Ұлттық зиялылардың қызметі және азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып - 2
Ұлттық зиялылардың қызметі және азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы.
1.Ұлттық зиялылардың қалыптасуы.
2.Қарқаралы петициясы.
3.Жадизмнің ағартушылық идеясының ықпалы.
4.Ресейлік түрікшілдік доктринасы және оның қазақ ұлттық қозғалысының қалыптасуына ықпалы.
1.Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы -- XIX ғасырдың екінші жартысы -- XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.
Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы -- XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.
2.1905 жылдың 25 шілдесінде Қарқаралыдағы Қоянды жәрмеңкесіне жиналғандар патша үкіметінің отарлығына қарсы петиция қабылдады. Қазақтардың өміріне қатысты талаптардың қағаз бетіне түсіп, тұңғыш рет отаршыл империяның басшылығына жолданған салмақты саяси құжат болды.
1902-1907 жылдары өтініш пен талап мазмұндарындағы петициялар қазақ даласынан билік орындарына жолданып жатты. Алғашқы петицияларды әу баста діни қысымға қарсы дін қызметкерлері жолдайтын. Бірінші орыс революциясы жылдарында петиция жазуды қазақ қоғамының сауатты, зиялы өкілдері өз қолдарына алды. Петициялар Қазаннан, Оралдан, Лепсіден, Қарқаралыдан уезд бастықтарына, әскери губернияларға, генерал-губернаторларға, Ішкі істер министріне, тіпті Ресей императоры II Николайдың атына да жолданған.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https:www.inform.kzkzkarkaraly- peticiyasyna-112-zhyl-toldy_a304845 3

3. XIX ғасырдың аяғында Ресей империясының қоластында мұсылман халықтарының арасында "жәдидизм, жәдидшiлдiк" деп аталған ағым пайда болды. "Жәдидизм" сөзiнiң төркiнi - "усул-и-жәдид" дейтiн тiркес. Яки, "жаңа әдiс" - мұсылман мектебiнде оқу жүйесiнде бұрыннан бар "усул-и-қадим" - "ескi әдiске" балама жол. Бұл ағымның басты санагерi (идеологы) - қырым татарларының ағартушысы Исмайыл-би Гаспрәлi (Гаспринский). Бұл жаңа әдiстiң тез әрi кең тарағаны соншалық 1916 жылға қарай Ресей империясының Орталық Едiл бойы, Кавказ, Түркiстан және қазақ даласы сияқты мұсылмандар тұратын аймақтарында барлығы бес мыңнан астам оқу iсiн жәдидтiк негiзде құрған мектептер жұмыс iстедi. Гаспрәлi ұсынған оқу-ағарту iсiн реформалау шарасы Ресейден тыс Түркия, Иран және Үндiстан сияқты елдерде де өз қолдаушыларын тапты. Соның нәтижесiнде Ресей империясының түркi халықтары арасында жаңа сападағы зиялылар тобы қалыптаса бастады. Жәдидшiлдердiң iрi өкiлдерi қатарында Ш.Маруани, И.Гаспрәлi, А.Ибрагимов, М.Абдурашидханов, М.Бехбудий т.б. тұрды. Жәдидшiлдiк ғылымда әлi күнге мұзы ыдырай қоймаған "жәдидтер - мектеп реформасы жолындағы қозғалыс өкiлдерi ғана" дейтiн үйреншiктi бағадан мағыналық-мазмұндық жағынан әлдеқайда кең болғандығы көрiнедi. Ағартушылық сипатта жүрген жәдидшiлдiк қоғамдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ұлттық-демократиялық зиялыларының 1908 – 1916 жылдардағы қоғамдық-саяси қызметі және алаш қозғалысы
Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялылардың қызметі туралы
Алаш қозғалысының ұлттық идеясы
Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялылардың қызметі
Отандық тарихты зерттеу мен насихаттау
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Мұсылмандық қозғалыс және ұлттық зиялылардың саяси платформасының қалыптасу кезеңі
Кеңес үкіметі кезіндегі қазақ зиялылары
Алаш қозғалысы және оның қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі рөлі
Пәндер