Ресейдегі ақпан буржуазия-демократиялық көтерілісі және оның Қазақстанға ықпалының ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ресейдегі ақпан буржуазия-демократиялық көтерілісі және оның Қазақстанға ықпалының ерекшеліктері.

[Название организации] [Адрес организации]

Ермухан Төрегелдиев

2020

Тақырыбы: Ресейдегі ақпан буржуазия-демократиялық көтерілісі және оның Қазақстанға ықпалының ерекшеліктері.

1) Кіріспе:

2) Қорытынды:

C:\Users\tureg\Desktop\32dcc703dc51fff9527c862b845e7f51.jpeg

Экономикалық күйзеліс және орыс әскерлерінің жалғасып жатқан импералисттік соғыс майдандарындағы жеңілісі, сондай-ақ елде жұмысшы қозғалысы мен аграрлық қозғалыстың өсуі, соның ішінде жеңіліс тапқанына қарамастан, Орта Азия мен Қазақстанның байырғы халқының 1916 жылғы көтерілістері Ресейдің орасан зор апат алдында тұрғанын дәлелдеді. Мұның бәрі демократиялық күштер, соның ішінде жұмысшы табы да, шаруалар да патша өкіметіне қарсы шешуші штурмға дайындалып жатқан кездегі Ресейдегі революциялық дағдарыстың көрінісі болды. 1917 жылдың ақпанында Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция жеңіп, патша өкіметі құлады.

Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түпкір-түпкірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Қызылжар қаласы мен уезінің мұсылмандары қалалық мешітте жұма-намаз күні бүкіл халыққа шаттық әкелген Уақытша үкімет мүшелеріне ұзақ өмір беріп, бақытты етуін Алладан өтініп, жаңа үкіметке адал қызмет етуге серт берді. Ресей тарихында бірінші рет діни нанымдық, нәсілдік кемсітушілік жойылды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл акт бұрынғы бұратана атанған езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қарсы алуының мәні де осында болатын. Қазақстан 1917 жылғы Ақпан төңкерісі кезінде:

1917 жылдың басында Ресейдің революциялық жаңа толқыны көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда да сезілді. Өлке халқының арасында революциялық өрлеудің өрістеуіне бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Қазақстан жеріне айдалған Австрия-Венгрия мен Германия соғыс тұтқындары да елеулі әсер етті. 1917 жылы олардың жалпы саны 41. 285 әскери адамды құрады. Бұлардың басым көпшілігі Омбы, Ақмола, Павлодар, Семей уездерінде орналасты.

Негізгі кезеңдер мен оқиғалар:

Дата: Дата
Негізгі оқиғалар: Негізгі оқиғалар
Дата: 1917 жылы 27 ақпан
Негізгі оқиғалар: Ресейде Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархияны құлатты.
Дата: 1917 жылғы наурыз-сәуір
Негізгі оқиғалар: Жер-жерде жұмысшы және солдат депутаттарының кеңесі құрылды.
Дата: 1917 жылғы 7 наурыз
Негізгі оқиғалар: Петроград Кеңесі мен Мемлекеттік Дума мүшелерінің бірлескен мәселесінде Ә. Жанкелдин сөз сөйледі.
Дата: 1917 28 наурыз
Негізгі оқиғалар: Әлдулғафар Жанбосынов Уақытша үкіметті мойындағаны жөнінде Торғай облысының губерноторы ішкі істер министрлігіне телеграмма берді.
Дата: 1917 жылғы 7 қыркүйек
Негізгі оқиғалар: Уақытша үкімет 1916 жылы қозғалысқа қатысқандарға көмек көрсетуге шешім қабылдады. Бұл шешім кемсітушілік сипатта болды. Орыс ұлтына 500 сом, қазақ шаңырағына 100 сом берді.
Дата: 1917 жылғы 5 мамыр
Негізгі оқиғалар: Уақытша үкімет 1916 жылы қара жұмысқа алғандарды Отанына қайтару туралы шешім қабылдады.
Дата: 1917 жылғы шілде
Негізгі оқиғалар: Верныйда <қара жұмысшылар одағы> құрылды.
Дата:

1917 жылғы

27 сәуір

Негізгі оқиғалар: Қазақтардың Семей облыстық сьезі болды. Сьезд Қазақстанның болашақ автономиясын құру туралы қарады. Сьезд дала генерал-губернаторлығы инстиутының таралуын талап етті.
Дата: 1917 жылғы 21-26 шілде
Негізгі оқиғалар: Орынборда жалпықазақ сьезд болды. Сьезд мемлекеттік басқару нысанын, қазақ обылыстарының автономиясын, халыққа білім беру, рухани-дін, <Алаш> мәселелерін қарады.
Дата:

1917 жылғы

сәуір

Негізгі оқиғалар: Түркістан, Башқұртстан, Татарстан, Кавказ мұсылмандарының сьезі
Дата: 1917 жылы мамыр
Негізгі оқиғалар: Бүкілресейлік мұсылмандар сьезі болды. Сьезде әйелдер мәселесі, 8 сағаттық жұмыс күні, ана тіліндегі бастауыш мектеп, мәселелері қозғалды. Мұсылмандардың діни басқармасының міндеттері белгіленді.
Дата: 1917 жылы қыркүйек
Негізгі оқиғалар: Мұсылман ұйымдарының сьезі тұңғыш мұсылман партиясын Түркістан федералистер партиясын құрды.
Дата: 1917 жылы 17-20 қыркүйек
Негізгі оқиғалар: <Иттифок-и-муслимин(мұсылмандар одағы) > партиясы құрылды.
Дата:
Негізгі оқиғалар:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1917 жылғы Ақпан революциясы және оның Қазақстанға әсері
XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Ресейдегі ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-заттық көтеріліс
1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің шығу себептері
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
Уақытша үкімет тек
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Алаштықтардың мақсаты - қазақ халқын отарлық негізден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz