Әлем елдеріндегі білім беру жүйесімен танысу. Білім беру жүйесі дамыған мемлекеттердің оқу жүйесімен таныстыру, жаңа тәсілдер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Әлем елдеріндегі білім беру жүйесімен танысу. Білім беру жүйесі дамыған мемлекеттердің оқу жүйесімен таныстыру, жаңа тәсілдер.
1. Жапонияның білім беру жүйесі
Жапониядағы білім беру құрылымы келесілерден тұрады
міндетті емес саты - балабақша; кіші, орта және жоғарғы мектеп болып бӛлінетін мектеп білімі, оның ерекшелігі - орта мектептен кейін әр түрлі арнаулы мектептерге немесе технологиялық колледждерге кетуге болатынында, және университеттер мен университеттік емес секторға бӛлінетін жоғары білім [1, 56 б].
Білім берудің әр сатысын толығырақ қарастырайық.
Мектепке дейінгі білім. Жапонияда балабақша білім берудің сатысына жатпайды. Балалар мұнда ата-аналарының еркімен түседі - кӛбінесе тӛрт жасынан бастап.
Жапониядағы барлық балабақшалар жеке меншік. Олардың ішінде беделді университеттердің қамқорлығындағы элиталы деп аталатын балабақшалар ерекше орын алады. Егер бала осындай балабақшаға түссе, оның болашағын қамтамасыздандырылған деп есептей беруге болады: тиісті жасқа жеткен соң, бала университеттік мектепке ӛтеді де, оны бітіріп, университетке емтихансыз түседі. Жапонияда білім беру саласындағы бәсекелестік ӛте шиеленіскен: университеттік диплом министрлікте немесе қандай да бір танымал фирмада беделді, жақсы тӛленетін жұмысқа тұрудың кепілі болып саналады. Ал бұл - ӛз кезегінде, мансаптың жоғарылауы мен материалдық әл-ауқат кепілі. Сондықтан, университеттің балабақшасына түсу ӛте қиын. Баласының түсуі үшін ата-аналар үлкен сомалы ақша тӛлейді, ал баланың ӛзі айтарлықтай күрделі тестілеуден ӛтуі керек.
Жапондық тәрбиешілер балаларды ӛзара әрекеттестікке үйрете отырып, оларды кішігірім топтарға (хан) топтастырады. Бұл мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастырудың маңызды ерекшелігі болып табылады. Бұл топтар балалардың қабілеттеріне қарай емес, олардың әрекеттерін нәтижелендіретін нәрселерге сәйкес құрылады. Әр жылы топтар жаңадан құрылады. Топ құрамының жиі ауысуы баланың әлеуметтенуіне кӛбірек мүмкіндік беруімен байланысты. Егер баланың нақты бір топпен қарым-қатынасы қалыптаспаса, оның басқа балалар арасында достық құруы әбден мүмкін .
Жапонияда кішкентай балаларды тәрбиелеу оларды бірден жарқын болашақ үшін бәсекелестікке сүңгітеді. Ол адамның шығармашылық қабілеттерінің дамуына қолайлы бола бермейді, бірақ балада адами қоғамдық тұрмыс ұғымын қалыптастырады, ұйғарымды нақты орындап және қоршағандарға кедергі келтірмей ұжымда жұмыс жасай алатын физикалық және психикалық сау адамды тәрбиелейді.
Мектеп білімі. Жапониядағы мектеп үшке бӛлінеді:
Бастауыш мектеп (1-6 сыныптар) - сѐгакко.
Орта мектеп (7-9 сыныптар) - тюгакко.
Жоғарғы мектеп (10-12 сыныптар) - котогакко.
Жапониядағы бастауыш және орта мектептер барлығы үшін міндетті және ақысыз. Ал жоғарғы мектеп міндетті емес, алайда балалардың 95 % оқуын жалғастырады. Жоғарғы мектепті бітіргендердің 48 % колледжге (2 жыл оқу) немесе университетке (4 жыл оқу) оқуға түседі .
Барлық дзюкуге жылдық табысы ақылға сиымсыз кӛлемдегі триллион иен сомасын құрайды. Әлемде осыған ұқсас жүйе жоқ .
Жапония мектептерінің басты мәселесі - бұл әрбірі бірнеше сағатты алатын және қажырлы еңбекті талап ететін және оған дайындық процесіне одан да кӛп уақыт кететін есінді шығарып жіберетін емтихандар. Уақыт ӛте келек олар оқушылардың ӛз-ӛзіне қол жұмсауына себеп болады .
Орта және жоғары мектеп оқушылары әрбір триместрдің соңында және бірінші екінші триместрдің ортасында емтихан тапсырады. Әдетте емтихандар жазбаша тест түрінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салыстырмалы педагогика пәнінен дәрістер
Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары
Музыка сабағында заманауи технологияларды пайдалану
Оку нәтижелерін бағалау және бакылау
Музыка пәнінде заманауи технологияларды пайдаланып оқыту
КӨРКЕМ КЕСТЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ
ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУДА БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ
Қонақ үй шаруашылығының туризмдегі маңыздылығы қонақ үй шаруашылығының туризмдегі маңыздылығы
Сапа менеджментінің жүйелері
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы»
Пәндер