Геологиялық сипаттағы апаттар


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Баяндама
Кафедра: Технологиялық машиналар мен жабдықтары.
Тақырыбы: Геологиялық сипаттағы апаттар.
Қабылдаған :Амирбеков Е .
Тобы: ММГ-18-3к
Орындаған: Жамалбек. С
Геологиялық сипаттағы апаттар.
Геологиялық сипаттағы құбылыстың әсерінен болған стихиялық апаттарға жер сілкінісі, вулканның атқылауы, опырмалар, қар көшкіні, сел және т. б. жатады.
Жер сілкінісі.
Жер сілкінісі кенеттен, ойламаған жерден болатын және ең қауіпті табиғи апаттардың бірі. Жер сілкінісі көптеген материалдық және адам шығынына душар еткізеді. Жердің қатты сілкінісінде жердің жарылуына ықтимал. Белгілі мәліметтерге жүгінсек бір жылда жер бетінде 100мыңнан астам жер сілкінісі болады екен. Қазақстанның 450 мың шаршы километрі жер сілкіну қауіпі бар аумақта болғандықтан бұл жағдай бізге өте өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Себебі 27 қала 400 ден астам мекендер мен 6 милионнан астам халық тұрады да, 30% өнеркәсіппен 35%-ға жуық тұрғын уй қоры шоғырланған.
Сонымен қатар, жер сілкінісінен қорғауға үкімет үлкен мән беріп отыр. Осыған орай жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар қабылданған.
Жалпы алғанда жер сілкінісі - бұл жер қыртысының немесе мантияның үстіңгі бөлігінің кенеттен болған жылжуының және үзілуінің нәтежиесінде пайда болатын, беттінің толқыны. Жер сілкінісі кезінде апаттың ауқымды бөлігі оның ошағында болады.
Жер сілкінісінің ошағы - бұл жер қабатының бір бөлігі көлеміндегі энергиясының бөлінісі. Ошақтың ортасын эпицентр деп атайды.
Халықтың жерсілкінісі кезіндегі іс-әрекеті.
Жер сілкінісі кезінде ғимарат ішіндегі кез-келген адам тірі қалу мүнкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін дүмпуді алдын ала күте тұруға болатын, салыстырмалы қауіпсіз орынды білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кетту керек.
Тұтас ішкі қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрықтары, есік жақтауының ортасы, мықты үстел, белағаш өтетін жер ең қауіпсіз жер болып табылады. Спитактағы жер сілкінісі кезінде ванна ішінде 6 адам тірі қалған. Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, соңғы қабаттағы соңғы бөлмелер, лифтілер, саты алаңы мен балкондар жатады.
Зілзала кезінде еш бір кедергісіз шығу үшін дәріздерді, өтетін жерлерді, баспалдақ торларын, ішкі және сыртқы есік ойықтарының аса қажетсіз дүние мүлікпен ыбырсытпау керек.
Егер сіз ғимараттың 1-2 қабаттында болып, одан шыққыңыз келсе, онда алғашқы дүмпу кезінде дабырасыз жылдам қимылдаңыз. Бірінші қабаттан тез шығу үшін терезені немесе балконды пайдалануға болады.
Ғимараттың жоғары қабаттындағы адамдар бастарын қолға түскен затпен жауып, дүмбуді салыстырмалы қауіпсіз орнында тоса тұрулары қажет. Ғимараттан арқаны тірей отырып шығу керек, ал қабырға жалаң болса оны айналып өткен жөн.
Жеке уйдің иелері қажетті жағдайда оны сейсмолық тұрғыдан күшейтуі қажет. Ұйымның бүкіл қызметкерлері ғимараттың сеисмо төзімділік дәрежесін білуге тиіс. Бүкіл құрылымдық бөлімдерге негізгі шығаберіс жолын, қозғалыс бағытын, ғимарат пен аумақтағы қауіпсіз алаңдарды бекітіп берген жөн.
Жұмыс істейтін барлық қызметкерлер жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер баяндалған жаднама-буклеттерді оқуға тиіс.
Қазақстан аумағының сейсмо қауіпті аймағында жер сілкінісің жиілігі әртүрлі. Қазіргі ғылым алапат сейсмикалық құбылыстың уақыты мен кіндігін әзірше дұрыс болжай алмайды. Сондықтан жер сілкінісі кезінде әзірлік шараларға даярлануды, іс-әрекеттер тәртібін алдын ала білуге тиіс. Сейсможаттығу адамдардың жер сілкінісі кезіндегі дұрыс іс-әрекеттерге дағдылануына үлкен септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасының Министрлер комитетінің “ Төтенше жағдайларды ескерту және іс-әрекеттер бойынша халықпен мамандарды оқыту жүйесін құру жөнінде шаралар туралы “ 1993 жылғы 30 қыркүйектегі №969 Қаулысында сейсмо қауіпті аймақта орналасқан барлық объектілерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда тоқсан сайын сейсможаттығу өткізу белгіленген.
Вулкан атқылауы.
Дүние жүзінде 200 миллионға жуық халық вулкан болуы ықтимал аумақта тұрады. Вулкан атықылауы жердің астындағы тұрақты түрде активті процестер жатқанынан болады.
Жер қыртысы және оның бетінде магманың қозғалысына байланысты құбылыс вулканизм деп аталады.
Магма( грек тілінде - қою мазь) - жердің терең ортасында болатын силиқаттық құрамы басым еріген магма лава түрінде атқылайды. Лаваның магмадан айырмашылығы газдың болмауы. Ол газ атқылау кезінде ұшып кетеді.
Вулкан - бұл лақтырудан пайда болған заттан жиналған тау. Магма ошағы жер қыртысының терең 50-70 км жерінде орналасқан.
Вулкан - атқылау болып жатқан, ұйықтаған және сөнген болып бөлінеді.
Ұйықтаған вулкандарға өз формасын сақтаған және оның астында жер сілкіністері аздаған күшпен болып жатқан, сонымен қатар оның атылғандығы туралы ешқандай мәлімет жок вулкандар жатады.
Сөнген вулкан - бұл ешқандай активтілігі жоқ вулкандар.
Вулканның атқылауы қысқа және ұзақ болып бөлінеді. Атқылау продуктілері (газ, сұйық, қатты куйдегі) 1-5 км бйіктікке дейін лақтырылады.
Опырмалар
Опырмалар тік тау жыныстарында пайда болған топырақ массасының ауырлық күшінің әсерімен төмен қарай сырғуы. Опырмалар тік таудың тұрақтылығы бүлінген жағдайда пайда болады. Опырмалар адам және материалдық шығынға әкеліп соқтыратын процесс.
Опырмалар келесі факторлардың әсерінен болуы мүнкін:
- Топырақтың сусыздануына және құрғауына;
- Өсімдіктердің түрлерінің өзгеруінен ;
- Өсімдік қабатының құрып кетуінен;
- Желденуінен;
Қатты жер сілкінісі кезінде міндетті түрде әр уақытта опырмалар орын алады. Опырмалар Қазақстанның барлық таулы аймақтарында болуы мүнкін. Аса ірі опырмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Опырмалар ірі өзенді бөгейтін көлденең массаларды үйіп тастауына байланысты су тоғандарын жасауға әкеліп соғады. Мұндай өзенге Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады.
Опырмалар тіктігі 20 градусқа жуық жарларда жылдың кез-келген уақытында болуы мүнкін. Ірі опырмалардың көлемі 50-60 га дейін жетеді.
Қар көшкіні
Қар көшкіні-қар массасының тау беткейінен төмен қарай жылжуы. Еуропада жыл сайын әртүрлі қар көшкіндері болып тұрады, орташа алғанда 100-ші адам өмірін алып кетуде. Ал Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырауда. Қар көшкіндері құлама тау беткейлерін жаңа қар жауған және күн күрт жылып кеткен кезде пайда болады. Жауын-шақын наурыз-сәуір айларында көп жауатындықтан қар көшкіндері сол айларда көп байқалады. Қар көшкіндерінің 50% жазық жазық жерлерге дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне қауіп төндіруде. Тау әуесқойларында болатын барлық қайғылы оқиғалардың 25% -на жуығы осы қар көшкінінің еншісінде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz