ХХ ғ. 30 - жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылықтың демографиялық зардаптары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ғылыми ізденіс жұмысы.
Тақырыбы: 1. ХХ ғ. 30 - жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылықтың демографиялық зардаптары.
2. Ұжымдастыруға қарсы шаруалар көтерілістері.

Орындаған: Жолдыбаев Т.К.
Тексерген: Кушенова Г.И.

Нур-Султан 2020г.
ХХ ғ. 30 - жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылықтың демографиялық зардаптары.
Қазақстандық тарихшы А.Н. Алексеенконың еңбектері Қазақстандағы ауыл тұрғындарының табиғи және көші -- қон қозғалысын, халық санының өсу динамикасы және оның ұлттық құрамын зерттеуге арналған. Көптеген мұрағат деректері мен жарияланған материалдары негізінде ауыл тұрғындарының негізгі даму бағыттары анықталады. Сол сияқты 1920 - 1930 жылдардағы ашаршылық және оның демографиялық зардаптары, жаппай қоныс аудару, көші -- қон, 1930 - 1940 жылдардағы қуғын -- сүргінге ұшыраған халықтардың жер аударылуы мәселелер қарастырылған [3]. Яғни, бұл ғалымның зерттеуі бойынша әртүрлі есептеулер мен түзетулерге сүйенгенде, 1930 -- шы жылдарғы қазақ халқының аштан қырылуы 1 миллион 840 мың немесе қазақтың 47,3 пайызы құрайды. Бүкілодақтық халық санақтары бойынша әртүрлі авторлардың зерттеулерінде қазақ халқының сан жағынан кему көрсеткішінде шамалы айырмашылықтар байқалады. Мәселен, А.Н. Алексеенконың мәліметтерінде 1939 жылғы қазақтың саны 2 млн. 328 адам делінген.
ХХ ғасырдың 30 -- жылдар басында өткерген сол бір нәубет ашаршылықты жасаған, жаппай ұжымдастыру идеологиясының негізін салушы, сонымен қатар Қазақстандағы Кіші Қазан төңкерісінің негіздеушісі, Сталиннің ұртоқпағы -- Ф. Голощекин болатын. Голощекиннің келе сала қолға алған ісі -- жаппай кеңестендіру жүйесін енгізіп, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі шаруашылығын өзгертуге бағытталған идеясы. Күштеп ұжымдастыру тәсілдері астық, ет дайындау науқанын көп мөлшерде орындау қажеттігіне қарамастан, қазақ көшпелі өмір салтын отырықшыға айналдыру стратегиясы 1929 жылдан бастап Қоныстандыру басқармасының әзірлеген шаралары негізінде жүзеге асырыла бастады. Ауылшаруашылық өнімдерін күштеп дайындау жоспарына қазақ қоғамы кеңестендіру саясатына мойынсұна қоймады, себебі ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі халықтың ұлттық дәстүрлі шаруашылығы жаңа таптық жүйені жылдам қабылдауға дайын емес еді.
Большевиктік партияның жүргізген ұжымдастыру саясаты салдарынан қазақ жерінің көптеген аудандарында аштық жайлады. Ашыққан шаруалардың басым бөлігі туған жерін тастап қалаларға шоғырланды, шекара асып басқа елдерге қоныс аудара бастады. 1930 - 1933 жылдардағы жаппай кеңестендіру саясаты жергілікті халықтың наразылығын тудырып, алғашқы бастамасы күшпен ұжымдастыру аштық пен халықтың үдере көшуіне әкеліп соқты. Қазақ халқының үдере көшу көлемі туралы қазақтың белгілі ұлы тұлғасы Тұрар Рысқұловтың И. Сталинге, В. Молотовқа жазған (1933 ж. 9 наурыз) хатында: ...Қонысын тастап, Қазақстанмен көршілес өлкелерге көшкен қазақтардың мекен -- жайларынан келіп түскен, шамамен алынған соңғы деректерге қарағанда: қазір Орта Еділде -- 40 мың, Қырғызстанда -- 100 мың, Батыс Сібірде -- 50 мың, Қарақалпақстанда -- 20 мың, Орта Азияда -- 30 мың қазақ бар. Қонысынан ауғандар қалмақ жеріне, Тәжікстанға, Солтүстік өлкеге және басқа да осы сияқты шалғай жерлерге де көшіп кетті. Байлар бастаған бір қауым Батыс Қытайға ауды... Бұл қазақтардың көші қоны емес, басы ауған жаққа кетуі. -- деген мәліметтерді көрсетеді [1, 262 б.] Сонымен қатар, аштық кесірінен елде әр түрлі жұқпалы аурулар етек жайып, өлім -- жітім саны ұлғая түсті. Шаруалардың наразылығы халықтың басым бөлігін көтеріліске итермеледі. Қазақстандағы ОГПУ саяси құпия бөлімінің 1931 жылдың 1 -- желтоқсанындағы мәліметтеріне назар аударсақ, 1929 - 1931 жылдар аралығында халық наразылықтары аса белсенді көрініс берген кезең екен. Ресми деректерге сүйенсек, осы жылдары Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтерулеріге, 80 мыңға жуық адам қатысты. Жылдарға шаққанда олардың 54 -- і 1929 жылы, 241 -- і 1930 жылы, 77 -- сі 1931 жылы орын алды. Көтерілісшілер санын есепке алуы бойынша 1929 жылы Қазақстанда көтерілісшілердің 31 тобы әрекет етіп, оларға 351 адам қатысса, 1930 жылы 85 топ, 1925 адам, ал 1931 жылы 80 топ, 3192 адам. Яғни көрсетілген мерзімде көтерілісшілердің барлығы 196 тобы бас көтеріп, оларға 5468 адам қатысқан.
Бірақ та, ресми партиялық құжаттармен танысқанда ОГПУ берген еептеулердің толық емес екендігіне көз жеткізуге болар еді. Мәселен, 1931 жылдың желтоқсанында Ф.И. Голощекиннің И.В. Сталинге жазған хатында мынандай жолдар бар: Тап күресінің өрістеуін ГПУдің анықтамасын төмендегідей анықтамасын білуге болады: соңғы екі жылда ірі бандалардың ( көтерілісшілер) 34000 -- дай адам қатысқан 15 бас көтеруі орын алды. Осы жылда 1350 контрреволюциялық топтар жойылды және оған қатысқан 7,5 мың кісі қолға түсті... -- деген мәліметтер көрсетеді.
Сонымен қатар, Қазақстан Халық Комиссарлары кеңесінің төрағасы Ораз Исаевтың 1932 жылы тамызда И. Сталинге жазған хатында көтеріліс, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі үлкен аймақты қамтыған, яғни бүкіл Қазақстанды шарпығанын айтады. Соның ішінде қазақ даласындағы ірі көтерілістер: Созақ, Ырғыз, Қарақұм, Адай, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау, Балқаш, Жетісу, Сарқан, Қордай. Бұл ірі көтерілістер болғанымен, тоталитарлық жүйенің қуатты әскери күшіне қарсы төтеп бере алмады. Көп кешікпей көтеріліс жанышталып, шаруалар наразылығына қатысқандар қатаң жазаға тартылды. Осы көтерілістер мен толқуларға қатысқаны үшін КСРО Халық комиссарлары Кеңесі жанындағы Мемлекеттік біріккен саяси басқарма органдарының өзі ғана 5551 адамды соттап, оның 883 -- ін атып жіберді.
Тоталитарлық жүйе құрсауына қарсы болған ашық бас көтерулердің бірі -- Шұбартау шаруаларының 1931 жылы көктемінде болған ұлт азаттық сипаттағы қозғалысы.
1933 жылы 31қаңтар РКФСР үкіметі төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлов Қазақстанның жаңадан тағайындалған басшысы Л. Мирзоянға жазған хатында Шұбартау ауданын негізінен қазақтар ғана тұратын 70 ауданның қатарына жатқызып, егіншіліктің жетіспеушілігінен күйзеліс басталып, 1931 жылдан бастап, жаппай наразылық басталғанын атап көрсеткен еді .
Халықтың мұндай ауыр хәлге душар болуының басты себебі, 1928 жылдан бергі ет салығының көбейіп кетуінен болды. Мәселен, Шұбартау ауданы орталықтағы өнеркәсіпті аудандарды ет өнімдерімен жабдықтайтын және Семей ет комбинатына мал өнімдерін өткізетін басты мал шаруашылығы аудандарының бірі болған еді. Оның үстіне, 1930 жылдың басынан кең өрістеген ауқатты шаруаларға қарсы кеңес үкіметінің жаулық саясаты олардың шаруашылықтарын түгелдей дерлік күйретіп үлгерді. Көтеріліс 1931 жылғы наурыз айының алғашқы жартысында басталды және оған (ОГПУ -- дің ресми мәліметтері бойынша) 600 -- ге тарта адам қатысты [1, 241 б.]. Аудан басшылары қашқан орталықтарында шаруалардың мекемелерді жаппай тонаушылығы басталды.
Аудан аумағына жазалаушы коммунистік әскери жасақтың келіп кіруі көтерілістің кең тарап кетуіне жол бермеді. Ауыл көтерілісшілері әскери күшке төтеп бере алмады. Көтеріліске қатысқандар қатал жазаланды. ОГПУдің Ерекше үштігі өзінің 1931 жылдың 14 мамырындағы және 19 маусымындағы, сондай -- ақ, келесі 1932 жылдың 19 маусындағы үкімдерімен 28 адамды, көтеріліс басшыларын атуға, 66 адамды 3 жылдан 10 жылға мерзімге еңбек түзету лагеріне қамауға, 17 адамды Қазақстанның өз ішінде 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімде жер аударуға кесті [5, 206 - 207 б.].
Жас тұлпар ұйымының жетекшісі, әйгілі жазушы Мұрат Әуезовтің Алматыдағы ЖОО -- дағы замандастарымен болған бір кездесуде: 1932 жылы миллиондаған қазақтар құрбан болды, олардың ішінде білімді азаматтар да кетті. Мұның бәрін, қазіргі біздің жастар білуі тиіс және есте сақтауы керек... -- деген болатын [6, 221б.]. Ал академик М. Қозыбаев 1930 -- 1933 жылдардағы ашаршылықта халықтың 52% -- ы қырылды деп көрсетеді. Жалпы есептеулерге тоқталар болсақ, 1930 - 1933 жылдар аралығындағы қазақ халқының санының кемуін белгілі демограф Талас Омарбековтың есептеуі бойынша: Қазақстанның Егіншілік Халық Комиссириатының (Наркомзем) мәліметтері бойынша 1930 - 1932 жылдары Қазақстандағы ауыл халқының кемуі 1млн 831441 адам деп көрсетіледі. Мұнда бірақ, 1933 жылғы мәлімет көрсетілмеген. Осы жылдары Қазақстанның санақ басқармасы (Казнархозучет) бастығының орынбасары Н. Мацкевичтің мәліметіне қарасақ, бір ғана 1933жылы қысқарған ауыл халқы 1 млн. 70,5мың адамды құрайды, яғни, барлығы, ауылда 1930 -- 1933жылдары азайған халықтың саны 2 млн. 900 мыңнан асып кетеді [5, 208 б.]. Бұл тек қазақ халқының санының кемуі емес, сонымен қатар қазақ жеріндегі босқындардыңда кемуі көрсетілген. Жоғары да айтылғандай демограф Мақаш Тәтімовтің есептеуі бойынша сол жылдары 200 мың босқындар өлген болса, ал қазақ саны 2,3 млн.ды құрайды. Демек, қазақ халқы саны жағынан үлкен шығынға ұшырауы, демографиялық жағдайдың әлсіреуі, большевик партиясының жаппай отырықшыландыру саясаты кесапатынан, осы бір НӘУБЕТ жантүршігерлік ашаршылықтың белең алуынан...
ХХ ғасырдағы болған алапат ашаршылық 7 миллион адамның өмірін жалмаған адамзат тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі. Сол уақытта ашаршылық тек қазақ жерін ғана емес, сондай ақ Ресей, Украина, Белорусь жерлерінде қамтыды. Бірақ та, қазақ осы жасанды саясаттың ең қатты зардап шеккендердің бірі.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халықтың басына түскен бұл нәубетті көптеген зерттеуді қажет ететінін атап өтті. Президент қазақтың қолдан жасалған зауалдан ең қатты зардап шеккен халықтың бірі екенін айта кетіп: " Нәубет жылдары миллионнан аса қазақ аштықтан ажал құшты. Мұны әлі зерттеу керек, әрине. Біз сол уақыттағы басшылардың өзіне қолайлы етіп берген есебіне ғана сүйеніп отырмыз. Сол жылдары нәубетке ұшырамаған, аштық тауқыметін тартпаған қазақ қалған жоқ. Кейбір ауылдар түгелімен жоқ болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары
Семей губерниясындағы ашаршылық және оның салдары
Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
Бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚТЫҢ АУЫР ЗАРДАПТАРЫ
1931 - 1933 жж Қазақстандағы ашаршылық
Қазақстандағы демографиялық процестер туралы ақпарат
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.)
1930 жылдардағы Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
Дәстүрлі қазақ шаруашылығын күшпен күйрету науқандары
Пәндер