Кәсіпкерліктің типологиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіпкерліктің типологиясы. Кәсіпкерліктің типологиясы ұғымының астарынан оны нақты бір түрге, типке жатқызуға және белгілеріне қарап анықтауға мүмкіндік беретін кәсіпкерлік әрекеттің әртүрлі типтері, түрлері,
салалары туралы ілімді түсінеміз. Кәсіпкерлік теориясында оны топтастыруға мүмкіндік беретін белгілерді орнату, сол белгілердің сапалық және сандық сипатын анықтау сөкілді сан алуан тәсілдер бар, сол себепті көсіпкерлік әрекетті белгілі бір түрге жатқызу салыстырмалы түрде ысылған, шамадан тыс байытылған тәсіл болып табылуы мүмкін. Көсіпкерліктің түрлерін орнату барысында көсіпкерлік әрекеттің объектілері, оны іске асырудың заңдылығы, оның нәтижелері, өсу қарқыны, оны енгізу басты мәнге ие. Кәсіпкерлікті классификациялау (топтау) . Кәсіпкерлік әрекетті сан алуан сипаттық белгілеріне қарай классификациялауға болады, алайда кәсіпкерліктің теориясы мен тәжірибесінде келесідей белгілері бойынша топтау қалыптасқан,

- меншік формасы бойынша;
- заңдылығы бойынша;
- аймақты қамтуына және әртүрлі территорияда таралуына қарай,
- құрылтайшылардың санына қарай;
- персоналдардың саны мен капиталдың көлеміне қарай
- түсімнің өсу қарқыны мен деңгейіне қарай,
- жауапкершілік формасына қарай т б

Меншік формасы туралы айтар болсақ, онда нарықтық экономикада кәсіпкерлік меншіктің жеке және мемлекеттік формасында дамуда. Жеке меншіктік ол жеке дара және әріптестік формада көрініс табады, Көсіпкерлік муниципиалды, сондай-ақ аралас және бірлескен формада, шет ел инвесторлары формасы ретінде де дамиды. Заңдылық белгісі бойынша кәсіпкерлік заңды, заңсыз, жалған кәсіпкерлік болып бөлінеді. Заңсыз кәсіпкерлік болып осы әрекетті заңдастырмай, тіркеуден өткізбей, лицензиясыз жүзеге асыру жагдайы табылады. Жалған кәсіпкерлік - кәсіпкерлік әрекет пен банк қызметін жүзеге асыру ниетімен емес, азаматтарға, мемлекетке зиян келтіретін тыйым салынған әрекетті жасап, жалған жолмен несие алу, салықтан жалтару секілді ниетпен коммерциялық ұйым құру. Заңсыз және жалған кәсіпкерлікті ұйымдастыруға қылмыстық жауапкершілік белгіленген. Кәсіпкерлік әрекеттің өртүрлі территорияда таралуына қарай жергілікті, аймақтық, ұлттық, халықаралық және өлемдік болып бөлінеді. Кәспкерлікке қатысушылардың құрамына байланысты әйелдердің және жастардың кәсіпкерлігін атауға болады. Көптеген елдерде көсіпкерлікті дамытуға үлес қосып, ат салушы әйелдер мен жастар ассоциациясы жұмыс жасайды, Мысалы, Қазақстанда әйел кәсіпкерлер Ассоциациясы құрылған. Өсу қарқыны, түсімнің деңгейі тұрғысында кәсіпкерлік ұйымдарды: тез дамушы, баяу қарқынмен дамушы компаниялар, жоғары түсім кене төмен рентабельді ұйымдар, бизнестің аса қауіпті түрлерін жүзеге асыраушы фирмалар деп бөлеміз.

Кәсіпкерліктің түрлері:

Біріншіден, өндірістік көсіпкерлік Бұл нақты бір тауарларды өндіру,
жұмысты жүзеге асыру және оларды іске асыруға арналған қызмет көрсету,
тұтынушыларды қамтамасыз ету процессі. Демек, өндірістік көсіпкерлік
материалдық өндіріс аясында жүзеге асырылады, ол шаруашылық әрекеттің
салаларына байланысты өндірістік, құрылыстық, ауыл шаруашылық т. б. болып
жіктеледі. Осыған сәйкес көсіпкерлікті сала бойынша ажыратады, мысалы,
өндірісте кәсіпкерлік әрекет машина жасау, станок жасау арқылы
ұйымдастырылады. Халық шаруашылығы тұрғысынан қарағанда өндірістік кәсіпкерлік мемлекетке, азаматтарға, жалпы тұтынушыларға арнап тауар шығаратын көсіпорын, фирма, компания секілді ұйымдардың әрекетінен көрініс табады. Нақты бір тұтынушыларға (халық мемлекет т. б. ) арналған қызмет көрсету мен тауар түрлерінің бәрі өндірістік кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады. Дегенмен де, өндірістік кәсіпкерлік өз бетімен жұмыс жасамайды, тәуелсіз деп айтуға болмайды, себебі оның дамуы қоғамның әлеуметтік деңгейі мен экономикалық өсу қарқынын шешіп береді.
Кәсіпкерліктің екінші түрі өндірістік өнімдердің іске асырылмауы, ұзаққа созылған төлемдердің болмауы, көптеген салықтар, мемлекеттік төлемдер кәсіпкерліктің өндірістік салада дамуын тежеді, осыған қарамастан коммерциялық сауда көсіпкерлігі кәсіпкерлік әрекеттің екінші түрі ретінде жоғарғы қарқынмен дамуда . Бұл көсіпкерлік әрекет өте ыңғайлы, қажеттілікті тез арада қамтамасыз ете алады, нақты тұтынушылармен тығыз байланыста. Сауда кәсіпкерлігінің дамуына өндірушілерден төмен бағада тауар сатып алу және сатылып жатқан тауарға барынша тұрақты сұраныс секілді екі жағдай қажет деген пікір бар. Сауда кәсіпкерлігі ұзаққа қолданылатын өндірістік тауарлар сатуды ұйымдастыруда үлкен мәнге ие.

Кәсіпкерліктің үшінші түрі қаржылық-несиелік кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік әркеттің мамандандырылған бұл саласында бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар т. б. ), валюталық құндылықтар және ұлттық ақшалар сату-сатып алу құралдары ретінде танылады. Қаржылық-несиелік кәсіпкерлікті ұйымдастыру үшін ұйымның мамандандырылған арнайы жүйесі құрылады, олар: коммерциялық банктер, қаржы-несиелік ұйымдар, қор биржалары, валюталық биржалар және басқа да мамандандырылған ұйымдар. Кәсіпкерлік әрекетті жалпыға бірдей тәсілмен топтағанда кәсіпкерліктің келесідей түрлерін бөліп қарастырады.

1. Өндірістік - қызмет көрсету мен басқа да өнімдерді тікілей жасап
шығару;
2. Коммерциялық - жасалып шыққан өнімді өндірушіден тұтынушыға жеткізіп
беретін арадағы делдалық әрекет;
3. Қаржылық - қызмет көрсету мен өнім өндіру мақсаты мен қаржы
құралдарын түзудің айрықша түрі.
4. Кеңестік (консультативті) - қаржыны, маркетингті басқару, өндірушілердің мүмкіндіктерін бағалау, жалпылай басқару мәселелері бойынша көмек пен кеңес беру әрекеті. Кәсіпкерліктің аталған осы әрекеттерінің алғашқы үш түрін кезең бойынша ажыратып, негізгі түрге жатқызады, демек, бұл әрекеттердің нәтижесі тауар, қызмет түрлерін өндіру, оны тұтынуға дайындау болып табылады. Соңғы төртінші түрді кәсіпкерлік әрекеттің көмекші түріне жатқызады, оның мәні тауар мен қызмет көрсетудің сапасын, бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, әр түрлі тәсілдер, әдістер, технологиялар, жобалар ойлап табуда жатыр. Туристік ұйымдардың кәсіпкерлік әркеттеріндегі қызмет көрсету ерешеліктеріне байланысты туристік қызмет көрсету де осылардың қатарына жатады.

Кәсіпкерлік ортаның мәні. Жоғарыда атап кеткөндей, кәсіпкелік елде
белгілі бір сыртқы және ішкі факторлардың өркениетті кәсіпкерліктің
дамуына жақсы мүмкіндіктер туғызып, қамтамасыз ететін жағдайлардың
арқасында ғана дами алады, яғни белгілі бір кәсіпкерлік орта қалыптасқан
болса. Кәсіпкерлік ортаның астарынан нарықтық-экономиканың барлық
субъектілерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған кәсіпкерлік
әрекетпен айналыса алатын еңбекке қабілетті азаматтарды экономикалық
бостандықпен қамтамасыз ететін елдегі қалыптасқан әлеуметтік экономикалық, саяси, азаматтық - құқықтық жағдайларды түсінеміз. Кәсіпкерлер алдарына қойған мақсаттарын жүзеге асыруда табысқа жетуіне,
кәсіпкерлік жобалар мен келісім - шарттарда іске асыруға, кіріс алуға
мүмкіндік беретін объективті және субъективті факторлардың жиынтығы
негізінде және кәсіпкерлік орта құрайтын белгілі бір жағдайлар негізінде
қызмет өтеді. Күрделі жүйе ретінде кәсіпкерлік орта көсіпкерлерге тәуелсіз
сыртқы және кәсіпкерлер тікелей қалыптастыратын ішкі орта болып бөлінеді.
Кәсіпкердің табысқа жетуі оның қызмет ету жағдайларына байланысты Осы
жағдайлардың бірнешеуін келтірейік. Кәсіпкерлік орта - бұл кәсіпкерліктің нәтижелеріне өсер өтетін, оны жүзеге асыратын қоғамдық жағдайлар. Сол қоғамдық жагдайлардың келесідей 2 топқа ажыратады. Олар ішкі және сыртқы орта.

Сыртқы кәсіпкерлік орта. Сыртқы кәсіпкерлік ортаның жағдайы елдеп,
жекелеген аймақтардағы кәсіпкерліктің дамуына едәуір әсер етеді. Сыртқы
көсіпкерлік орта дегенде кәсіпкерліктің құрылуы, қалыптасуы, дамуына
тікелей және жанама әсер ететін жағдайлар мен факторлардың жиынтығын
түсінеміз Сыртқы орта кәсіпкерлер тұрғысынан алғанда объективті орта болып
табылады және адамның тілегінен тәуелсіз түрде әрекет етеді. Көздеген
табысқа жету үшін кәсіпкерлер барлық сыртқы факторлар мен жағдайларды жақсы білулері тиіс. Осы факторларды білу оларға өз бизнестерінің ақырғы
нәтижелерін алдын-ала болжауға көмектеседі. Сыртқы экономикалық орта
:

елдегі және аймақтағы экономикалық жағдай;
қоғам мен мемлекет дамуының қалыптылығын сипаттайтын саяси жағдай,
- кәсіпкерліктің және нарықтық экономиканың басқа да субъектілерінің
жауапкершілігін, міндеттерін, құқықтарын белгілейтін құқықтық орта,
- мемлекеттік реттеу мен кәсіпкерлікті қолдау;
- жұмыссыздық деңгейімен, тұтынушылардың, халықтың сұранысымен
байланысты әлеуметтік-экономикалық жағдай,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ МЕН ОНЫҢ ОБЪЕКТІСІ
Кәсіпкерлік. Дәрістер жинағы
Менеджер ретынде көшбасшылық үшін негізгі талаптар
Қонақ үй қызметінің жетілдірілуі, негізгі бағыттары
Құндылықтар ұғымының философиялық қырлары
Бизнес-жоспар жасау. Бизнесжоспарлаудың мәні мен мақсаты
Жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшеліктері
Саяси жүйенің жіктелуі
Қазіргі жағдайдағы тұрғындардың тұрмыс деңгейін бағалауды және арттыруды теориялық негіздеу және оның механизмін жетілдіру
Басқару құрылымына қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz