Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті және оны оқыту



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогокалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты Қазақ тілі мен әдебиеті

СӨЖ
( РЕФЕРАТ )

Пәні: Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті және оны оқыту
Тақырыбы: Рухани жаңғыру және Әбу Наср әл-Фараби

Орындаған: Қожамберді А.
Тексерген: Абиыр Қ. Е.

Рухани жаңғыру - адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы рухани жаңғыру дәлел. Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты - интеллектуалдық ұлт қалыптастыру. Сондықтан Интеллектуалдық ұлт - 2020 ұлттық жобасында жаңа қазақстандықтарды тәрбиелеу мақсатында білім беру үдерісін зияткерлендіру қажеттігі идеясы ұсынылды. Сол интеллектуалды ресурстың бірі - бүгінгі жастардың рухани-адамгершілік мәдениеті. Заманауи қазақ жастарының, Ұлы дала ұрпақтарының санасын рухани жаңғыртуда тарихи тұлғалардың әлемнің және өз Отанының біліміне, ғылымына, мәдениетіне қосқан үлесі, өмірлік қағидалары мен әділеттік жолындағы күресі, адамзатқа жасаған игілік істері сияқты құндылықтардың маңызы арта түсуде. Сондай тұлғалардың бірі - Әбу Насыр әл-Фараби.
Әл-Фараби немесе Әбу Насыр Мұхаммед бин Мұхаммед бин Тархан бин Ұзлағ әл-Фараби Ат-Түрки. Ат-Түрки - шыққан тегі түрік дегені, әл-Фараби - Фараб қаласынан шыққан дегенді білдіреді. Өзінің азан шақырып қойған аты - Мұхаммед, әкесінің де аты - Мұхаммед, атасының аты - Тархан, бабасы - Ұзлағ. Кейде оны жай ғана Тархани деп те атаған.
Әл-Фараби қазақ топырағында дүниеге келген ғұлама ғалым. Шығыстың ұлы ойшылы, әрі ағартушысы, әйгілі математик, философ, музыка зерттеушісі, тарихшы болған. Туған жері Отырар (Фараб) қаласы. Отырар ойшылдарының ең атақтысы, ең ғұламасы - шығыстың Аристотелі, ұлы ғұлама. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) ірі сауда орны, мәдениет орталығы болған Отырар қаласында туып, сонда білім алған, кейін Бағдат қаласында ұстаз болды.
Әл-Фараби алғашқы педагогикалық ой-пікірлердің жетістіктерін жаңғыртып, халық даналығы туғызған данышпандық ой-пікірлерге, шығыс мәдениетінің озық үлгілеріне ден қоя отырып, өзінің түпнұсқалық педагогикалық тұжырымдамасын жасады. Оның педагогикалық тұжырымдамасы әдіснаманы, дидактиканы, тәрбие теориясы мен әдістемені бірге қамтитын іргелі жүйе болып табылады.
Әл-Фарабидің тәлім-тәрбиелік идеялары теориялық дәрежесі жағынан іргелі педагогикалық ілімге бастапқы негіз бола алады, әсіресе оның күллі адамзат қауымдастығының жиынтығы ретінде ұлы қоғамды суреттейтін ізгілік тұғырнамасы қазіргі педагогиканың жетекші идеясы болып отыр.
Ғұламаның адамгершілік ізгіліктер туралы пайымдаулары Өзін-өзі тану пәні арқылы берілетін рухани-адамгершілік құндылықтардың негізі іспеттес. Әл-Фараби адам баласын жаратылыстың ең ұлы құндылығы деп есептеді.
Әл-Фараби жетілген тұлғаны тәрбиелеу үшін Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі деген басты қағиданы ұсынды.
Ғұлама өзінің трактаттарында педагогикалық, психологиялық, дидактикалық әдістемелік терминдер тізбегін ұсынды. Әл-Фарабидің гуманистік идеяларға толы педагогикалық көзқарастары ғұламаның Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері, Бақыт жолын сілтеу, Азаматтық саясат, Риторика, Поэзия өнері сияқты көптеген трактаттарында сипатталған. Бұл еңбектерде оқытудың мақсаты мен әдістемесі, білімнің беріктігі, жүйелілігі, оқытудың қолжетімділігі, көрнекілігі қамтылған, білім алушының белсенділігі мен мақсатқа ұмтылушылығына көңіл бөлінген.
Жалпы педагогиканың бір саласы болып табылатын тәрбие теориясының әдіснамасын әл-Фарабидің тәрбиенің заңдылықтарын, ұстанымдарын, мақсатын, мазмұнын, әдістерін, құралдарын, нәтижесін тұжырымдамалық тұрғыдан негіздейтін жетекші педагогикалық ой-пікірлері айқындайды. Тәрбиелеу - халықтардың бойында білімге негізделген этникалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту. Тәрбиелеу - жеке адамның кісілігін қалыптастыру деп көрсетеді. Ол тәрбие әрекетінде қатты әдіс (қатаңдық) пен жұмсақ әдісті (жұмсақтықты) ұштастыра білуді ұсынады. Тәрбие тәжірибе және іс-әрекет арқылы беріледі, - деді әл-Фараби. Сол себепті әл-Фараби алдымен Қайырымды қала идеалы гуманистік және адамгершілік бағдар екендігін жүйеледі.
Әл-Фарабидің тәрбие идеалы. Әл-Фарабидің дүниетанымдық пайымы бойынша ақылдың төрт тұғыры болып табылатын топырақ, ауа, от, су ізгі мемлекетте әділ заң (құқықтық мемлекет), ақыл, парасат (ақылды мемлекет), дәулет, байлық (бай-қуатты мемлекет), қанағатшылдық (өмір сүру салты) арқылы толық жүзеге асады деген сенімде болды.
Әл-Фараби қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары арқылы жасөспірімдер тәрбиесінің тұтас тұжырымдамаларын ұсынған.
Әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасы оның әлеуметтік-этикалық, философиялық, музыкалық трактаттарындағы ойларымен ұштасып жатыр.
Тәрбие кезінде адамдар мен халыққа білімге негізделген қасиеттерден шығатын әрекеттерді жасауды дағдыға айналдыру арқылы үйретіледі. Бұл анықтамалардың астарлы мағынасы қазіргі педагогикадағы оқыту мен тәрбие ұғымдарына берілген анықтамалармен сабақтасып, өзара байланысып жатқандығын айқын аңғаруға болады.
Қазіргі кезде педагогиканың негізгі ұғымдарына тұлғаны қалыптастыру ұғымы да жатқызылады. Жеке тұлғаны қалыптастыруды әл-Фараби былай анықтайды: Жақсы мінез-құлық пен ақыл-күші - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады.
Ғұламаның педагогикалық тұжырымдамалары негізінен бақыт және парасат ұғымдарының төңірегінде өрістейді. Әл-Фараби парасат ұғымын терең мазмұндады. Бұл ұғым ойлау мен болмыс, өнер мен ғылым диалектикасына, ал ғылымға баратын жол білім мен парасатқа негізделеді деп көрсетті ұстаз. Әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасы бойынша тәрбие мен тәлім, оқыту мен үйрету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқар жыраудың шығармаларын мектепте оқыту
XIX ғасыр поэзиясындағы өнер, білім, ғылым тақырыбы
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Жырау шығармаларының зерттелу тарихы
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
Пәндер