Әлеуметтанудағы сандық және сапалық әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Картинки по запросу әл фараби университет

СӨЖ - 1

Пән: Әлеуметтану

Тақырыбы: Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің артықшылығы мен кемшіліктері

Орындаған: Чокибасова Ж. М.

Тексерген: Сарсенова А. Б.

Алматы, 2020ж

Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің артықшылығы мен кемшіліктері

Қандай да болсын идеяны, жобаны, тауарды немесе қызметті аудиторияға таныстырудың алдында оның сәтті я сәтсіз болу мүмкіндігін анықтау қажет. «Шынында да ол жұмсалған еңбектің құнын өтей ала ма?» деген сұраққа жауап алу керек. Осы жауапты біз әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде аламыз. Әлеуметтік зерттеулердің сандық және сапалық әдістерін қолдана отырып қоғамның қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік аламыз. Неліктен сандық және сапалық әдістер аудиториямен жұмыс істегенде сондай тиімді? Олардың ерекшеліктері неде?

Бірінші сапалық және сандық әдістерінің өзіндік қасиеттеріне тоқталайық. Сандық зерттеулер зерттелетін проблема жайлы нақты, сандық мәліметтерді алуға көмектеседі. Әрине, ең жақсы нәтиже алуға ұмтылсақ, сапалық зерттеулер арқылы жасалған алғашқы түсінік беретін гипотезалар және идеялар дайын болуы елеулі көмегін береді. Сапалық әдіске қарағанда сандық әдіс шектеулі ауданды қамтитын проблемаларға көп адамнан сандық деректерді алуға және алынған деректерді статистикалық әдістермен өңдеуге, өңделген ақпаратты тұтынушыларға таратуға мүмкіндік береді, «қанша?» сұрағына жауап береді және де заңдылықтарды іздеуге, гипотезаларды тексеруге бағытталған. Сапалық әдістер болса тереңдетілген анализға арналған. Сапалық әдістер қолда минимум ақпарат болғанда, проблема жайлы күрделі ақпаратты жинауға тура келгенде қолданылады. Сандық зерттеулерге қарағанда олар статистикалық деректерге емес, проблема туралы түсінік қалыптастыруға, эмпирикалық мәліметтерді өңдеуге, өзгерістерін бақылауға және осы бақылаулар нәтижесінде алғашқы гипотезалар, идеяларды құрастыруға негізделеді. Сандық және сапалық әдістер арасындағы айырмашылықтар туралы айтатын болсақ, сандық зерттеулер - құрылымды, статистикалық дұрыс, объективті, жұмысында эксперименттер мен сұхбаттар қолданады, ал сапалық әдістер - құрылымсыз, тек гипотезаларға сүйенеді, субъективті, жұмысында фокус-группаларды, интервью қолданады. Әрине, әр әдістің өзіндік артықшылықтары да, кемшіліктері де бар. Сандық әдістің артықшылытары -алынған ақпараттың нақтылығы, болжай алу мүмкіндігі, компанияның мәліметтерімен кіріктіру ыңғайлылығы, ал кемшіліктері - уақыт пен бюджет бойынша шығынды, мотивтер мен бағалардың түсініксіздігі, аудиторияға кіруге қиынырақ болады. Сапалық әдістердің артылықшылықтары -проблема туралы терең түсініктеме береді, жылдам, шығыны аз, респонденттерге деген индивидуалды қатынастың болуы, аудиторияға кіруді бақылауға жеңіл, тар, стандартты емес аудиториямен жұмыс, кемшіліктері - субъективті, болжауға қиын.

Айтарлықтай осы екі әдістің артықшылықтакры да, кемшіліктері де бар. Менің ойымша, осы екі әдісті бөлек қолданбай, бірге қолдану жөн. Сонда ғана әлеуметтік зерттеулерден максимумды ала аламыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтанудағы сандық және сапалық әдістер: артықшылықтары мен кемшіліктері
Әлеуметтанудағы сандық және сапалық зерттеу әдістері
Әлеуметтанулық зерттеулердегі сандық және сапалық әдістер: артықшылықтары мен кемшіліктерінің салыстырмалы талдауы
Нарықтық шаруашылық: артықшылықтары мен кемшіліктері
Нарықтық экономика: артықшылықтары мен кемшіліктері
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары мен кемшіліктері
Су электр станцияларының артықшылықтары мен кемшіліктері
Нарықтық экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері
Қазақстандағы франчайзинг: тұжырымдама, артықшылықтары мен кемшіліктері
Әлеуметтанудағы сапалық зерттеу әдістері: лекциялар жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz