Павлодар-Ертіс өңірінің тас ғасыры: энеолит кезеңі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Павлодар-Ертіс өңірінің тас ғасыры: энеолит кезеңі.

Кешегі өткен жаужүрек ата-бабаларымыздың ел мен жерге деген зор сүйіспеншілігінің арқасында ұлттық құндылықтарымыз ұлықтап, салт-дәстүріміз сақталып, ұшқан құстың қанаты талатын дархан ұлттар мен ұлыстардың бірлігі бекемделіп келеді. Бұл дархан даламыздың ұлы да ұлағатты жерлері өте көп. Соның бірі Сарыарқаның жүрегі болып табылтын Павлодар-Ертіс өңірінің таңғажайып және қайталанбас тарихы бар көне өркениеттің бір бөлігі екендігі баршаңызға мәлім. Біздің ел - Елдік қасиетін бойына жинаған алқалы билер Едіге мен Шоңның, шешен мен ділмарлар Бұхар мен Көтештің, ел іргесі сөгілер тұста ерлігімен ел қорғаған батырлар Малайсары мен Жасыбайдың, біртуарлар Мәшһүр Жүсіп пен Жүсіпбектің, атаңгер ақындар Сұлтанмаһмұт пен Исаның, әсем сазды әншілер Майра мен Қалидың, Иманжүсіп пен Жарлығапбердінің, бармағынан бал тамған дәулескер күйшілер Рүстембек Омаров пен Момын Әмірбековтың кіндік қаны тамған дарынға да, данаға да бай, киелі өлке.

Менің бұл мақалада қозғайтын тақырыбым «Павлодар-Ертіс» өңірінің тас ғасыры: энеолит кезеңі. Энеолит кезеңі неолит пен қола дәуірінің арасын қамтитын археологиялық кезең. Энеолитте тұңғыш рет таза мыс белгілі болды және одан әр түрлі ашекей бұйымдар мен еңбек құралдары жасалды. Алайда энеолитте әлі де тас құралдары басым болды. Энеолит дәуіріне орталық Азиядағы мәдениеттер, Украинадағы Триополь мәдениеті, Оңтүстік Кавказдағы Шенгавий мәдениетті, Қазақстанда Жезқазған көне құдықтары жатады. Энеолитте егіншілік пен қатар, аңшылық пен мал шаруашылығы қатар дамыды.

Өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланумен энеолит ( энео - мыс, литос - тас) дәуірі, яғни мыстас ғасыры басталды. Адам қолдануды алғаш үйренгшен металл - мыс болды. Мыс құралдарының өндіріске ене бастауы шақпақтас индустриясының біртіндеп құлдырауына себеп болды. Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірше көп емес. Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола, Павлодар облысындағы Торғай, Тобыл, Ертіс өзендерінің бойында. Жалпы энеолит дәуірі б. з. б. 4-3 мыңжылдықтың орта кезеңіне сәйкес келеді. Ал Ертістің Павлодар өңірінде энеолить ескрткіштері 1970 жылдардың басынан белгілі. Олар Пеньки-2 және Тілектес тұрақтары. 70 жылдардың басында Л. А. Чалаяның Павлодар облысы Железинка ауданы Пенькидің 1-2 тұрақтарынан басталады. Л. А Чалаяның Пеньки-1 тұрағындағы материалдар неолиттің ең соңғы кезеңіне жатқызылған және де Оболдың төменгі ағысындағы Чес-Тый-Яг материалдарымен синхрондалды. (В. Ф. Старковтың мәліметтері бойынша), бұл қазіргі аймақта төменгі Тобол аймағындағы энеолиттің сосновоостровск мәдениетіне сәйкес келеді. Л. А Чалаяның Пеньки-2 тұрағындағы керамика материалдарының қоспалары жағынан да, ою-өрнек стилімен де энеолит дуіріне жатқызды. 1970 жылдары Л. Л Гайдученко Павлодар облысының Лебяжі ауданының Ертіс өзенінің төменгі ағысымен 400 шақырым жерде орналасқан Тілектес қысқа мерзімді тұрағынан да энеолит кезеңінің материалдары табылған. 1980 жылдардың соңында Шідерті-3 көп қабатты тұрғында сол дәуірде Ертіс өңірінде материалдық байлықтың дамығандығын көрсететін энеолит дәуірінің қалың мәдени қабаты табылды. Нақтырақ айтатын болсақ 1989 жылдан бастап Павлодар археологиялық экспедициясы тас дәуірінің Шідерті 3 көпқабатты орнын зерттеумен айналысады. Шідерті 3 энеолит тұрағы Павлодар Ертіс өңірінің энеолит дәуірін зерттеу үшін анықтамалық ескрткішке айналды. Шідерті-3 тұрағының энеолит кешені қырғыш, бифас, макролиттері мен өндіріс алаңдары, тас ошақ, төбі дөңгелек, өрнексіз немесе ұзына бойы көлденең сызықтары бар ыдыстардан тұратын өндірістік материалдармен көрініс тапқан. Шідерті 3 қонысының энеолит қабаты материалдарына сүйене отырып В. К Мерц Павлодар Ертіс өңіріндегі энеолит мәдениетін анықтау туралы мәселе көтерді.

Тас құралдар үшін шикізат ретінде жергілікті қара қоңыр, ашық жасыл шақпақтас және ашық сұр түсті палеогендік кварцит қолданылған. Сүйек пышақтардың балтық типті екі жағы өңделген қындардың болуы, тас өндірісінің айрықша ерекшелігі болып табылады. Сол бұйымдарға орай шідертілік энеолиттің Усть-Нарым мен Омбы тұрақтарының материалдарымен байланысын байқауға болады. Осы жердегі жиналған сүйек қалдықтарына қарағанда ірі қара мал мен жылқы өсіруге бағытталған мал шаруашылығының дамығандығын көрсетеді.

Энеолит материалдары Екібастұз археологиялық кешенінің Екібастұз-15, Екібастұз-17, -186, Құдайкөл көлінің оң жағалауындағы Бөгеубұлақ бұлағында, Құдайкөл-4, Қарабұлақ және Баянауыл ауданындағы Жыланды мен Керегетас тұрақтарынан табылған. Құдайкөл тұрағында энеолит-қола дәуірінің жоғарғы қабаттарында Шідерті-3 тұрағының материалдарына ұқсас өндіріс үлгілері кездеседі.

Павлодар Ертіс өңірінің энеолит кезеңіне жататын тығы бір ескерткіші бұл өлеңті жартастағы петроглифтері. Петроглифтерді 1972 жылы геолог О. Мол ашқан. Олар 1988-2007 жылдар аралығында Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициялары және ҚБ барлау топтары арқылы бірнеше рет зерттелген. Сипаттамасы бойыншаон жеті үлкен құмтас блоктарында елуден астам жануарлар бейнеленген. Олар: бұқалар, бұғылар, мысық жыртқыштары, сондай-ақ антропоморфтық бейнелер, аң аулау көріністері, эротикалық және культ әрекеттері т. б. Кейбір жалпақ суреттердің үсті арнайы тегістелген, бұл арнайы ритуалды әрекеттермен байланысты болуы мүмкін. Әсіресе, оң қолын көтеріп, таяғы бір адамды бейнелейтін панно, сол қолымен үлкен мүйізді бұғыны көрсетіп тұр. Барлық сызбалар 0, 5-0, 7 см дейін рельфтік сызықтар салу техникасын қолдана отырып жасаған.

Энеолит дәуірінде Ертістің Павлодар өңірінде Еуразия даласының барлық аймақтарының дала экожүйесіне тән мал шаруашылығы дамып өнімдері кейінгі дәуірде жалғасын тапты.

Павлодар Ертіс өңірінің шексіз даласының ортасында, үлкен жолдардан алыс, Борлы тұзды көлінде тарих ғылымдарының кандидаты Виктор Мерц археолгиялық жұмыстарды басқаруға алады. Және бұл неолит пен энеолит дәуірінің ең ежелгі қонысы. Сонымен қатар Борлы көлінің маңындағы қоныс орнынан табылған керамика үлгілерін салыстыра отырып оларды В. Мерц ботай мәдениеті - энеолит дәуіріндегі мәдениетке ұқсас екенін анықтады, олар 3700-3100 жылдары болған. Негізгі материалдары тас, сүйек, саз болды. Негізгі кәсіптері жылқы өсіру, аң аулау, балық аулау болды. Негізінен ботайлықтар антропологиялық тұрғыдан Жерорта теңіздері мен Жайық араласуының нәтежиесі болып табылады. Павлодарлық тарих ғылымдарының кандидаты өзінің негіздемелерін оралдық әріптестеріне жолдап, дәлелді жауап алды. Мерцтің пікірінше Борлы көлінде археологиялық жұмыстарын жалғастырса, онда жаңа жаңалықтар ашылатынына және жаңа ғылыми гипотезалар туындайтынына сенімді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кейінгі палеолит дәуірі
Ежелгі дәуірдегі Қазақстан туралы
Қазақстанның неолит дәуірі мәдениеттері
Тас дәуіріндегі Қазақстан
Шығыс Қазақстандағы қола дәуірінің тарихнамасы
Ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы
Ежелгі тас ғасыры (палеолит) дәуіріндегі Қазақстан
Мезолит және неолит ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Ерте тас ғасыры
Қазақстан жеріндегі тас ғасыры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz