Эмоцияналды интелект, салыстырмалы талдау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Эмоцияналды интелект, салыстырмалы талдау.

Эмоцияналды интеллект қазіргі таңдағы қарқынды дамып келе жатқан тақырыптардың бірі. Эмоцияналды интеллект тұжырымдамасы дәстүрлі интеллект баламасы ретінде психология ғылымында кеңінен танымал. Психологтардың айтуынша, эмоцияналды интеллект коэффиценті IQ қарағанда үлкен прогностикалық құндылыққа ие.
Эмоцияналды интеллект зерттеуін шартты түрде екі тәсілге бөлуге болады. Әйгілі концепция өкілдері (Д. Гоулман және басқалары) эмоцияналды интеллектті өмірдің барлық кезңінде жетістікке жетудің абсолютті кілті ретінде ұсынды. Эмоцияналды интеллектті зерттеу арқылы қарым-қатынастың біршама жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндігі және жаңа жағдайларға жақсырақ бейімдеудің салдары ретінде, өз мақсаттарына жету, өз мансаптарын құру, жеке өмірінде жетістікке жету ретінде талқыланады. Екінші жағынан, қазіргі таңда эмоцияналды интеллект пен өмір саулығы арасында бірыңғай байланысты көрсететін зерттеу жұмыстары жеткіліксіз. Оның үстіне, Дж. Мейердің ойынша эмоционалды интеллект жеке алаңдаушылықтың жоғарғы деңгейімен тәртіп мәселесі арасында теріс арақатынас орнатады. Эмоциялық интеллект - психология ғылымында қарқынды зерттеу нысанына айналған өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе бойынша мыңдаған кітаптар мен мақалалар жарыққа шығарылған, эмоциялық интеллектіні дамытуға арналған көптеген тренингтер жүргізіледі. Эмоциялық интеллект - адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі. Эмоциялық интеллект идеясы Эдуард Торндайк, Джой Гилфорд, Ганс Айзенк сынды авторлар зерттеуге алған «әлеуметтік интеллект» ұғымынан шыққан. Когнитивті ғылымның қарқынды дамуына байланысты интеллектінің ақпараттық, «компьютер тәрізді» модельдеріне баса назар аударылып, ойлаудың аффективті жағына айтарлықтай мән беріле қоймады. Әлеуметтік интеллект ұғымы тану үрдісінің аффективті және когнитивті жақтарын байланыстырушы буын екендігі ескерілмеді. Кейін әлеуметтік интеллект саласы аясында адам танымын «есептеуші машина» емес, когнитивті-эмоциялық үрдіс ретінде қарайтын түсініктер қалыптаса бастады. 1990 жылы Питер Салоуей «эмоциялық интеллект» ұғымын алғаш анықтап, «Эмоциялық интеллект» атты мақаласын жарыққа шығарды. Питер Салоуей және оның авторласы Джон Майер эмоциялық интеллектіні «эмоцияда көрінетін тұлға көріністерін қабылдау және түсіну, интеллектуалды үрдістер негізінде эмоцияны басқару» ретінде анықтайды. Аталған ғалымдардың анықтауынша, эмоциялық интеллект төрт бөлімнен тұрады: 1) өзінің және басқа адамның эмоциясын қабылдау немесе сезіну қабілеті; 2) өз эмоциясын ақыл-ойға бағыттау; 3) эмоция көріністерін түсіну қабілеті; 4) эмоцияны басқара білу. Қазіргі таңда эмоциялық интеллект феноменін, оның құрылымын, даму жолдарын одан әрі терең зерттеу өзекті, себебі аталған құбылыс - тұлға аралық өзара әрекеттесу үдерісінде адамдар арасында туындайтын эмоциялық үрдістер мен жай-күйлерді терең ұғыну арқылы адамдармен қарым-қатынасты оңтайландыру мүмкіндігін ашады. Сондықтан, эмоциялық интеллектіні тұлға бойында дамытуды біртұтас қоғамда психологиялық мәдениетті арттырудың маңызды факторы ретінде қарастыруға болады.
«Эмоциялық интеллект» ұғымына әртүрлі көзқарастар қалыптасқан.
Шетелдік психологияда П. Салоуей, Дж. Мэйер және Д. Карузо бойынша: «эмоциялық интеллект - әлеуметтік интеллектінің компоненті, өз сезімдері мен өзге адамдар сезімін қадағалау, оларды ажырата білу және ол ақпаратты өзінің ой, әрекеттерін басқару үшін қолдану қабілеті, эмоциялық интеллектінің дамуы тұлғаның үйлесімді, тұлғалық дамуына игі ықпалын тигізеді. Менің ойымша эмоцияналды интеллект деген, - эмоциялық ақпаратты өңдеу, түсіндіру (интерпретациялау) және қолданумен байланысты интеллект түрі». Д. Гоулман (ЭИ мәселесін анағұрлым терең зерттеген ғалымдардың бірі) : «эмоциялық интеллект - тұлғаға өзін-өзі сезінуге, түрткілендіруге, көңіл-күйін басқаруға, импульстік көріністерді бақылауға, фрустрациядан бекіну, күнделікті өмірде табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін факторлар жиынтығы; өз интеллектісін көрсету тәсілі». Р. Бар-Он: «қоршаған орта талаптары мен әсерлеріне (қысымына) оңтайлы жауап бере алу қабілеттілігі, ортаға оңай бейімделуге ықпал ететін эмоциялық, жеке және әлеуметтік қабілеттер жиынтығы».
Д. Майерс: «эмоциялық интеллектуалды адамдар өзіндік санасының жоғары дәрежеде дамуымен ерекшеленеді. Олар өз эмоциясына дисфункционалды депрессия, мазасыздық, ашу арқылы нұқсан келтірмеуге тырысып, өмір сүреді. Олардың жанашырлық (эмпатия) көрсете білу қабілеті айналадағы адамдардың эмоциясын дұрыс түсініп, олармен үйлесімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді - олар достарына, әріптестеріне қалай қолдау көрсету керектігін, дау-жанжалды қалай шешу қажеттігін біледі». Шетелдік психолог-зерттеушілер пікірінше, «эмоциялық интеллект» - өзінің және өзгелердің эмоциясын тани білу, оларды басқара алу; эмоцияны басқару мүмкіншілігі - адамдардың тұлға аралық өзара әрекеттесуіне анағұрлым тиімді бейімделуге көмектеседі. Эмоцияларды тану - эмоцияларды дұрыс қабылдап, анықтауға, сипаттауға мүмкіндік беретіндіктен, анағұрлым тиімді коммуникация, яғни қарым-қатынас орнатуға зор ықпалын тигізеді.
Эмоцияны меңгеру - өзін-өзі бақылаумен байланысты. Дұрыс эмоциялық экспрессия физикалық және психикалық денсаулықты сақтаудың маңызды факторы болып саналады. Эмоцияларды тежеу әртүрлі аурулардың пайда болуына әкеліп соғады. Онымен қоса эмоциялық экспрессияны бақылай алмау тұлға аралық қарым-қатынасты қиындатады. Сондықтан, эмоциялық экспрессияны бақылай алмау мәселесі субъектінің өзі үшін ғана емес, оның айналасындағы адамдар үшін де қолайсыз болып келеді. Сонымен қатар, эмоционалды экспрессия тұлғааралық қатынастар сапасына да ықпал етеді. Мәселен, белгілі бір жағдайларда аса ұстамдылық, шыдамдылық көрсеткен адам немқұрайлы, селқос, тәкаппар болып танылады, бұл өз кезегінде өзге адамдарда таңдану немесе жақтырмау сияқты жағымсыз қатынасты қалыптастырады. Эмоцияларды ұғыну - оларды санаға бекітуді меңзейді. Дегенмен, санаға кез келген эмоционалды үрдіс бекітіле бермейді немесе керісінше болуы мүмкін. Осыған байланысты, эмоцияларды ұғынуға байланысты екі құбылысты бөлуге болады: іс-әрекет ағымына және субъективті әсерлерге ықпал ететін дербес және біріккен үрдістің көрінуі (бұл жағдайда адам әлдебір нәрсені сезініп жатқанын біледі, бұл сезім бұрынғыдан ерекшеленеді) ; шын ұғыну - сөздік (белгілік) категорияларда көрінетін жеке жай-күйлері туралы білімдермен нәтижеленеді. Ұғынудың бұл екінші түрі эмоциялары басқару үрдісі, эмоцияларды алдын ала көру қабілеті негізінде жатыр. Эмоцияларды түсіну - оларды көрсете, білдіре алу мүмкіндіктерімен байланысты. Эмоция тілін меңгеру - сол мәдениетте қалыптасқан эмоция көріністерін меңгеруді, сондай-ақ адамның өмір сүретін және жұмыс істейтін ортасындағы адамдар эмоцияларының жеке көріністерін түсінуді талап етеді. Эмоцияларды түсіну оларды білдіруден әлдеқайда күрделі. Эмоцияларды түсіну - эмпатияның даму деңгейімен де байланысты. К. Роджерс бойынша басқа тұлғамен қарым-қатынастың эмпатиялық тәсілінің бірнеше қыры бар. Эмпатия өзгенің жеке әлеміне ену және ол әлемде өзін «өз үйіндегідей» сезіну. Эмпатия қарым-қатынастағы серіктесінің өзгермелі жан тебіреністеріне деген сезімталдықтан тұрады. Бұл дегеніміз өзгенің өмірімен уақытша өмір сүруді бейнелейді. Эмпатияға қабілеттілік, жанашырлық - жауапкершілікті, белсенділікті, жігерлікті, нәзіктікті, қайырымдылықты, кішіпейілділікті білдіреді. Эмоциялық интеллект - күнделікті өмірімізге, мысалы күнделікті жүріс тұрысымызға, өзге адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға қажет. Егер адамда эмоционалды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология мамандығында оқитын студенттердің жоғарғы оқу орнында оқу барысындағы эмоционалды интеллектісінің даму шарттарын зерттеу
Интелект дамуында бұзылысы бар балалардың танымдық дамуының ерекшелігі - жоғары психикалық функциялардың қалыптасуының тым баяулауы
Жазушы Ақан Нұрманов Құланның ажалы романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі
Фома Аквинский
Жасанды интеллект және оны пайдалану
Білім базасын сапалы түрде құру мәселелері
Құқықтық тәрбие туралы
Эмоционалды интеллект басқа интеллект түрлерінің жүйесінде
Бастауыш сыныптағы оқушының психикалық дамуының ерекшеліктері
Бастауыш сыныптағы оқушының психикалық дамуының ерекшеліктері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz