ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ЖЕТІСУДЫҢ ОТЫРЫҚШЫ МӘДЕНИЕТ МЕН ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР МӘДЕНИЕТІ (VШ-XШ)ғғ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
УДК 94(574)

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ЖЕТІСУДЫҢ ОТЫРЫҚШЫ МӘДЕНИЕТ МЕН ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР МӘДЕНИЕТІ (VШ-XШ)ғғ.

Касенов Дарын Эрикұлы тарих мамандығының 2курс магистранты. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
(Қазақстан Республикасы, Талдықорған қаласы)

E-mail: kassennov@gmail.com
Түйіндеме: Мақалада Ұлы Жібек жолы бойындағы орналасқан Жетісудың ортағасырлық қалаларының локализациясы, отырықшылық пен қала мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы жайлы айтылады. Жазба деректердегі мәліметтер мен археологиялық материалдар негізінде моңғол шапқыншылығы, Моңғол империясы кезіндегі қалалық және отырықшы мәдениеттердің тағдыры қарастырылады.
Кілттік сөздер: ұлы жібек жолы, қалалар, локализация, отырықшылық, мәдениет.
Резюме: В статье рассматривается локализация средневековых городов Семиречья по Великому шелковому пути, формирование и развитие поселений. На основании письменных источников и археологических материалов рассматривается монгольское нашествие, судьба городских и оседлых культур во времена Монгольской империи.
Ключевые слова: великий шелковый путь, города, локализация, оседлость, культура.
Abstract: In the article considered medieval cities of Zhetysu location in the Great silk way. Based on written sources and archaeological materials in the Mongol invasion, the fate of urban and settled cultures during the Mongol Empire are considered.
Keywords: the great silk way, cities, localization, settlement, culture.

Ұлы Жібек жолы бойындағы Жетісудың ортағасырлық отырықшы және қала мәдениетінің дамығандығы туралы жазба деректемелер мен археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде анықталған қоныс орындар мен қала жұрттарының Жетісуда VШ-XIIIғғ. қала мен отырықшы мәдениетінің дамығандығы анықталды. В.В.Бартольдтың деректері бойынша: отырықшы мәдениеттің Жетісуда дамуы соғдылықтардың отарлауы арқасында пайда болған - деген дерек келтіреді. А.Н.Бернштам Жетісудағы отырықшы мәдениет ескерткіштерін соғдылықтарға, ал көшпелі мәдениет ескерткіштерін түріктерге жатқызса, С.Г.Кляшторный Жетісудағы соғды қалаларының федерациясы жайлы жазып, олардың саяси және экономикалық дербестігіне ерекше көңіл аударды. Жетісудағы қала мәдениетінің шығуы туралы миграциялық тұжырымдамадан басқа оған қарама-қарсы автохтондық тұжырымдама да кездеседі. Г.И.Агееваның пікірінше: "Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірі "Соғды мен Хорезмнің отарлық нысаны болған жоқ, олар Орта Азия халықтарының тарихи және экономикалық өмір-тіршілігінде маңызды рөл атқарған ерекше экономикасы мен мәдениеті дамыған дербес өңірлер болған" - деп жазып кетеді [1,179б]. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Жетісудың ортағасырлық қалалары туралы жазба деректерде жаңа қалалар санының арта түскендігі туралы мәліметтер кездеседі. Жазба деректерде бұрын 21 қала орны аталса, кейіннен 26 қала аталады [1,467б.]. Талас аңғарында жаңадан қалыптасқан Жікіл, Балу, Шөлжі, Такабкет, Көл, Кенжек қалалары есебінен артып отырды. Шу алабындағы Баласағұн астанаға айналды. Қалалардың орталық қираған жұтының көлемі бұрынғы күйінде қалған, оның есесіне ұзын дуалдар ішіндегі құрылыстар неғұрлым тығыз бола түседі, онда тұрғын үйлері бір-біріне қаратылып тұрғызылған және ауласы жүйелі түрде жоспарланған усадьбалы учаскелер қалыптасады. Бұлайша жоспарлау қазіргі құрылыс аз жүргізілген Ақтөбе, Степнинское, Төлек және Сретинксое қала жұрттарында сақталған. Ертедегі орта ғасырларға арнап жасалған қала жұрттарының типологиясы бойынша Табакет пен Сус (Талас Ақтөбесі және Шалдобар қалаларының жұрттары), сондай-ақ Кенжек, Сеңгір және Шелже орташа қалаларға жатады. Сірә, Шелже ең алдымен әкімшілік орталық болған секілді, өйткені мұнда оның қолөнер, сауда сынды функциялары дами қойған.Ортағасырлық Жетісуда ІХ-ХІІІ ғасырлардың басында қала мәдениетінің жаңа ауданы қалыптасты. Егер IX-X ғасырларда Жетісудың бүкіл аумағында 10 қала ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
Орта ғасырдағы қала мен дала
VІ-ХІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛАЛАР МЕН ҚОНЫСТАР. ХIV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ
Қазақ ақын жыраулары
Қала мен даланың өзара байланысы
Қалалардың қалыптасуы
Ұлы Жібек жолы туралы
Ұлы жібек жолының тарихи маңызы
ҮІ-ІХ ғғ. 1-жартысындағы Отырықшы және көшпелі мәдениет
Испиджаб және Шымкент
Пәндер