1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс жайында


1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
Жасаған Омар Мәдина математика
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс - 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Өлкені талауға салу Бірінші дүниежүзік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіләп, ауқымды сипат алды. Қақақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж салығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді теміржол стансысына тасып жеткізуге мәжбүр болды.
Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т. б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
1. Жетісуда - Т. Рысқулов, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ұ. Саурықов, К. Мәмбетов, А. Қосаков.
2. Төрғайда - Ә. Жангельдин, А. Иманов.
3. Орал облысы мен Бөкей Ордасында - С. Мендешев, Ә. Әйтиев.
4. Маңғыстауда - Ж. Мыңбаев.
5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов.
Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтеру, ірі феодалдардың неліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алымсалық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сөйыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей тусті.
Революцияның ірі ошағы-қарқара аймағы болды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.
Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді.
Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты.
Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында
Жетісу көтерілісі
талқандалды.
Зардаптары: 1) Жетісу губерниясы 53 мың шаруашылыққа кеміді. 2) мал азайып, 1/3 бөлігі ғана қалды
Негізгі шайқастар - Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал - Үрпек, Ақшығын маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Жазушы Л. Соболев: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай ғажап әскер еді…Аманкелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды. Төрғай көтерілісі Ақпан төңкерісіне дейін созылды. 1917 жылы Төрғай көтерілісі талқандалды.
1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:
1. Көтеріліс бытыраңқы болды.
2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді.
3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі.
4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды.
5. Күнібұрын белгіленген жоспардың болмады.
6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады.
7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.
Салдары: қазақтардың саны:
- Қазақ өлкесінде - 446 мыңға;
- Орта Азияда - 121, 7 мыңға;
- Астрахань губерниясында - 51, 8 мыңға;
- Россия империясында - 617, 5 мыңға азайды.
Көтерілістің тарихи маңызы
1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті.
2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды.
3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды.
4. Россия империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды.
5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті.
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz