Психикалық дамуында тежелуі бар балалармен педагогпсихологтың түзету іс әрекеті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Психикалық дамуында тежелуі бар балалармен педагог-психологтың түзету іс әрекеті
Психикалық дамудың тежелу мәселесі дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден - бір көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Ол кемақылдылар қатарына жатпайтын, бірақ білім қорының көлеміне қарай оларды қорытуға жеткілікті икемділіктері болса да алғашқы сыныптарда мектеп бағдарламасын игере алмайды.
Жалпы орта білім беретін мектепте үлгерімі төмен балалар тобында елу пайыз психикасы дамуының тежелуі бар (ПДТ) балалар кездеседі. Психикалық дамудың тежелуі бұл баланың интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмеуі.
Психикалық дамуының негізгі бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейі, яғни, зейіні, есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен тежелуі бар (ПДТ) балалардың оқу үлгерімі төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі жеті-сегіз жастан анық байқалады.

* Бүгінгі күні ғылым мен білімді игеруде психология ғылымынсыз
өркениеттің өріне еркін қол жеткізе алмаймыз. Өйткені психология барлық салаларда қамтылады. Осыған орай мақалада баяндалатын мәселе қазіргі кездегі балалардың дамуындағы бұзылыс түрлерінің жиі кездесетін бір түрі - психикалық дамудың тежелуі. Жалпы орта білім беретін мектепте үлгерімі төмен балалар тобында елу пайыз психикалық дамуының тежелуі бар (ПДТ) балалар кездеседі. Психикалық дамудың тежелуі бұл баланың интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмеуі.
Психикалық дамуының негізгі бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейі, яғни, зейіні, есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауында тежелуі бар (ПДТ) балалардың оқу үлгерімі төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі жеті-сегіз жастан анық байқалады.
Балалардың ақыл-ой дамуының тежелуі туралы айтатын болсақ, оның білімді меңгеру дағдысы толықтай сақталып, деңгейлері өз құрдастарынан 2-4 жылға артта қалып отырады. Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері түрлі болуы мүмкін. Олар басынан өткерген аурулар, негізгі әлеуметтік жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы, тағы басқа себептерден болуы мүмкін. Психиатр, невропатологтардың зерттеулері бойынша психикалық дамуының тежелуі балада тұмау, сары ауру, іштегі улану сияқты аурулардан кейін пайда болады.
Психикалық дамуының тежелуі бар балалардың оқу үлгерімі төмен болатынын жоғарыда айтып өттік. Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 1-сыныптан бастап көріне бастайды. Бірақ, анық белгілері 2-3 сыныптарда белгілі болады.
Олардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктері:
- сабақ процесіне жай қосылады;

- оқу материалын баяу қабылдайды немесе мүлдем қабылдамайды;

- берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды;

- оқуы мен жазуы жай;

- оқыған мәтінін түсінбейді және түсінгенін айтып бере алмайды;

- есептер шығарған кезде қателер жібереді;

- тез шаршағыш;

- сыныптастарымен аз араласады;

- өз ойын анық айта алмайды

Психикалық дамуының тежелуі бар балалар көбіне олигофрения балаларға ұқсайды, Бірақ, егер де оқу процесі, әдістемелік нұсқаулары дұрыс ұйымдастырылған болса, 1-3 жылда өз құрдастарының білім дағдысын қуып жетуге болады.
Неміс педагог-дефектологы П.Шуман Баланың психикалық немесе дене дамуы неғұрлым төмен болса, ұстаздың білімділігі мен біліктілігі соғұрлым жоғары болуы қажет - деп айтқан.
Түзету жұмыстары псаихикалық дамуы тежелген және ақыл-ой кемтарлығына шалдыққан оқушылардың зейіні мен еске сақтауын, кеңістіктік елестетуін, қисынды ойлауын дамытуға жағдай жасайды.
Сондықтан барлық танымдық психикалық үрдістер (қабылдау, ойлау, есте сақтау және т.б.) таза күйінде болмайтындығын, тұтас бір жүйені білдіретіндігін, соның негізінде кешенді түрде дамитындығын есте сақтаған жөн.
ПДТ балалардың мектепте білім алуы кезінде туындайтын қиындықтарының басты себебі, олардың танымдық процестерінің толық жетілмегені болып табылады. Көптеген клиникалық және психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижесі ПДТ балалардың ақыл-ой әрекетінің төмендігі олардың есте сақтау қабілетінде бұзылыс барына байланысты екендігін көрсетті. Демек бұл балаларды оқыту барысында осы жайтты ескерген абзал. ПДТ балаларға арналған арнайы білім беретін мекемелердің бағдарламаларындағы оқушы меңгеруге тиіс білім көлемі жалпы білім беретін орта мектептердің бағдарламаларына сәйкес келетіндіктен, осы оқушыларға арналған түзете-оқытудың жүйесін құру, олардың есте сақтау ерекшеліктерін ескеріп, жетілдіру жолдарын, әдістерін зерттеп қарастыруды талап етеді.

ПДТ балалардың есте сақтауының ерекшелігі мәселесіне арналған еңбектердің көп бөлігі ерте мектеп жасындағы оқушыларды қарастырады. Бұл оқушылар есейген сайын оқу материалын есте сақтау қажеттілігі артып күрделенетінін көрсетеді.
Психикалық дамуы тежелген балалардың қалыпты дамыған және ақыл-ойы кем балалармен салыстырғандағы есте сақтауының спецификалық ерекшелігі анықталған болатын. Бұл балалардың өздеріне тән ерекшелігі, олардың қандай да бір мәліметті жаттап дәл сол күйінде айтып беру қабілетінің төмендігінде. Әрине, бұндай жағдай ПДТ балалардың білім алу процесінде оң нәтиже бермейді.
Күрделілігі орташа деңгейдегі тапсырманы орындаған кезде, психикалық дамуы тежелген балалар ақыл-ойы кем балалардан анағұрлым тапсырманы жақсы орындап шыға алады. Есте сақтау қабілетінің тағы бір ерекшелігі, ПДТ балалар естігенін емес көргенін жақсырақ есте сақтайды, сондықтан, бұл балаларға сабақ беру барысында көрнекілік материалдарын қолдану маңызды болып табылады
Ырықты естің ең маңызды сипаттамасы жаңа ақпарат пен болып кеткен оқиға арасының байланысына негізделген есте сақтаудың тиімділігі болып табылады. Сыртқы және ішкі тіректерді пайдалану - жадының шекараларын кеңейтудің ең пәрменді тәсілі және жадының кемшілігінің орнын толықтырудың тиімді құралы. Жаңа ақпарат пен болып кеткен оқиға арасының байланысына негізделген есте сақтауды (яғни, ассоциациялық және логикалық есте сақтау)меңгеру әсіресе әлсіреген жады бар тұлғалар үшін маңызды. Тиісті түзету жұмысын көрсеткен жағдайда, нәтижесі жемісті болмақ. ПДТ балалар есте сақтаудың арнайы тәсілдерін оқымай тұрып сөздік материалды айту барысында тірек көрнекіліктердің болғанына қарамастан қиналатын. Көмекші құралдар (суреттер) олардың жұмыстарын өнімділігін әрдайым жақсартпайтын. Мағыналық байланыстарды орнату операцияларын меңгеру, оны есте сақтаудың тиімді тәсілі ретінде табысты қолдануға кепілдік бере алмайды. Одан көп өрескел бұзылыстар оқушылардың ақыл-ой жағынан артта қалуын сипаттайды.

ПДТ балалардың механикалық жадының бұзылысы туралы болжам болған кезде, зерттеу нәтижелері бірқатар көрсеткіштер бойынша растайды, - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім беруді регламеттейтін дамытуға бағытталған құқықтық құжат
Инклюзивті білім беру
Білім беруді ұйымдастыру
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Жеткіншектер қылмысының алдын алудың теориялық негіздері
Жалпы білім беру мектептерінде білім беруге ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқытудың негізгі шарттары
Психикалық даму тежелеуі бар балаларға түзету-дамыту бағдарламасы
Психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету
Тәрбиеленушілердің зияткерлік дамуының мәселелері
Білім берудегі психологиялық қызмет жұмысының мазмұны
Пәндер