен,

топпен), қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым - қатынас тэсілдерін қолдана

білу. Яғни, мұгалім окушылармен қарым - қатынаста тактикасын баланың жасы, рухани өсуіне

байланысты өзгертіп отыруы керек. Оқушыларды топтық, ұжымдық жұмыстар жасай алуға,

соның ішінде жеке тұлғаның дамуына мән беруі керек.

Білім беру құзіреттілігі - білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат

қоюшылықты игеруге деген қызығушылык және білім беру қызметінде субьектілік пен

креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық жэне әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Әрине, мұгалімдікке кездейсоқ адамдар келмеуі керек.

Мұгалімдік маман атына лайық болуы керек. Мұғалім оқушыға қай жағынан болсын өзін-өзі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби құзыреттілік мәселесі
Құзыреттілік – білім мен мүмкіндіктің бірігуі
Педагогикалық құзыреттілік
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Оқушылардың креативтік құзыреттіліктерін сыныптан тыс дамыту
Оқушыларды сыныптан тыс креативтік шығармашылыққа баулу
Көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру
Құзыреттіліктерді дамытудағы жоба технологиясының мәні
Қазіргі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің құрамды бөліктері
Биология сабағында сыни ойлау арқылы оқушы құзыреттілігін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz