Геодезиялық оқу практикасының есебі


Геодезиялық оқу практикасының есебі
Мен, Тастемирова Жулдыз Ахметжанқызы, тамыз айының 17 - 22 аралығында Қ. И. Сәтбаев атындғы Қазақ Ұлттық Техникалық университетіндегі «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасында «Құрылыстағы геодезия» пәнінен оқу практикасын онлайн түрінде өттім. Практиканы өту барысында «Теодолит» және «Нивелир» секілді аспаптармен жұмыс жасадым. Арнайы шартты белгілерді және формулаларды пайдалана отырып, берілген тапсырмалар бойынша кестелер толтырып, сызбаларды сыздым.
Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу геодезиямен ең жиі жүргізілетін жұмыстарға жатады. Бұрыштарды өлшейтін негізгі аспапты теодолит деп атайды.
Теодолит - жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка жасауда көп пайдаланылатын бұрыш елшейтін геодезиялық аспап. Оның ең маңызды бөліктеріне: қарау түтігі, градусталған екі - вертикальды (тік) және горизонтальды (жазық) - шеңбері жатады. Сондықтан теодолитпен горизонтальды, вертикальды бұрыштарды бірдей анықтауға болады. Бұл аспап арқылы шырақтың не жердегі нәрсенің горизонталь координаталары, яғни азимут пен биіктігі анықталады. Аспап онша улкен емес, экспедицияға алып жүруге ыңғайлы.
Теодолиттің құрылысы және оның түрлері: теодолит мынадай осьтерден тұрады. ZZ’ - теодолиттің вертикаль айналу осі; ТТ ‘ - көру дүрбісінің айналу осі; VV’ - цилиндрлік деңгейдің осі; VV’ - көру дүрбісінің нысаналау (визирлік) осі;
Көтергіш үш винттердің көмегімен цилиндрлік деңгей нөл пунктке қою арқылы теодолиттің айналу осі ZZ’ тік бағытқа келтіріледі. Үш көтергіш винттер тұғырығына орнатылған. Теодолиттік негізгі жұмыстың бөлігі 0-ден 360-қа дейін бөлінген шыныдан жасалған дөңгелек шеңбер-лимб және дүрбімен бірге аййналатын алидада деп аталатын тетіктер.
Көру дүрбісі айналу осіне ТТ ‘ екі тұғырық арқылы ұстатылады. Лимб пен алидаданың, дүрбінің бекіткіш және жетекші винттері болады.
Теодолиттің шартты белгілеріндегі Т әрпі «теодолит» деген аспап атын білдірсе, сол әріптен кейінгі цифр горизонталь бұрышты өлшейтін секундтық орташа квадраттың қателігін білдіреді, мысалы T5 теодолиті үшін mβ=5”, T30м үшін mβ=5”, ал М-деген әріп маркшейдерлік жұмыстарға арналғандығын көрсетеді. Кейінгі кезде теодолиттер жаңартылып, 2T2, 2T5, 2T30 тектес болып шығарылуда.
Есеп алу тетіктерінің түріне байланысты теодолиттер тағы үш топқа бөлінеді:
1) Бағалау микроскобы;
2) Шкалалы микроскоп;
3) Оптикалық микрометрлер;
Горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері конструкциясына байланысты қайталанатын және қайталанбайтын теодолиттер болып бөлінеді. Қайталанатын теодолиттер лимб пен алидада жеке айналады, әрқайсысының қысып қоятын және жетекші бұрандалары болады. Оларға T30, 2T30 теодолиттері жатады. Ал қайталанбайтындарға 2T30М, 2T5, 2T2, т. б. жатады, оларды лимб арнайы құрылғы арқылы керекті жағына бұрылады.
Бұрышты өлшеген уақытта, теодолит штативке орнатылады. Суретте геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарда кеңінен қолданылып жүрген2T30 теодолиттің сыртқыбейнесі көрсетілген.
Горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне қарай теодолиттер 3 топқа бөлінеді:
1. Техникалық T15K, 2T30, 2T30M теодолиттік және тахеометриялық жүрістер мен түсірістерде, сондай-ақ жер бетіндегі және жерасты қазбаларындағы маршейдерлік жұмыстарды атқару кезінде бұрыштарды өлшеуге арналған.
2. Дәл теодолиттер 2T2-3 және 4 кластық триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған, ал 2T5K-триангуляциялық жүйелер мен 1 және 2 разрядтық полигонометриялық, сонымен қатар, жер беті маркшейдерлік жұмыстарда бұрыштарды өлшеуге арналған.
3. Жоғарғы дәлдікті электронды теодолиттер және тахеометрлер Ta2M мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған.
Негізгі бөлшектері мен олардың қызметі:
Көлденең және тік шеңбер - көлденең және тік бұрыштарды өлшеу үшін. Құрылымы: лимб - 0˚тан 360˚-қа дейінгі бөліктері бар шеңбер, алидада -есеп алу құрылғыларының элементтері орналасқан аспап бөлігі.
Дүрбі - нысананы нысаналау және көлденең шеңбердің жазықтығына өлшенетін бұрыш жақтарын жобалау үшін.
Цилиндрлік деңгей - аспап осьтерін тіктеуіш жағдайына келтіру және жұмыс барысында осы жағдайдың қалыпты болуын бақылау үшін
Тіктеуіш - жіп немесе оптикалық құрылғы арқылы бұрыш шынын аспабпен центрлеу
Жетекші винттер - бекіткіш винттермен қатар жұмыс жасайды және нысанаға дәл келтіру қызметін атқарады.
Юстировкалау винттері - аспаптың қателіктерін түзету үшін (цилиндрлік деңгей мен дүрбіні)
Есеп алу құрылғысы - шкалалы микроскоп
Кремальера - дүрбіні фокустау үшін
Стан винтті - теодолитті штатив устеліне бекіту үшін
Тұғырық- үш көтергіш винттері бар тұғыр.
Теодолиттік түсіріс
Теодолиттік түсіріс - бұрыш өлшегіш аспап арқылы түсірілетін түсіріс.
Бұл түсірісте бұрыштар, арнайы лентамен немесе оптикалық өлшеуішпен ара қашықтықтар өлшенеді. Бұл түсіріс жергілікті жердегі горизонталь түсіріс деп аталады. Бұл түсірісті орындау кезінде горизонталь бұрыштар және ара қашықтық өлшенеді. Түсіріс нәтижесінде жергілікті жердің контур көрінісі мен ситуациялық планы алынады.
Теодолиттік түсіріс - жердің контурлық планын алу үшін теодолит (бұрыш өлшегіш аспап) пен өлшеу лентасының (қашықтық өлшеуіш) көмегімен орындалатын геодезиялық жұмыстардың түрі. Теодолиттік түсірулер кезінде горизонталь бұрыштар β және ара қашықтық S өлшенеді.
Теодолиттік жүріс деп, шын мәнінде, нүктелер жүйесін айтады. Мысалы: 1, 2, 3, 4 нүктесінің β ішкі бұрышы мен d ара қашықтығы мәндерінің нәтижесінде координаталар анықтау.
Теодолиттік жүрісті бастамас бұрын, жергілікті жерді алдын ала қарап шығады.
Теодолиттік түсіріс дайындық, далалық және өңдеу жұмыстарынан тұрады.
Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай- жапсарын түсіру дәлдігіне байланысты түсірістің масштабын таңдйды. Қолдағы бар барлық картографиялық құжаттарды (планды, картаны, профильді) мұқият қайта қарап зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялық тірек жүйесінің пункттері болса, онда олардың орналасқан жерінің схемасын жасап, каталогтан координаталарын жазып алады.
Далалық жұмыстарға:
- жергілікті жерді рекогносцировкалау ( байқап қарау) және пункттерді бекіту;
- бұрыштар мен ұзындықтарды өлшеу;
- жердегі заттарды, контурларды түсіру;
- жүріс пункттерін жергілікті жердегі тірек пункттеріне байланыстыру.
Теодолиттік түсірістер 2 түрге бөлінеді:
1) тұйық жүріс;
2) ашық жүріс немесе диагоналдық жүріс;
Бұл жүрісте бұрыштарды өлшейміз, нүктелер арасындағы d ара қашықтықты өлшейміз, осылар арқылы координатарларды есептейміз, бір нүктенің дирекциялық бұрышын α анықтаймыз, осы бастапқы дирекциялық бұрыш арқылы басқа бұрыштарды табамз, сосын табылған дирекциялық бұрыштар арқылы румбты табамыз.
Негізгі тәртіп бойынша теодолиттік жүріс мемлекеттік геодезиялық жүйелер арасында жүргізіледі. Теодолиттік жүрістің жоғарғы кластық пунктермен байланысын байланыстыру деп аталады. Егер теодолиттік жүріс мемлекеттік геодезиялық жүйеге байланыспаса, 20%-тік темір- бетонды белгілермен бекітіледі. Бұл белгілерді жергілікті жердегі заттарға байланыстырып көз мөлшерімен сызады. Сонымен қатар осы заттарға дейінгі ара қашықтықтарd, немесе үйдің бұрыштарын өлшейді, құдық, ағаштарды, ситуацияларды түсірістерді.
Теодолит түсірісінің өлшеу нәтижелерін өңдеу клесі істен тұрады:
1) Өлшенген бұрыштарды үйлестіру және қабырғалардың дирекциялық бұрыштары мен румбыларын есептеу.
2) Координаталар өсімдерін есептеу және оларды үйлестіру.
Өлшенген бұрыштардың теолиялық қосындысы:
- iшкi бұрыштар үшiн;
- сыртқы бұрыштар үшiн.
Бұрыштық үйлеспеушілікті мына формулалармен есептейдi:
.
- өлшенген бұрыштардың қосындысы;
n - өлшенген бұрыштардың саны.
Бұрыштық үйлеспеушіліктің шекті шамасы келесі формуламен анықталады
3) Теодолит жүрісінің төбелерінің координаталарын есептеу.
∆х = s cosα;
∆y = s sinα,
∆х т. i = ∆x е. + v xi ;
∆у т. i = ∆у е. + v yi .
4) Теодолит түсірісі жасалған жердің планын салу. Теодолит жүрісінің кез - келген горизонталь бұрышын өлшегенде кездейсоқ қателер кездеседі, сондықтан жүрістің бұрыштық қатесі өлшенген бұрыштардың қосындысы мен теориялық қосындысының айырымы айырымы арқылы анықталады.
Теодолиттік түсірістің планын салу:
Теодолиттік түсірістің планын қағазға салу қабырғасы 10 см кв. бөлінген торларды салудан басталады. Бұндай торларды салу металдан жасалған Дробышев сызғышы арқылы орындалады. Торды жай сызғышпен және өлшеуіш циркульменде салуға болады. Ол үшін қағазға диогональ жүргізіп, қиылысқан жерінен диогональ бойымен циркуль өлшеуішпен бірдей кескінді салады, оларды қосып тікбұрышты төртбұрыш алады. Содан кейін оның қабырғаларына ц. өлшеуіштің ашасын 10 см жасап, кесінділер салады. Кесіділерді қосып, кв. торлар жасайды. Салынған торларды бақылау үшін әр квадраттағы диогональдардың бірдейлігін өлшейді. Олардың ауытқуы 0. 2 мм аспау керек. Коорд. торының салуын тексеруден кейн. тордың масштабқа байланысты мәнін жазады, содан кейін теодолиттік жүрістің төбелерін сәйкес коорд. мәнімен планға салады. Теодолиттік жүрістің төбелеріңнің планда дұрыс салынуын коорд. ведомосіндегі жүрістің қабырғаларының ұзындық шамасымен тексереді. Теодолиттік түсірістің қарындашпен орындалған планын тушпен бастырады және шартты белгілермен толықтырады.
Абрис
Техникалық нивелирлеу
Нивелир - екі нүкте биіктіктерінің айырмашылығын анықтауға арналған геодезиялық аспап; көлденең нысаналау сәулесі мен осы нүктелерде тік орнатылған рейка көмегімен қолданылады.
Құралымының негізгі типтері бойынша нивелирлерді цилиндрлік деңгейлі нивелир және компенсаторлы нивелир деп екі топқа бөледі, соңғыларында нысаналау сызығы горизонталь жағдайға автоматты түрде келтіріледі. Дәлдігі жөнінен нивелирлер, негізінен, І және ІІ класты нивелирлеуге арналған өте дәл, ІІІ және ІВ класты нивелирлеуге арналған дәл нивелирлер, зерттеу және құрылыс жұмыстарына арналған техникалық нивелирлер деп бөлінеді.
Нивелир түрлері:
геометриялық нивелир
тригонометриялық нивелир
барометрлік нивелир
механикалық нивелир
гидростатикалық нивелир
нивелир
Нысаналау oci арқылы жер бетiнiң горизонталь сызығын түcipy қызметiн атқаратын дүрбiлi аспап нивелир деп аталады. Өндiрiсте нивелирдiң мынадай түрлерi жасалып шығарылады:
· Н-05 - оптикалық микрометрлiк жоғары дәлдiктi нивелир, салыстырмалы биiктiктi 1 км-лiк eкi мәрте жүрiсте 0, 5 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателiкпен анықтауға арналған;
· Н-3, Н-3К, Н-3Л нивелирлерi - дәл, 1 км eкi мәрте жүрiсте салыстырмалы биiктiктi 3 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателiкпен анықтауға арналған дәл аспаптар. Инженерлiк-геодезиялық зерттеулерде және III және IV кластық нивелирлеу кезiнде қолданылады;
· Н-10, 2Н-10Л, Н-10К, Н-10КЛ нивелирлерi -техникалық, 1 км-лiк eкi мәрте жүрiсте салыстырмалы биiктiктi 10 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателiктен анықтауға арналған техникалық нивелирлер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz