Өнеркәсіпте сапаны стандарттау және сертификаттау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Өнеркәсіпте сапаны стандарттау және сертификаттау

Мамандықтың сипаттамасы:

Стандарттау және сертификаттау мамандығы бүгінгі таңда кез келген өнеркәсіп пен қызмет көрсету салаларында өте жоғары сұранысқа ие мамандықтардың қатарына жатады. Стандарттау және сертификаттау мамандығы нормалардың орындалуын бақылау және тарату, өнімдерге талаптар мен ережелер, процесстер мен жүйелерді құру, олардың өнімдері, өндірістері, қолданулары, өнімдердің және қызмет көрсетулердің қауіпсіздіктері, өндірушілер мен тұтынушылар үшін биік экономикалық тиімділік бойынша білім береді. Қазақстан Республикасындағы өнімді, сапа жүйесін, қызмет пен жұмысты сертификаттаумен 1 қаңтар 2003 жылдан бастап 90 орган және 260 сынақ зертханалары айналысады.

Бітірушілердің кәсіби қызметінің объектісіне басқару органдары, кәсіпорындар мен ұйымдар, өнімге, қызметке, жұмысқа, кәсіпорындар мен сынау зертханаларының жабдықтарына, өлшеу, сынау, бақылау әдістеріне, құралдарына, нормативтік құжаттарға, стандарттау, сертификаттау, метрология, сапа менеджменті жүйесіне, өндірістік, әлеуметтік экологиялық қызметті метрологиялық қамтамасыз етуге, өлшеу техникасын жобалауға, дайындауға, пайдалануға тікелей қатысты басқару органдары, кәсіпорындар, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік түріндегі ұйымдар бола алады.

Қазіргі таңда Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру алдында және халықаралық қатынастарда өнім сапасын жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті етіп шығару үшін стандарттау, метрология және сертификаттау салаларының қызметтерінің маңызы өте зор. Стандарт қолданылмайтын бірде - бір экономикалық және көпшілік қызмет сферасы жоқ. Стандарттар қауіпсіздік және сақтандыру қызметтерінде, өнімді шығарғанда, эксплуатациялағанда, медицинада, білімде, жылжымалы нарықта, есеп және аудит жүйесінде, банктік жүйеде, қауіпсіздік қызметінде, өнімді идентификатциялағанда және кодтауда, ақпараттық құпия қызмет объектіге және тағы басқа қызметтік органдарда қолданылады. Халықаралық стандартты қолданбай және білмей дүниежүзілік нарыққа шығу мүмкін емес. Өнім сапасын растайтын және стандарттың барлық талабын орындау үшін, тәуелсіз объектіде сапаны бағалау жүргізу қажет. Бұл мәселені сертификаттау шешеді. Стандарттаудың мақсаты өнімге қойылатын талаптарды, әдістерді белгілі бір салада әрдайым кенінен қолдану арқылы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселелерді шешіп сол саланы оптималды дәрежеде ретке келтіру. Жалпылама алғанда стандарттаудың мақсатына мыналарды жатқызуға болады:

  • Өнім, жұмыс және қызметтің мемлекет мүддесі мен қоршаған орта және адам денсаулығына қауәпсәздәгән қамтамасыз ету;
  • Техникалық және ақпараттық үйлесімділік пен өзара алмасушылық талабын жүзеге асыру;
  • Ғылым мен техника жетістіктеріне сәйкес өнім сапасын жоғарылату арқылы тұтынушы талабын қанағаттандыру;
  • Еңбек және материалдық қорларды үнемдеу, өндірістің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту;
  • Өндіріс пен саудадағы техникалық кедергілерді жою және ішкі рыноктағы бәсекелестік қабілетін арттыру;
  • Өлшемнің біркелкілігін қамтамасыз ету;
  • Мемлекттің қорғаныс қабілеті мен жұмылдыру дайындығын күшейту;

Стандарт - нормативтік құжат, ол белгілі бір саланы оптималды дәрежеде ретке келтіруге бағытталған, уакілетті ұйыммен бекітілген келісім бойынша дайындалған нормативтік құжат. Стандарт ғылыми зерттеудің нәтижесі және техникалық жетістіктерге, тәжірбиеге негізделуі тиіс. Стандарттаудан басқа стандарттау ережелері, стандарттау бойынша нұсқаулықтар да нормативтік құжатқа кіреді. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес міндетті сертификаттауға жататын өнімнің нормативтік құжатына көп көңіл бөлінеді. Стандарттау құжаттары нұсқаушылық түрде беріледі, олардың орындалуы ерікті. Нарықтық экономиканың қағидаларының бірінде көрсетілгендей - барынша шектеулерді азайтып, еркін таңдау мүмкіндігі.

Стандарттау және сертификаттау мамандары келесі компанияларда қызмет атқара алады:

-стандарттау және сертификаттау орталықтары;

-аспаптар мен құрал-жабдықтарды тексеру мен калибрлеу бойынша зертханалар;

-сынақ зертханалары;

-тауарды сараптамадан өткізу мекемелері;

-өнім сапасын бақылаушы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер (сауда инспекциясы, санэпидбақылау, гостехбақылау) ;

-ғылыми-зерттеу және жобалау институттары.

-тұтынушылардың құқығын қорғау мекемелері;

-кеден қызметі, патенттеу бюросы.

-өнімнің жаңа түрін енгізуші кез келген ұйымдар;

-кез келген өнеркәсіпте сапа бойынша менеджер.

Сертификаттау жөніндегі ұйым келесілерді қарастырады және тексереді:

1. Бұл өнімнің сәйкестік декларациясын қабылдай алатын өнімдер тізімінде бар болуы;

2. Өндірушіні сәйкестік декларацияны қабылдауның құқылығы;

3. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес барлық талап етілген құжаттардың бар болуы;

4. Сәйкестік декларациясының дұрыс толтырылуы;

5. Өнімнің сәйкестігін тексеру үшін көрсетілген құжаттардың декларацияға дұрыс және толықтай толтырылуы.

Табиғи және техногендік апаттың әсерінен пайда болуы мүмкін залалдан шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Стандарт қолданылмайтын бірде - бір экономикалық және көпшілік сферасы жоқ. Стандарттар қауіпсіздік және сақтандыру қызметтерінде таптырмайтын әлемдік әдіс болып қала бермек. Халықаралық стандартты қолданбай және білмей әлемдік саудаға шығу мүмкін емес. Өнім сапасын растайтын және стандарттың барлық талабын орындау үшін, тәуелсіз объектіде сапаны бағалау жүргізу қажет. Бұл мәселені сертификаттау шешеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапаны басқару және бақылау
Стандарттарды мемлекеттік қадағалау
ЕЛКОС(ELCOS) ЖШС-дегі өнім сапасын бағалау
Технологияда метрологияның мәні
Сапаны статистикалық бақылау
АҚ Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы
Жылуэнергетикадағы Метрология, стандарттау және сапаны басқару
Кәсіпорынды метрологиялық қамтамасыз ету жағдайын талдау тәртібі
М.Х. Дулати атындағы ТарМУда өткен педагогикалық практика бойынша магистранттың есебі
Ірі қара малдың еті мемлекеттік жаңа стандарт жобасын халықаралық стандарт талаптарымен сәйкестендіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz