Жоғары мектеп педагогикасының дамуы


РЕФЕРАТ
Дайындаған: Ахметкалиева Г. Б.
1 курс магистранты
Шет тілі: екі шет тілі
Жоспар
- Жоғары мектеп педагогикасының дамуы. Қазақстанда жоғары мектеп педагогикасы мен жоғары оқу орындарының дамуы
2. Болон процесі және қазіргі әлемдегі білім беру жүйесінің интеграциясы
3. Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуы
Жоғары мектеп педагогикасының дамуы
Жоғары мектеп педагогикасы- кәсіби мамандарды тәрбиелеу туралы ғылым. Жоғары мектепе педагогикасы 2 түрлі мағынада қарастырылады, бірі -жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесіне бағытталған адамның іс-әрекеті; екіншісі -іс-әрекеттің заңдылықтарын, ұстанымдарын, әдістерін ашатын ғылым теория. Жоғары мектепе педагогикасы өз алдына ғылыми білім болуы жоғары мектептің қазіргі өндіріс саласына мамандар даярлауды жетілдіруде және тиімділігін арттырудың қажеттілігінен туындап отыр.
Жоғары мектеп педагогикасының басты міндеті- мамандарды кәсіби іс-әрекетке қазіргі ғылым мен тәрбиенің қол жеткен негізінде даярлау
Қазақстанда жоғары мектеп педагогикасы мен жоғары оқу орындарының дамуы
2. Болон процесі және қазіргі әлемдегі білім беру жүйесінің интеграциясы
Болон процесі және қазіргі әлемдегі білім беру жүйелерінің
интеграциясы
Болон процесі дегеніміз - Еуропа елдерінің ортақ білім жүйесін құруды
мақсат етіп, Италияның Болонья қаласында Еуропаның 29 мемлекетінің білім
министрлері қол қойған декларация. Аталған құжат қол қойылған қаланың
аталуына орай, Болон процесі атауына ие болған.
Жалпы Еуропа елдерінің білім беру жүйесін орталықтандыру мен
үйлестіру ісі 1970 жылдардан бастау алады. Сол кездің ӛзінде Еуропа Одағы
Министрлер Кеңесі Білім саласы бойынша бірінші ынтымақтастық
бағдарламасы туралы қарар қабылдаған еді. Болон процесінің алдындағы
тағы бір саты ретінде Университеттердің Ұлы Партиясын (Болонья, 1988
жыл) және Сорбон декларациясын (Париж, 1998 жыл) атауға болады. 1999
жылы ортақ мақсатқа жетуді кӛздеп, арнайы декларацияға Еуропаның 29
мемлекеті қол қойды. 2004 жылға дейін Болондық процеске 40 ел мүше
болды. Мүше-мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында
мерзімдік кездесулерді үйымдастыруды кӛздейді.
Болон процесі демократиялық жоғары технологиялық ақпараттық
нарықтық қоғам талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, тандау
еркіндігін және ӛзіндік білім жолын игерумен, білім жинаудың ақпараттық-
ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат тұтады. Болон процесінің
басты мақсаттарының құрамында еуропалық мәдени құндылықтарды
дамытудағы университеттердің негізгі басты орнын мойындау; жоғары
білімді қоғам талаптарына сай бейімдеу қажеттігі; білім орталықтарына қол
жеткізу мақсатындағы азаматтардың жұмылуы; түлектердің кәсібін
айқындауда түсінуге жеңіл, салыстыруға боларлықтай дәрежелер мен
мамандықтар қабылдау; әртүрлі мәдениеттерге, тілдерге, үлттық жүйелерге
сый-құрметпен қарау; университеттік автономияны және академиялық
еркіндіктерді дамыту; үздіксіз білім беру; Болон процесі мүшелерінің
арасында сенім философиясын орнату жатады. Ресмизаңдық тұрғыда Болон
процесі Батыс Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби білім деңгейін
біркелкі "бакалавр-магистр" формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары
білім құжаттарының Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді.
Болон процесі (Болондық қайтақұрылулар) - жоғары білім
министрлерінің Декларациясына сәйкес, еуропалық жоғары білім жүйесін
жақындату процесін белгілеу үшін жиі пайдаланылып жүрген термин.
(Париж, 1998; Болонья, 1999; Прага, 2001; Берлин 2003) .
Болон процесін дамыту және құрылым жӛніндегі барлық сұрақтарға
шешім қабылдайтын жоғары орган, екі жылда бір жиналатын, қатысушы
елдердің министрлер мәжілісі болып табылады.
Министрлер мәжілістері арасында Болон процесінің басқарушы органы
болып Болон жұмыс тобы (Bologna Follow-up Group) болып саналады, оның
құрамына әр елдің 2-3 ӛкілі кіреді, әдетте біреуі тиісті министрліктен және
біреуі елдің академиялық бірлестігінен. Болон жұмыс тобына сол мерзімде
Еуроодақта тӛрағалық ететін елдің ӛкілі тӛрағалық етеді. Топ Болон процесі
сұрақтарына қатысты халықаралық тақырыптық семинарлар кестесін бекіту,
кезекті министрлер мәжілісіне ақпарат жинақтау, мәжіліске енгізу алдында
қатысушы елдердің баяндамаларын талқылаумен айналысады және т. б.
Болон тобының мүшелерінен, келесі министрлер мәжілісі ӛткізілетін елдің,
алдынғы жылы Еуроодақта тӛрағалық еткен елдің ӛкілдерінен бір жылға
тӛрағалық ететін Кеңес (Board) сайланады, ол тӛраға және вице-тӛрағадан
құрылады, сонымен қатар Еурокомисия ӛкілдері және дауыс беру құқығы бар
Еуропалық университеттер ассоциясының мүшелері (EUA), Еуропалық
жоғары оқу орындары ассоциясы (EURASHE) және Еуропа студенттерінің
Ұлттық одақтарының (ESIB) ӛкілдері кіреді.
Сонымен қатар хатшылық құрылады: оның құрамына министрлер
мәжілісі ӛтетін елдің 3 Білім министрлігі қызметкерлері кіреді. Хатшылық
Кеңес пен Топтың жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру
және техникалық жұмыстармен айналысады.
3. Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуы
2010 жылғы науырыз айында Қазақстан Республикасының Болон декларациясына қосылуы білім мен ғылымның ұлтаралық қатынасы жолында өте маңызды кадам болды.
Болон үдерісіне Қазақстанның қатысуы жоғары білімдер аумағында салыстырмалы жүйені қабылдау арқылы Еуропалық білімге қол-жетерлік жағдай туғызуға, білім сапасын арттыруға және студенттер мен профессор-оқутышылар құрамының мобильдік деңгейін көтеруге мүмкіншілік туғызады. Болон үдерісі - жоғарғы білімнің біртұтас еуропалық кеңістік құру мақсатымен Болон келісім-шарты шеңберінде білім жүйелерін үндестіру және жақындастыру үдерісі. Сонымен бірге білім және ғылымның ұлтаралық қатынасы әлемде қазақстандық білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, еуропалық өңірде отандық дипломдардың еркін конверсиялануын, бітірушілердің кез-келген елде жұмысқа орналасу құқығын мойындауға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz