Қабілет жайлы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қабілет

Пәні: Психология

Студент: Сағидуллақызы Венера

Қабылдаушы: Суханберлиева Жансая


Қабілет

Қабілеттілік - белгілі бір іс-əрекеттің нəтижелі орындайтындай тұлғаның жеке дара ерекшелігі. Ол іс-əрекетті жылдам, тұрақты, сапалы орындаудың əдіс-тəсілдерімен сипатталады. Оның жоғарғы деңгейі - таланттық, дарындылық, данышпандылықпен жəне бəсекелестікпен ерекшеленеді. Қабілеттіліктің нышандары - адам ағзасының, негізінен орталық жүйке жүйесінің ерекшелігі. Ол - қабілеттілікті дамытудың алғышарты болып табылады

Қабілеттілік туралы мəселе - ең күрделі проблеманың бірі. Оның сипаты мен заңдылықтарын, түрлері мен жетілдіру жолдарын, адамның іс-əрекетімен жəне мақсат-мұраттарымен байланысты зерттеумен ұзақ жылдар бойы философтар, экономистер, психологтар, педагогтар шұғылданып келді. Алайда, қабілет мəселесі əлі де ғалымдардың күнделікті тақырыптарынан түспейтін, зерттеулерді-ізденісті қажет ететін өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Бұл мəселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі.

Қабілеттілік - жеке адам туралы ілімнің құрамды бір бөлігі болып табылады. «Қабілеттілік» ұғымын ғылымға алғаш рет Платон енгізген əрі көптеген ғалымдар оның пікіріне сүйенеді. Яғни, қабілеттіліктің пайда болуы тұқымқуалаушылықтан болады. Ал оқыту жəне тəрбиелеу олардың ары қарай даму үрдісін жылдамдатады. Оған дəлел ретінде, ұлы танымал адамдарды мысал етті (Моцарт, Раффель т. б) . Платонның ойынша, адамдар өздерінің қабілеттеріне қарай əртүрлі болады, біреулері басқару үшін, біреулері бағыну үшін дүниеге келеді. Дегенмен, бұл ойларды теріске шығарушылар да болды.

Адамдар ақыл-ойының əртүрлі дəрежеде болу себебі оларды тəрбиелеудегі айырмашылықтарға байланысты, əрбір адамның белгілі бір қабілеттілікпен туатындығы туралы алғашқы ой-пікірлер қабілеттіліктің психологиялық функциясын аша түсті.

Қабілеттілік туралы ой-пікірлерді дамытудың маңызды кезеңі бұл испан дəрігері Хуан Уартенің есімімен тығыз байланысты. Ол өзінің «Examen de ingenious paralassciencias» (1575 ж. ) атты кітабында əр адамның іс-əрекеті жоғары қабілеттілік дəрежеде болу үшін Хуан Уарте: ағаш ұстасы - егіншілікпен, тоқымашы - сəулеткерлікпен, заң қызметкері - дəрігерлікпен, дəрігер - адвокаттықпен айналыспасын, əркім табиғат берген қабілетіне лайықты кəсіппен немесе өнермен айналысатын болсын деген шарттың орындалу керектігін ұсынған.

Ағылшын философы Джон Локк материалистік сенсуализимнің негізін салушы өзінің еңбектерінде білімсіз жəне идеяларсыз жан былай айтқанда, ақ қағаз секілді (латын тілінен аударғанда «tabula rasa» - «таза тақта») . Адам баласы өмір тəжірибесі арқылы қабілеттері дамиды деп көрсетеді.

Адам қабілеттілігі А. Н. Радищевтің, В. Г. Белинскийдің, Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың еңбектерінде де əлеуметтік тұрғыда талданған. Абайдың шығармаларында, əрбір қазақ азаматының өзінің қабілетіне сай, бала бағу немесе мал бағу, білім қуу, өнер үйрену, егін егу, сауда жасау сияқты белгілі бір кəсіппен айналысу қажеттігі айқын көрсетілген.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында қабілеттілікті зерттеудің жаңа кезеңі басталды. Психологиялық тестілеу, онымен бірге ғылымның жаңа бағыты ретінде даралық ерекшеліктердің психологиясы (дифференциалды психология) пайда болды. Бұл мəселемен Францияда өзінің қызметкерлерімен бірге А. Бине, АҚШ-та Д. Кеттел мен С. Холл, Германияда - В. Штерн мен Э. Крепелин айналысты.

Қабілет мəселесіне терең талдау жасаған Б. М. Тепловтың пікірінше, қабілетті дамытпау, көрсете білмеу, біртіндеп айырылу дегенді көрсетеді. Ол эмпирикалық қабілеттіліктердің үш сипатын ұсынды:

1) қабілеттіліктер - бұл бір адамды басқадан айрықшалайтын жеке психологиялық ерекшеліктері;

2) бір немесе бірнеше ісəрекеттердің жетістікті орындалуына қатысы бар ғана ерекшеліктер;

3) білім мен біліктілікті меңгерудің жеңіл əрі жылдам болуының шарты бола тұрса да, қабілеттіліктер білімге, біліктілікке жəне іскерлікке теңелмейді. Əрине, іс-əрекеттің табысты болуын мотивтер де, тұлғалық ерекшеліктер де ықпалын тигізеді. Мотивтердің жоғары болуы жəне еңбексүйгіштік сияқты тұлғалық ерекшеліктер де жетістікке жетуді жоғарылатады. Б. М. Тепловтың іс-əрекетті меңгерудің жеңілділігі мен жылдамдылығына іс-əрекеттегі жетістікпен бірге қабілеттілік те негіз болады жəне бұл үйрену жылдамдығы мотивтерге тəуелді болуы мүмкін, бірақ үйрену барысындағы жеңілдік сезімі (басқаша айтқанда, «субъективті баға беру», қиыншылықтарды бастан кешіру) ынталандыру мотивіне кері қатынаста болуы əбден мүмкін деген анықтаманың жағдайын өзгертеді. Б. М. Тепловтың ғылыми зерттеулерін одан ары қарастырған В. Д. Небылицин қабілеттерде жəне дарындылықта, ең алдымен жеке даралық айырмашылықтарға назар аудару керек деді.

Сонымен, адамның қабілеттілігі неғұрлым дамыған болса, соғұрлым ол іс-əрекетті табысты орындап, оны тез меңгереді, ал іс-əрекеттің өзі жəне іс-əрекетті меңгеру үрдісі өзінің қабілеттілігі жетпейтін саладағы жұмысы немесе оқуына қарағанда субъективті оңай болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мінез қасиеттерінің жиынтығы арқылы жеке басының сипатталуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылетін дамыту жолдары
Қабілет анықтамасы
Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың теориялық негiздерi жайлы
Қабілет – адамға тән даралық психологиялық ерекшеліктің бірі. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Болмашыдан әсерлену нағыз талант табиғатына тән қасиет
Оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру жолдары
Дамыта оқыту шығармашылық қабілеттердің теориялық мәселелері
Дамыта оқыту кезінде оқушының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Қабілеттер концепциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz